Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:14, реферат
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ.Ақша туралы түсінік.
1.1 Ақша айналысы заңы.
1.2 Негізгі ақша агрегаттары.
1.3 Ақша жиыны туралы түсінік.
II-ТАРАУ.Ақша ұсынысының үрдісі.
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер.
2.2 Орталық банк және ақша базасы.
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
2.4 Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі
III-ТАРАУ. Ақша сұранысы.
3.1 Келісімдер жөніндегі сұраныс
3.2 Монетарлық жиынтық құрауыштары
3.3 Ақша – қаржы жаңалығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ай саыйнғы қолда бар ақша сомасының шегерілгендегі сомасына жақындығы (а) суретінде жеке адам бір айда бір келісімге сақтық кассасынан қолма-қол ақша алғаны көрсетіледі. Айдын басында жеке бар сомасын ҮN-ді қолма-қол алады да, оны сол бір ай бойы жұмсайды. (ә) суретінде ақшаны екі келісім жасағаны үшін ұстайды, бірінші айдың басында, ал екінші айдың басында, ал екінші айдын орта шенінде жүзеге асады. (а) –да бір айдағы кассадағы ақша - Ү N / 2; (ә)-де - YN / 4 .
tc MC
0
Кассаны үйлесімді реттеу - орынды шығын санын анықтайды. Басқа келісім құны - tc – тұрақты сома, ол МС сызығымен кезкінделген. Шекті табыс - МВ – аз мөлшердегі ақша балансының пайыздық сомасы. Шекті табыс шығын көбейген сайын азая береді. Е нүктесінде сәйкес n* шығын санын үнемдеу есебінен ақшаға айналады.
Жоғарыдағы суреттен екі маңызды мәселе туындап отыр. Біріншіден, делдалық құны артты делік. Ол МС қисық сызығын жоғары қозғалтып, шығындар санын азайтады. Екіншіден, пайыз мөлшерлемесінің өсуі МВ қисық сызығын қозғалтады. Сондықтан артқан n ақшаны азайтады: пайыз мөлшерлемесі жоғары болған кезде жеке адам жоғары пайыз мөлшерлемесін алу үшін банкке жиі баратын болады. Сол себепті осы суретте ақша сұранысы пайыз мөлшерлемесіне қатысты екенін көрсетеді.
Табыстың өсуімен алғанда, мына суретте көрініп тұрғандай пайдасы аз. Табыстың өсуі МВ қисық сызығын жылжытып, келісімдер санын арттырады.
(1) формуласы бойынша (оны дамытқан Фильям Пауман мен Джеймс Тобин) табыстың ақша сұранысына екі жақты әсері бар. Ол формулада жалпы өзіндік құн бойынша алынған ақша сұранысы және касса балансы теңдеуі қарастырылады.
М* = √ts x YN
Теңдеу келісімдердің ақша сұранысы делдалдыққа, келісім құнына және табыс деңгейіне қарай артатының көрсетеді. Ақша сұранысы пайыз мөлшерлемесімен бірге қысқарады.
Теңдеуде табыстың өсуіне қарай ақша сұранысы пропорционалды артатыны көрсетілген. Басқаша, айтқанда, табыстың ақшаға коэффициенті - ҮN/M табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен ақшаны аз мөлшерде ұстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика деңгейі орын алады. Яғни ақша сұранысының икемділігі 1-ден аз [ол теңдеуде ½-ге тең].
Табыс икемділігі ақша сұранысының пайыздық өзгеруін өлшейді. Ондағы өзгеріс табыстағы бір пайыздық өзгерісте болуы тиіс. Сонымен, теңдеу ақша аударымының икемділігі делдалдыққа ½ екенін және пайыз мөлшерлемесіне де 1-2 екенін көрсетеді.
Табыс артқан кезде адам қолдағы бір долларын жұмсаған тұста қандай жағдай туындайды? Табыс жоғарылағанда кассаны басқару нәтижелері болады. Өйткені келісімнің әрбір долларының құны жоғарғы келісідерге қарағанда төмендеу. Табыстың сұранысқа икемділігі :
∆ (М/Р) ∆Ү Бұдан пайыздық ∆ (М/Р) ∆і
М/Р Ү икемділігі М/Р і
Бұл өз кезегінде келісісмдердің төменгі құны – делделдық келісімінің нәтижесі болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн. долл. аударыммен шамалас, яғни бұл аударылған әр доллардың құны көп мөлшердегі аударымдар кезінде төмен болады.
«Делдалдық құны» (tс-кассадан алу құны) уақытқа байланысты. Табыс артқанда tc Yn –мен бірге артады. Ол кезде табыстың өсуі ақша сұранысының артуын көрсетеді де , ол ½ -ден көп болады. Өйткені tc YN –пен қатар жүреді.
3.2 Монетарлық жиынтық құрауыштары
Төменде монетерлық жиынтық құрауыштары қысқаша түрде берілген.
1. Валюта ақшадан және айналымдағы банкнотталардан тұрады.
2. Сұраныстағы депозиттер – коммерциялық банктердегі пайызсыз тексерілетін есептер, бірақ онда басқа банктердің, үкімет және шетел банктерінің депозиті болмайды.
3. Саясатшылардың чегі банкте емес, мекемеде шығарылады. Банктерде шығарылған саяхатшылардың чек қағазы қажетті депозитке жатады.
4. Басқа тексерілетін депозиттер – пайызды тексеретін есептер, оған АТS есептері жатады. АТ сақтық кассадағы есептеген аударымды дағдылы түрде жүргізіледі. Сақтық кассасына ақша салушы АТ -пен бірге өз активтерін, жинақтау есебіне салады, соннан кейін оны банк төлемінен соң дағдылы түрде есепке аударады.
М1 = (1) + (2) + (3) + (4)
5. Тез арадағы қайта сатып алуға келісімдер. Банк бұл тұста клиенттен қарыз
алады. Банк валютаны (немесе қазыналық вексельді) бірін клиентке сатады
да, оны ертесіне қайтадан тұрақты бағаға алуға уәде береді.
6. Жедел жұмсалатын еуродолларлар, пайыз төлейтін, келесі күні дайын
болатын депозиттер АҚШ банктерінің кариб фирмаларында сақталады.
7. Ақша нарығындағы жалпы қор акциялары. Жалпы пайыздық қор депозиттері
қысқа мерзімді активтерді инвестициялайды. МММҒ акциялары кейбір
мекемелерде бар, бұлардың қорында М3 бар да, М2 жоқ.
8. Ақша нарығындағы депозит есептері МММҒ 25 банктері арқылы
жүргізіледі. Мұның артықшылығы - олар 100000 долларды қамтамасыз етеді.
9. Сақтық кассадағы депозиттер . Банктегі және басқа да сақтау
мекемелеріндегі депозиттер чек арқылы аударылмайды, мұнда сақтық
кассасына ақша салушыда жеке банктік есеп айырысу кітапшасы болады.
10. Аз мерзімді депозиттер. Пайыздық депозиттердің белгілі бір уақыты бар,
ол соған дейін төленуі тиіс. Оны «аз» деп 100000 доллардан кем болғанда
айтамыз.
М 2 = М 1 + (5) + (6) + (7) + (8) + (9) + (10)
11. Ұзақ мерзімдегі депозиттер деп бағасы 100000 доллардан асқан депозитті
айтамыз. Мұнда МММҒ-тің жалпы саны қосылмайды, яғни актив ақша
жиынтығында екі рет саналмайды.
12. Қайта сату келісімі – төмендегі үнемдеу мекемелері сатқан
М 3 = М 2 + (11) +(12) + мекемелердегі МММҒ
13. Басқа да, еуродоллар депозиттері - ұзақ мерзімдегі еуро долларлар.
14. Сақтаулы облигациялар - АҚШ үкіметінің ақша салатын салымдағы
сататын облигациялары.
15. Банктік акцептері - ерекше соманы, банк облигациясын сол уақытта төлеу
жөніндегі тапсырысы, әдетте ол халықаралық сауда кезінде болады.
16. Коммерциялық іс-қағаздар – бірлестіктердің қысқа мерзімді пассивтері .
17. Қысқа мерзімдік қазыналық бағалы қағаздар - АҚШ-та шығарылатын бағалы
қағаздар (12 айдан аз мерзімде шығарылған қазыналық қағаз).
L = M3 + (13) + (14) + (15) + (16) + (17)
3.3 Ақша – қаржы жаңалығы
Ақша қаржы ұсынысы анықтамасындағы өзгерістердің есебінен қысқаша түсіндіруге болады.
Ақша жүйесіндегі жаңалық жалпы банктегі активтердің табиғаиын өзгертті. Мысалы, депозиттерге пайыз төлейтін сақталымдар NOW есебіне тыйым салу ретінде ойлап табылды. NOW – кәдімгі чек. Банктер бір-бірімен пайыз мөлшерлемесін төлеу жолын табуда өзара бәсекеге түсті. Тыйым салу төңірегінен сақтау депозиттеріне жол ашылуына орай олар енді мұны NOW сұраныс депозиті деп атайды, сөйтіп оның анықтамасы өзгереді. Сонымен ақша нарығындағы өзара қор тек 1973 жылы ашыла бастады. 1982 жылға дейін банктерге ақша нарығына активтер шығарылуға рұқсат берілмей келсе, кейіннен мұндай депозиттер банктерге жедел түрде қойыла бастады.
Ақша - кең қолданылатын төлем құралы. Қазыргі экономиканы ақшасыз көзге елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбір келісім екі жақты келісушілік бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Айырбас қиындықтары туралы мысалдар өте көп. Экономиске шашын қидыруы үшін өзінің дәрісін тындайтын шаштаразды іздеуі; ол жақсы көйлекті қажет ететін әртіске өзінің өнерін ұнататын тігінше табу қажет. Айырбас құралынсыз қазіргі экономика дәрменсіз.
Ақша айырбас құралы бола тұра, айырбастағы қажеттіліктің екі жақты үйлесуін жояды. Екі жақты үйлесім деп жоғарыдағы мысалды айтамыз. Екі жақты адамның қажеттіліктері айырбасқа лайық болуы керек. Мысалы, кино билеттерін сатушы өзіне қажетті сататын адамды , ал көйлек сататын әйел керісінше, билет үйлестірушіні табу тиіс.
Әдетте ақшаның төрт түрлі қызметі бар. Халықаралық есеп құралы болу оның бірінші қызметі, қалған үшеуі – баға қоры, есеп бірлігі және ұзартылған төлем. Бұл халықаралық есеп құрамының аздаған ерекшеліктерімен ғана ерекшеленеді.
Баға қоры дегеніміз - уақыттан тыс бағадан құралған актив. Соынмен , жеке адамда ақща қоры болса, оны ол алдағы уақытта бір зат сатып алуға жұмсайды. Егер актив құны болмаса, ол халықаралық есеп құралы болып саналмайды. Мысалы, сізде балмұздақ бар, бірақ тоңазытқыш жоқ деп елестетіңіз, сіз одан ақша жасағыңыз келеді. Егер сатушының балмұздағынан ақша түспесе, онда ол құралы бола алмайды. Алайда ақша қорының басқада түрлері жеткілікті. Алайда ақша қорының басқа да түрлері жеткілікті – облигациялар, бағалы қағаздар және үйлер.
Ақшаның есеп бірлігінде баға тағайындалып, есеп кітапшасына жазылады. Баға доллармен, центпен беріледі, ал олар ақша қорының өлшем бірлігі болып табылады. 1922-1923 жж. Германиядағы гиперинфляцияда доллар тек қана кейбір фирмаларда есеп бірлігі ретінде болады, марка негізгі есеп құраы болып саналады.
Мерзімі ұзартылған төлем ретінде ақша бірлігі ұзақ мерзхімді келісімдерге, заемдерде қолданылады. 5 немесе 10 жылда төленетін сома доллармен немесе центпен есептеледі. Мұндағы доллар мен цент мерзімі ұзартылған төлем ретінде әрекет жасайды. Әрина , айта кететін бір мәселе – бұл да әрдайым ақша бірлігі бола бермейді. Мысалы,заттың соңғы төлемі баға деңгейіне қарай жүргізіледі. Мұны біз заем көрсеткіші деп атаймыз.
Ақша атқаратын төрт қызметінің соңғы екеуі - оның әдеттегі атқаратын қызметі. Баға қоры функциясын активтер атқарады.
Өткен жылдарда ақшаның неше түрлі сипаттамасы болғаны, оған қазір шолу жасаудың қажетті шамалы екені белгілі. Мұндағы мәселе - ақша айырбас құралы ретінде танылатындығы жөнінде. Кез келген қағаз, әрине, ақа емес. Ол ерекше қағаздан жасалады. Ақша төлем құралы ретінде қызмен атқаратан.
Информация о работе Бухгалтерлiк есептiн fылым ретiнде калыптасуы мен дамуы