Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:24, реферат
Ақша – тауардың жалпы эквиваленті.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.
Кіріспе....................................................................................................................3
Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері...............................................5
Ақша айналымы және ақша айналысы...................................................10
Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері................................................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................24
Жалпы
айырбасталмайтын несие ақшаларына
көшу эмиссияның біржақты икемденуіне
және ақша жүйесінің негізі – ақша айналымының
обьективті қажеттілігінен туындайтын
– ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына
әкеп соқтырды. Ақша жүйесі шаруашылық
механизмінің құрамдас бөлігі ретінде
қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі
диспропорцияны шұғыл сезінеді. Кез келген
диспропорция ақша жүйесінің тұрақсыздануына,
сайып келгенде ақшаның құнсыздануына,
яғни инфляцияға ұшыратады.
Қорытынды
«Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы». Шын мәнінде, бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос болып қалды.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім тұтынушыларға келісім-шарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен
қатар қазіргі кезде
Ақша
нарықтық экономикада ақша-несиелік
реттеуде айналыстағы ақша массасының
өсуін тежеу, инфляциялық процестерді
жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру
бағытында қолданылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
2.Мамыров
Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. - «Макроэконмика»
- Алматы: Экономика, 2003
3.Әкімбеков
С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров
У.А. – «Эконмикалық теория».
Оқу құралы – Астана, 2002
4.Әубәкіров
Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н.,
Табеев Т.П. – «Экономикалық
теория» Оқу құралы. – Алматы:
«Қазақ Университеті», 1999.
5.Б.
Көшенова. «Ақша, несие, банктер,
валюта қатынастары». – Алматы:
«Экономика», 2000
6. «Экономическая
теория» Учебник. – Москва: Инфра-М,
2005
7. С.Н.
Ивашковский. «Макроэкономика». –
Москва: Дело, 2004
8. Н.
Грегори Мэнкью. «Принципы Макроэкономики»
- 2-е изд. Питер,2003
9. «Курс
экономической теории».
10. А.С.
Селищев. «Макроэкономика» 3-изд.
Питер, 2005
11. «Экономическая
теория» (Политэкономия) – Москва: Инфра-М,
1999.
Информация о работе Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері