Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру
4 . Қ.Р-да ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4.1. Қазақстан республикасындағы жергілікті басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері
4.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдірудегі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жергілікті мемлекеттік
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
Осы заманғы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті БҰҰ негізгі құжаттарында белгіленген. Мәселен, 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан адамның табиғи мүддесі мемлекет мүддесінен басым деген іргенлі тезис туындайды.
Көптеген бір ұлтты және көп қоғамдардың құрылуының ,дамуының,гүлденуі мен күйреуінің сан ғасырлық әлемдік тарихи тәжірибесі мемлекет пен мемлекеттік басқару күрделі құбылыс екенінің, бұл құбылыстың көптеген елдерде аяғына дейін жеткілікті зерттеліп, зерделенбегенінің айғағы. Көптеген дамушы елдерде өкімет құрылымдары мемлекеттік басқаруды көбіне тар мағынада байыптап, оны ұлттық саясаттың өрісі деп біледі, соның салдарынан болымсыз әлеуметтік нәтижелерді, адамдардың төмен тұрмыс деңгейі, экономикадағы сәтсіздіктер қарадүрсін- оппозицияның немесе сыртқы жаулардың, тіпті жекелеген шенеуніктердің қаскөйлік әрекеттерінің салдары деп түсіндіріледі. Осы заманғы мемлекетті жіктеу мен сипаттау өлшемдерін зерттеу жаңа ғасыр мемлекеттің табиғаты едәуір күрделі деуге негіз береді.
Біріншеден, мемлекет сыртқы аренада ұлттық егемендіктің иесі болып, сыртқы қатынастарға және құқықтық реттеуге монополиялық құқығын іске асырады.
Екіншіден, мемлекет ел азаматтарының саяси бірігуінің пошымы ретінде көрінеді. Сонымен қатар демократиялық қоғамдарда халықтың егемендігі де танылады, ол елдің ішкі өмірінде көрінеді.көптегенелдердің конституцияларында елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық және оған тән ерекше құқықтар қорғалған деген принципті қағида бекітілген.
Үшіншіден, мемлекет қоғамның істерін жария басқарудың субъектілерінің бірі болып табылады, сондықтан мемлекеттік басқарумен бірге қоғамдық басқару да жұмыс істеуге тиісті.
Төртіншіден, мемлекет қоғамдағы заңдық мекеме қызметін атқарады.
Осы заманғы дүниеде мемлекеттік басқарудың жеті үлгісі бар деп есептеледі, олар табиғи, климаттық, демографиялық және басқа да параметрлерді ескере отырып жүргізілген зерттеулер мен эксперименттер негізінде тұжырымдалған. Мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесін жіктеу өлшемі ретінде оларды қалыптастыру негізіне алынған мемлекеттік басқару теориясын яки тұжырымдамасы алынады. Атап айтқанда, әлемде мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесін ұйымдастырудың бес негізгі тұжырымдамасы бар.
Біріншеден, барлық жүйелердің ең қарапайыми – либералдық тұжырымдамаға негізделген мемлекеттік басқару жүйесі. Бұл жүйе ұлттық (мемлекеттік ) меншікті барынша жекешелендірумен, азаматтарға мемлекеттердің әлеуметтік қызметі мен көмегін, сондай-ақ мемлекеттік басқару сонымен бірге мемлекеттік құрылымдардың азаматтар аолдындағы жауапкершілігін азайтумен ерекшеленеді.
Екіншіден, мемлекеттік басқарудың неолибералдық тұжырымдамасының либералдық тұжырымдамадан айырмашылығы, мұнда, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, негізгі шаруашылық жүргізуші субьектілердің, сондай-ақ азаматтық қоғамның кейбір субьектілерінің қызметін, құқықтық реттеудің неғұрлым баянды да әділетті режимі жасалады.
Үшінші, мемлекеттік басқарудың социалистік тұжырымдамасының ерекшелігі – іс-жүзінде барлық табиғи, қаржы және басқа ресуртар мен шаруашылық жүргізудің негізгі обьектілері демократиялық мемлекет иелігінде болады. Бұл тұжырымдама меншіктің қоғам мен экономика салаларының негізгі аясының дамытылуын мемлекеттік жоспарлаудың үстемдігін мойындайды. Социалистік мемлекеттік басқару тұсында мемлекет барлық басқару дауларын шешудің құқықтық реттелуін және сот тәртібін қамтамасыз етеді, бірақ мұнда нарықтық қатынастар дамымайды.бұл тұжырымдама басшылыққа алынғанда азаматтық қоғам институттары мемлекеттік басқару құрылымдарын қалыптастыру және қызмет нәтижесіне бақылауды қамтамасыз ету процесінде елеулі рөл атқарады. Бірақ қазіргі кезде шетелдік ғалымдарда КСРО-да мемлекеттік басқарудың шынайы социалистік тұжырымдамасымен үйлеспейтін мемлекеттік басқарудың комунистік жүйесінің бір буданы болды деген пікірде бар. Мұндай пікірдің жақтастары мемлекеттік басқарудың кеңестік будан жүйесінде құқықты барлық деңгейдегі партия органдарының толып жатқан шешімдері алмастырды, сондықтан басқарушылық қатынастарын реттеудегі құқық пен соттардың рөлі елеусіз болды деп санайды.Сөйтіп бейбіт заманда елде біртіндеп мемлекеттік құрылымдар есебінде қосып жазу, сапалы тауарлар мен қызмет көрсетудегі тапшылық, жемқорлық, орталық органдардың саяси мафиялары, партиялық және мемлекеттік басқару институттарына сот жүйесіне құқыққа азаматтардың күдікпен қарауы сияқты теріс әлеуметтік құбылыстар етек алды. Қысқасы батыс сарапшыларының пікірі бойынша Кеңес Одағында мемлекеттік басқарудың шынайы социалистік жүйесі болған жоқ. Әлемде қолданылатын төртінші мемлекеттік басқару тұжырымдамасын аралас деп атайды, өйткені онда социалистікте , неолибералдықта тұжырымдамалардың элементтері барынша ескерілген бұл тұжырымдама бойынша қазіргі кезде Қытайдың Араб шығысының көптеген елдерінің, Оңтүстік Кореяның Египеттің және басқа елдердің мемлекеттік басқару жүйелері дамуда.
Мемлекеттік басқарудың бесінші тұжырымдамасы ретінде шетелдік ғылыми ортада соңғы кезде мемлекеттік басқарудың өзіне қаптал жететін версиясы аталатын тұжырымдамасын бөліп қарайды. Бұл тұжырымдаманың негізіне сарапшылар жаңғырту кезеңінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың белоруссиялық тәсілін алған. Белоруссь Президенті А.Лукашенко бұл тұжырымдаманы былай сипаттайды:
Мемлекет қиын уақытта халықтың басым көпшілігінің мүддесін сенімді қорғай алатын болса ғана өзінің өркениетті ел деп санай алады. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің рөлі экономикада жүріп жатқан барлық процестерді тиімді бақылау мен реттеуде саяды. Белоруссь үлгісі болжам мен жоспарлауды жоққа шығармайды. Біз реформаны өзгерістердің эволюциялық жолы деп білеміз. Бұл үлгі әлеуметтік жағынан бағдарланаған, көп уклатты базар экономикасы қалыптастыруды көздейді, онда мемлекеттік және жекеменшік тең құқықпен жұмыс істейді, шаруашылықты жүргізуді әртүрлі:акционерлік, ұжымдық, арендалық және басқа пошындары болады . Шетелдік сарапшылар бұл тұжырымды Белоруссьта экономикалық тұрақтануда, және жалпы ішкі өнімнің өсуіне жол ашты деп санайды. 1999 жылы мамырда ол 5 пайызға жетіп 1990 жыл деңгейінің 83 пайзына жетті.
Жаңа мыңжылдықта, жаппай ақпараттандыру, адам мен азаматтың жаратылыстық құқықтарының етенелігін халықаралық тану, демократия принциптерін орнықтыру дәуірінде – мемлекеттік басқару жүйесі елдің азаматтары жөнінде қызметтік міндетін жүзеге асыруға, атап айтқанда олардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тиіс. Алдағы жаһандасу жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен рөлі күрделене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашанда оның тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала береді.
Қазіргі кезде әлемде әртүрлі тұжырымдамалар ғана қолданылып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың, оған баға берудің және жетілдірудің әртүрлі жолдары да қолданылады. Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының қызметін бағалаған кезде әлемде әртүрлі өлшемдер пайдаланады. Атап айтқанда «процестік және жемістілік өлшемдері ойдағыдай қолданылады.
Мемлекеттік аппарат қызметке баға берудегі процестік жол әдетте басқарудың авторитарлық немесе демократиялық емес режимі қолданылатын елдерде, яғни мемлекеттік басқарушылық құрылымдары бірінші кезектебилік жүргізуші авторитарлық режим жүйесін сақтауды міндет санайтын елдерде қолданылады. Бұл жолдың ерекшелігі мынада. Мемлекеттік басқарудың бюрократтық аппараты әрқашан халыққа өзінің толассыз қызметін көрсетуге тырысады. Мұнда мемлекеттік басқару оргондарының жұмысын тек жоғары тұрған құрылымдар бағалап, бұл орайда жоғары тұрған басшылардың әр түрлі тапсырмаларын төмендегі шенеуніктердің мезгілінде орындауы, бекітілген график бойынша әртүрлі басқару құжаттарын немесе актілерін қабылдау, жоғары тұрған құрылымдар үшін әртүлі шараларды әзірлеу, жұмысты ұйымдастыру жоспарының мазмұны,өткізілген кеңестер, кездесулер және басқа басқару процедуралары сияқтыөлшемдер бойынша бағалайды.
