Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:27, курсовая работа

Описание работы

Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атнып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................1
I. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1. Ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері.............................4
1.2. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері......................................8
II. НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
2.1. Несие саясаты, оның элементтері..........................................................12
2.2. Несие механизмінің мазмұны.................................................................19
2.3. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері.................................................20
2.4. Несиелеу әдістері.....................................................................................22
III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
3.1. ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары......................................................................................................24
3.2. ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі........................................................................................................27
3.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты…………………..30
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.docx

— 75.29 Кб (Скачать)

     Несиелерді  қамтамасыз етудің келесі бір  жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде  кезінде қолданылғанымен де, оның  айналысында көптеген мәселелер орын алуда.

     Несиелеу  принциптері  несиенің мәнін және қызметтерін,  сондай-ақ несиелік қатынастарды  ұйымдастыру облысындағы объективті  экономикалық заңдардың талаптарын  бейнелейді. Несиелеу принциптері  негізінде несиелік поцесс, яғни  банктік несиелердің берілуі,  пайдаланылуы және қайтарылуы  жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне  байланысты банктік несиелердің  берілуінің басты шарттары: несиенің  мақсаты және мерзімі, олардың  қаражаттар айналымы шеңберінде  қатынасу нәтижелілігі және т.б.  анықталады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Несиелеу әдістері

     Несиелеу  әдістері  – несиенің берілу және қайтарылу   ерекшеліктерімен байланысты болатын,  банктік несиенің кәсіпорындардың   қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.

     Реформалауға  дейінгі кезеңдегі отандық тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:

– қалдық бойынша;

– айналым бойынша.

     Қазіргі банктік  тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

- айналым бойынша несиелеу әдістері;

- қалдық бойынша несиелеу әдістері;

- айналым-қалдықтық. 

     Қалдық  бойынша  несиелеу барысында несие   қозғалысы несиеленетін құндылықтар   қалдықтарымен тығыз байланысты  болды. Ондай құндылықтарға: әр  түрлі  тауарлы-материалды құндылықтар,  аяқталмаған  өндіріс, алдағы  кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер  және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары  өсуі несиеге деген сұраныс  тудырып, ал олардың азаюы несиенің  сол мөлшерде қайтарылуын талап  етті. Қалдық бойынша несиелеу  барысында несие несиеге деген  қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар  және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты.

     Айналым бойынша  несиелеу әдісінің ерекшелігі  ондағы несие қозғалысы материалдық   құндылықтар айналымымен, яғни  олардың  түсу және жұмсалуына  байланысты анықталады. Бұл несиелеу  әдісінде жаңа несиенің берілуі  мен бұрын берілген несие бойынша  қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша  ұштасып қалып отырды. Айналым  бойынша несиелеу барысында несие  несиелеу объектісінің айналымындағы  қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын  оның ресурсы босағанға дейін  аванстайды.

     Айналым және  қалдық бойынша несиелеудің   іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде   айналым – қалдықтық әдісі   түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,  несиеге деген қажеттіліктің   туындауына байланысты несие  берілсе, ал екінші кезеңде,  берілген несие қатаң түрде  өтеледі. Бірінші кезеңде несие  тауарлы – материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі. Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтиежсінде айналым-қалдықпен әдісі түзіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

3.1. ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары

  Қазақстандағы ақша-несие  саясатының негізгі мақсаттарының  бірі – жуық кезеңде ұлттық  валютаны одан ары тұрақтандыру  болады. Үкімет пен Ұлттық банктің  бірлесе күш салуымен айырбас  бағамының қүрт ауытқуын болдырмау  және ішкі баға тұрақтылығын  қамтамасыз ету жөнінде жұмыс  жүргізілетін болады.

     2000 жылы шамамен  алғанда жылына 5-6% мөлшеріндегі  инфляция қарқынына  жету үшін  ақша-несие және бюджет  саясатын  қатайтумен қатар ішкі  инвестициялық  мүмкіндіктерді кеңейтуге  ықпал  ететін қаржылық тетіктер дамыйтын  болады. Жинақтаушы зейнеткерлік  қордағы жинақталған ақша қаражатының  айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз  инвестициялауды қамтамасыз ету қажет.

     Үкімет  мемлекеттік бюджет пен бюджеттен  тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы, көбінесе, инфляция қарқынының төмендеуімен, мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға инфляциялық емес көздерді пайдаланумен, мемлекеттік құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады.(8)

     Республиканың  қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс   істеуін қолдау үшін ақшалай-несиелік  реттеу рычагтарын пайдалану  жетілдіріле  түспек. Банк жүйелерінің  дамуына  орай ақша-несие саясатының  құралдарын мейлінше белсенді  қолдану жоспарлануда: ҚҰБ (Қазақстанның  Ұлттық банкі) сыйақы (мүдделер) ставкасын  бекіту, міндетті резервтердің сараланған  мөлшерін реттеу, және, әсіресе, ашық  рынокта операциялар жүргізу.  Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық  банктің саясаты тиісінше инфляция  деңгейінің динамикасымен және  инфляциялық тосуға байланысты  өзгеретін нақты көріністегі  біркелкі оң ставканы қолдауға, сондай-ақ, қаржылық рыноктар жағдайларына  бағытталатын болады. Ақша – несие  саясатының дәстүрлі құралдарын  пайдалану, банктік қадағалауды  күшейту, қаржылық жаңа құралдарды  дамыту үшін қолайлы жағдайлар  туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп  және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады.

     Алдағы  үш  жыл ішінде Қазақстанның қаржылық  секторы, банктермен қатар, қаржылық  қызмет рыногында: ломбард, несиелік  серіктестіктер, делдалдық фирмалар, лизингтік және сақтандыру компаниялары, жинақтау зейнетақы қорлары, инвестициялық  қорлар және активтерді басқару  жөніндегі компаниялар секілді  мекемелермен толығатын болады. Депозиторлардың мүдделерін қорғау  мақсатында, депозиттерді міндетті  ұжымдық сақтандыру тетігін жасау  және жүзеге асыру жөнінде  екінші деңгейлі банктермен жұмыс жалғаса бермек. Қор рыногын дамыту жөніндегі заңнама  жетілдіріле түседі.

     Валюталық  рыноктың жұмыс істеуін тұрақтандыруды  қамтамасыз ету мақсатында, валюталық  реттеуді бұдан ары ырықтандырудың  нарықтық құралдарын дамытумен  қатар валюталық ағыстың жүйелік  мониторингісі, талдау және төлемдік  теңгерімнің жағдайын болжамдау  жөніндегі жұмыс жақсартылатын  болады. Жалпы алтын – валюта  резревтері үш айлық импорттың  көлемінен кем болмайтындай деңгейде қолдау көреді.

     Валютаның  айырбастау бағамының саясаты  валютаның  сатып алушылық  қабілетінің жалпы  пара –  парлығын қамтамасыз ету, ішкі  валюталық рынокта алыпсатарлық  операциялардың белсенді дамып  кетуін болдырмауды және төлемдік  теңгерімнің бекітуін есепке ала отырып жасалынады.

     Республикадағы  бүгінгі банктік екідеңгейлі  жүйе мынадай жүйелер – бірінші  деңгей Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкін, көрсетеді, екінші деңгей – екінші деңгейдегі банктер. Қаржы рыногының маңызды институты болған өтпелі кезеңдегі банктердің дамуы тұрақсыздыққа және құрылымдық қайта құрылуға қатты ұшырады. Жүйелі нарықтық қайта құрылуда банктік капитал ролінің көтерілуі, капиталдандырудың халықаралық стандарттарын және қаржылық орнықтылықты банктердің сақтауларының қажеттілігі олардың қайта құрылым жасау, ірілену, тарату және қосылу секілді заңды процестеріне бастау салды.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру, оларды жеке басқаруға беру, сыртқы экономикалық байланысты монополиядан шығару, инвестициялық ахуалды ішкі рыноктар капиталдарының есебінен күшейту  банктер ролін арттырады. Мұның  сыртында, алып пайдалану бағдарламасын  жүзеге асыруда және мақсатты несиелер мен сыртқы инвесторлардың қарыздарын жабуда қаржылық делдалдар ретінде  банктік институттардың маңызы көтерілді.

     Банктер жүйесінің  осылайша қалыптасуы дамыған   нарықтық экономикалы көптеген  елдер  үшін объективті болып  келеді, олардың қаржылық рыноктарында  ақшалай қаражаттардың үздіксіз  қозғалысы, ақшалай қорлардың  жинақ объектісінен инвестицияның  объектісіне банктік институттар  болып саналатын қаржылық делдалдар арқылы ауыстырушылықта болады.

     Көптеген  нарықтық институттар ішінде республиканың  банктік жүйесі өзінің дамуында айтарлықтай қысқа кезеңде қалыптасуының теріс салдарларын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақшалай – несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макроэкономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфрақұрылымның өрлеуі мен дамуында аса маңызды рол ойнайды. Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфрақұрылымының жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды.

     Банктік қызмет  рыногында бәсекес көтерілді.  Банктерді инвестициялық және  депозиттік банктерге бөлу банктер  мен банктер қызметі туралы  заңдармен ғана таратылған жоқ,  сондай-ақ банктер заңнамаларын  одан әрі жұмсарту банктерді  дәулетті көтерме корпоративтік  келушілерге қызмет көрсетуге  қайта бағдарлаудан халықтың  қаражатын тарту жұмысына, банк  қызметін кеңейтуге, банктер жұмысының  беделді жақтарын нығайту жөніндегі  мемлекеттік зерттеулерді өрістетуге бағдарды тездетті.

     Өтпелі  экономиканың  жағдайында банк бәсекелестігін  дамыту банктердің қосымша ресурстарын   тартудағы өзара байланысты және  олардың көлемін сол банктердің  қаржылық орнықтылығы дәрежесімен  экономиканың нақтылы секторында  қайта инвестициялауды күшейтеді.  Әлемдік практикада осыған ұқсас  үрдіс бар, атап айтқанда, берілген  несиелердің көлемі шектеусіз  өсе келе, басқа операциялар бойынша  банк табысынан асып түсіп,  пайданың орнына зиян шектіреді.  Әрбір банктің бір – бірлерінің  қызмет нәтижелерін жоққа шығарарлықтай  қарама-қайшлықтарының үйлесуі өткір  проблемаға айналды: операциялардың  табыстылығы көтерілді және ол  бойынша тәуекел төмендеді. 

 

3.2. ҚР-да  ақша – несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі

     Қазақстан  Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы  Ұлттық банк туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің заң  күші бар Жарлығына  сәйкес  ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын  ұйымдастыру негізін және формаларын  белгілейді, онда ресми ақша бірлігі,  ақша белгілерінің эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау  тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру  және реттеу тәртіптері қамтылады.

     ҚР-дағы ақша  жүйесі келесі бағыттарда әрекет етеді:

    тауарлар мен  қызметтерге бағаның қалыптасуы

    тауар айырбасымен  қызмет ету

    нәтижелі өндіріс  құрылыстың қалыптасуы

    еңбек өнімділігінің  артуы үшін стимул жасау

    шаруашылық субъектілері қызметтерінің нәтижелерін бағалау

    жаңадан жасалған құнның қайта бөлінуі

     Несие жүйесі  кең мағынада несие қатынастарының, несие нысандарының, қаржы мекемелерінің  жиынтығы. Несие жүйесі тар мағынада  бұл есеп айырысу қатынастарын  ұйымдастырушы елдегі ақша айналысын  реттейтін басқа да қаржылай  қызмет көрсететін несиелік мекемелер тарабы болып табылады.

     Несие жүйесінің  – өз қызметтерін орындау барысында  несиелік қатынастар туындайды.  Несие жүйесі – уақытша бос  ақшалай қаражаттарды жинақтайды, оны қайтару және төлеу шарттарды  қайта бөлуге байланысты несиелік  мекемелерінің әртүрлі субъектілерінің  арасындағы экономикалық байланыстар

     Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен  Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады.

     Кепіл берушісі Үкімет болып табылатын  Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады. Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді. Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді. Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.

     Банктердің  жұмысына және шетелдік валютаны  сатып алу-сату және айырбастау  ұйымдарына бақылау мен қадағалау  жүргізеді әрі пруденциялық нормативтер белгілейді.

     Қазақстан  Республикасында информациялық   процестерді ақша-несие реттеуі  әдістерімен бәсеңдете алмаған  жағдайда Ұлттық банк банктердің  операциялары бойынша несиелік  салымдарды шектеу және пайыз  мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді.

     ҚР-ның  Ұлттық банктің міндеттері:

  • ақша айналымы, несие банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша-несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;

    несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді;

    Қазақстанның  экономикалық дамуы және оның  дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы  мақсаттарына жетуге көмектесетін  ақша айналысы, несие, банктік  есептеулерді және валюталық  қатынастар саласындағы мемлекеттік  саясатты жасау және жүзеге  асыру;

    ақша-несие және  банк жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз етуге көмектесу;

    банктік және  басқа несиелік мекемелердің  қызметін реттейтін ережелерді  жасау және олардың орындалуына  бақылау жасау негізінде банк  несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау

  • Ұлттық  банк жұмысының негіздері келесіде:
  •     Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • Өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялануды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  •   Банк ісін лицензиялау, ақша – несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • Банк ісін бақылау және қадағалау;

Информация о работе Ақша несие саясаты