Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:24, реферат

Описание работы

Ақша – тауардың жалпы эквиваленті.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері...............................................5
Ақша айналымы және ақша айналысы...................................................10
Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері................................................18

Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................24

Работа содержит 1 файл

Ақша. реферат.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

                                                        -Стбн+Ст-Сө

                                   А мөлш.=----------------------  + Ақ

                                                              А жылд.

    Онда:

    А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметттеріне қажет ақша мөлшері;

    Стб – сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;

    Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;

    Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

    Сө  -  өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

    Ақ – ақша қоры;

    А жылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны (айналыс жылдамдығы).

    Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасының айналыста әлдеқайда  кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің тізбегінде потенциалды күйреушілердің (банкроттардың) болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жекеменшіктендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.

    Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері  өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне  және т.б. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды болып өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

  • несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
  • ақша айналымының санының өсуі.

    Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады (шығарылады): қолма-қол ақша, яғни айналымдағы  банкнота және майда монеталар; банктік  айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі формасы бірімен-бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша формасында алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотаға айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді.

    Ақша  айналымының екі жағының (қолма-қол  ақша мен банктік айналымдағы  ақшаның) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі, ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады. 
 
 
 
 

    3.  Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері. 

    Ақша  жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі. 

    Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ-ХVІІ ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

    Ақша  жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар  ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ  эувивалент болуына немесе ақша –  құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында  ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:

  • металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
  • несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

    Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн  эквиваленті ретінде қабылданған  металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм  болып бөлінеді.

    Алғашқы капитал жинау кезінде (ХVІ-ХVІІ ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі.

    Бұл жүйеде алтын мен күміс тең  құқықты ақша – қос металды  валюта, онда екі металдан да кең  көлемде монеталар соғылып, айналыста  шектеусіз қатар жүрген.

    Биметаллизмнің  үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.
  2. Қос валбталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасы мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
  3. «Қосалқы» валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс-жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.

    Капиталистік  тауарлы өндірістің қарқынды дамуы  тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан  биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.  
 
 

    Монометаллизм жүйесі. 

    Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл (не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1852 жж. қолданылды.

    Құн белгілерінің алтынға айырбасталу  ерекшеліктеріне байланысты алтын  монометаллизмнің үш түрі болады.

    Алтын монеталы стандарт (үлгі) – оған негізгі төмендегі белгілер тән:

  • елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін атқарады;
  • алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
  • айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
  • алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығуға және елге әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

    Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталды. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 ф.ст., ал Францияда 12,7 кг – 21,5 мың франкке теңгерілді3.

    Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйеде Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын бірқалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.

    1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. (Мысалы, Ұлыбританияда – 1931ж., АҚШ-та 1933ж., Францияда – 936ж. және т.с.с.).

    1944ж.  Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық  валюта жүйесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, шын мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген  жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын құймаларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын долларлы стандарт та айналыстан шықты.

    1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта  жүйесі алтынның айналыстан шығуын алтын құрамы және алтынның ресми бағасы жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.  

    Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның сипаттамасы

    Ақша  жүйесі негізінен мына элементтерден құрылады:

  • Ақша өлшемі – ол барлық тауарлардың бағасын көрсету үшін қолданылатын заңмен бекітілген ақша белгісі. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 15 қарашасынан ақша өлшемі – теңге және тиын. Ақша өлшемі, міндетті түрде, еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді. Көптеген мемлекетерде бөлудің ондық жүйесі бекітілген: 1:10:100 (мысалы, Қазақстанның 1 еңгесі 100 тиынға тең, ал АҚШ-тың 1 доллары – 100 центке; 1ф.ст. – 100 пенске; 1 индонезиялық рупия – 100 сенге және т.б.);
  • Баға масштабы – ол тауарлар бағасын белгілеу үшін қолданылатын заңмен бекітілген техникалық құрал. Несие ақшалары алтынға айырбасталмайтындықтан ресми баға масштабы өз экономикалық мәнін жойды. Сондықтан ішкі тауар айналымында әр мемлекеттің өзінің баға масштабы қолданылады;
  • Ақша түрлері – ол осы мемлекетте заң жүзінде қолданылатын төлем құралдары – несие ақшасы (банкнота) және қағаз ақшалары (қазыналық билеттер), сонымен бірге ұсақ монеталар. Мысалы, АҚШ-та айналымда: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 доллар (500 доллар және одан да жоғары банкнота ығару тоқтатылған) болатын банк билеттері; 1 доллар, 50, 25, 10, 1 цент болатын күміс-мыс және мыс-никель қоспаларынан жасалған монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналымда тек банкноталар: 50, 20, 10, 5, 1 ф.ст. және 1ф.ст., 50, 10, 2 пенс, 1 және ½ пенни монеталары жүреді. Құны жаңа 10 және 5 пенске теңгерілетін ескі 2 және 1 шиллинг монеталар да жүреді. Қазіргі кезде өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде қазыналық билеттер, яғни мемлекеттік қағаз ақшалар шығарылмайды4.
  • Эмиссилау жүйесі – ол заңмен бекітілген ақша белгілерін айналысқа түсіру тәртібі. Экономикасы дамыған мемлекеттерде қолма-қол ақша айналысының негізін құрайтын банктік билеттерді шығаруға орталық банктің монополды (айырықша) құқығы бар. Ал қолма-қол ақшаның шамалы бөлігін (10 процентке жуығын), яғни ұсақ купюралар (қазыналық билеттер) мен майда монеталарды кейбір мемлекеттерде (мысалы, АҚШ-та) қазынашылық (казначейство) шығарады.

    Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша шығарумен, оны айналысқа түсірумен және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық банк шұғылданады. Ұлттық банк басқа банктерге банкнота және тиындарды қолма-қол ақшасыз есептеу арқылы олардың эквивалентін алумен сатады;

    Ақша  айналымын реттейтін  мемлекеттік орган – ол орталық банк, яғни айналыстағы ақша массасын реттейтін орталық банктің ақша-несие саясаты. Ақша-несиелік реттеуге: реттеу тәсілдері; реттеуші органның құқығы және міндеттері; реттеудің мақсаты және обьектісі кіреді. Мысалы, 70 жылдардан бастап өркендеген мемлекетер айналымдағы ақша массасының және несиенің өсуін реттейтін мақсатты бағдарларды бекітуде. 1975 жылдан бастап АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі (ФРС) Конгресте алдағы 12 айда айналымдағы ақша массасының өсу немесе қысқару қарқынының жоспары туралы әлсін-әлі есеп береді. Бұл жүйе мақсатты бағдарды және ақша қаражатының өсу қарқынын жиі-жиі ақпарат құралдарында хабарлар тұрады;

  • Валюта курсын белгілеу немесе баға кесу (котировка) тәртібі – ол бір мемлекеттің ақша өлшемінің екінші мемлекеттің ақша өлшемімен көрсетілген бағасы (Мысалы, 1 АҚШ доллары = 130 теңге). Қазіргі кезде ешбір мемлекеттің ақша өлшемінің алтын құрамы белгіленбегендіктен, ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің ауытқуын, сондай-ақ валюта нарығындағы айырбасқа түсетін валюталарға сұраныс пен ұсынысты есептейтін баға кесу әдісі қолданылады. Ең кең тараған баға кесу әдісі валюта «қоржынына» негізделген, онда әрбір ұлттық валюта «қоржынға» кіретін басқа ұлттық валюталардың біразымен салыстырылады.

    Сонымен, экономикасы дамыған нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің ақша жүйесіне тән белгілер:

  1. ақша айналымын басқаруға әр түрлі банктердің қатынасуы.
  2. Қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерін шығарумен банк жүйесінің әр тоүрлі буындарының шұғылдануы. Бұнда қолма-қол ақшаны шығарумен мемлекетердің орталық банкі шұғылданса, қолма-қол емес ақша белгілерін әр түрлі меншіктегі коммерциялық банктер шығарады.
  3. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша – төлем айналымдары ұғымының арасын заңмен жіктеудің болмауы.
  4. Ақша-несиелік реттеу механизмін құру және оның дамуы.
  5. Орталық банктің мемлекеттік аппараты арқылы ақша жүйесін        басқаруды орталықтандыру.
  6. Ақша айналымын бағдарлы жоспарлау.
  7. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша айналымдарының тығыз байланысы, оның ішінде қолма-қол емес айналым үлесінің көп болуы.
  8. Салық органдарының ақша қаражатын қырағы бақылауы.
  9. Мемлекеттің орталық банкіне салыстырмалы дербестік беру.
  10. Ақша белгілерін банк жүйесінің активтерімен (алтын, қымбат металдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар) қамтамасыз ету.
  11. Шаруашылық айналымына ақша белгілерін мемлекеттің ақша-несие саясатына сай шығару.
  12. Валюта курсын валюталар «қоржыны» негізінде нарықтық жүйенің белгілеуі.

Информация о работе Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері