Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:24, реферат
Ақша – тауардың жалпы эквиваленті.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.
Кіріспе....................................................................................................................3
Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері...............................................5
Ақша айналымы және ақша айналысы...................................................10
Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері................................................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................24
Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
1996
жылдан Халықаралық сауда
Инкассалық операцияның екі түрі бар. Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылады. Құжатты (документарное) инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі-бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк қомиссиялық ақы алады.
Аккредитив (латын сөзі – «сенемін») – бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент-банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – келісім, ол бойынша эмитент-банк клиенттің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі немесе ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке (орындайтын) беруіне болады.
Электронды техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде ХХ ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік туды. Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару, банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.
Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:
Автоматтандырылған есептесу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртіппен жүргізеді және төлемдер жөнінде барлық хабарлар электронды есептегіш машиналарға енгізу үшін магниттік лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсіретін формада болады. Алғашқыда АЕП 1972ж. АҚШ-та жұмыс істей бастаса, қазіргі кезде оны Жапония, Ұлыбритания және Батыстың өнеркәсібі дамыған мемлекеттері қолдануда.
Банктік автоматтар (БА) – ол клиентке банк қызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырылып, тек қолма-қол ақша беруге қолданылды. Біртіндеп БА қолдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңіді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде (қонақ үйлерде, вокзалдарда, аэропорттарда және т.б.) орнатылуда. Әмбебап (көп қызмет түрлерін атқаратын) БА қолма-қол ақша берумен қатар, ақшаны бір шоттан басқасына аудару, мерзімдік төлемдерді атқару, лимит шегінде борыш беру, хабар-анықтама беру, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау және т.с.с. көптеген операциялар жүргізеді. БА-тың тетігі – пластикалық дебеттік карточка. Ол – банктік шот иесінің мағлұматтары (реквизиты) және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магнитті жолақ.
Терминалдар – сауда орындарында, ресторандарда және т.б. сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттілігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты - қолма-қол ақшаайналысын қысқарту.
Үйде банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі – телефонмен тікелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Қорыта
айтқанда, электрондық төлем жүйесін
қолдану ақша айналымын жеделдетуге,
айналыс шығындарын азайтуға, есеп
айырысуды тездетуге, сайып келгенде
айналыстағы қолма-қол ақшаны азайтуға
кең жол ашады.
Металл
ақша айналысы
Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын (проба), массасын, типін, ремедиумын (заңды түрде бекітілген нақты массасының іс-үзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын - реверс, жиегін – гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы) ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн (номиналы) монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан басттап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды. Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда (ұсақ) монета түрінде қолданылады. Оның билондық монета деп те атайды. Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы. Ол пайда монетада көрсетілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
ХХғ.
70-жылдары алтынға деноминация (көрсеткішін
ірілендіру) жүргізілді. Алғашқыда
алтын елдің ішкі ақша айналымында
айналыс және төлем құралы ретінде
пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік
ақша қызметін де орындамайды. Алтын мемлекеттің
ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтан
да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.
Қағаз
ақшалар. Олардың
айналыс заңдылықтары.
Металл ақша айналысының обьективті заңдылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:
Қағаз ақша («декретные деньги» - өкіметтің қаулысымен қабылданған – «заңды ақша») – ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, солардың орнына пайда болды.
Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаның сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды. Айналыстан тыс қағаз ақша – керексіз бос қағаз. Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) – Қаржы министрлігі (қазынашылық), немесе мемлекеттің Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді, яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құны мен оны шығаруға кеткен құнының (қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс – мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.
Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол құнсызданады. Қағаз ақшаның құнсыздануына әр түрлі себептер әсер етеді:
Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырды. Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны өсіреді. Бірақ халық тұтынатын тауар өндірісі дамымаса, баға одан әрі шарықтай береді. Нәтижесінде халықтың әл-ауқаты нашарлайды.
Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын қалай байқауға болады?
Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе, бірінші кезекте тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының, зейнетақы және жәрдемақының өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының жоғарылауынан едәуір кем жүреді.
Жалпы
қағаз ақшаның құнсыздануы
Ақша
айналысы заңы.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол – тауар-ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К.Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
А мөлш. = -------------
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:
Информация о работе Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері