Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 22:59, курсовая работа

Описание работы

Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................5
1.1 Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы................................5
1.2 Жоспарлау мен болжаудың методологиясы...........................................7
1.3 Жоспарлау жүйесі және жоспар мен болжаудың түрлері...................10
2 КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ .......13
2.1 Мата өндірісі “KZ Textile” АҚ бизнес жоспарын талдау....................13
2.2 Бизнес жоспарды ұйымдастыру ерекшеліктері....................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................30

Работа содержит 1 файл

КУРСАЧ ЖОСПАР.doc

— 269.00 Кб (Скачать)
  1. Орындалу уақытына байланысты:
  • Қысқамерзімді (оперативті) жоспарлау (жартыжылдық, квартал, мезгіл, ай, апта);
  • Орташамерзімді (тактикалық)  жоспарлау (1-5 жыл);
  • Ұзақмерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан жоғары қарай);
  1. Жоспарлау мазмұнына байланысты:
  • глобальды
  • Контурлы
  • Шектеулі
  • Детальді
  1. Жоспардың қызметтік аясына байланысты:
  • Өндірісте
  • Қызметкерлерде
  • Қаржы
  • Инновациондық
  • Дайындық кезеңінде
  1. Мәліметтердің өзгеру есебі бойынша:
  • Қатаң (өзгермейтін)
  • Икемді (өзгермелі)
  1. Уақыт кезеңіне байланысты:
  • Өтпелі (уақыт өткесін жаңа жоспар жасалынады)
  • Созылмалы (уақыт өтсе - созылады)
  • Кезеңсіз жоспарлау
  1. Уақыт ағымына байланысты:
  • реактивті (өткен уақытқа бағытталған)
  • инактивное (осы шаққа арналған)
  • преактивное (болашаққа бағытталған)
  • интерактивное (жоспардың тек жақсы жақтарына бағытталған)
  1. Жоспарлаудың тәсілі бойынша:
  • «төменнен жоғары» прогрессивті
  • «жоғарыдан төмен»
  • Айналмалы тәсіл

Мемлекеттік жоспарлау  саласында көбінесе индекативтік жоспарлау  түрі қолданылады. Индекативтік жоспарлау  мемлекеттің экономикалық-әлеуметтіксаясатын, экономиканың өсуін, қоғамға қажетті  нәтежиелерге жету үшін мемлекеттің мүдделерін қарасытырады.

Мақсаты:

  • Әлемдік және ішкі нарықтағы құрылым туралы ақпараттар жүйесін қалыптастыру, бұған бюджеттік және инвестициялық ақпараттар да кіреді.
  • Нарық субьектілерінің мемлекетің өзінің мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы
  • Өнімөндірушілерінің жаңа технологиялар мен инновациондық жобаларға жете назар аудауы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдану.

Әлемде дамыған мемлекеттерде  стратегиялық жоспарлау өз нәтежиесін көрсетіп жатыр. Стратегиялық жоспарлау  нарық жүйесіндегі шаруашылықты тұрақтандыратын мемлекеттің басты құралы болып табылады. Оның көмегімен экономикалық тепе-теңдікті тұрақтандырып тұруға болады. Стратегиялық жоспарлаудың басты элементтері:

  • қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуді жоспарлау
  • Қоғам мен табиғат ара-қатынасын жоспарлау
  • Жаңа технологиялар мен ҒТР жетістіктерін пайдалануды жоспарлау
  • Ұлттық экономикалық жүйені тұрақтандыру

1997 жылы ҚР Президентінің  бастамасымен «Қазақстан-2030» атты ұзақ уақытқа арналған стратегиялық даму жоспары жасалып, басылып шығарылды. Бұл жоспарда тәуелсіз Қазақстанның әлемдік экономикада дамуы, экономикалық-әлеуметтік жағдайды көтеруге бағытталған шаралар жоспары, ұлтаралық татулық, табиғи ресурстарды тиімді игеру, Орта-Азиялық барыс болу мәселелері қарастырылған. 2030 бағдарламасындағы 7 басым бағыт:

1. Ұлттық қауіпсіздік,

2. Ішкі саяси тұрақтылық,

3. Экономикалық өсу,

4. Қазақстан азаматтарының  денсаулығын, білім алуын, әлеуметтік  жағдайын жоғарылату,

5. Энергетикалық және  табиғи ресурстарды тиімді пайдалану,

6. Көлік және байланыс инфраструктурасын дамыту

7. Жемқорлық пен қылмысқа  қарсы мықты мемлкет құру.

 

2  КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Мата өндірісі “KZ Textile” АҚ бизнес жоспарын талдау

 

 

Кәсіпорын “KZ Textile” деп  аталады.

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы: акционерлік қоғам.

Негізгі акционерлер: 1. Қадірбекова Назерке – 20%;

                     2. Игілік Дана – 20%;

                               3. Копбаева Гулдана – 20%;  

                               4. Кульмаханова Рашель – 20%;

                               5. Райымбекова Асима – 10%;

                               6. Курманалиев Арман – 10%;

Жобаның орналасқан мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент  қаласы, Рысқұлов және Қонаев даңғылының қиылысы.

Байланыс үшін: www.textile.kz

                           textile@mail.ru

                           87014134191

Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында мата шығаратын фабрика ашып, жоғары сапалы текстиль өндірісін қалыптастыру. Ұзақ мерзімді жоспар Қазақстанда текстиль кластерін дамытуды қолға алып, әлемдік нарыққа Қазақстандық бренд шығаруға бағытталған.

Сурет 4. Кәсіпорынның құрылымы

 

Кең байтақ елімізде жеңіл  өнеркәсіпті, соның ішінде тоқыма-мата өндіру үшін қажетті негізгі шикізат болып табылатын мақта Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі. Жобаның жүзеге асуына барлық алғышарттар бар. Егер жоба жүзеге асатын болса, Қазақстанда киім, 100% таза мақтадан жасалған балалар киімі мен төсек жабдықтарын тігетін фабрика ашуға жол ашылады. Негізгі мақсат қымбат әрі сапасы төмен шетелдік киімнің орнына отандық жоғары сапалы киім шығару болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін елімізде мата шығаратын фабрика ашудың маңыздылығын айтпасқа болмайды. Сонымен қатар жобаның әлеуметтік маңыздылығы орасан зор, себебі қазіргі дағдарыс жағдайында жұмыссыздық мәселесі оңтайлы шешілетін еді. Әкімшілік персоналдан басқа жобада 132 жұмыс орны қарастырылған. Жобаның құрамында 1 әкімшілік ғимарат, мата өндірісі жүзеге асатын фабрика және қойма болады.

ЖШС «NIMEX Корпорациясы» - Орта Азия және Еуропа нарығында өз орнын тапқан Қазақстанның ең ірі  компанияларының бірі. Мақта сату саласында оңтайлы саясат жүргізуіне байланысты компанияның шетелдік әріптестері  көбеюде. Осы және басқа да факторлар Орта Азия және Қазақстан нарығындағы ең ірі мақта компаниясына айналуына себепші болды.

«NIMEX Корпорациясы» өңдеу  және өндіріс жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, өз қызметінің жаңа бағыттарын жүзеге асыруда: соның ішінде холдингтің құрамында транспорттық, ойын-сауық, құрылыс, мұнай секторлары бар. 

Компания өз клиенттерінің  қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүмкіндіктері мен қызметінің бағыттарын әрдайым ұлғайтып отырады. Дамудың жоғары деңгейі, валюталық  түсімдердің көп көлемі «NIMEX Корпорациясы» компаниясының 15 жылдық жұмысы нәтижесінде Қазақстанның беделді және бәсекеге қабілетті компанисына айналып, оның шекарасынан тыс жерлерде де танымал болуына мүмкіндік берді.

Маркетингтік зерттеу  барысында анықталғандай, Қазақстан  текстиль және трикотаж нарығының құны 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Мұндағы отандық өнім өндірушілердің үлесі – 10 %, оның ішінде 80 % - арнайы киім (спецодежда). 

«KZ Textile» өнімі бүкіл  Қазақстан нарығына шығатын болады. Қазіргі таңда текстиль нарығында  Иран, Турция, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің маталары сатылуда, Олардың бағасы қымбат, сапасы төмен. Сапасы жоғары Турция мен Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінген маталар орта тап үшін қол жетерлік емес. Соңғы 5 жылда мата өнімдерінің бағасы көптеген себептерге байланысты тұрақсыз болып отыр.

Дамудың жоғары деңгейі, валюталық түсімдердің көп көлемі «NIMEX Корпорациясы» компаниясының 15 жылдық жұмысы нәтижесінде Қазақстанның беделді және бәсекеге қабілетті  компанисына айналып, оның шекарасынан  тыс жерлерде де танымал болуына мүмкіндік берді.

 «KZ Textile» өнімі еліміздің нарығында жоғары танымалдылыққа иелену үшін тиімді баға саясатын жүргізіп, жоғары сапамен қамтамасыз етуді негізгі мақсат етіп отыр.

Киім де тамақ секілді  ең маңызды қажеттіліктердің қатарына жатады. Сондықтан мемлекет тарапынан да осы секілді маңызды қажеттіліктерді отандық өнім өндірушілер өндіргені үлкен қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан біздің жобаны қолдаушылар да, өнімді тұтынушылар да табылатынына сенеміз. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін маңызды.

Қазақстанда текстиль өндірісіне барлық алғышарттардың бар болуына  қарамастан елімізде текстиль фабрикалары  жоқ. Сондықтан отандық бәсекелестер жоқ. Біздің негізгі бәсекелестеріміз Турция және Қытай елдерінен әкелінетін текстиль болып табылады. Ал Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің текстиль өнімдерінің сапасы өте нашар. Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінетін жібек маталар біздің фабриканың өндірісінде қарастырылмаған, дегенмен Эмираттық жібектің бағасының жоғары болуына байланысты сұраныс болмай отыр. “KZ Textile” өнімі сапасы және бағасы жағынан Турция маталарына лайықты бәсекелес бола алады. Еліміздің азаматтары отандық тауарға қолдау көрсетіп, біздің тұрақты клиенттеріміз болатынына сенім білдіреміз.

Қазақстан экономикасының өсуімен және халық табысының өсуіне байланысты текстиль өніміне деген сұраныс та жылдан – жылға өсуде. Сонымен қатар кедендік бақылаудың күшеюіне байланысты импорттық тауарлардың бағасы қымбаттауда.

Сұраныспен бірге ұсыныс та өседі, сатушылардың саны да өседі. Саудадағы банк несиелері экономикадағы барлық несиелердің жартысын алып отыр. Егер жоба жүзеге асып, жаңа технологиялар негізінде сапалы, бағасы қол жетімді және жаңа дизайнда өнім шығаратын болсақ, нарықта біздің өнім үлкен сұранысқа ие болар еді. Сұранысқа сәйкес ұсыныс болады және дизайны өзгеріп, түрленіп, қазақстандық бренд қалыптасады деп жоспарлануда.

Жобада кездесетін тәуекелдердің  ең маңыздыларын келесідей топтастыруға болады:

  • Қаржыландырудың болмауы (жетіспеуі);
  • Білімді және тәжірибелі мамандардың жетіспеуі;
  • Әріптестердің сенімді болмауы;
  • Саяси-экономикалық тәуекелдер.
    1. Бәсекелестікке қабілетті болу, бағаның қолжетімді және қызметтің сапалы болуын қамтамасыз ету.
    2. Салықтық өзгерістерге байланысты резервтік қойма болуы керек. Түскен пайданың бір бөлігін қорға жіберіп отыру арқылы пайда болған тәуекелдерден сақтануға және басқаруға болады.
    3. Жарнаманы дұрыс бағытта жүргізу. Басқа аймақтардан тұтынушыларды тарту.

Жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді әрі тиімді келіссөздер  жүргізіп, тұрақты қызмет жасау.

Өндіріс процесінде Германия, Голландия және Швейцарияның текстиль өндірісінде танымал техникалары қолданылады.

Аталмыш техникаларды сатып  алу үшін 5 000 000 теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарлануда.

«KZ Textile» акционерлік қоғамының жарғылық капиталы 65 000 000 теңге құрайды. Автокөліктерден, арнайы құралдар мен техникалардан, компьютерлерден тұратын өзіндік капитал құны 81 200 000 теңгені құрайды 

Сатудан түскен қаржы  акционерлік қоғамның жұмысшыларына  жалақы төлеуге, акционерлерге дивидендтер  төлеуге, салық төлеуге, қажетті құралдар сатып алуға, жарнамалық акциялар өткізуге, шикізат алуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын болады.

Кесте 1

Кәсіпорынның тұрақты  шығындары

Шығын атауы

1 айдағы көлемі, теңге

1 жылдағы көлемі, теңге

Аренда

1 500 000

18 000 000

канцелярлық бұйымдар сатып  алу

50 000

600 000

Жарнамалық іс-шаралар

300 000

3 600 000

коммуналдық төлемдер

80 000

960 000

менеджерлер жалақысы

80 000

960 000

амортизациялық аударымдар

 

20 200 000

 Барлығы

2 100 000

44 320 000


 

Сонымен қатар компанияның қаржылық жағдайы мен менеджментінің жағдайы акциялардың құнының өсуіне әкеледі.

Кәсіпорынның шығындары:

  • Тұрақты шығындары: аренда, канцелярлық бұйымдар, менеджерлер жалақысы, амортизациялық шығындар, жарнама, коммуналдық төлемдер.

Өзгермелі шығындары: жұмысшылар жалақысы, өнім өндіруге қажетті ресурстар, логистикалық операциялар шығындары.

 

Кесте 2

Кәсіпорынның өзгермелі  шығындары (жоспар негізінде):

Шығын атауы

1 айдағы көлемі, теңге

1 жылдағы көлемі, теңге

шикізат сатып алу 

450 000

5 400 000

персоналға жалақы шығындары

6 350 000

76 200 000

логистикалық операциялар 

60 000

720 000

Барлығы

6 860 000

82 320 000


 

Брендтің танымал болуы, компанияның дұрыс жолға қойылған менеджменті және өнімнің сапасы болашақта компанияның 

Даму Банкімен және басқа да банктермен әріптес болуға және ұзақ мерзімді несие алуға мүмкіндік береді.

Осылайша өндіріс процесі  өз жалғасын тауып, біздің тауарымыз  тұтынушыларға жетіп, экспортта  беделге ие болып, қазақстандық бренд  қалыптасады.

Жалақы шығындары:

Менеджерлердің жалақысы: 80 000  теңге. Демек, жылына 960 000 теңге.

Соның ішінде директордың  жалақысы 450 000 теңге;  

Бөлімдердің менеджерлерінің  жалақысы 300 000 теңге (компанияда негізгі 6 бөлім бар).

 

Кесте 3

Материалдық активтердің  амортизациялық аударымдары:

Атауы

Баланстық құны, теңге

Амортизация мөлшері, %

Амортизациялық аударым, теңге

Автокөліктер

74 400 000

25

18 600 000

Компьютерлік техника

1 000 000

15

150 000

Құрал-жабдық

5 000 000

25

1 250 000

Тігін машиналары

800 000

25

200 000

Барлығы

81 200 000

 

20 200 000

Информация о работе Бизнес жоспар