Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру
4 . Қ.Р-да ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4.1. Қазақстан республикасындағы жергілікті басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері
4.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдірудегі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 236.00 Кб (Скачать)

Теологиялық теория – мемлекет пен  құқық  Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.Бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды.Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен тағы басқалар.

Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан  азаматтардың саналы түрде өздерінің  мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі  ірі  патриархалдық отбасы басшысы  бірте-бірте мемлекет басшысына айналады. Отбасы басшысы - әке, мемлекет басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды(Фильмер, Михаиловский тағы басқалар).

Органикалық теоия – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV-III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс тағы басқалар. XIX ғ. ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамы да табиғаттың обьективті даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады.Мемлекет Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.

Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғ.ғ. қалыптасты.Өкілдері:Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев тағы басқалар. Теория мазмұны адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау, т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, яғни зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде  адамдардың арақатынасында қаишылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің конституциясына кіреді деп түсіндіреді.

Психологиялық теория – XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг тағы басқалар. Теория мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді.

Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді.Себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.  Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы  қоғамдық мүдде-мақсаттарарды қорғауы. Кемшілігі – мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы қателіктері.

Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі  күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің  ішкі функциялары:

  1. Экономикалық функция – мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдарын, тәсілдерін көрсету.
  2. Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту.
  3. Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп басқарып отыру.Бюджеттің дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады.
  4. Мәдениет бағытындағы функция – адамдардың денсаулығы, рухани сана – сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие және тағы да басқа мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.
  5. Экологиялық функция – бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет.
  6. Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы – қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, ғанибатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын, реттеп басқаратын мемлекет және оның органдары.
  7. Қоғамдағы тәртіпті қоғау функциясы – бұл мемлекеттің органдары қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.
  8. Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарөынды түрде дамуына толық мумкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру.

Мемлекеттің сыртқы функциялары:

  1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. іс-әрекеттер жасау.
  2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу.
  3. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру және т.б. жолдарын іздестіру.
  4. Дүниежүзілік, ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары керек.
  5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу.

 

    1. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

Басқару – бізді қоршаған ортаның универсалды (әмбебап) және қажетті элементі. Кең мағынада – бұл объектілік жағдайдың, тәртіптің сапасын өзгертетін, субъектінің объектіге әртүрлі әдіспен әсер етуі.

Мемлекеттік басқару әлеуметтік іс-әрекеттің  анықталған түрі ретінде кең және тар мағынада түсініледі. Тар мағынада – бұл мемлекеттің әкімшілік, атқарушы-басқарушылық іс-әрекеті. Бұл  позицияда мемлекеттік басқару, негізінен, әкімшілік құқықпен оқытылады. Оның объектісі – мемлекеттік басқарудың құқықтық формасы. Кең мағынада – бұл мемлекеттің ұйымдастырушылық, нұсқаулық іс-әрекеті, әртүрлі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының әрекеті жолымен мемлекеттік реттеу.

Басқару әрқашан билікті пайдаланумен байланысты. Биліктің келесі түрлері  бар: жекелік, персоналды (мысалы, отбасында  немесе басқарушы мен қызметтер  қатынасында), корпоративті (соған ерікті кірген адамдарға ғана таратылатын жалпы ұйымның билігі) және әлеуметтік, қоғамдық – қоғамда белгіленетін билік. Политологияда қоғамдық билік әртүрлі позицияда қарастырылады: темалогиялық (бірлік мақсатқа жету), психологиялық (себептер), бихевиористік (өзін-өзі ұстауы), субъекті-объективті (қарым-қатынас), жүйелі-кибернетикалық (әлеуметтік коммуникация құралы), құрылымды-функцияналдық (белгілі бір ұйым көрінісі), заңды (конституциялық құқықтың анықталған институты) және т.б.

Қоғамда биліктің әртүрлі түрлері  болуы бірден қабылданды. Ескі заман және ортағасырлар авторлары үшін билік түсінігіне синкретикалық  келу сипатты болады. Ерекше әлеуметтік, қоғамдық биліктің бөлінуі жазушы-утопистер мен энциклопедистердің іс-әрекетімен байланысты. Осы уақыттағы өлеңдерде халықтың билігінің болуын сұрады.

Мемлекеттік билік қоғамдық билік  ретінде, біріншіден, әлеуметтік сипаттағы  әсер ету формасынан ерекшеленеді. Бұл ойды немесе ораторлық  талантты көрсететін билікке қарағанда тіптен бөлек құбылыс, жағдай және қарым-қатынас. Құбылыстың бағалы сапасы табиғи мәліметтер қажетті тәртіпті билік, міндеттеу жолымен анықтамайды. Олар тек тәртіптің қозғаушы себепттерінің бөлігі болып табылады. Мұндай себептер табиғи сипатта болады.

