Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:13, дипломная работа

Описание работы

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Содержание

кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50

Қорытынды.......................................................................................................53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56

Қосымшалар.........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дип. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ.DOC

— 627.00 Кб (Скачать)

 

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенситвтік өсуімен байланыстыруға болады.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеғе асыруы үшін қажетгі саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді./2,75б/

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуга Ұлттық банктен рұқсат aлy;

2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3) Банк  операцияларын жүргізуге  Ұлттық  банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

- рұқсат алу үшін беретін өтініші;

- құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);

- банктің жарғысы ( түп нұсқа);

- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

- құрылтайшылар туралы маліметтер (Ұлттык банктің белгілеген тізімі бойынша);

- құрылтайшылардың  соңғы  екі  есептік  жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекетгегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жузеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;

- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің әкілетті органымен бектілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;

- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;

- нотариальды түрде куөландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжаттың;

- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мөліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде Ұлттық банкте қаралады.

Ұлттық банк банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және, Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты бсруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі./3,75-92/

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кореспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

-  заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

-  заңды  және  жеке  тұлғалардың,  оның  ішінде корреспондент-банктердің  тапсырмаларына  байланысты, олардың  банктік шоттары бойынша есеп  айырысу операцияларын жүргізу;

- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

- төлем карточкаларын шығару;

- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жәнелту;

- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

- чек кітапшаларын шығару;

-  бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; аккредитивті  ашу,  растау  және  ол  бойынша міндеттөмені орындау;

-  ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;

- дилерлік - мемлекеттің және  өзге де бағалы қағаздармен;

- кастодиандық; - клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңғейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады./4,148/

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

- Банк операцияларының тізімі  көрсетілген  банк филиалы туралы ереже;

- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым салынады.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жузеге асырмайтын, ягни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:

- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;

-  өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;

-  ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;

- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мөліметтер.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын бантік аумақтық бөлімшесі.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтары алуы мүмкін:

- банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

- мемлекеттік тіркеуге  алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

- мемлекеттік тіркеуге  алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;

Қазақстандык төжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылык капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (гимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс./5,57/

Жарияланған -жарғылық қордың 50 %-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материялдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады.

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі

 

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттык банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.

Мұндағы басты міндеттерінің бірі - сәйкес банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадагалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады./6,35-36/

Сәйкес қашықтан (дистанционды) қадагату әдісі және ииспекциалық әдісі.

Қашыктан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жургізілетін пруденциалдық қадағалау әдісі.

Қашықтан қадағалау механизмі 1-суреттегі тәртіпте жүзеге асырылады.

 

                            1-сурет-Қашықтан қадағалау механизмі

 

Ақпараттык, есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру