Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 22:59, курсовая работа

Описание работы

Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................5
1.1 Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы................................5
1.2 Жоспарлау мен болжаудың методологиясы...........................................7
1.3 Жоспарлау жүйесі және жоспар мен болжаудың түрлері...................10
2 КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ .......13
2.1 Мата өндірісі “KZ Textile” АҚ бизнес жоспарын талдау....................13
2.2 Бизнес жоспарды ұйымдастыру ерекшеліктері....................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................30

Работа содержит 1 файл

КУРСАЧ ЖОСПАР.doc

— 269.00 Кб (Скачать)

Ұйымдық жоспарда жобаның жүзеге асырылу механизмі анықталады: басқарудың ортақы қағидалары келісіледі, іс-әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы таңдалады, тиімді эмиссиялық және дивидендтік саясат көзделеді, басқарудың тиімді құрылымы өңделеді.

9. Кадрлар. Жоспардың  аталмыш тарауында келесі материал дайындалады:

- кәсіпорын қадрлармен  қаншалықты қамтамасыз етілген  - әрекет етуші мамандардың тізімі  мен олардың біліктілігі, жұмыс  тәжірибесі. Әсіресе жетекшілердің  біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі  бағаланады;

- ойластырылған бағдарламаны жүзеге асыру үшін мамандар мен жұмыскерлердің қандай қосымша жимыны қажет;

- әлеуметтік жеңілдіктерді  қоса алғанда, жұмыскерлердің  түрлі категорияларына жалақы  төлеу деңгейі мен формасы  қандай болады.

10. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық  формасы. Заңгерлер келесі мәселелер бойынша құжат жобаларын дайындайды:

- кәсіпорынның құқықтық  мәртебесі, оның меншік формасы  қандай;

- аталмыш кәсіпорынның  заңды құқықтары қандай;

- кәсіпорынның демеушілері  немесе инвесторлары кім;

- кәсіпорында потенциалды  инвестордың құқықтары қандай болады;

- ұлттық және жергілікті  заңнама бойынша құқықтардың  берілуі қандай құқықтық жауапкершілікке  әкеледі;

- халықаралық сауданы  жүзеге асыру барысында қандай  халықаралық құқық нормаларын  ескеру қажет.

Осыдан мынадай сұраққа  жауап алынады - өндірушілер мен инвесторлардың құқықтары заңды түрде қалай қорғалған.

11. Бағдарламаны жүзеге  асыру тәуекелі. Мұнда тек мүмкін  болатын тәуекелді жағдайлар  ғана емес, сондай-ақ болашақтағы  тәуекелдердің теріс салдарларын  бәсеңдету жағдайлары да сипатталып, бағаланады:

- жоспарланатын тауар  нарығындағы жағдайдың өзгеру  тәуекелі;

- жабдықтаушылармен жұмыс  істеу тәуекелі;

- төтенше өндірістік  жағдайлар тәуекелі.

Аталмыш тарау инвесторға аса маңызды, себебі мүмкін болатын  кездейсоқ жағдайларға бағдарламаны жүзеге асырушының нақты қатынасын дәлелдеп, жоспарды өңдеушілердің кәсіби деңгейін сипаттайды.

12. Қаржылық жоспар  мен жобаның рентабельділігі.  Бұл – жобаның жүзеге асырылуына  қатысты барлық экономикалық  жағдайды сипаттайтын барлық  қаржылық ақпарат шоғырланған жосрадың соңғы бөлімі. Келесі көрсеткіштер есептеледі:

- кірістер мен шығындардың  негізделуі;

- қаржыландыру: меншік  және қарыз қаражаттар, қаржыландыру  шарттары (пайыздық ставка, өтеу  графигі, дивидендтерді төлеу);

- жобаның тиімділік  көрсеткіштерін есептеу (таза дисконтталған табыс, ақталу мерзімі, ішкі пайыздық ставка, табыстылық нормасы);

- тәуекелді талдау;

- болжамды балансты, кірістер  мен шығыстар жоспарын, дайын  өнім мен ақшалай қаражаттар  ағынын қалыптастыру.

Қаржылық жоспар аса  маңызды сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестия көлемі қандай;
  • қаржыландыру көздері қандай;
  • ұзақ мерзімді инвестициялар мен айналым капиталына деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қаржы қаражаттары қандай шарттармен тартылатын боалды;
  • алуан түрлі өнім түрлерін жасау үшін инвестициялық шығындар қандай болады;
  • өнімнің өткізілуі қандай рентабельділікті қамтамасыз етеді;
  • өнімді өткізуден түсетін жалпы табыс қандай;
  • кәсіпорын қандай салықтарды төлеу қажет;
  • қарыз қаражаттарын қандай көлемде және мерзімде қайтару жоспарланады;
  • ойластырылған бағдарламаны жүзеге асырудан түсетін жалпы пайда көлемі мен оның рентабельділік шамасы қандай.

Эмиссиялық және дивидендтік  саясат акция шығаруды жоспарлауды, дивидендтерді төлеу мерзімі  мен деңгейін анықтауды қамтиды. Жоспарлау кезеңінде басқарудың ұйымдық құрылымын оңтайландыруға басқару деңгейін, бөлімшелер мен атқарушылардың өзара әрекет ету дәрежесін анықтауға қатысты кәсіби тәсілдеме арқылы қол жеткізіледі.

Осы тарауды рәсімдеу барысында қаржылық жоспарларды құрудың жалпымен қабылданған формалары қолданылады. Ішкі пайдалану үшін толық ақпарат дайындалса, ал акционерлер мен инвесторлар үшін – басылуға арналған түрдегі ақпарат дайындалады. Жоспарлау алғашқылары үшін ай сайын, ал әрі қарай тоқсан сайын орындалады. Ұзақ мерзімді бағдарламалар үшін жоспар жылдарға арналып құрылады, себебі неғұрлым бөлшектелген жоспар анық та, қажет те емес.

Бизнес-жоспар қорытындылармен  аяқталады.

Бизнес-жоспарды құру тәжірибесінің  негізгі аспектілерін қарастыра  отырып, бизнес-жоспар фирмаішілік жоспарлаудың ажырамас бөлігі, жаңа бағдарламаларды орындау барысында өңделетін маңызды құжаттардың бірі болып табыолады деген қорытынды жасауға болады.

Бизнес-жоспардың маңызды  ақпараттық құраушысы болып бастапқы мәліметтер мен қаржылық есептеулердің шынайылығын дәлелдейтін алғашқы құжаттарды қамтитын Қосымшалар табылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экономикалық тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек. Яғни, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың  көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған  сай жоспар мен болжамды икемдеу керек.

Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл –  мемлекеттің, қоғамның, шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көзқарастары мен мүдделерін де қарастыру.

Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.

Жоспар жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен  толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Эмиссиялық және дивидендтік  саясат акция шығаруды жоспарлауды, дивидендтерді төлеу мерзімі мен деңгейін анықтауды қамтиды. Жоспарлау кезеңінде басқарудың ұйымдық құрылымын оңтайландыруға басқару деңгейін, бөлімшелер мен атқарушылардың өзара әрекет ету дәрежесін анықтауға қатысты кәсіби тәсілдеме арқылы қол жеткізіледі.

Осы тарауды рәсімдеу барысында қаржылық жоспарларды  құрудың жалпымен қабылданған формалары  қолданылады. Ішкі пайдалану үшін толық  ақпарат дайындалса, ал акционерлер  мен инвесторлар үшін – басылуға арналған түрдегі ақпарат дайындалады. Жоспарлау алғашқылары үшін ай сайын, ал әрі қарай тоқсан сайын орындалады. Ұзақ мерзімді бағдарламалар үшін жоспар жылдарға арналып құрылады, себебі неғұрлым бөлшектелген жоспар анық та, қажет те емес.

Бизнес-жоспар қорытындылармен  аяқталады.

Бизнес-жоспарды құру тәжірибесінің негізгі аспектілерін қарастыра отырып, бизнес-жоспар фирмаішілік жоспарлаудың ажырамас бөлігі, жаңа бағдарламаларды орындау барысында өңделетін маңызды құжаттардың бірі болып табыолады деген қорытынды жасауға болады.

Бизнес-жоспардың маңызды ақпараттық құраушысы болып бастапқы мәліметтер мен қаржылық есептеулердің шынайылығын дәлелдейтін алғашқы құжаттарды қамтитын Қосымшалар табылады.

Кәсіпкердің дербес қатысуымен жұмыс істейтін болса, бизнес-жоспар бар күшімен тәуекелді төмендетуге  ықпал ететін болады. Өзінің болашақ іс-әрекетінің процесін модельдей отырып, барлық жағымды және жағымсыз жақтарды өлшей, бизнес-жоспарды өңдеу барысында өз идеясының дұрыстығын тексере отырып, кәсіпкер өзінің саналы тәуекелге бел буып, жоғары, бірақ қол жетерлік мақсаттарды алға қою қабілеттігін, шығындар мен соңғы нәтижелерге жедел есеп жүргізу ептілігін бағалайды.

Бизнес-жоспар кәсіпкерге тек негізделген шешім ғана қабылдамай, сондай-ақ жобаның тиімділігіне қатысты  күтілістер ақталуы үшін ненің қашан  және қаншалықты жүзеге асырылуын болжамдауға мүмкіндік береді.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2004
  2. Стратегичечский план развития Республики Казахстан до 2010г.
  3. Назарбаев Н. А. «Казахстан-2030»-1997 жыл
  4. C# и CSLA .NET Framework. Разработка бизнес-объектов
  5. Актуальные проблемы Европы, №1, 2010. Бизнес-образование в Европе и России
  6. Актуальные проблемы Европы, №1, 2010. Бизнес-образование в Европе и в России
  7. Бизнес-планирование
  8. Бизнес-пословицы
  9. Бизнес-расчеты в Excel. Построение эффективной стратегии предприятия
  10. Введение в психологию бизнеса
  11. Игры, в которые не играют успешные люди. Мастер-класс практической психологии
  12. Основы. Дизайн
  13. Русско-англо-китайский бизнес-словарь
  14. Русско-шведский и шведско-русский бизнес - словарь / Rysk-svensk och svensk-rysk affarslexikon
  15. Технология организации и ведения бизнес-тренинга
  16. C# и CSLA .NET Framework. Разработка бизнес-объектов: Рокфорд Лотка — Москва, Вильямс, 2010 г.- 816 с.
  17. Актуальные проблемы Европы, №1, 2010. Бизнес-образование в Европе и России: — Москва, ИНИОН РАН, 2010 г.- 248 с.
  18. Актуальные проблемы Европы, №1, 2010. Бизнес-образование в Европе и в России: — Москва, ИНИОН РАН, 2010 г.- 318 с.
  19. Бизнес-планирование: — Санкт-Петербург, Финансы и статистика, 2009 г.- 816 с.
  20. Бизнес-пословицы: Составитель И. И. Комарова — Санкт-Петербург, Игра слов, 2006 г.- 288 с.
  21. Бизнес-расчеты в Excel. Построение эффективной стратегии предприятия: Рон Персон — Санкт-Петербург, Эксмо, 2009 г.- 528 с.
  22. Введение в психологию бизнеса: Н. Л. Иванова, Е. В. Михайлова, В. А. Штроо — Санкт-Петербург, ГУ ВШЭ, 2008 г.- 472 с.
  23. Игры, в которые не играют успешные люди. Мастер-класс практической психологии: Пия Билунд, Коре Кристиансен — Санкт-Петербург, Прайм-Еврознак, 2009 г.- 256 с.
  24. Основы. Дизайн: Том Питерс — Санкт-Петербург, Стокгольмская школа экономики в Санкт-Петербурге, 2006 г.- 160 с.
  25. Русско-англо-китайский бизнес-словарь: Е. Д. Оксюкевич — Санкт-Петербург, Восток-Запад, 2005 г.- 128 с.

 


Информация о работе Бизнес жоспар