Жалпы ереже бойынша қоғамдық биліктің әр түрлі көрініс алатын тек жалғыз керемет ұжым болады – саяси, публикалық.Бұл әлеуметтік – ассиметриялық қоғам. Саяси билік өзінің көрінісін мемлекет билігінен алады. Бірақта, саяси билік мемлекетпен байланысты болғанымен, оны мемлекеттік биліктен айыру қажет. Біріншіден, кез-келген мемлекеттік билік саяси сипатта болады, бірақ кез-келген саяси билік мемлекеттік болып табылмайды.Екіншіден, саяси билік – бұл халықтың белгілі бір кластың, әлеуметтік бөліктің құралдары. Мемлекеттік билік – мемлекеттік құралдары, оның атымен оны мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметткерлер орындайды.Үшіншіден, мемлекеттік емес саяси билік және мемлекеттік саяси билік орындаудың әртүрлі механизмін алады. Саяси билік «қызығушы топтар» іс-әрекеті жолымен іске асырылады.Мемлекеттік билік түрленген, ол мамандандырылған мемлекеттік аппараттар (парламент,үкімет,соттар және т.б.) арқылы іске асырылады. Төртіншіден, тек мемлекеттік билік қана заңды түрде бекітілген және барлық қоғам атынан жүреді. Ал саяси билік ондай іске бара алмайды.

Осылайша, мемлекеттік билік - әлеуметтік – саяси негіз болып табылады. Бұл үлкен әлеуметтік қоғамда (халық, класс, әлеуметтік бөлік) саяси билікті көрсетудің негізгі формасы. Ол ассиметриялық қоғамның функциясы ретінде жүреді, қоғамдық қатынастарды құқық арқылы реттеу үшін маманданған аппараты болады.

Мемлекеттік билік – тек әлеуметтік – саяси көрініс емес.Заңдық көзқарас бойынша бұл, сонымен қатар, конституциялық құқықтық институты, яғни берілген әлеуметтік көрінсті заңды позициясынан реттейтін  құқықтық нормалар жүйесі. Осы нормалар мемлекеттік биліктің сипатын, мемлекеттік билік органдарының жүйесін оның іс-әрекет әдісін, тапсырмаларын және қызметін бекітеді.

Мемлекеттік биліктің оның сипаты, іс-әрекет шегі, тапсырмалары, іске асыру әдістері, органдар жүйесі  бойынша бірнеше түрлері бар. Әлеуметтік сипат бойынша халықтық билікті және белгілі бір әлеуметтік кластың, бөліктің билігін бөледі. Сонымен қатар, демократиялық және демократиялық емес биліктер бар. Демократиялық мемлекеттік билік көптеген тұрғындардың қызығушылығын көрсетеді және билікті бөлу, адамның құқығын сыйлау, жергілікті өзін-өзі басқаруды, құқықтық мемлекетті мойындау және әртүрлі принциптерге сәйкес орындалады.

Жоғарыда айтылғандай, «мемлекетті  басқару» түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Тар маманды мағынада бұл термин мемлекеттік органның және лауазымды тұлғалардың өзіндік басқарушылық іс-әрекетін білдіреді.

Басқару, яғни обьектінің (тұлға, ұжым, бөлімше және т.б.) іс-әрекетінің бағыты басқарушы субьектпен (мемлекеттік  органдар, лауазымды тұлғалар және т.б.) қойылған мақсаттарға жетумен орындалады. Мақсатқа жету – басқарушылық іс-әрекеттің басты нәтижесі, оның нәтижелілігі. Бірақ та нәтижелілік категориясында баға басымды ресми сипат алады. Егер мақсатқа жетуге кеткен күш есептелмесе, кеткен күштер тиімділік категориясымен бағаланады.

Тиімділік – мақсатқа қысқа  уақыт аралығында төмен шығынды  ресурстар және басқарушылық энергия  жұмсаумен жету.

Мемлекеттік басқарудың да қатысушылары, яғни субьектілері мен  обьектілері бар.Мемлекеттік басқару  субьектілері – бұл басқару қызметін жүзеге асыратындар. Оған экономикалық  саланы, әлеуметтік саланы, әкімшілік – саяси құрылымдарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жатады.

Мемлекеттік басқару обьектілері  – бұл басқарылатын салалар, ұйымдар  және жалпы халық.

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз  мемлекет ретінде құрылу тарихы

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік  алғаннан бері 15 жыл өтті. Тарих ауқымын  алғанда бұл – уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыт ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. 15 жыл бұрынғы  бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.

Қазақстан Конституциясы (30.08.1995ж) мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайта түсті,билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.

Экономика да өзгеріп жатыр.Жыл  өткен сайын ұлттық нарық толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық комплексі қалыптасты. Қазақстан халықаралық нарыққа да жан-жақты араласуда.

Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік  қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі, БҰҰ-ның мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.

Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты. Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көіңл-күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салалар да біршама күрделі жұмыстар атқарылды, Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.

Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына,тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайна, әлеуметтік тегіне, тұоғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар тендігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.

Адамдарды патриотизмге, азаматтылыққа  тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмейтін негізгі  міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен жоқшылықты бастан кешіре білді.Келешекте біз де дағдарыстан шығып, экономика мен әлеуметтік жағдайды жақсартып, құқықтық демократиялық мемлекет орнатып, дамыған елдердің қатарында боламыз.

Бүгінде Қазақстан Республикасы, қазақтың тәуелсіз мемлекеті деген атауымыз бар. Тәуелсіздіктің демократиялық  дәстүрі, құқықтық тетігі, мәдени ортасы, ең бастысы, әлеуметтік негізі бар. Қазақстанның  тәуелсіздігі туралы терең де салиқалы көзқарас қалыптастыратын, тіпті сол түсінікті тұрақтылық пен татулыққа қызмет еткізетін ортақ ұғым және мәдениеттің жетістігі бар. Оны қазақтану деп атауға болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы