Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:14, реферат
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ.Ақша туралы түсінік.
1.1 Ақша айналысы заңы.
1.2 Негізгі ақша агрегаттары.
1.3 Ақша жиыны туралы түсінік.
II-ТАРАУ.Ақша ұсынысының үрдісі.
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер.
2.2 Орталық банк және ақша базасы.
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
2.4 Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі
III-ТАРАУ. Ақша сұранысы.
3.1 Келісімдер жөніндегі сұраныс
3.2 Монетарлық жиынтық құрауыштары
3.3 Ақша – қаржы жаңалығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
беруімен;
- Орталық банктің асыл металдары, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алуымен;
- чек шығаруымен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде
қарыз беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша жиынның өзгермелігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы пайыз деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша жиыны айналымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды.
Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша жиынының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта кететін жайт, «ақша айналысының жылдадығы» және «төлемдердің жүру жылдамдығы» деген ұғымдардың бір-бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін даиыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электронды ақша жүйесін енгізу жатады.
II-ТАРАУ.Ақша ұсынысының үрдісі.
Басқа да нарық секілді, ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ұсыныс – ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер.
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы құылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютаны шет ел мемлекеттерінің ақша брліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық банктерге ақша жинақтауға лецензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспондентік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Депозиттер қалай жасалады. Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялар үрдісіне іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет әлуетін жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: мысалы, Дрезднер банкіне 10000 маркалы салым келіп түсті делік. Сонда бұл банктің активтері (резервтер) мен пассивтер (депозиттер) 10000 маркаға өседі (а сызбасы). Біздің мысалымызда резервтер талабының көлемі 10%. Осы жағдайда банк қолма-қол ақша немесе чек түрінде 9000 марка көлемінде несие береді (ә сызбасы). Қарыз алған кісі оны басқа банкке салады (б сызбасы). Қарыз берген бірінші банкке депозиттерді 10000 маркаға жеткізу үшін 100 маркалы резерв жетеді. Банктердің қызметі нәтижесінде 9000 маркалық жаңа ақша пайда болды. Екінші банк салымындағы 9000 маркадан 900-ін қалдырып, 8100 марканы қарызға береді. Сонымен жалпы сома енді 7290 марка болады. Алғашқы салым 10000 маркаға тең еді. Бұл үрдіс төмендегі суретте көрсетілген.
Дрезднер банкі
Актив Пассив
Резервтер Депозиттер
Депозиттер
+10000 +10000 +1000 +1000
Коммерциялық банк
Актив Пассив
Резервтер Депозиттер
+900 +9000
Несие мен
бағалы қағаздар
+8100
2.2 Орталық банк және ақша базасы.
Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер жатады.
Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер қолданатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшері, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңею шегін көрсететін және ақша жиынының, ақша базасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
Ақша ұсынысы (Мs) екі қосындыдан тұрады: 1) Банк жүйесінен тыс қолда бір ақша (С); 2) Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер (D). (Дәлірек айтқанда бұл М 1 агрегаты).
Қазіргі замандағы банк жүйесі - жеке резервті жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды , ал қалған білігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа қаржалық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру мүмкіндігі бар.
Несие мультипликаторы – коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозит пайда болуының нәтижесінде туындайды.
Мұндағы rr - банк резервінің нормасы
D - алғашқы салым
1 - банк мультипликаторы немесе депозиттік мультипликатор.
rr
Ақша ұсынсының жалпы үлгісі Орталық банк рөлін ескере отырып жасалады және банк жүйесіндегі депозиттік ақшаның бір бөлігінің қолма – қол ақшаға ауысуы.
Ақша базасы Орталық банкте сақталатын комерциялық банктердің резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша.
Мұндағы МВ – ақша базасы.
С - қолма-қол ақша
R - резерв.
Мұндағы Мs - ақша ұсынысы
С - қолма-қол ақша
Информация о работе Бухгалтерлiк есептiн fылым ретiнде калыптасуы мен дамуы