Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру
4 . Қ.Р-да ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4.1. Қазақстан республикасындағы жергілікті басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері
4.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдірудегі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 236.00 Кб (Скачать)

Мәслихаттар өзлдерінің сессияларында  қалыптасқан дағды ретінде атқарушы биліктегілер қабылдап, ұсынған құжаттарды қарайды. Өздерінше пікір айтып, сынай, қосымша ұсыныстар айтқан болады. Бірақ әкімнің депутаттардың пікірімен санасуы да, санаспауы да мүмкін. Мәслихаттардың кадрлар мәселесін  шешуге де құқы жоқ. Мәселен, сол атқару органдардың басқармалар, ведомстволар басшыларын тағайындауға қатысы жоқ, олардың жұмысын тексере де алмайды.

Жергілікті жерде нақты билік  тетіктері толығымен әкімдердің қолында. Тіпті депутаттардың жергілікті басқармалар мен ведомстволар жұмысы жөнінде ақпараттық мәліметтер алуға  тырысқан көптеген талаптары мен  сауалдары негізінен еленбей  қалады. Ал шенеуніктерді қойылған сұрақтар мен сауалдарға жауап беруге көндіретін депутаттың ешқандай құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Заң бойынша мәслихаттар әкімге сенімсіздік білдіруге құқы бар. Бірақ заңның бұл бабы да тек жай декларация ретінде жазылған сияқты. Ал сенімсіздік беру туралы шешім қабылдау үшін мәслихат әкімнің жұмысы жөнінде толық және объективтік мәлімет алуы қажет екендігі баршаға мәлім.

Мәслихат хатшысы өзінің өкілеттілігі бойынша тек мәслихаттың сессиясын  дайындайды, басқа ішкі істерін реттейді, бірақ мәслихат атынан ешқандай жергілікті саяси және экономикалық мәселелерге араласа алмайды. Сессия төрағасы әр сессияда жаңадан сайланып отырады, оның сол өзі басқарған сессиядан басқа мәселелерге араласуына құқығы және жоқ. Мәслихаттың тұрақты төрағасының болмауы, оның жиі ауысуы, біріншіден, төрағаның жауапкершілігін, екіншіден, жалпы мәслихат жұмысының пәрменділігін елеулі түрде төмендетеді.

Мәслихаттардың әлсіздігі, олардың  өкілеттілігінің тек ресми, формальдық түрде ғана жарияланғаны туралы мысалдарды шексіз санамалай беруге әбден болады. Бірақ мәселе онда емес, жоғарыда келтірілген мысалдар, қазіргі жергілікті басқару моделіне тек кейбір жекеленген ғана кемшіліктер тән емес, бүкіл модельдің өзі концепция ретіңде жетілдіруді қажет етеді. Модельдің негізгі кемшілігі — жергілікті басқаруда билікті екі тармаққа (өкілдік және атқарушы билікке) бөлу принципі толымды негізде сақталмаған. Ал сайып келгенде сол принцип түбегейлі жойылған деуге де болады. Асылы, біріншіден, биліктің екі тармағының әрқайсысында тек өзіне ғана тән өкілеттіктер болуы шарт.

Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік  дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару  мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған  билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.

Бірақ қазіргі кезде  мемлекеттік құрылымда  бұл жүйенің  қызметтері қоғамның және мемлекеттің  дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін  байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста  жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.

Мұның басты себептері  қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.

Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын  орталықтан жергілікті деңгейлерге  түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген —  "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.

Польшаның биліктің жергілікті органдарын реформалаңдыру істері жөніндегі бұрынғы министрі Ежи Регульски орталықсыздандыру үрдісін бастау жолында келесі проблемаларды шешу қажет деп есептейді:

•   жергілікті және аймақтық нәтижелі басқарудың жоқтығы;

•  жергілікті деңгейдегі мәселелерді  шешуге қабілеті жететін азаматтық қоғамның ойдағыдай дамымауы.

Соның нәтижесінде екі мақсат пайда  болып отыр:

•  кәсіби және нәтижелі аумақтық басқаруды құру және мемлекеттік  функцияларды шоғырланудан алшақтату  үрдісі;

•    азаматтық қоғамды  құру үрдісінің басталуы  .

Посткеңестік елдерде орталықсыздандыру процесі басқа тұрақты демократиялық жүйе қалыптасқан мемлекеттердегі үрдістерден мүлде өзгеше өтуде. Бұрынғы социалистік мемлекеттерде жүйелі орталықсыздандыру жалпы саяси жүйені құрумен қатар өтіп жатыр. Яғни орталықсыздандыруға ешқандай уақытпен қалыптасқан әдіс-тәсілдік негіз жоқ, басқаша айтқанда, тәжірибенің жетіспеушілігі анық. Бұндай негіз көбінде орталықтанған мемлекет кезінде пайда болуы тиіс. Қазақстан Республикасында да орталықсыздандыру мен жергілікті өзін өзі басқару процестері тежелу себебінің бірі осы. Бұл бір.

Екіншіден, өзін өзі басқару, биліктің бөлінуінің қажетті (яғни демократиялық) формасын іске асыру тамырын он жылдап қалыптасқан адамның ойлау қасиетінен іздеу қажет. Алдыңғы жүйеден  мұра болып жалғасып келе жатқан саяси сана қоғамдық еркіндікті қолдануда қиындықтар туғызады. Осындай жағдай басқа да демократияландыру реформаларын жүргізуге кедергі болып отырғаны анық. Заң мен адамның ойлау қасиеті арасында байланыс бар екеніне күмән жоқ. Ал белгілі бір негізге бейімделу үшін, олар оны түсінуі қажет. Түсінуі үшін, олар оның мәнін білуі шарт. Егерде адамдар жаңа заңды түсінбесе, онда реформалардың нәтижесі күңгірт. Сондықтан да Қазақстанда саяси білім беру, ағарту жұмыстарын жүргізу - өте өзекті мәселе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, қазіргі кезеңде  ТМД елдерінде заң ғылымы бір  идеологияны құрсауында болудан  бостандық алып, дүниежүзілік ғылыммен қауышып, мемлекет және құқық теориясын  жан-жақты дамытуға мүмкіншілік  қалыптасып, бұрынғы жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді түзетуде. Біз тоталитарлық, әкімшілік - әміршілік басқару жүйесінің бұғауынан шығып, қазір мемлекеттік, құқықтық және демократиялық басқаруды жүзеге асырудамыз.

Бізде қазір Президенттік және үш деңгейлі,яғни Парламент, Үкімет және Соттық басқару қалыптасқан. Енді осы мемлекетті, мемлекеттік басқаруды одан әрі дамыту үшін жоғарыда айтылған шараларды пайдаланған жөн.Яғни, мемлекетті жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне аудару қажет және мемлекетті  басқарған кезде ақпараттық технологияны тиімді пайдалана білген жөн. Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының жүйесін және құрылымдарын жетілдіру қажет.    Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.

Бірақ қазіргі кезде  мемлекеттік құрылымда  бұл жүйенің  қызметтері қоғамның және мемлекеттің  дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.

Мұның басты себептері  қолданыстағы заңдылықтардың, соның  ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.

Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын орталықтан жергілікті деңгейлерге түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген —  "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.

Польшаның биліктің жергілікті органдарын реформалаңдыру істері жөніндегі бұрынғы  министрі Ежи Регульски орталықсыздандыру  үрдісін бастау жолында келесі проблемаларды  шешу қажет деп есептейді:

•   жергілікті және аймақтық нәтижелі басқарудың жоқтығы;

•  жергілікті деңгейдегі мәселелерді  шешуге қабілеті жететін азаматтық  қоғамның ойдағыдай дамымауы.

Соның нәтижесінде екі мақсат пайда  болып отыр:

•  кәсіби және нәтижелі аумақтық басқаруды құру және мемлекеттік  функцияларды шоғырланудан алшақтату үрдісі;

•    азаматтық қоғамды  құру үрдісінің басталуы  .

Посткеңестік елдерде орталықсыздандыру  процесі басқа тұрақты демократиялық  жүйе қалыптасқан мемлекеттердегі  үрдістерден мүлде өзгеше өтуде. Бұрынғы социалистік мемлекеттерде  жүйелі орталықсыздандыру жалпы саяси жүйені құрумен қатар өтіп жатыр. Яғни орталықсыздандыруға ешқандай уақытпен қалыптасқан әдіс-тәсілдік негіз жоқ, басқаша айтқанда, тәжірибенің жетіспеушілігі анық. Бұндай негіз көбінде орталықтанған мемлекет кезінде пайда болуы тиіс. Қазақстан Республикасында да орталықсыздандыру мен жергілікті өзін өзі басқару процестері тежелу себебінің бірі осы. Бұл бір.

Екіншіден, өзін өзі басқару, биліктің бөлінуінің қажетті (яғни демократиялық) формасын іске асыру тамырын он жылдап қалыптасқан адамның ойлау қасиетінен іздеу қажет. Алдыңғы жүйеден  мұра болып жалғасып келе жатқан саяси  сана қоғамдық еркіндікті қолдануда  қиындықтар туғызады. Осындай жағдай басқа да демократияландыру реформаларын жүргізуге кедергі болып отырғаны анық. Заң мен адамның ойлау қасиеті арасында байланыс бар екеніне күмән жоқ. Ал белгілі бір негізге бейімделу үшін, олар оны түсінуі қажет. Түсінуі үшін, олар оның мәнін білуі шарт. Егерде адамдар жаңа заңды түсінбесе, онда реформалардың нәтижесі күңгірт. Сондықтан да Қазақстанда саяси білім беру, ағарту жұмыстарын жүргізу - өте өзекті мәселе.

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. ҚР Конституциясы.
  2. 2030 жылғы ҚР даму стратегиясы.
  3. Жоламанов Қ.Д., «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2004 ж.
  4. Нұрпейсов Е.Қ., Котов А.К., «Қазақстан мемлекеті:  хандық биліктен президенттік билікке дейін», Оқу құралы, Алматы, «Жеті жарғы», 1996ж.
  5. Уваров, «Теория государственного управления», М. 2002 г.
  6. «ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері», Оқулық, Алматы, 2003ж.
  7. В.Е .Чиркин, «Государственное управления», Юристь, М. 2002 ж.
  8. И.Мунтьян,  В.Поп, «Новые правилы игры в старых условиях»,           М. 2003 г.
  9. Ә.Қасенова, Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық технология, «Ақиқат», 2004ж.  №11
  10. Найманбаев.С., Мемлекеттік басқару, маңызы және ерекшелігі, «Ақиқат», 2000ж. №5
  11. Нұрғасиев.С., Мемлекеттік басқарудың кәсібилігі бағытында, «Қазақстан жоғары мектебі», 2000ж. №3
  12. Мұқышев.Ж., Мемлекеттік басқару органдарын жетілдіру – уақыт  талабы, «Қаржы-қаражыт», 1996 ж. №3
  13. Ә.Тоқтыбеков, Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің жолдары:тұжырымдамалар мен әдістер, «Ақиқат» 2003ж. №1

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы