Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:24, реферат

Описание работы

Ақша – тауардың жалпы эквиваленті.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері...............................................5
Ақша айналымы және ақша айналысы...................................................10
Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері................................................18

Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................24

Работа содержит 1 файл

Ақша. реферат.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

    Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі  мен баға масштабының арасында айтарлықтай  өзгешеліктер бар. Құн өлшемі -  ол ақшаның экономикалық қызметі, яғни құн қнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен – құқықтық сипаттағы техникалық құрал.

    Ақшаның тауар айналысында атқаратын  екінші қызметі айналыс құралы.  Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А – ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т -  ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымында сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:

    Біріншіден,Т-А – процесі өнім өндірушінің  өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.

    Екіншіден,бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.

    Үшіншіден,тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.

    Осыедай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген  айырбас актілері араласып, түйісіп  біртұтас тауар айналысы процесін (Т-А-Т1   А1-Т2-А2) құрайды. Осы процестер барысында  ақша бірінші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға қтіа ақша айналысын құрайды. Сөйтіп, ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.

    Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:

    а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;

    ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол  ақшаның орындауы;

    б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда  оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын) емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі. .

    Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті  ақша мөлшері сатылатын тауарлардың  бағасы мен олардың массасына  байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, соғұрлым айналысқа  аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналыстағы  ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кембағалы ақша құнсызданады. Оны ғылым тілінде «инфляция» деп атайды.

    Тауар айналысы дамыған сайын тауарды  сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен  сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре  отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл – тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы – несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышқор (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

    Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар  айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:

    а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге  ақы төлеу;

    ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы  төлеу;

    б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін  өтеу;

    в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері  бойынша қарыздарды өтеу;

    г) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;

    д) құқықтық-сот сипатындағы қызметінің айналыс құралы және т.б.

    ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс  құралы қызметінен өзгешеліктері: бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүреді.

    Сөйтіп, ақшаның төлем құралы қызметі  несие қатынастары мен несие  жүйесін дамытты. Ол – алтын ақшаның  айналыстан ығыстырудың тағы бір  айғағы.

    Ақшаның келесі қызметі – қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты.

    Тауар айналымының үзіліссіз бірқалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері  өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша мөлшерін қосып, кейде, керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі. Көктемде егін егу үшін алдын ала қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткізу, тұқым және жанар-жағар майларды дайындау және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек. Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдік, әшекей бұйымдарын жинау, жеке қор жинауға құмарлық, т.с.с. әлеуметтік себептер де ақша жинауға әсер етеді.

    Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып  алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары  түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісі: халықтың банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.

    Қорыта  айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.

    Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар – ақшаның дүниежүзілік қызметінің алға-шарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша «өзінен ұлттық мундирін шешіп» , яғни алтын құймасы (955 сынама) формасында айналысқа түседі. 1867ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін ақша ретінде танылып, үш түрлі бағытта қолданылды. Атап айтқанда:

  • Бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
  • Бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді. (мысалы, егін шықпай қойған жылдары – астық, қант және т.б.);
  • Қоғамдық байлықты материалдандыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция (соғыста жеңілген мемлекеттің жеңіп шыққан мемлекетке төлейтін соғыс салығы) салығын төлегенде, репарация (жеңілген елдің жеңген мемлекетке соғыс зиянын түгел не жартылай төлеуі) зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады1.
 
 
 
    
  1. Ақша  айналымы және ақша айналысы
 

    Ақша  айналымы туралы ұғым және оның құрылымы. 

    Ақша  айналымы деп  қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша бенлгілері жүреді.

    Ал  металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың  құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

    Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп  айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол  және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда  өте төмен, тіпті жоқ деуге  болады. Демек, қазір құн айналымы деп тек тауар айалымын айтуға толық негіз бар.

    Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымның тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен  ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.  

    Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол  емес ақша айалымы

    Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен  оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер/қағаз ақшалар/ және ұсақ монеталар) айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

    Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі - теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма-қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса (өзара есептесу, негізінен, қолма-қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни, жалақы, зейнетақы, дивиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және с.с. түрінде) беріледі.

    Қолма-қол  ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан  және оны жұмсаудан түседі. Бірақ  ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген ызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лоторея сатып алуға, жалгерлік ақы, айып пұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.

    Қорыта  айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілібір мерзімнен кейін клиенттердің (негізінен сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығды. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

    Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90%-ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

    Қолма-қол  ақшасыз төлем айналымы: тауарлы  операциялар бойынша және қаржы  міндеттемелері бойынша болып екіге  бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

    Ақша  айналымын реттеудегі маңызды элемент - қолма-қол ақшаны пайдалану аясын  тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара  есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

    Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын  басқаратын экономикалық әдістерді  енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің ¼ бөлігі ғана қолма-қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие карточкаларымен және т.с.с. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдіруді қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.

    Банктердің  есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

Информация о работе Ақша: пайда болуы, мәні, түрлері мен қызметтері