Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:13, дипломная работа

Описание работы

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Содержание

кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50

Қорытынды.......................................................................................................53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56

Қосымшалар.........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дип. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ.DOC

— 627.00 Кб (Скачать)


МазмҰны

 

 

кіріспе……………………………………………………………………………3

 

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7

1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7

1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12

1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20

 

2.  Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27

2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27

2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38

 

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44

3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44

3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50

 

Қорытынды.......................................................................................................53

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56

 

Қосымшалар...................................................................................................58

 

 

 

Кіріспе

 

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.

Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.

Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.

Несие берудің негізгі алты принципі (алты «Си» ережесі)

Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты, болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі.  Несиелік рейтинг, сұранылатын несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.

Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері. Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым қорының болуы.

Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың қалдықты құны.

Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру.

Бақылау (Control) Банк қызметіндегі сәйкестікті заңдар және несиенің сипаты мен сапасына қатысты ережелер.

Қазіргі кезде  Қазақстандағы шағын бизнестің өркендеу жағдайы қоғамның қажетсінуіне алыс сәйкестікте емес. Бұл тарихи түсінікті жағдай. Нарыққа өтпес бұрын Қазақстан экономикасын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар – социалистік индустрияның флагмандары құрды. Одан өзге, онымен қатаң және компромиссіз күрес жүргізілді, өйткені  шағын кәсіпкерліктің өркендеуі социалогиялық идеология негізінің беделін түсіретін еді.

2003 жылдың аяғында шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны, бағалау мәліметтері бойынша, 440 мың шамасында болды, ал Бағдарламада бұл көрсеткішті 500 мыңға жеткізу болжалынған. Осы кездегі әрекеттегі кәсіпорындар мөлшері 350 мың бірлігі қатарын құрады. Бағдарламада, сонымен қатар, қызметтің өндірістік, қаржылық, ғылыми – технологиялық, сауда – делдалдық және басқа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің тиімді қатынасын алу болжалған.

2004 жылдың қаңтарынан бастап банктердің несиелік нарықта белсенді саясаты жалғасты. Банк несиелері бойынша экономикаға негізгі қарыздың жалпы көлемі 2004 жылдың ақпанында 3,5% көтерілді және 70,47 млрд. тенгені құрады  (4,6 млрд. жуық АҚШ долл.).

Орташа- және ұзақ мерзімді несиелер бойынша негізгі қарыз 0,5% ке немесе  385,3 млрд. тенгеге өсті, ал қысқа мерзімді несиелер бойынша -7,6%, сөйтіп  311,0 млрд. тенгені құрады. Нәтижесінде орташа- және ұзақ мерзімді несиелердің меншікті салмағы 55,3% құрады.

Ұлттық валютадағы несиелердің меншікті салмағы несиелердің жалпы көлемінде 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда біршама қысқарды,  31,1% құрады (2004 жылдың желтоқсанында - 31,5%). Осы кездегі шетелдік валютадағы несиелер көлемі бір айда 4,2% , 479,9 млрд. тенгеге жоғарылады, ал ұлттық  валютада бір айда 2,1 % және 216,3 млрд. тенгеге артты.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несиесі бір айда 1,5% қысқарып 144,3 млрд. тенгені құрады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы несиелендірудің белсенді дамуының анықтаушы факторлары қатарына келесілерді жатқызуға болады:

  • “Несиеге өмір сүруге” қорықпайтын тұрғындар саны көбейді;
  • банктердің сыйақылық мөлшерлемелері төмендеу тенденциясына ие;
  • Несиелендірудің жаңа түрлерін ұсынуда банкілер өз қызметтерін едәуір жандандырды;
  • Экономикалық өсудің жоғары қарқындылығы тұрақты түрде ақша қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүреді. .

Осы жағдайларда банкілер жаңа несиелендіру спектрін кеңейтті және берілетін несиелер көлемін көбейтті, ал несие беру олардың көрсететін қызметтерінің басымдылықты түрі болды.

Соңғы үш жылдың ішінде, экономикадағы банкілер несиелерінің көлемі бірнеше  есеге  жоғарылады  және  2004  жылдың  наурыз  айының  аяғына 974,6 млрд. тенгені құрады.

Қазіргі кезде банктер активтерінің 60% - ға жуығы экономиканы несиелендіруге бағытталған.Отандық банктердің (орта есеппен 32 млн. АҚШ долларына жуық) жеткілікті жоғары капиталдандырылғанын еске алсақ, несиелердің мұндай қатынастары әмбебап банкілер үшін дұрыс, оның активтеріндегі несиелер үлесі 60 – 65 % болады.

Қазіргі күнде Қазақстандағы несиелік нарық келесі беталыстармен сипатталады.

Экономикадағы банктер несиелері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі ақпан айында 4%-ке көбейді (жыл басынан 3,6%-ке) және 1 трлн. тенгені (7,3 млрд. АҚШ долл.) құрады.

2005 жылдың ішінде байқалған, ұлттық валютаның нығаюы тенгемен берілетін несиелердің артуына және соған сәйкес несиелік салымдардың долларлану дәрежесінің төмендеуіне әкелді, бұл бәрінен бұрын тенге бағамының АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаюымен түсіндіріледі.

Шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс жағдайын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының мемлекет басшысымен және Үкіметімен оның өркендеуіне кедергі келтіретін жетімсіздіктерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылданды.

Өзінің Қазақстан халқына үндеуінде Президент Н.А. Назарбаев “Келесі мәселелерді сатылы шеше отырып шағын және орта бизнесті беріктендіру қажет:

- салықтық алымды төмендету;

-  меншікті және активті жариялы ету;

- несие ресурстарына  шығуды жеңілдету;

- әкімшілікті процедуралар мен рұқсаттарды күрделендірмеу;

- бюрократтықтан және бақылау – тексеру органдарынан қору;

- шағын және орта бизнесті қолдаудың регионалдық орталықтарын құру, маркетингтік зерттеу жүргізуде, кәсіпқойлығын жоғарылатуда, орталықтандырылған бухгалтерия құруда көмек көрсету».

Қазақстан халқына мемлекет басшысының жолдауындағы ережелерге сәйкес, қазіргі этапта агроөнеркәсіптік салалар басымшылықты болады. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің басымды бағыты, қаралатын кезеңдегі, саланың минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты ауыл шаруашылықты бағыты болады.

Қорыта келіп айтатын болсақ, шағын және орта бизнестің өркендеуін қамтамасыз ететін Үкіметпен қабылданған шараларға қарамастан, жүргізілген зерттеулер экономиканың осы секторының өркендеуіне кедергі келтіретін келесідей проблемалардың бар екенін куәлендіреді :

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған, қабылданған заңдық және бағдарламалық құжаттардың толық орындалуы жеткіліксіз;

- тиімді өндірістік – шаруашылықты қызмет үшін отандық өндірушіге қажетті нарықтық инфрақұрылымның өркендемеуі;

- несиелік ресурсқа шығу қиындығы;

- өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің стандартталу және сертификатталу жүйесінің қолданудағы жүйесінің жетілмегендігі, ол отандық тауар өндірушілерге шет елдік компаниялармен бірдей бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

Шағын және орта бизнестің ары қарай өркендеуі мүмкіндікті, егер  экономиканың осы секторында шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға ба,ытталған сапалы өзгерістер жүргізілетін болса.

Бұл қазіргі кезде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу аймағандағы, құрылыс материалдарын шығарушы және металл бұйымдарын жасаушы, резеңке және синтетикалық шайырлар шығарушы кәсіпорындардың.

Экономиканың қаралатын секторындағы жұмыстың күрт өзгерісі болуы үшін Қазақстандағы шағын және орта бизнесті өркендету және қолдаудың кезектегі мемлекеттік бағдарламасында осы проблемаларды жоятын шаралар енгізу қажет.

 

1 Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері

 

1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері

 

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа алады./1,152б/

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жузеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары он бес жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.

 

1 кесте - ҚР -ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы кезеңнің басына

 

Банктер түрлері

01. 00

01.01

01. 02

01. 03

01. 04

01.05

Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:

 

 

82

 

 

71

 

 

55

 

 

47

 

 

44

 

 

36

соның ішінде:

           

Мемлекеттік

6

1

1

1

2

2

Мемлекетарал ық

1

1

1

1

1

-

Шетел капиталының қатысуымен

 

 

22

 

 

23

 

 

22

 

 

16

 

 

16

 

 

17

Еншілес

Банктер

 

7

 

11

 

12

 

12

 

11

 

11


* Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банктің N 1. 2000-2005жж. статистикалық бюллетенінен алынған.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру