Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру
4 . Қ.Р-да ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4.1. Қазақстан республикасындағы жергілікті басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері
4.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдірудегі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 236.00 Кб (Скачать)

Республикамыздың он бес жылдық тәуелсіздігі халқымыздың тарихына жаңаша, жан-жақты қарауға ұйытқы, бүгінгі шебімен шегін өркениет өлшемімен бағалауға дәнекер және болашақ мұратына деген бағдарды халықаралық деңгеймен салыстырып жетілдіруге себепкер. Олай болса, қазақтанудың тағдыры мен болашағын бір ұрпақтың дүниетанымы, мәдениеті және қоғамдық тәжірибесі ретінде үйлестіретін ізденістер мен шараларды ойластыратын да, ойларды іске асыратын да сәт келді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы  бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір  қайнар көзі – халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы – тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы  бойынша адам және оның өмірі, құқықтары  мен бостандықтары мемлекеттің  ең қымбат қазынасы болып табылады.

 

2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары

Қазақстан Республикасы өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары  ең қымбат қазынасы болып табылатын  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді.

Демократиялық мемлекет – Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекеттерде заңдар көмегімен жеке тұлғалардың қызығушылығын қорғайды және олардың дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда билік шынайы бөлінген және экономиканың барлық іс-әрекет салаларында тұлғалар еркін жұмыс істей алады. Мемлекеттің бұл нысанында бұқаралық ақпарат құралдары, әр түрлі газет-журналдар барлығы еркін түрде, жоғары биліктен ешбір қысымсыз жұмыс істей алады.

Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында  діни мекемелер мен дін ұстанудың  мемлекеттен бөліктігін білдіреді  және бұл жағдай Қазақстандағы ислам  мен православиелік, тағы да басқа  нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет оргондары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ожданы бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс. Зайырлы мемлекет дегеніміз – мемлекеттік тұтастай  басқарылатын, яғни биліктің орталық органдарына бағынатын әкімшілік территориялық бірліктерден тұратын біртұтас мемлекеттік құрылым. Бұл құрылым бойынша барлық ел үшін біртұтас жалпы сәйкес органдарға басшылық ететін өкілетті, атқарушы және соттық органдар болады. Зайырлы мемлекет территориясында бір Конституция, заңдылықтың біртұтас жүйесі және бір азаматтық тәртіп әрекет етеді, оның қорғанысын қамтамасыз ететін қарулы күштері болады.

Құқықтық мемлекет – жеке адам мен қоғам мүддесін қорғауға, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Бұл принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы және т.б. Қазақстан Республикасында ең жоғарғы заңды құқығы бар мемлекет ішінде тәртіп негізін құрайтын Ата заң Конституция болып табылады. Конституция барлық заңдардың негізі болып табылады, сондықтан кез-келген заң, нормативтік актілер, жарғылар, ережелер мен қаулылар Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуі қажет. Біздің Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданған.

Әлеуметтік мемлекет – жекелеген  топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.

Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік істер арқылы анықталған.

Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан  біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша  мемлекет басшысы жалпы халық  сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы, өзінің алдында жауапты Үкіметті тағайындайды.

Қазақстандағы президенттік басқару  нысанының ерекшелігі сол билік  бөлісу жүйесінде Президент «билік буындарының үстінен қарау» құқығына ие әрі олардың келісіп жұмыс  істеуін және өкімет органдарының халық  алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес Үкіметтің өкілеттігін ғана тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады, соттарды тағайындап және қажет болған жағдайда заңдық күші бар жарлықтар мен заңдар шығарады.

Қазақстанның біртұтастығы оның әкімшілік аумақтық бөлшектерден құрылатындығы (облыс, аудан, қалалық аудан, ауылдар мен селолар), автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік аумақтық құрылым туралы заң бар. Ол Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.

 

2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.

Мемлекеттік аппарат – алдында  тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік  аппараттың бір буыны. Мемлекеттік  аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттігі Конституцияда  және конституциялық актілерде көрсетіледі. Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдарды өкілеттігінің шеңберіне қарай бірнеше топқа бөлінеді:

1 Мемлекеттік билік органдары:  Парламент, Президент және Мәслихаттар;

2 Мемлекеттік атқару органдары:  Үкімет, Министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары,  әкімдер.

Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары  және сот немесе құқық  қорғау органдары.

Республика  Президенті мемлекеттік аппаратқа  ерекше орын алады, ол үшін биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қанынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.

Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент  – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы  өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі  – төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік – аумақтық  бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдауға құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Коституциясында жарияланған. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшілігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 35 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент – негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палатарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерінің тағайындалған парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Парламенттің әр палатасының бөлек  отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат  тағайындау мәселелерінің көбіне өзі  қатысатын болса, Мәжіліс заң қозғау және қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қолын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды.

Атқару билігі өкіметтің қолында  жиналған. Президенттік республикаларда  өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан Президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен  Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасынын үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасының Президентінің 1995жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1 тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен үкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының үкіметін Премьер-министр, оның орынбасарлары, Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.

Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997-жылғы наурыздың төртіндегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрамы белгіленген:  Премьер-министр, орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзіреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады.

Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында  сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізу азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін республиканың Жоғарғы Соты мен республиканың жергілікті соттары құрайды. Республика аумағында ҚР әскери (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) соттары болады.

Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай да бір атаумен  арнаулы және төтенше соттарын құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен  танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Сот органдары, сот қызметкерлері әділет министрлігіне бағынбайды. Жаңа реформа бойынша мемлекеттік административтік комитетке бағынады.

Жаңа Конституция бойынша сотқызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын болды. Жоғарғы соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы Сот кеңесі құрылады. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауазымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі соттарға тағайындалатын қызметкерлердің Әділет министрі басқаратын әділеттік алқасы кадр мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болған. Бұл кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін – Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заң күші бар Жарлығында айтылған болатын.

Құқық қорғау органдары.Прокуротура ҚР Конституциясының 83-бабы айтылған. Бұл орган мемлекеттің атынан республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзгеде нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әлі біріңғай қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын  қадағалауды жүзеге асырады.

Прокуротура органдарының жүйесін  Республиканың Бас Прокуроры  басқарады, ол өзіне бағынышты орталық  аппарат пен облыстық прокуротуралардан, республикалық мәні бар қалалар прокуратурасынан және Республика астанасының прокуратурасынан, облыстық,аудандық,қалалық әрі соған теңестірілген әскери және өзгеде мамандандырылған прокуратуралардан тұрады. Бас Проурорды Сенаттың келісімімен Республика Президенті бес жылға қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы  төменгі прокурорлар жоғарғы  тұрған прокурорларға және ҚР Бас  Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас жүйесін  құрайды. Ол өзінің қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуротура органдырының қызметіне араласуға тиым салынады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы