Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру
4 . Қ.Р-да ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4.1. Қазақстан республикасындағы жергілікті басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері
4.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдірудегі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3.2 Мемлекеттік басқаруды
Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық
міндеттерін орындау үшін мемлекеттік
басқару жүйесін жетілдіру
Елімізде қабылданып жүрген елдің, өңірдің және жергілікті органдардың әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативті жоспары – бұрын қалыптасқан үрдістерді келешекке көшіріп пайдалануға негізделген инерциялы сипаттағы құжат болып қалуда. Өз кезеінде мемлекеттік, Республикалық және жергілікті бюджеттер олардың жекелеме бөлімдері мен баптары Парламент мен Үкімет арасындағы мәмілеге келудің нәтижелі болып табылатындығына қарамастан инерциялық алпатта болып келеді. Елдің даму жоспары мен бюджет сияқты аса маңызды құжаттар әзірлеудің мұндай тетігі іс жүзінде технологиялық қайта өндеудің барлық соңғы аяқтаушы кезеңіне және бүкіл әлемдік экономиканы қамтитын трансұлттық және мультипликациялық сипатта дамыған ұлттық бизнеске қолдары жеткен ұлттық экономикасы тұрақты қалыптасқан АҚШ,Жапония, Германия, Франция сияқты және басқа да ірі елдерге тән әлемдік экономикалық жүйеде өз орнын іздеуші, дамушы елдер қатарына жататын Қазақстан Республикасы үшін елімізге тиімді болып келетін, әлемдік даму үрдістеріне мезгілінде енуге мүмкіндік жасайтын шешімдер қабылдауда серпінді үрдіс қажет.
Әлемдік ақпараттың жүйе деңгейінде
ашық ақпараттың жүйеге жатқызуға болатын
дамыған биржалық және банктік ақпарат
технологиялары, интернет ,трансұлттық
пен өңірлік қоғамдастық
Жан-жақты қамтып жатқан жаһандану және ырықтандыруы бар және ықпал мен мүдде салаларын қайта бөлуі бар жаңа әлемдік экономикалық тәртіп қалыптасып жатқан жағдайда ақпараттық ресурстар рөлінің күшеюі басымдыққа айналуда және оны қай елдің болмасын экономикалық дамудың мүмкіндігінше қамтамасыз ететін ұлттық ресурстар қатарына жатқызуға болады. Әлемдік, сонымен бірге Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік шешімдерді қабылдау үшін тиісті компьютерлік және ақпараттық технологияларды игеру – ел үшін жаңа бәсекелестік мүмкіндіктер бере алады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының болашақта маңызды шешімдер қабылдауы үшін ұлттық компьютерлік жүйенің құру саналы түрдегі қажеттілікке айналуда. Елдің, өңірлердің және жергілікті органдардың әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары, мемлекеттік, Республикалық және жергілікті бюджеттер сияқты негізгі құжаттарда әзірленген кезде әлемдік экономиканың деңгейіндегі ақпарат жинаудың, талдаудың және шешім қабылдаудың ақпараттық технология құралдары пайдалануға тиіс. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлттық және әлемдік экономикалық ортаның тқрақты мониторингтік деректерін пайдалану жолымен әлемдік экономика процестерінің шапшаң ахуалдық талдауы мен бұл болжамын барынша ескеру негізінде, сонымен қатар әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің сандық мөлшерін әзірлеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін ұлттық компьютерлік үлгіні жасау қажеті туындап отыр.
Біртұтас ақпараттық кеңістік
саласындағы мемлекеттік
Мемлекеттік билік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету – басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз болатын өнделген ақпарат алынуы талап етеді. Бұл мақсатқа жету алғашқы ақпаратты жинау, оны сақтау, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен олардың қызметкерлердің арасында бөлу, өңдеуге даярлау, басқару орнына өңделген түрде беру,талдау сияқты міндеттерді шешуден тұрады. Қазіргі кездегі ақпараттар тасқыны кезінде бұл міндттерді тиімді шешу – есептеу техникасы мен жаңа ақпараттық технологияны пайдаланбай мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік басқару
оргндары жұмысының сапасын көтеру
ақпараттық технологияны енгізумен
анықталады, ол құжат айналымын тездетеді,
өңірдің әлеуметтік-
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
Басқарудың әр түрлi деңгейiнiң рөлiн,
жауапкершiлiгiн және өкiлеттiгiн ой
елегiнен қайта өткiзу және өзгерту
ретiнде орталықсыздандыру
Орталықсыздандыру нақты жүзеге асырылған елдердiң тәжiрибесi оның артықшылықтары саяси да, сонымен бiрге экономикалық та сипатқа ие екендiгiн көрсетiп отыр.
Орталықсыздандыру азаматтардың билiктегi
өз өкiлдерiн жақсы бiлуiне мүмкiндiк
бередi, өз кезегiнде олар өз сайлаушыларының
проблемаларымен және қажеттерiмен
жақсы танысады және тиiсiнше, саяси
шешiмдердi талдап жасауға және iске
асыруға неғұрлым белсендi ықпал етедi.
Жергiлiктi
деңгейде жаңа элитаның пайда болуына
мүмкiндiктер жасалады, ол елдiң саяси өмiрiне
қатысу үшiн қажет демократиялық саяси
дағдылар мен функцияларды игере алады.
Орталықсыздандыру билiк органдарының жергiлiктi қажеттiктер мен проблемаларға сергек қарауын арттыруға ықпал етедi. Қызметтер ұсыну мен инфрақұрылымды қамтамасыз ету жауапкершiлiгi орталықсыздандырылған кезде жергiлiктi органдар кiрiстер мен шығыстардың ара қатынасын жақсы бағалайды, сондай-ақ бюджеттiк шектеулер шеңберiнде халықтың қажетiне неғұрлым икемдi үн қосатын болады.
Орталықсыздандыру үкiметтiң және
орталық мемлекеттiк
Жергiлiктi жерлерде таңдау процесiн дамыту тұтас алғанда халықтың саяси белсендiлiгiн одан әрi демократияландыруға және арттыруға түрткi болады.
Экономикалық тұрғыда
Қазақстан тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдары орын алған мемлекеттiк билiктi күштi орталықтандыру өзiн ақтады, өйткенi мемлекет құру, елдiң егемендiгiн нығайту, аумақтық тұтастықты сақтау басым мiндеттер болды. Орташа мерзiмдi перспективада билiктi тым орталықтандыру тiптi таяу көршiлерден стратегиялық жағынан артта қалу қаупiн туындата отырып, елдiң дамуын тежейтiн болады.
Әлемдiк экономиканың ғаламдану, мемлекеттiк
басқару жүйелерiнiң
Әлемдегi орталықсыздандырудың сан алуан модельдерiн, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттiк басқарудың нақты болмыстары мен дәстүрлерiн ескере отырып, өзiндiк орталықсыздандыру стратегиямызды талдап жасау қажет. Ол үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:
Сонымен қатар келесі мәселелерді ескерген жөн:
Қоғамның тұтас алғанда
Қазақстан Республикасынан мемлекеттiк
басқару жүйесiн
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi назар аударуды талап етедi. Бұған қоса, аймақтардың басшыларының сайланбалылығына асығыс түрде көшуге жол беруге болмайды, өйткенi тiптi сепаратистiк үрдiстердiң туындауына дейiн дерлiк саяси тұрақсыздық, ұлтаралық егес туындау қатерi бар.
Аймақтардың әр түрлi экономикалық әлеуетiне байланысты ойластырылмаған бюджеттiк орталықсыздандырудың да терiс әсерi болуы және аймақтардың әлеуметтiк қызметтермен бiркелкi қамтамасыз етiлмеуiне алып келуi мүмкiн.
Нарықтық экономика құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi демократиялық тетiктерсiз және басқару органдарының жұмысын бақылаусыз әдiлеттi нарықтық бәсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес.
Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс орталықтандыруға көнбейдi және экономикалық, әлеуметтiк өмiрдiң субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi.
Сонымен бiрге орталықсыздандыру процесi орталық мемлекеттiк органдардың рөлiн төмендеудi бiлдiрмейдi, олар мемлекет қызметiнiң негiзгi салалары үшiн жауапты болып қала бередi және жергiлiктi билiк органдарының қызметiн заңнамалық актiлер мен бюджетаралық трансферттер жүйесi арқылы реттейдi.
Қазақстандағы орталықсыздандырудың негiзгi мiндеттерi:
Билiктiң әр түрлi деңгейлерiнiң арасындағы қызмет, функциялар және жауапкершiлiк салаларын айқын шектеу:
Мiндетке қол жеткiзу үшiн мынадай нақты шараларды мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.
- Құзырында орталықсыздандыру
жоспарын әзірлеу және оның
орындалуын бақылау, сондай-ақ
мемлекеттiк функцияларды
- Функциялар мен өкiлеттiктердi беру процесiнiң кезеңдерi мен бағыттарын, мемлекеттiк басқарудың әрбiр деңгейiнiң рөлi мен мiндеттерiн және олардың өзара iс-қимыл жүйесiн, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және мемлекеттiк емес ұйымдарға беруге жататын функцияларды айқындайтын орталықсыздандыру жөнiндегi iс-қимылдың мемлекеттiк жоспарын әзiрлеу.
Информация о работе Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы