Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:13, дипломная работа

Описание работы

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Содержание

кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50

Қорытынды.......................................................................................................53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56

Қосымшалар.........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дип. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ.DOC

— 627.00 Кб (Скачать)

Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге  мыналар есептеледі:

- клиенттердің және банк-корреспонденттердің талап етуге дейінгі депозиттері;

-  "овернайт" банкаралық несиелері;

- есеп айрысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге дейінгі міндеттемелер.

Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (к5) үш ай мерзімнен аспайтын етелу мерзімі бар активтердің орташа айлық шамасының үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі:

Аор

                                                                  К4.2 =-----------------                   (5)

Мор

Мұндағығы:

Аор- өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердін орташа айлық шамасы;

Мор - үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

к5 - қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.

Өтімділік коэффициентін есептеуде мынадай баптар есепке алынбайды:

1) стандартты активтерден басқа активтер;

2) сенім туралы келісім-шартына сәйкес және касто-диандық келісім-шарт негізінде банктің сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары;

3) Ұлттық банктің офшорлық аймақ тізіміне енбеген, офшорлық аймақта тұратын бейрезиденттерге қатысты талаптар./14,55-71/

 

 

 

2  Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау жӘне реттеу

 

2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы

 

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-ғы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

ҚР Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды./15/

Бүгінгі тандағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он бес жылдық тарихы бар. Бұл жүйеиің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандарта еткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу кажеттігі ұсынылады.

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметгтер 2-кестеде беріледі.

 

2.кесте - ҚР-ғы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнің соңына

 

Несие жүйесінің элементтері

12.2003

12.2004

06.2005

1. Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:

44

38

36

оның ішіиде:

     

мемлекеттік

2

2

2

мемлекетаралық

1

-

-

Шетел капиталының қатысуымен, оның ішінде: - 100%/50%-дан аса, оның ішінде еншілес банктер

 

 

16

9/6

11

 

 

17

9/6

11

 

 

17

10/4

10


 

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады./16, 48-49б/

Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялык банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекеме-лерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:

- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);

- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);

- орталық банктің функцияларын біртұтас аткаратын теуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

2004 жылдан бастап, "Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктелді;

- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;

- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамысыз ету;

- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру./17/

Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:

- меншікті қаражат есебінен;

- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;

- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Ұлттық банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:

- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;

- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

- алтын валюта активтерін баскарудың негізгі қағидаларын анықтау;

- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;

- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;

- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен баска да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;

- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;

- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;

- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;

- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырын, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және одістерін анықтау;

Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:

- ҚҰБ төрағасы жене бес лауазымды тұлғалары,

- ҚР Президентінен бір өкіл;

- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары жене құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.

- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;

- Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;

- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

Ұлттық банк өзінің негізіі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.

Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.

Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

- зерттеу және статистика департамент;

- шетел операциялары департаменті;

- ішкі операциялар басқармасы;

- монетарлық операциялар департамент;

- сыртқы байланыстар бөлімі;

- заң қызметі департаменті;

- әкімшілік департаменті;

- қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;

- инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;

- бухгалтерлік есеп департаменті;

- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;

- операциондық басқарма;

- төлем жүйесі басқарамсы;

- бақылау және аудит департаменті;

- персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;

- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;

- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар белімі. Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес

бөлімшелер де кіреді:

- Мемлекеттік сақтау қоймасы;

- Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк екілеттігі;

- Банкноттық фабрика;

- Монета сарайы;

- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталғы (ҚБЕО);

- Қазақстан ипотекалық компаниясы;

- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;

- Процессингтік орталық;

- Актуарлық орталық;

- Банктік сервистік бюро;

- Ұлттық ақпараттар технологиясы;

- Автобаза./18,44б/

2004 жылдан бастап, Үкіметтің қаулысымен Ұлттық банктің құрылымынан қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметіне бақылау және қадағалау жөніндегі Қаржы агенттігі бөлініп шықты.

Оның құрамына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.

Осындай өзгерістерге сәйкес Ұлттық банктің атқаратын қызметтері де қысқарып, яғни тек қана классикалық қызметтер қалды.

Ұлттық банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:

- ақшаны эмиссялау;

- ақша-несие саясатын жүргізу;

- төлем жүйесін ұйымдастыру;

- төлем балансын құру;

- валюталық реттеу және валюталық бақылау. Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру