Нарықтық экономика жүйе ретінде
бәсекелестік және монополизмді
байланыстыруда белгілі бір оптималды
тепе-теңдікке қол жеткізеді, сондай-ақ
өндіріс құрылымын қоғамдық тұтыну құрылымымен
сәйкестендіреді, жаңа техника иен технологияны
енгізуді ынталандырады, т.б.
Нарықтық
экономика тауар өндірісі дамуының
нәтижесі, нарықтық экономиканың
да тауар шаруашылығының да пайда
болу шарььары – тауар өндірушілердің
оқшаулануы мен қоғамдық еңбек бөлінісі
болып табылады.
Әртүрлі
елдер нарықтық экономикаға түрлі
жолдармен жетті. Соған қарамастан
оларға нарықтық экономиканың
қалыптасуының ортақ заңдылықтары
тән. Оларға мыналар жатады: тәуелсіз тауар
өндірушілердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің
еркіндігі мен әртүрлі экономикалық субъектілердің
меншік құқығына кепілдік берілуі; сыраныс
пен ұсынысты теңестіретін еркін нарықтық
баға; тауар өндірушілердің бәсекелесуі
; қаржы, бағалы қағаздар, валюта еңбек
нарығы; экономиканың дүние жүзілік интеграция
процестеріне қатысуы және т.б.
Сондай-ақ,
әр мемлекет экономиканы нарық
арқылы басқаруда әртүрлі әдіс-тәсілдерге
сүйенеді. Мысалы: АҚШ-та нарықты
экономиканы басқаруда әр адамның
іскерлік қасиеті негізге алынады және
тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан
қрғалмаған халықтың бөлігіне белгілі
уақытқа дейін жәрдем беріледі. Ал, Голландия
да нарықты экономика кәсіби шеберлігі
жоғары мамандарға сүйен отырып, өнімді
көп өндіруге және әлеуметтік жағынан
қорғалмаған адамдардың мұң-мұқтажын
өтеуге бағытталған. Дамыған елдерде
нарықтық жүйенің әр түрлі модельдері
қолданылады.
Қазіргі
нарықтың еркін бәсеке дәуіріндегі
нарықтан елеулі айырмашылығы
бар. Өйткені, қазіргі нарық тауарлардың
өтіміне кепілдік береді, мемлекет ақша
және қаржы – несие саясатын белсенді
жүргізеді, халықты әлеуметтік қорғау
мәселесін шешеді. Қазіргі цивилизацияланған
нарық теңгермешілікке және арқа
сүйеушілікке жол бермейді.
Нарықтың
мәні оның атқаратын қызметтерінен
көрініс алады және ең маңызды қызметтеріне
жататындар:
- тауар
өндірісінің өзін-өзі
реттеу қызметі. Ол тауарға сұраныс
өскенде тауар өндірушілердің өндіріс
көлемін ұлғайтқанынан және бағаны өсіргенінен
көрінеді.
- Ынталандыру
қызметі – Фирмалар үстеме пайда табу
мақсатында жаңа техника мен технологияны
енгізу, еңбек процесін тиімді ұйымдастыру
арқылы қосымша мүмкіндіктерді іздестіреді.
- Реттеуші
қызметі. Нарықтың көмегімен экономикада
микро және макро экономикалық тепе-теңдік
қалыптасады, шаруашылық өмірді демократияландыру,
өзін - өзі басқару пинципін жүзеге асыру
арқылы экономикадағы зиянды, тиімсіз
өндірістерді біртіндеп жояды және перспективалы
өндіріс орындарына жол ашады.
Нарықтың артылықшылықтары мен
кемшіліктері бар. Нарықтың артылықшылықтарына
жататындар:
- Әр түрлі
қажеттіліктерді керекті мөлшерде және
жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті;
- Өндірушілер
мен тұтынушылардың дербестілігі;
- Экономикалық
жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделуі;
- Ресурстарды
тиімді бөлуді қамтамасыз ететін қабілеті,
нарық тұтынушыларға аса қажетті тауарларды
өндіру үшін ресурстардың көпшілігін
сол тауарларды өндіретін өндіріске қарай
бағыттауды қамтамасыз етеді.
- Нарықтың
тек ақша төлей алатын адамдардың сұраныстарын
қанағаттандыруға бағытталуы;
- Нарықтың
әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен тауарларды
(жол, білім және денсаулық сақтау жүйесі,
қоғамдық көлік, ғылым т.б.) өндіруге мүдделі
еместігі;
- Нарықтың
жұмыс бастылық пен тұрақты табысқа құқықтық
кепілдік бермеуі;
- Нарықтың
қоршаған ортаны қрғау, қалпына келмейтін
ресурстарды сақтаудағы өте төмен қабілеттілігі;
- Нарық конъюктурасының
тұрақсыз болуы жұмыссыздықты, өндірістің
тепе теңдігін бұзылуын, инфляцияны және
т.б. келеңсіз қыбылыстарды туғызуы.
Нарықтың мұндай жағымсыз жақтары абсолютті
түрде болмайды, олар қоғамдағы нарықтың
ішкі құрылысымен және тағы басқа да жағдайлармен
байланысты.
ІІ тарау Қазақстан
Республикасындағы
монополияға қарсы
саясат.
2.1 Жетілген бәсекенің
ысыраптары және монополияға
қарсы (трестерге қарсы)
– заңдар және экономиканы
реттеу.
Жетілмеген
бәсекелі нарықтың үлгісі қоғамның
барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануды,
өнім өндіруге жұмсалған қоғамдық шығындарды
мейлінше азайтуды көздейді. Жетілмеген
бәсекелі нарық жетілген бәсеке жағдайында
қалыптасқан тепе-теңдік қалыптан ауытқуды
білдіреді. Сондықтан, қоғам шаруашылық
өмірдің монополиялануынан (дәрежесі
әр түрлі) белгілі бір залал шегеді. Түбінде
монополия мәселесі жетілген бәсеке жағдайындағы
жеке тауар өндірушінің еркі мен санасынан
тәуелсіз бағаға билік мәселесіне айналады.
Бағаға билік (ол әрқашанда салыстырмалы
және уақытта абсолютті болмайды) – жетілмеген
бәсекелестің, не монополистің қолындағы
өте нәзік құрал. Егер бұл билікті сонымен
қатар өндіріс көлемінде үнемдеудің нәтижесінде
өнім өндіру шығындарын азайтумен,
Ғылыми-техникалық
прогресті дамытумен нарыққа
арзан бағалы өнімдерді жаппай шығарып
толтырумен қосақталса, онда жетілмеген
бәсеке қоғамға белгілі бір ұтыс әкеледі.
Түптеп келгенде, қоғамның экономикалық
дамуының объективті прогресі жетілмеген
бәсекелі нарыққа алып келеді. Бағаға
билікті табиғатқа билікпен салыстыруға
болады. Мысалы, біз құнарсыз топыраққа,
құрғақ климатқа қанағаттанбасақ, онда
суландыру, жасанды тыңайту шараларын
жүргізе отырып, табиғатқа билігімізді
өз игілігімізге айналдырамыз. Бірақ,
егер белгілі шектен өтіп кетсек, онда
біздің билігіміз қоршаған ортаны қиратумен
тынады. Өкінішке орай, көбінесе бізде
осындай жағдайлар орын алып келеді.
Монополиялану
да осындай, бағаға бақылаудың
бір дәрежесінен өтіп кетсек,
ол қоғамның байлығын талқандауға
және құртуға әкеліп соғады, тоқырауға
бастайды т.б. Бағалар туралы құпия келісімдер,
жасанды тапшылықтар жасау – мұның бәрі
монополияланудың қауіпті көріністері.
Нарықты экономикалық елдерде кеңінен
қолданатын монополияға қарсы заңдармен
реттеу, бағаға биліктің сол шегін табу
әрекетіне жатады.
Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы
жақтарымен қатар оның елеулі кемшіліктері
бар. Нарықтық процестердің дайындықсыз
жүруі шаруашылық өмірдің кейбір салаларының
монополиялануына әкеліп соғады. «өзімен
өзі болған» жетілген бәсеке, жетілмеген
бәсекеге айналады. Монополия, жоғарыдай
атап өткендей, бағаға деген белгілі
бір билікті білдіреді. Ал бұл билік әр
түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін,
салалық өндірістің басым бөлігін басып
алу (капитал мен өндірістің шоғырлануы
мен орталықтануы) нарықты және баға деңгейін
бөлу, жасанды тапшылықтар жасау т.б. құпия
және ашық келісімдер жасау. Монополияға
қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені шектеп
экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған.
АҚШ-тың
монополияға қарсы заңдары бойынша
жетілдірілген деп есептеледі, оның
бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол «үш
китке», үш негізгі заңдарында бағындырылған:
- Шерман заңы
(1890 ж.). Бұл заң сауданы құпмя монополияландыруға,
бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға
жөнінде келісімге келуге тыйым салады.
- Клейтон заңы
(1914 ж.) - өткізу саласындағы шектеу іс-әрекеттеріне,
баға алалаушылығына (барлық жағдайда
емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне
байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне
тыйым салды.
- Робинсон
– Пэтмэн заңы (1936ж.) – баға алалаушылығы
«баға қайшысы» т.б. сауда саласындағы
істерді шектеуге тыйым салды.
1950 жылы Клейтон
заңына Селлер-Кефовер түзетуі
қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы
пысықталды. Активтерді сатып алу
арқылы бірігуге тыйым салынды.
Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың
көлбеу бірігуіне кедергі қойылса,
Селлер-Кефовер түзетуі тікелей бірігуді
шектейді.
Трестерге
қарсы заңдарды жүзеге асырушы
мемлекеттік ұйымдардың алдында
тұрған аса қиын міндет мынаған
саяды: монополиялану фактін қандай
экономикалық белгілердің негізінде
анықтауға болады? Бұл мәселені мемлекет
тұрақты шешіп отыруға тиісті сұрақпен
түсіндірейік. Қандай баға деңгейін
төмен (не жоғары) деп есептеуге болады?
Салалық өндірістің қандай үлесі монополистік
басып алуды көрсетеді? Өнім шығаруды
шектеудің қандай деңгейін жасанды тапшылық
деп есептеуге болады? Бұл оңай сұрақтар
емес, оларға барлық жағдайларда бірдей
мағыналы жауап беруге болмайды. Ал ірі
фирма сату бағасының деңгейін, жоғары
деңгейдегі технология мен шаруашылық
тиімділігінің арқасында шығындарды азайту
арқылы жетсе ше? «Демпинг» бағаларын
жоғары тиімділік жағдайында қалыптасқан
төмен бағалардан қалай айыруға болады?
Жалпы, «төтенше бағалармен» сатуға тыйым
сала отырып, трестерге қарсы заңдар кімді
қорғайды, бәсекені ме, әлде бәсекелестер
тобын ба?
Мұның
бәрі жәй академиялық сұрақтар емес,
таза теориялық сұрақтар. Мысалы, Робинсон-Пэтмэн
заңы, баға алалаушылығына тыйым салады,
сатып алушылардың белгілі бір тобына,
бағаны төмендететін ірі бөлшек сауда
дүкендері мен супермаркеттерге қарсы
бағытталған. Бірақ майда сауда фирмаларына
қарсы мұны істей алмайды. Сонда бұл заң
кімге қарсы бағытталған және кімнің мүддесін
қорғайды? П. Самуэльсонның пікірінше,
бұл заң бәсекені шешуге көмектесті, тұтынушының
пайдасына бағаны төмендетудің орнына,
ол тиімділігі төмен көптеген кәсіпорындарды
сақтауға бағытталған. Трестерге қарсы
заңдар өз тауарларын ірі кәсіпорындарға
қарағанда жоғары бағамен сататын майда
фирмаларды қорғағаннан қоғам не ұтты?
Өйткені тұтынушылар, супермаркеттерге
баға алалаушылығына тыйым салғаннан
кейін, жоғары баға төлеуге мәжбүр болды
ғой. Трестерге қарсы саясаттың өзгермейтін
жоғарғы тиімділігі туралы күдік ойларға
көптеген батыстың оқулықтары мен монографиялардың
беттері толы. Мысалы, П.Хейне трестерге
қарсы реттеу еркін бәсекені емес, бәсекелестердің
бір тобын қорғайды деген пікірді табанды
түрде жақтайды.
Монополяға
қарсы заңдарды жүзеге асырушы
мемлекеттік қызметтер екі принципті
басшылыққа ала алады. Біріншіден,
заңды қатал сақтап отыру, екіншіден,
«парасаттылық прнинципін» ұстау.
Өйткені көп жағдайларда трестерге
қарсы заңдардың (мысалы Шерман
заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша,
АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану
сферасына іс істемекші болған қандай
да босын келісімге келуші екі жақты жатқыза
алады. Сондықтан «парасаттылық принципі»
бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын
сауданы шектеулер ғана Шерман заңының
қолдану сферасына жатады. Бірақ ақылға
сыйымсыз шектеулер деп нені көрсетуге
болады? Бұл мәселелердің бәрі трестерге
қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай
қиын екнін көрсетеді. Мемлекет қиратушы
монополизм қаупі мен бәсекені шектеу
қаупінің (мемлекеттің қандай да болса
да араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен,
әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге
әкеліп соғады) расындағы жіңішке соқпақ
жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға
қарсы істер өндірушілердің (тұтынушылардың)
бір тобына басқа топтардың есебінен барынша
жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау
керек.
Монополиялану
фактісін анықтау үшін монополияға
қарсы реттеу математикалық құралдары
және жалпы Э.Чемберлиннің, Дж. Робинсонның,
В. Пареттонның т.б. экономистердің
жетілмеген бәсеке концепциясының барлық
теориялық апаратын кеңінен пайдалануды
көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары
монополистік шектеулерді болдырмау үшін
тек қана «жазалау» емес, оның алдын
алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы,
Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар,
компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы,
қосылуы туралы келісімдердің параметрлері
бар анықтама материалдар басып шығарады.
Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың
рыноктағы басымдылығы фактісі туралы
қорытындыға негіз болатын белгілер мынадай:
бір кәсіпорын үшін – 33 %, үшеуі үшін –
50 %, бесеуі үшін – 66,6 %. Айта кететін жай,
трестерге қарсы заңдар, «үлкен бизнестің»
ірі корпарациялараына қарсыбағытталмаған,
өйткені бір компанияның мөлшері оған
монополия деп қарауға негіз бола алмайды.
Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені
бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы
бағытталған. Егер нарықтық экономикада
уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша
пайданы салыстыру принципі қолданылса,
онда мынаны айтуға болады: монополияға
қарсы ретеуге байланысты болатын шығындар,
қанша дегенмен нарықтық экономикадағы
монополистік тенденцияларды шектеуге
әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.
2.2
Монополистік қызмет
және бәсекені
қорғау туралы
Қазақстан Республикасының
заңдар жыйынтығы және
мемлекеттік монополияға
қарсы заңдары.
12-бап. Мемлекеттiк
органдардың бәсекенi қорғау
жөнiндегi мiндеттерi
Мемлекеттiк
органдар:
1) тауар рыноктарын
және бәсекенi дамытуға жәрдемдесуге;
2) жекелеген
тауар өндiрушiлер монополиялық
жағдайға ие болып отырған салаларда бәсекелестiк
қызметтi дамытатын рынок субъектiлерiн
нысаналы инвестициялауды жүзеге асыруға;
3) монополияландырылған
салаларда қосарлас өндiрiстер
қызметiн ынталандыруға;
4) тиiстi тауар
рыногында үстем (монополиялық) жағдайға
ие, өздерiнiң қарауындағы рынок субъектiлерiн
қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
5) тауар рыногында
бәсекенi арттыру мақсатында жаңа
кәсiпорындар ашуға жәрдемдесуге
мiндеттi.