Мемлекеттік басқаруға баға берудің жемістілік өлшемі мемлекет салық төлеушілер мен сайлаушылар ретінде азаматтарға қызмет көрсетуге міндетті көптеген демократиялық елдерде орын алып отыр. Бұл жол қолданылған кезде мемлекеттік басқару органдарына бағаны азаматтық қоғам институттары, яғни азаматтардың әртүлі бірлестіктері, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтардың өкілдікті демократиялық органдары береді. Мемлекеттік басқару құрылымдарының жұмысы азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін көшедегі қауіпсіздік, экологияның жай-күйі, көшелердің тазалығы, жақсы жолдар, таза сумен сапалы қамтамасыз ету, базарларда сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы және көптеген басқа практикалық өлшемдер бойынша бағаланады.
Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың өзге түрлерінен ерекшеленеді. Әрбір азаматтың қалыпты өмір сүруі үшін бірқатар жағдайлар, қаражат пен көрсетілетін қызмет күнделікті қажет екені белгілі. Атап айтқанда, олар – баспана, киім, тамақ, өмір мен мүліктің қауіпсіздігі, таза ауа мен су, жарық пен жылу, жол мен көлік және басқалар. Азаматтардың барлық осы мәселелерін шешуді ұйымдастыру нақты елдің барлық азаматтарын біріктіретін ұйым ретінде – мемлекеттің борышы. Сондықтан мемлекеттік басқару өз табиғаты бойынша барлық тіршілік жағдайларын ұйымдастыруға міндетті.
Сонымен, біріншіден, мемлекеттік басқарудың басты да тұрақты объектісі – сол елдің барлық азаматтары үшін объективті де қажетті тіршілік жағдайлары кешенін ұйымдастыру.
Екіншіден, мемлекеттік басқару өз миссиясын іске асыру үшін, әлеуметтік басқарудын басқа субъектілерінен өзгеше, ұйымдық-құқықтық тетіктерді толық көлемінде пайдаланады.
Үшіншіден, мемлекеттік басқару жүйесі жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігінің басты әлеуметтік өлшемдері төмендегідей көрсеткіштер:
Соңғы оңдаған жылдар бойында ұдайы зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік басқарудың нәтижелі модельдері мен құрылымдары іздестірілуде. Көптеген елдерде жүргізілген эксперименттердің нәтижесінде халықты басқарудың төмендегі деңгейлері бөліп көрсетіле бастады:
Мемлекеттік басқаруды бұлай жіктеу
ғаламдану жағдайында азаматтар
мен қоғам істерін жария
Жергілікті мемлекеттік
Жергілікті мемлекеттік
Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару 18 ғасырда пайда болды. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару, біріншіден, төте және өкілдікті демократияның пошымы жеке бір әкімшілік ауқымында саяси құқықтармен бостандықтарды іске асыру пошымы деп қарастырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқарудың барлық буындарына азаматтардың қатысуын жоққа шығармайтынын атап өту дұрыс. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды толықтыру құралы ретінде қажет, ол аумақ істерін көпшілік болып басқару жүйесінде азаматтардың пікірі мен мүддесінің барынша ескерілуін қамтамасыз етуге тиіс. ТМД Парламентаралық Ассамблеяның 1994 жылғы 29 қазанда қабылданған арнайы Декларациясында «жергілікті өзін-өзі басқару Достастық мемлекеттерінің мемлекеттік және қоғамдық өмірін демократиялық жолмен ұйымдастырудың қажетті элементі болып табылады» деп көрсетілген.
Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар басқарудың нормативтік жүйесінің басты буыны этикалық нормалар деп біледі. Басқару жүйесіндегі этика нормалары адамның мінез-құлқын іштей бақылау өлшемдері, сондай-ақ қызметкердің мінсіз қадір-касиетінің өзіндік бір моделі. Басқару жүйесіндегі адам этика номалары мен мінсіз қадір-қасиеті жағынан мейірімді, адал, таза, әділ, принципті, уәдесін бұлжытпай орындайтын, өз ісіне жауапты қарайтын кісі болуға тиіс. Мінез-құлықтың этикалық нормаларын елемеудің мысалдары ретінде өтірік айтуды, принципсіздікті, екі сөзділікті, жағымпаздықты, «пайда күштіден», «мақсатқа жетудің барлық амалдары жақсы» дейтін принцип ұстанатындарды, құбылмалықты атауға болады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы