Бәсеке және нарықтық механизмнің қызмет етуіндегі ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:39, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық және бәсекелік шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын барған сайын өрістеттетін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................3
І тарау Нарық механизмдеі бәсекенің мәні..........................5
1.1Нарық құрылымы және нарық механизмі....................5
1.2 Бәсеке және оның түрлері.................................................8
1.3 Нарықтағы бәсекенің мәні мен қызметтері................13
ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясат............................................................................17
2.1 Жетілген бәсекенің ысыраптары және монополияға қарсы (трестерге қарсы) – заңдар және экономиканы реттеу........................................................................................17
2.2 Монополистік қызмет және бәсекені қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдар жыйынтығы және мемлекеттік монополияға қарсы шаралары....................21

Қорытынды.............................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................30

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 190.50 Кб (Скачать)

   Қазіргі  экономистер бәсекені жетілген және жетілмеген болып бөлінеді. Өз кезегінде жетілмеген бәсекенің үш түрі бар: бірінші; Монополистік бәсеке; екінші; Олигополия; үшінші; Таза монополия.

   Олар  бәсекелесу нарығында алатын  орнына байланысты ажыратылады.

   Бәсекелестік  күрестің түрлері мен нарықтағы моделінің сипаттамалық негіздері мына кестеде көрсетілген.

Нарық

модельдері

Фирмалардың саны мен көлемі өнім түрі Кәсіпорындар  – дың нарыққа кіру және шығу шарттары
Таза(жетілген) бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар Бір тектес өнім Өте жеңіл, кедергілер жоқ
Монополиялық  бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар Әр тектес өнім Өте жеңіл
Олигополия  Фирма саны аз, ірі фирмалар да бар Әр түрлі  немесе бір тектес өнім Елеулі кедергілер бар
Таза  монополия  Бір ғана фирма Өте сирек кездесетін өнім Бұзып кіруге болмайтын кедергілер

   Көрсетілген  сипаттамада нарық құрылымының  жиі тараған моделіне монополистік  бәсеке және олигополия, сондай-ақ  еркін және таза монополия  да кіреді, бірақ олар өте сирек  кездеседі. Енді бесекенің негізгі  жетілген түрлерін қарастырайық. Жетілген (еркін) бәсеке жеке меншікке және тауар өндірушілердің оқшаулануына негізделген келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

  • Нарықтық автономиясымен. Сұраныс пен ұсыныс деңгейінде көптеген экономикалық субъектілер әрекет етеді. Олардың біреуі де ( өндіріс көлемі мен қуаты шамалы болғандықтан) өндіріске де, бағаға да айтарлықтай әсер ете алмайды.
  • Өнімнің біріңғайлылығымен. Сатушылардың көпшілігі сатып алушыларға ( тұтынушыларға) стандартты,   бір  текті    өнім    ұсынады.
  • Бағаны қалыптастырумен.Осындай нарықта, баға сұраныс пен ұсыныс арқылы стихиялы түрде қалыптасады. Еркін бәсеке кезінде баға тұрақсыздыққа ұшырайды. Мысалы,  қыс  және  жаз  айларындағы  сусындар  бағаларының  айырмашылығы,  жеке  Өндірушілер  іс - әрекетінің  нәтижесі емес,  сұраныс пен ұсыныс  заңдылығының нәтижесі  болып  табылады.
  • Информацияны алу еркін болуымен. Нарық қатынастарының барлық  мүшелері  нарық  жағдайы  туралы  хабарларды  еркін  түрінде  ала алады.  Әрбір  сатушы  және  сатып алушы  баға,  тауардың сапасы,  нарықтағы  шығындар  және  ұсыныс туралы  толық және дұрыс  хабар  ала алады.
  • Нарыққа  еркін  кіру  және  шығумен.  Өндіруші фирмалар  мұндай  нарыққа  еркін  түрде  кіріп  тауар  өндіре  алады  немесе  өз  еркімен  шығуына  болады.  Егер кім де кім өндірісте қандай да бір өнімді қалпына келтіру керек болса,  онда  мұны  жасауға кедергісіз  мүмкіншілігі  бар.  Белгілі бір саланы  қарайтын  фирмалар  бәсеке  фирмалардың пайда болуына қарсы тұра  алмайды.  Мұндай  талапқа бүгінгі күнде кейбір  нарықтар  ғана  сай  келеді.  Мысалы:  Нью – Иорктағы немесе  Лондондағы  биржалар, яғни  құнды  қағаз  нарығы.

    Осы құнды  қағаздар нарығы  еркін  бәсекенің   шарттарына  сай  келеді  және  төмендегідей  сипатталады:

    - Құнды   қағаздарды  сатып алушылар  мен   сатушылардың   көп  болуы;

    - Жекелеген   фирмалардың  құнды  қағаздарының  біркелкілігі   мен  бірін–бірі   ауыстыра алатындығы;

    - Нарық   мүшелерінің  барлық  информацияларды   еркін  ала  алатындығы;

    - Құнды қағаздардың   бағасы  сұраныс пен  ұсыныс  негізінде құрылыуы;

    Еркін бәсеке дамыған елдердің экономикасында ХІХ  ғасырдың  орта  шеніне  дейін  орын  алған.  ХІХ ғасырдың екінші жартысында  және ХХ ғасырдың  басында  ірі  кәсіпорындар  мен  бірлестіктер  пайда бола  бастады.  Мемлекеттің  нарыққа әсер  етуі  жандана  түсті.  Осы  жағдайларға  байланысты  жетілмеген  бәсеке  пайда  болды.  Жетілген  бәсекеден  айырмашылығы  оның  іс-әрекетін  мемлекеттің  шектеу қоюы.  Сол  себептен,  нарықта  үстемдік  ете  отырып,  ол  өнімді  өткізуге  үлкен  әсерін тигізеді.

       Жетілмеген  бәсекенің  бірнеше  түрлері   бар.  Олардың  біреуі монополиялық  бәсеке   -  мұнда нарықта көптеген өндірушілер ұқсас,  бірақ біртекті  емес  өнімдерді ұсынады.  Орнын толықтырушы өнімдер бір – бірінен сапа жағынан,  сыртқы  пішінін  көркемдеуі,  сату  жағдайына қарай ажыратылады.  Айталық,  пепси кола  және  кока кола  бірдей  бағамен сатылуы мүмкін.   Бірақ,  сатып алушының  бір тобы  бірінші сусыннан  гөрі  екінші  сусынды қалауы  мүмкін.  Осылайша фирмалар  баға  арқылы ғана емес, Бөлшектелген   (дифференциалданған)  өнімдерді сату    негізінде бәсеке  күресін жүргізеді.  Өндірушілер бәсекелестеріне қарамастан  тауардың  бағаларын өз  бетінше тағайындай  алады. Сонымен қатар,  әрбір фирма нарықтағы үлесі аз  болғандықтан  нарық  бағасына  бақылауы  шектеулі  болады.  Сондықтан әрбір  фирма  баға  жөнінен  ғана  емес,  бөлшектенген  (дифференциалданған)  өнімді  сату  арқылы  да  бәсекелесе  алады. 

        Монополиялық  бәсекенің  тағы  бір  ерекшелігі  -  нарыққа   жеңіл кіруі,  бірақ ол  фирманың  патенті мен тауар белгісіне авторлық  құқықпен  шектеулі  болуы мүмкін.  Фирмалар  монополистік  бәсеке  нарығына  алғашқы капиталдары аз  болса да  кіре  алады.  Себебі,  мұндай  нарықта негізінен ұсақ  және  орташа  фирмалар  жұмыс атқарады.  Қазіргі нарықтық  экономикада монополистік  бәсеке  көбінесе  тұтынушылар тауарлар  нарығында үстемдік  етеді.

       Жетілмеген  бәсекелестіктің  келесі  түрі  –   олигополия.  

    Олигополия  – бірнеше  ( үштен, беске  дейін)  ірі  фирмалар  үстемдік  ететін  нарық.  Олар  осы  нарықтың  едеуір  үлесіне  ие  болады. Мысал  ретінде, автомобиль  өнеркәсібіндегі  АҚШ –тың  үш  фирмасын  «Дженерал Моторс»,  «Форд»,  «Крайслер»,  келтіруге  болады.  Олигополиялық  нарыққа  кіру  бірнеше  кедергілермен  шектеледі.  Сондай  кедергілердің  бірі -  осы  нарыққа  кіру  үшін  алғашқы  капитал  мөлшері  өте  қомақты  (көп)  болуы керек.  Мысалы,  экономиканың  кейбір  сфераларында  мұндай  капиталдың  мөлшері  бірнеше  млрд.долларға  дейін  барады. 

        Келесі   кедергі  -  патенттік  арқылы  қорғау.  Қазіргі  технологиясы   жоғары  салалардың  өнімдері  патентпен  қорғалған.

    Нарыққа кіру  үшін  патент  иелеріне  технологияны  өз  өндірісінде  пайдалану  үшін  ақша  төлеу керек  немесе  өз  технологиясын  жетілдіруі  қажет.

         Олигополиялық  нарық  жағдайында,  баға  жағынан  бәсеке  жетілген  бәсекеге  қарағанда  аса   тиімді  болмайды.  Егер  жетілген  бәсеке  жағдайында  баға  сұраныс   пен  ұсынысқа  байланысты  өзгерсе,  ал  олигополиялық  бәсекелестікте  өзгеруі  шамалы  болады.  Сондықтан,  олигополиялық нарық,  бәсекелестердің  бағаны төмендеткеніне,  сату  көлемін  өсіумен  емес,  қайта  бағаны  төмендетумен  бәсеклестеріне  қарсы  тұра алады. 

       Сондықтан,  олигополия  көп  жағдайда  баға  бәсекесі  орнына  баға  арқылы  жетекшілік  ету мен  келісімге  бейімделеді. 

       Баға  арқылы  жетекшілік  ету  дегеніміз  алдынғы қатардағы бір фирма өз  бағасын белгілейді,  ал  қалған  олигополистер соған ілеседі.  Бірнеше фирмалардың  арасында  баға мен нарықты  өзара  бөлісу  жөнінде  келісім  жабық  түрде  жүргізіледі. 

       Олигополиялық  нарықта  әр түрлі  тауар өндіріледі. Өнім  түрлеріне  байланысты  олигополия: таза  және  дифференцалды  болып  бөлінеді.  Таза  олигополия біртектес тауарды,  мысалы  цемент, газ,  мұнай,  шойын, рудалар шығарумен айналысады.

       Дифференцалды   немесе  бөлшектенген  олигополияға  тұтыну  тауарларды  өндірумен   шұғылданатын  фирмалар  жатады.  Жетілмеген бәсекелестіктің   үшінші  түрі - таза  монополия. «Монополия ұғымы  грек  сөзінен аударғанда «монос» - біреу, «полео» - сату, яғни  монополия  дегеніміз  ұсыныстың  көлемін  толығымен  бақылайтын  бір  ғана  сатушыдан  немесе  өндірушіден  тұратын  нарықты  айтамыз. Бұл  жағдайда  фирмалардың  біреуі  ғана  нарыққа  үстемдік  ете  алады. Мысалы  олар  тиісті  шенберде  бағаны  өзгерте  алады. 

       Монополия   келесі  белгілермен  ерекшеленеді:

  • Өнімді бір фирма  немесе  бір сала өндіреді.
  • Тауардың  алмастырушысы  жоқтығынан,  тұтынушылар  тауарды тек сол фирмадан  аалуға  мәжбүр  болады;
  • Фирма – монополист бағаны  толығымен  бақылайды;
  • Бәсекелес  фирмаларға  бұл  нарыққа  кіру  үшін тосқалу  қойылған.

Бұл  тосқауылдар  табиғи  және  жасанды  болу мүмкін. 

Табиғи  тосқауылдар  кейбір  өндіріс  процессінің  спецификалық ерекшеліктерімен  байланысты.  Мысалы;  орны  томайтын  өндіріс  элементтеріне меншік иелері – табиғи монополияға жатады. Мұндай монополиялар тек мемлекеттін  бақылауында болады.

   Жасанды   тосқауылдарға  нарықта жұмыс  істеу үшін берілген патенттер мен лицензиялар жатады. Мысалы, патенті бар фирмалар біршама уақытқа дейін монополис болып есептеледі. Сондай-ақ,  лицензия  арқылы мемлекет сол салада жұмыс істеуге шектеу жасайды. Сондықтан, патент және лицензия арқылы жасанды монополия пайда болады. Мұндай монополия уақытша сипат алады. Ғылыми, техника, кәсіпкерлік дамыған сайын кеміп отырады. Жетілмеген бәсекенің әр түрлі формаларына қоғаммен мемлекеттің көзқарасы әрқашан екі жақты болады. Монополия  нарықта  өнім шығаруды шектейді және бағаны өсіреді. Соның салдарынан  халықтың  өмір сүру деңгейі төмендейді. Бәсекенің болмауына байланысты монополистер ғылыми техникалық процесстің дамуын шетейді. Сондықтан, мемлекет бәсекені қорғауға монополияға қарсы шаралар  қолданады, оны біз монополияларға қарсы  күрес  деп атаймыз.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      1.3 Нарықтағы бәсекенің  мәні мен қызметтері

   Кез –  келген қоғам, ең басты проблеманы  – яғни адамдардың әр түрлі  қажеттіліктерін  толық  қанағаттандыру  үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыруы тиіс. Ол үшін қоғам экономиканың негізгі үш сұрағын: Нені өндіру керек? Қалай және кім үшін өндіру керек?, деген мәселелерді шешуі керек. Нені  өндіру керек деген мәселені шешу үшін, қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу кажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастырудың қандай әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау кажет. Сондай – ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндігін де ескеруі керек.

   Міне, осы  күрделі және көп жақты проблемаларды  шешу барысында қоғам экономикалық  өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын,  экономикалық еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл-ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді. Дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл проблемалар тек нарықтық қатынастар жағдайында ғана тиімді шешіледі екен.

   Енді, осы  проблемалардың қазіргі нарықтық  экономикада қалай шешілетіндігіне  қарамастан бұрын, біз ең алдымен  нарықтық ұғымына жалпы анықтыма  берейік. Себебі, нарық  көпжақты, соған байланысты  оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

    Олардың  біріне мына анықтамаларды келтіруге  болады.               Нарық  тауар өндірушілер   мен тұтынушылардың арасындағы  қатынастарды қамтитын процесс,  немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.  Үшіншілері, нарықты шаруашылық субъектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді.

    Нарықтың  қатынастардың мәнін анықтау  барысында,  нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескеру керек.  Біріншіден, нарық айналыс,  айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзеге асыру процесі, ал екіншіден, нарық ол адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас,  тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы – несие жүйесін, тауар-ақша байланыстарын және меншіктің әр түрлі формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизмі ретінде әрекет етеді.

     Нарықтың  қатынастарға  айналыс сферасындағы  құбылыстардан басқа мыналар  кіреді:

-Кәсіпорындарды  жалға берумен байланысты қатынастар;

-Бірлескен кәсіпорындардың  шетел фирмаларымен алмастыру  процестері;

-Еңбек биржасы  арқылы жұмыс күшін жалдау  және пайдалану процесі; 

-Белгілі бір  пайызбен несиелерді беру кезіндегі  несие қатынастары;

-  Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа да сфераларын қамтитын нарық инфрақұрылымының басқару процесі.

   Нарықтық  экономика өзін - өзі реттеуші  жүйе ретінде әрекет етеді.  Ол жеке тұлғаның тәуелсіздігіне,  тұтынудағы таңдау жасау еркіндігіне,  кез – келген табыс  әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы өндірушінің еркіндігіне, еңбек түрлерін таңдаудағы жұмысшының еркіндік принциптеріне негізделген.

Информация о работе Бәсеке және нарықтық механизмнің қызмет етуіндегі ерекшеліктері