Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:13, дипломная работа
"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
кіріспе……………………………………………………………………………3
1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20
2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38
3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50
Қорытынды.......................................................................................................53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56
Қосымшалар.........................................................................................
4-кестеден көріп отырғанымыздай, 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық йнфляцияны - 2004 жылы 4-6 % және 2005-2006 жылдары 3-5 % шегінде ұстау.
2003 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 58%-ға 4958,9 млн. долл. дейін ұлғайды, бұл 4,8 айдан астам уақыт тауарлар мен қызмет көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 69,3%-ға 8565,2 млн. долл. дейін өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне алып келді: ақша базасы: -52,2%-ға 316,9 млрд. теңгеге дейін, ақша массасы - 26,8%-ға 969,9 млрд. тенгеге дейін, қолма-қол ақша 47,6%-ға 238,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Нәтиіжесінде 2003 жылы экономиканы монетизациялау 17,3%-дан 22%-ға дейін өсті.
2003 жылы қаржы секторының негізгі сегменті - банк секторында дамудың жоғары қарқын сақталды.
2003 жылы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5%-ға 1,7 трлн. теңгеге дейін (11,7 млрд. АҚШ доллларына жуық), ал жиынтық меншікті капиталы - 45,1%-ға 233,9 млрд. теңгеге дейін үлғайды. 2003 жылы халықтын (резидент еместерді есептегенде) салымдардыц осуі жалғаса түсті, олар 33,4%-ға 343,2 млрд. тенгеге дейін (2,4 млрд. АҚШ долларына жуық) өсті. 2003 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердіц экономикаиың нақты секторына берген несиелерінің 45,5%-ға 978,1 млрд. теңгеге дейін (6,8 млрд. долл. жуық) осуіне ықпал етті./23,41-52б/
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
Есептік мерзім ішінде банкте кредиторлар мен депозиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелері болса, өтімділік нормативі орындалмаған болып саналады.
Банктер ағымдағы өтімділік коэффициентін есебімен қатар активтер мен міндеттемелердің мерзімдері бойынша салыстыру кестесінде беруге міндетті (4-кесте келесі бетте).
Аталған активтер мен міндеттемелерді мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін толтырғанда өрбір активтер (міндет-темелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады және сол мерзім ішінде банк дебиторлар мен корреспонденттерінің міндеттемелерді орындауын талап етуге құқы бар. Бұл жерде активтер банктің қызметіне байланысты зияндарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды) шегермей-ақ қамтиды.
Активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің графаларының барлық мөліметтері 1 мен 5-жолдар бойынша өсу нәтижелеріне қарай толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомалары "Барлығы" деген жолға жазылып баланстың мөліметтерімен салыстырылады. "Барлығы" деген графа мен жіктелген активтер (стандарты активтерден басқасы) бөлігінің нәтижесінің алшақтығы банктің құрған резервтерінің (провизияларының) сомасына сәйкес келуге тиіс.
5.кесте- Банктің активтері мен міндеттемелерін мерзімдеріне қарай салыстыру кестесі
№ |
Баптар |
Актив |
Міндет-темелер |
А-В |
Шартты міндет-темелер |
А/ (В+Д) |
А |
В |
С |
Д |
Е | ||
1. |
Талап етілгенге дейін |
|||||
2. |
30 күнге дейін |
|||||
3. |
3 айға дейін |
|||||
4. |
6 айға дейін |
|||||
5. |
1 жылға дейін |
|||||
6. |
1 жылдан жоғары |
|||||
7 |
Барлығы |
1-жолға жоғарыда көрсетілген өтімділігі жоғары активтер мен талап етілетін міндеттемелердің шамасының есебінде қабылданған банктің активтері мен міндеттемелері жатқызылуға тиіс.
5. Ашық валюталык, позиция лимиті
Ұлттық банк Басқармасы Standard & Poors және басқа рейтингтік агентгіктердің "А" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингін иеленетін шетел валюталары бойынша ашық валюталық позиция (ұзын немесе қысқа) лимитін белгіленеді.
Ашык, валюталық позиция - осы уақытга немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді есепке алғандағы) арасындағы шетел валютасындағы каражаттар қалдықтарының айырмасы.
Ұзын валюталык, позиция - белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталык позициясы.
Қысқа валюталық позиция - белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.
Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция жеке-жеке анықталады.
Шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимиті талаптар шотындағы абсолюттік сома мен баланстық шоттар бойынша шетел валютасындағы міндеттемелердің арасындағы айырма жолымен есептелінеді.
Жекелеген шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимитін есептегенде, бірінші кезекте банктің активтік және міндеттемелік баланстык шоттарында ашылған өрбір шетел валютасы бойынша шоттар қалдығы есептелінеді. Содан кейін, осы валюта бойынша шартты талаптар мен міндеттемелерді есепке алатын баланстык шоттарға ашылған шоттардың қалдықтарының сомасы анықталады.
Банктің валюталық нетто-позициясы барлық шетел валютасындағы банктің ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлык шетел валютасындағы банктщ қысқа позициясынын жиынтық сомасы арасындағы айырма негізінде есептеледі.
Шетел валютасында бейнеленген талаптар мен міндеттемелер сондай талаптар мен міндеттемелер есепке альшған шетел валютасындағы валюталык позицияның бір белігіндегі есепке кіреді./24,89-120б/
Шетел валютасында операциялар жүргіз
Жекелеген шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция лимитінен 0,09 %-ға дейін асса, ол бекітілген лимитті бүзушылыққа жатпайды.
6. Негізгі қорларга және басқа қаржылай емес активтерге жумсалган банк инвестициясының жоғарғы мөлшерінің коэффициенті
Негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының мөлшерінің меншікті капиталға қатынасының (к5) мөні 0,5-тен асиауы тиіс:
И
К
Мұндағы:
И - негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған инвестицияның сомасы, оған мыналар жатады:
1) ғимарат және құрылғылар;
2) салынып жатқан негізгі құралдар;
3) банктің жалга алған ғимараттары бойынша капитал шығындары;
4) компьютерлік жабдықтар;
5) колік құралдары;
6) жалға беруге арналған негізгі құралдар;
7) қаржылық лизингке қабылданған негізгі құралдар;
8) басқа ңегізгі құралдар;
9) Қаржылық есептің N 38 халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына сай сатып алынған, лицензиялық бағдарламалық құралдар;
10)басқа материалдық запастар;
11) капитал жұмсалымдары бойынша дебиторлық қарыздар.
Банктердің пруденциялық нормативтерді сақтауына Үлттық банк бақылау жасайды. Әр айдың алтыншы жұмыс күнінде банктер Ұлттық банкке пруденциалық нормативтердің есебін жүргізу үшін қажетті мәліметтерін, сондай-ақ әр айдың бірінші күніне Банктің активтері мен міндеттемелерін мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін тапсырады./25,68б/
Ал, енді осы пруденциялық нормативтердің отандық банктік тәжірибеде қаншалықты орыыдалып жатқандығы жайлы тоқталып көрейік. 2003 жылы ішінде екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді бүзғаны байқалса, ал соңғы 2004 жылы банктердің тек қана 1 банктің белтілі болды. Ол туралы мөліметтер 7-кестеде берілген.
6.кесте- Пруденциялық нормативтерді бүзған екінші деңгейдегі банктердің
саны*
Пруденциялық нормативтердің Аттары |
01.01. 2003 |
01.01. 2004 |
01.01. 2005 |
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері |
1 |
0 |
0 |
Меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті (кі) |
2 |
3 |
0 |
Меншікті капитапдың жетюлікті коэффициенті (к2) |
2 |
5 |
0 |
Банкпен ерекше қатынастағы бір қарыз алушыға келетін төуекелдің жоғарғы мөлшері (кЗ.1) |
6 |
1 |
1 |
Жалпы клиентгері бойынша бір қарыз алушыға келетін төуекелдің жоғарғы мөлшері (кЗ.2) |
5 |
1 |
0 1 |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.1)____________________ |
3 |
3 |
0 |
Банктің негізгі құралдарға және қаржылық емес активтерге жұмсаған инвестициясының жоғарғы мөлшері (к5) |
3 |
2 |
0 |
Ашық валюта позициясы лимиті |
7 |
0 | |
ІІруденциялық нормативтерді бузушы банктердің саны |
29 |
15 |
1 |
* Қазақстан Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінен N 6 (103) маусым 2005 жыл
Пруденциялық нормативтерді бұзатын банктердің санының азаюы Халықаралық стандартқа екінші деңгейдегі банктердің етуіне байланысты бағдарлама шегінде жасалып отырған банктердің капиталдану деңгейінің жоғарылау әсерінен болды.
Пруденциялық реттеу жүргізу нәтижесінде анықталған банк заңдарының бүзылуъша жол берген екінші деңгейдегі банктерге ідектелген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сәйкес жузеге асырылды.
Банктер пруденциялық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа да нормалар жэне лимиттерді, сондай-ақ Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерін бұзса, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері банктің қаржылық жағдайына және түрақтылығына, немесе депозиторлары мен клиенттерінің мүддесіне қауіп тондіретін заңсыз әрекеттер жасаса, онда Ұлттық банк шектелген ықпал ету шараларының мынадай түрлерін қолдануы мүмкін:
а) міндеттеме-хатты талап ету;
б) ескерту жасау;
в) орындауға міндетті буйрық хат беру.
г) банкпен жазбаша келісім жасау;
Міндеттеме хаты - банктің бар кемшіліктерді мойындап, банк басшылығы оларды қатаң түрде белгіленген мерзім ішінде жою бойынша дайындығы.
Жазбаша келісімі - анықталған кемшіліктерді дерсу жою және онымен байланысты бастапқы шараларды бекіту туралы банк пен Ұлттық банк арасындағы кслісімі.
Ескерту хаты - Ұлттық банктің банктік заңңылықпен қарастырылган санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы банкке хабарлауы.
Бұйрық хат - Ұлттық банктің айқындалған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға нақты шараларды қолдану қажеттілігі туралы банкке тапсырмасы.
Ұлттық банк төртіп бұзушылықтың түріне қарай жоғарыда аталған ықпал ету шараларының біреуін немесе бірнешеуін қолдануы мүмкін./27,59б/
Ұлттық банк шектелген ықпал ету шараларын қолданумен қатар банкке банктік заңдылықпен көрсетілген санкцияларды қолдану мүмкіндігін де пайдаланады.
Банкке шектелген ықпал ету шараларының бір түрін қолдану, оған бүның алдында қолданған шараларды тоқтатпайды.
Егер де банк өзіне қолданған шектейтін ықпал ету шаралары қарастыратын мівдсттерді орындамаса, Ұлттық банк оған қосымша банктік операциялардың түрлерімен айналысуға лицензия беруге немесе филиал ашуға рүқсат беруден бас тартуы мүмкін.
Санкциялар. Ұлттық банк банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде Ұлттық банк төмендегідей шараларды жүзеге асырады:
а) Қазақстан Республикасы зан актілерімен белгіленген негізде айыппүл салу және ендіріп алу;
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру