Бәсеке және нарықтық механизмнің қызмет етуіндегі ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:39, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық және бәсекелік шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын барған сайын өрістеттетін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................3
І тарау Нарық механизмдеі бәсекенің мәні..........................5
1.1Нарық құрылымы және нарық механизмі....................5
1.2 Бәсеке және оның түрлері.................................................8
1.3 Нарықтағы бәсекенің мәні мен қызметтері................13
ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясат............................................................................17
2.1 Жетілген бәсекенің ысыраптары және монополияға қарсы (трестерге қарсы) – заңдар және экономиканы реттеу........................................................................................17
2.2 Монополистік қызмет және бәсекені қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдар жыйынтығы және мемлекеттік монополияға қарсы шаралары....................21

Қорытынды.............................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................30

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 190.50 Кб (Скачать)

     Абай атындағы қазақ ұлттық педогогикалық университеті

    Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

                       Қаржы экономика  факультеті

    

      Кафедра: теориялық және қолданбалы экономика 
 
 
 
 
 
 

Курстық жұмыс

  Тақырыбы; Бәсеке және нарықтық механизмнің қызмет етуіндегі ерекшеліктері  
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                              Орындаған: Жүгінісов С.М.

      ІІІ топ, І курс, Құқық  

                                                                  негіздері және экономика.

                                                             Тексерген: Жазылбек Л.И.

        

        Алматы, 2008

                   

                                Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................3

І тарау Нарық механизмдеі бәсекенің мәні..........................5

1.1Нарық құрылымы және нарық механизмі....................5

1.2 Бәсеке және оның түрлері.................................................8

1.3 Нарықтағы бәсекенің мәні мен қызметтері................13

ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясат............................................................................17

2.1 Жетілген бәсекенің ысыраптары және монополияға қарсы (трестерге қарсы) – заңдар және экономиканы реттеу........................................................................................17

2.2 Монополистік қызмет  және бәсекені  қорғау туралы  Қазақстан Республикасының  заңдар жыйынтығы  және мемлекеттік  монополияға қарсы шаралары....................21

 

Қорытынды.............................................................................28

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................30

 
 
 
 
 
 
 
---
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                               Кіріспе

Демократиялық қоғам тарихынан жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама  сипатқа ие бола бастады. Бәсекенің  нарықтағы ерекшеліктерін қарастырып өтсек.

   Бәсеке  мен нарықтың арақатынасы туралы  әр түрлі, кейде бір – біріне  қарама – қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз:

Адамзат әлі  күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің бәсеке мен нарықтың жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ.

   Нарықтық  және бәсекелік шаруашылыққа  негізделген үлгілердің бір артықшылдығын   қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын барған сайын өрістеттетін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері  нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады. «Әлеуметтік нарық экономикасы» атты кітабында Х.Ламперт нарықтың төмендегідей приоритеттерін атап өтеді:

  • еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;
  • өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермелі сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің тиімділігін қашан да естен шығармайды, керісінше, мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз, бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен кәсіпкерлерге қарағанда формалды түрде ғана таныс болып келеді;
  • әкімшіл экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық моделі жеке бәсекелестік пен нарықтық механизмнің толыққанды, шығармашыл және еркін жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;
  • сосын, нарықтық шаруашылықта өндірушілер шектелген, қатал, міндетті жалпышаруашылық жоспарларымен тоқталынбайды, шаруашылық субъектілері өндіріс құралдарын өз мақсаттарында еркін қолданады және осы себептен нарықтық жүйеге және ондағы өзгерістерге жылдам бейімделе алады.

             Нарық пен бәсеке бұл демократиялық  құрал, онда әрбір тұтынушының дауыс құқығы бар. Мемлекеттік артылықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық пен бәсеке жүйесінде  байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол – тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тыңбай еңбек ету.

       Бәсекелік  нарықтың қоғамда оның әрекеттік  принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті бәсекенің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық адамның өзін-өзі бағалауына байланысты ұғымының пайда болуына әкеліп соқты. Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез – құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды. Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп аталатын әлеуметтік  құбылыс қалыптасқан. Ондағы бағалау жүйесі мен принциптері тауар базарымен бірдей; біріншісінде сатылуға тұлғалар ұсынылады, екіншісінде – тауарлар, табыс негізінен, адам өзін-өзі базарда сата білгеніне байланысты; қаншама оның сыртқы түрі жарасымды, қаншама ол тартымды, белсенді, элиталық тауар сияқты, адам моделі болуы керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар іске кірісіп кетеді.

       Нарықтық  бағасын ойлайтын адам өзін  әрі сатушы, әрі тұтынушы ретінде  қарастырады және оның көңіл – күйі тұлғаның өзінен гөрі, оған бағынбайтын сыртқы жағдайларға көбірек тәуелді болып шығады. Егер ол табыстан табысқа жетсе, онда құнды, ал сәтсіздіктерге ұшыраса – құндылығынан айырылған. Ол өзінің ішкі мәнді күштерімен тұтас әрі үйлесімді емес, себебі ол үшін өзін өзі жүзеге асырудан гөрі, нарық бәсекесінде табысты болғанына еш күмәнім жоқ.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       І тарау Нарық механизмдегі бәсекенің мәні.             

 

                 1.1 Нарық құрылымы және нарық механизмі

    Нарықтың қызметтері оның құрылымымен тығыз байланысты болады. Оған өндірісті тікелей қамтамасыз ететін элементтер, сондай-ақ материалдық және ақша айналысының элементтері кіреді. Нарықтың құрылымы көп жақты болады. Тауарлар мен қызметтер нарығы, нарық қатынастарының тарихи бірінші объектісі болып табылады.

   Еңбек  бөлінісінің дамуы барысында  тауар және қызмет көрсету  нарығы біршама өзгерістерге  ие болды.  Тауар және қор  биржалары, көтерме және бөлшек  сауданың әртүрлі фрмалары, маркетингтік  ұйымдар пайда болып, дами бастады.

   Тауарлар мен қызметтер нарығына  –  тұтыну тауарлар нарығы – азық-түлік  және азық-түлік емес тауарлар, қызмет көрсету нарығы – тұрмыстық, коммунальдық, көліктік; тұрғын үй және өндірістік ғимараттар нарығы жатады.

    Объективті  экономикалық жағдайлардың пісіп жетілуіне байланысты, бұл нарықтан жер, еңбек, капитал, яғни өндіріс  факторлары нарығы бөлініп шықты.

   Өндіріс факторлар  нарығы деп өндіріс құрал - жабдықтарын (капиталды) , жұмыс күшін, жерді сату, және сатып алуды жүзеге асыратын нарықты айтамыз.

   Жер нарығы – тек жердің өзі ғана емес, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін фермерлер пайдаланылатын жерлер, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, құрылыстар, ғимараттар орналасқан жерлерде жатады.

   Жұмыс күші нарығы – еңбек биржасы формасында ұйымдастырылады. Бұл арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады.

   Капитал нарығы - өндіріс құралдарын, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды сату мен сатып алуды ұйымдастырумен айналысады.

   Қаржы нарығы –  бұл нарықта сату және сатып алу объектілері ретінде қаржы құралдары, ақшалар, облигациялар, вексельдер және басқа да бағалы қағаздар жатады. Бұл бағалы қағаздар қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтық тепе – теңдіктің нақты барометрі болып табылады және тауар өндірісіндегі кез – келген өзгерістерге әсер етеді.

   Осы аталған  нарықтың үш түрі бір бірімен  өзара байланыста болады. Егер  олардың арасында тепе-теңдік  орын алса, онда экономикада   макроэкономикалық тепе-теңдік қол жетеді. Егер осы нарықтардың біреуінде тепе-теңдік бұзылса, онда экономикада диспропорция орын алады.

    Шаруашылықтың  жеке субъектілері экономиканың  негізгі үш проблемасын шешумен  айналыспайды, онда нарықтық тепе-теңдік  қандай жағдайда орын алады деген сұрақ туады. Нарықтың жеке субъектілерінің іс әрекеті экономиканың жалпы тиімді жұмыс істеуі емес, жеке мүдделеріне бағытталған. Бұл жағдайда нарық қатынасының барлық экономикалық субъектілерінің іс-әрекеті нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы нарық механизмі арқылы сатушылар мен сатып алушылардың тауарлар жөнінде қабылдаған шешімдері бір – біріне жеткізіліп отырады және осы шешімдер баға жүйесі, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс арқылы үлестіріліп отырылады.

    Нарық  механизмі, ең алдымен баға арқылы  нарық жүйесінде  белгілі бір тәртіп орнықтырады. Бағалар қызмет көрсету мен тауар өндірісінің өсуін немесе төмендеуін ынталандырады. Мысалы: егер де, қандай да бір тауарға қажеттілік өсетін болса, онда сатушы шектеулі ұсынысты сәйкестендіру үшін тауар бағасын өсіреді, ал жоғары баға  тауар өндірушілерді өнімді көп өндіруге ынталандырады.  Егенр сатушыдағы тауарлар тұтынушылардың сатып алғысы келетін  тауарлардан көп болатын болса, онда сатушылар тауарларды артылып қалмауы үшін, бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда тұтынушылар тауарларды көптеп сатып ала бастайды,  ал өндірушілер өнімді өндіруді азайтады. Осының нәтижесінде  өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас тұрақтанады.

   Мұндай  нарықтық тепе-теңдік, нарықтық экономиканың маңызды элементі сұраныс және ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.

    Нарық  механизмінде бәсеке ең маңызды ролді атқарады.  Бәсеке баға сияқты  өндіріс көлемінің өсуін немесе төмендеуін қамтамасыз етеді.

     Нарықтық  экономиканың әрекет ету механизмі  үш принциптерге негізделеді:

- Маржиналды (шекті)  талдау;

- Шығындарды  баламалы талдау;

- Экономикалық  ұтымдылық.

     Нарықтық  механизмнің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі көп жағдайда нарық инфрақұрылымының даму дәрежесіне байланысты болады. Нарық инфрақұрылымы қызметтер мен тауарлардың нарықта еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі болып табылады. Нарық инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар,жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.

   Сонымен  қатар, нарықтық экономика тиімді  жұмыс істеу үшін жарнама, ақпарат  және консултативтік қызметтер,  бақылау және аудиторлық  мекемелер қажет. Оларсыз нарықтың табысты қызмет етуі мүмкін емес.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                 1.2 Бәсеке және оның түрлері

Нарықтық экономикада  шаруашылықтың барлық субъектілері пайданың ең жоғарғы деңгейіне жету үшін бәсекелестік қатынаста болады.яғни нарықтық экономика бәсекені міндетті түрде қажет етеді. Бәсеке деп шаруашылық Субъектілірі арасындағы тауарларды сату немесе сатып алу, үстеме пайда және өндірістің жақсы жағдайы үшін күрес болып табылады. Мұндай күрес төмендегі объективті жағдайлардан туындайды: әр өндірушінің толық шаруашылық оқшаулануынан, оның нарық конъюктурасынан тәуелділігі , тұтынушылардың сұранысы үшін күресте басқа тауар өндірушілерге қарсы тұруы.

   Бәсеке  жағдайында тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандыру негізінде өндірілген тауардың сатылуына мүмкіндік туады.

   Тұтынушы  үшін күрес - нарықтағы үлес  үшін күрес, ал ол – тауардың  арзандығы мен сапасына байланысты  болады. Бұл жағдайда тұтынушы  шаруашылық іс - әрекетіне ықпал ете алатын нарық субъектісіне айналады. Бәсеке нарық механизмдегі ерекшелігі қажетті және маңызды элементі ретінде өнімдерді өндіру және өткізу барысында өндірушілермен тұтынушылар арасындағы өзара байланысты қамтиды.

Информация о работе Бәсеке және нарықтық механизмнің қызмет етуіндегі ерекшеліктері