Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:14, реферат
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ.Ақша туралы түсінік.
1.1 Ақша айналысы заңы.
1.2 Негізгі ақша агрегаттары.
1.3 Ақша жиыны туралы түсінік.
II-ТАРАУ.Ақша ұсынысының үрдісі.
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер.
2.2 Орталық банк және ақша базасы.
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
2.4 Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі
III-ТАРАУ. Ақша сұранысы.
3.1 Келісімдер жөніндегі сұраныс
3.2 Монетарлық жиынтық құрауыштары
3.3 Ақша – қаржы жаңалығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ақшаның келісімділік және сақтық сұрныстары ақшаның айырбас құралы екенін көрсетеді; екеуі де төлем жасауы үшін ақшаның қолда болуы қажетті. Бұдан ары қарай жеке адамның қолындағы ақша қызметін қарастырамыз. Бұл Қазақстан Республикасында да дәл солай болады.
Адамның ауқаттылығы – оының әр түрлі активтерді иемделінуіне байланысты. Бұл активтер қоржынын құрайды. Өтімсіз активтерден пайда жоқ екені белгілі. Әйтсе де олар әр түрлі қоржынды стратегияларға жетелейді. Әдетте кәдімгі инвентор стратегияны алдын – ала біле отырып, қамсыздандыру мақсатында берік активтер ұстағысы келеді.
Өтімсіз акивтерге қарағанда берік активтер табысты аз береді. Ақшаның атаулы құны белгілі болған жағдайда, ол берік актив ретінде сенімді болады. Джеймс Тобин өзінің белгілі еңбегңнде ақша инвестордың қоржынында берік актив ретінде сақталуы керек деп тұжырымдады. Бұл еңбегі «Тәуекелден гөрі өнімділіктің бағасын біл» деп аталады. Мақала жоғарыда айтылған мәселе жөнінде маңызды түсінік береді. Бұл тұрғыда ақша сұранысы берік актив табысы сол табыстың басқа активтерге қауіп төндіруіне байланысты болады. Табыстың басқа активтерге қаупі табыстың әртүрлілігімен өлшенеді. Қажетті де орынды болжамдарды пайдалана отырып, ол : «Басқа активтердің күткен табыстың және ақша иемдену құнының өсуі ақша сұранысын бәсеңдетеді», - дейді. Бұған керісінше, ақша активтердегі табыс қаупінің өсуі ақша сұранысын арттырады.
Ақша иемденудің пайдасы мен қауіптілігін алып қарағанда, сақтық кассадағы депозитер басқа да ақша тәрізді қатерге ұшырайды. Мұндағы негізгі қауіп инфляциядан бейхабар болудан туындайды. Актив сұранысы, мысалы, кассадағы депозит сұранысы – ақша сұранысынан әлдеқайда тәуір.
Сол себептен алыпсатарлық мақсатын көздеген ақша сұранысы жоғарыда аталып өткен келісімдер мен сақтық сұранысына ұқсас. Ұзақ мерзімді облигациялардан түсетін табыстың өсуі сұранысты азайтады. Жедел салымға төленеген пайыз мөлшерлемесінің өсуі , жедел салым сұранысын арттырады, ал болуы мүмкін ақшаға сұраныс халықтың инвестциялық қоржынына табыс түсуіне жағдай жасайды.
Көптеген адамдар шағын байлығының өзін қоржындағы активтерін көбейту үшін сақтық кассасына салады. Ал ауқатты инвесторлар көп пайыз түсетін бағалы қағаздар сатып алу арқылы тұрақты атаулы құнға ие болады. Ондай адамдар үшін орнықты активтерге сұраныс ақша сұранысын білдірмейді.
Ақша басқа активтерге қарғанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын ақша сұранысы да артады, ал оны балама активтерге төленеген пайыз мөлшерлемесі аралғындағы айырмашылық арқылы өлшей аламыз және де басқа активтерге төленген пайыз арқылы өлшей аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесін – дербес пайыз мөлшерлемесіне жатады. Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі айырмашылыққа тең.
Сонымен, біз жүргізген теориялық зерттеулер нәтижесінде, ақша сұранысы сияқты күрделі мәселеге сараптама жасалды.
Ақша сұранысы - нақты балансқа сұраныс, оның саны емес, сатып алу қабілеті бар, оның негңзгң анықтамасы төлем құралы болып табылуы . Инфляция жағдайында ақша сатып алу қабілетін жоғалтады, ақша құнын инфляция айқындайды. Инфляция мөлшері жоғары болса, нақты баланс саны төлем болады. Табысқа қарай халық ақшаны аз мөлшерде жұмсаса, жылдамдық арта түседі.
Сонымен қатар, ақша сұрынысы теориясына , оның қасиеттері мен ерекшеліктеріне , икемділігіне тоқталып, келесі бөлімде қазіргі әлемдегі ақшаның атқаратын қызметтері , жаңалықтары анық көрсетілді.
Ақша сұрансы қызықты мәселе, ол өз зерттелуінің жалғасын табады, өйткені бұл тақырыптың өзетілігі өте мәнді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi. Оның бес қызметiнiң өзiнен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендiгi көрiнiп тұр. Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.
Қорыта келгенде, ақша – жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейленедi және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Жалпыға бердей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бейiм .
Сондай – ақ ақшаның тағы да бiр басты қасиетi оның өтiмдiлiгiнде. Ақшаны ке- келген тауарға айырбастауға болады. Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.
Экономикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады. Олар:
Жалпыға тiкелей айырбасталу;
Айырбас құнның жеке формасы;
Еңбектiң сыртқы заттың өлшемi;
Сондай – ақ ақшаның жалпы құрылымы , оның теориялары қоғамның дамып, өзгеруiмен қатар бiрге дамып, жан – жақты жетiлуде. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда, сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып, олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.
Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор, ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап, реттеп отырады. Ал ақша айналысының дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигiзуi мүмкiн, мысалы инфляцияны атап өтсек болады. Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады, “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады. Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы, ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.
Елiмiзде ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен бастап қызмет етуде. Бүгiнгi таңда теңгемiз халықаралық экономикада ашық айналысқа шығып, елiмiзде жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өз жемiсiн беруде.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
5. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
6. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
7. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
8. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
10.Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
11. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
Информация о работе Бухгалтерлiк есептiн fылым ретiнде калыптасуы мен дамуы