Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:13, дипломная работа

Описание работы

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Содержание

кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50

Қорытынды.......................................................................................................53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56

Қосымшалар.........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дип. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ.DOC

— 627.00 Кб (Скачать)

- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке

алады;

- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және

сатады;

- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

- депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

- қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

- чектерді жазып вексельдерді береді;

- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеітемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

І.Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2.Экспанциондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

- Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

- Ең төменгі міндетті резевтер нормасын белгілеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

- банктерге және укіметке несиелер беру;

- валюталық нарықта интервенциялау;

- кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар./19,221б/

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;

- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- "овернайт " займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық пайыздық молшерлемелер, ішқі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүрғізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мелшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мелшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау./20,58б/

"Овернайт" заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары "бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажстті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 3-кестемен беруге болады.

 

3 кесте- Ұлттық банктің ресми сыйакы мөлшерлемелері пайызбен*

 

N

Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері

01.2003 ж.

01.2004 ж.

01.2005ж.

1.

Қайта қаржыландыру

14

9

7,5

2.

Есептік (дисконттық)

12,5

8

8

3.

Овернайт займдары бойынша

20

12

9

4.

РЕПО операциялары

бойынша,

соның ішінде:

овернайт 

1 жұма

1 жұма

 

 

 

-

6,5

5,5

 

 

 

5

5

5,5

 

 

 

5,5

5,5

5,5


*Сандық мөліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған.

 

Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.00 жылдан бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ең төменгі резервтік талаптар.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердін. депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процессін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген "ҚР коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы" нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды./12,66-65б/

Ашық нарықтағы операциялар.

Ашық нарықтағы операциялар - бұл Ұлттық банктің айналыстагы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарып сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссия-лауын шектеуді білдіреді.

Ұлттық банк нарықта бағалы кағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін ңесиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын - қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Валюталық интервенция.

Ұлттық банктің валюталық интервенциясы - деп ұлттық валюталық багамына эсер ету максатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларга араласуын айтады.

Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенция дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады./21,66б/

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенемін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сактауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің ңығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады./22,55б/

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатынын, негізгі құралдарының біріне "ашық нарықтағы операция", оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде РЕПО және вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) ролін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004-2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезенде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы басталды. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылға аяқталады деп күтілуде.

Жалпы 2003 жылы ақша-несие саясатын жүргізу қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етті, сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізді.

2003 жылы орташа жылдық инфляция 6,4% болды. Жыл бойы валюта нарығында теңге АҚШ долларына қатысты 12,4%-ға нығайды, ал еуро және Ресей рубліне қатысты 6,9%-ға және 5,4%-ға құнсызданды.

2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының ңегізгі корсеткіштерінің болжамы 4-кестеде беріледі.

 

 

 

4.кесте- 2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

 

Көрсеткіштер

2003 (бағалау)

2004

2005

2006

Базалық инфляция

       

жылына орташа, %

 

4-6

3-5

3-5

Инфляция (ТБИ)

       

жылына орташа, %

6,5

5-7

4-6

4-6

Қайта қаржыландыру

       

жылдың соңына, %

7,0

6-6,5

6,0

5,5

ҚҰБ жалпы алтын-валюта резерві

       

млн. АҚШ доллары

4852

5156

5679

6438

өзгерістер, %

54,5

6,3

10,1

13,4

Ақша базасы

       

млрд. тенге

312

411

495

574

өзгерістер, %

50,0

31,6

20,3

16,1

Акша массасы

       

млрд. тенге

1026

1325

1607

1898

өзгерістер, %

34,2

29,1

21,3

18,1

Банк жүйесіндегі резиденттердің денозиттері

       

млрд. тенге

780

972

1183

1407

өзгерістер, %

29,4

24,6

21,7

18,1

Экономикаға беретін банктің несиелері

       

млрд. тенге

940

1225

1520

1844

өзгерістер, %

39,8

30,3

24,1

21,3

Жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойыиша орташа өлшемді мөлшерлеме, %

10,0-

11,0

9,0-

10,5

8,0-

9,5

7,0-9,0

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиелер бойынша орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

14,5

12,0-13,5

11,0-

13,0

10,0-12,0

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру