Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:24, реферат

Описание работы

Ақша – тауардың жалпы эквиваленті.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері...............................................5
Ақша айналымы және ақша айналысы...................................................10
Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері................................................18

Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................24

Работа содержит 1 файл

Ақша. реферат.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ  
 
 
 
 

                                     ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ІЛІМ  КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 
 

                РЕФЕРАТ

 
 
 
 
 
 
 

Тақырыбы: Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері 
 
 
 
 
 

                                       
 
 
 

       Орындаған: Жұмағалиев.Д.А ФН-07А

                                                    Қабылдаған: Нурумова.Ш.Қ 
 
 
 
 

                                           
 

                                                  ӨСКЕМЕН  2007

                                                               
 
 

                                              
 
 

       Жоспар: 

Кіріспе....................................................................................................................3 

  1. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері...............................................5
  2. Ақша айналымы және ақша айналысы...................................................10
  3. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері................................................18
 

Қорытынды..........................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................24 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе. 

    Ақша  – тауардың жалпы  эквиваленті.

    Ақша  кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы  мәнін К.Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

    Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

    Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.

    Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

    Тауарлар  дүниесінің тауар және ақша болып  екіге бөлінуі оның тұтыну құнымен  құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы  жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.

    Қорыта  айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар  өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

    Мен өзімнің курстық жұмысымда адамдардың еркінсіз айырбасының ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан, ерекше тауар, ақшаның пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтерін, сондай-ақ ақша айналымы мен ақша айналысын және инфляцияның мәні мен себептерін қарастырдым:

    Бірінші бөлімде ақшаның негізгі мәні көрсетіліп, адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастарының дамуы, одан әрі жетілуі нәтижесінде нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ақшаның бөлініп шығуы, яғни пайда болуы мен қызметтері қарастырылған.

    Екінші  бөлімінде ақша айналымы мен ақша айналысы, түрлері және даму жолдары, ақша айналысы заңы тарихи сабақтастық принципіне негізделіп зерттелген. Ақша теориясы ақша айналымын, қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз айналысты ұйымдастыру ережелеріне сай қарастырылған.

    Үшінші  бөлімде ақша жүйесі мен оның түрлері, биметаллизм мен монометализм жүйелері, олардың даму кезеңдері кең көлемде баяндалды.

    Төртінші  бөлімінде инфляция туралы жалпы  мағлұмат берілген. Бұнда инфляция материалдық өндіріс пен ақша айналысы заңдарының бұзылуының салдары  ретінде қаралап, оның түрлеріне байланысты инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері, сонымен қатар инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері  көрсетілген.

    Ақшаның обьективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

    Сондай-ақ К. Маркс ақшаның қажеттілігі  жөнінде «егер ақша жойылса, біз  қоғамдық өркендеудің не ең жоғары (коммунизм) дәрежесінде боламыз, не қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына (алғашқы қауымға) лақтырылып тасталармыз»  деп өз ойын қорытындылаған. Ал коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, одан әрі де бола бермек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
  1. Ақшаның мәні мен атқаратын  қызметтері.
 

    Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы.

    Ақша  адамға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия  сыры және қоғам өміріндегі мәні көп  уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл  сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарастырайық.

    Қоғамдық  дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек  өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде  басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мысалы, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.

    Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі –  тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны  жасауға жұмсалған уақыт босқа  кеткен уақыт болғаны да, зат тауар  түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталуы қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

    Айта  кететін жәйт, кез келген пайдалы  зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер  мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз – тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі – еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ел екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық немесе химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

    Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген  идея адамзат тарихында көптен бар. Ал оның еңбек теориясының негізін  қалаушылар ХVІІ ғасырдағы ағылшын экономисі У. Петти, ХVІІ ғасырда өмір сүрген шотландық А. Смит, ХІХ ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті ХІХғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.

    Тауардың  ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталуы қасиеті ол өнімді сату-сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.

    Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: «Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша» . Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.  
 
 
 
 
 
 

    Ақшаның атқаратын қызметтері. 

    Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар  өндірісі жағдайында құн өлшемі  қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Яғни, ақша  - өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті.

    Тауардың  ақша болып көрінетін құны – тауар  бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең болды. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.

Информация о работе Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері