Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2011 в 19:49, реферат
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.
Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді.
Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер ( авиа және темір жол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатың басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін ( бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытыңдысы бухгалтерлік есептің мәлеметтермен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытыңдысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.
Акт ұйым кассасында тұрған
ақшалай құжаттардың, ақшаның
бар-жоғын түгендеу
Түгендеуді өткізгенде
Мысалы: Кассаны түгендегенде 150 теңге
мөлшерінде артық шығу табылды,
1020 «Кассадағы ұлттық валютағы қолма-қол ақша» шот дебеті
6280«Негізгі
емес қызметтен түскен басқа
да табыс» 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:
-анықталған кем шығу сомасына шығындық кассалық ордер жазылады
1430 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру» шот дебеті
1020 «Кассадағы
ұлттық валютадағы қолма-қол
1251 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар» шот дебеті
1430 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру шығындары» шот кредиті 5000 теңге - кассирдің кем шығуды өтеуі (кірістіқ кассалық ордер жазылады)
1020 «Кассадағы ұлттық қолма-қол ақша» шот дебеті
1251 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар» шот кредиті.
Құнды қағаздар
Құнды қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды қағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпорация капиталын бөлісуге құқық беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағаздарды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазға ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болашақ өтілуіне байланысты. Құнды қағаздың бағасының қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғүрлым көп түсірсе, инвестордың алтын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығарған отырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Соңдықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық, өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып отыру акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы.
Түптеп келгенде, құнды қағаз саудасынан эмитентке де, сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы, өйткені, құнды қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек.
Құнды қағаз саудасы биржа қоры арқылы жүргізіледі жоне оның құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3 айлық немесе жылдық есептің негізінде тумақ.
Құнды қағаз саудасын қолма-қол жеткізуге биржа көбіне брокерлер жалдайды да, оған түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады. Сол сияқты бұл іске дилердің тартылуы мүмкін. Бұлардың екеуі де делдалдан айырмасы дилер жалақы алмайды, түскен пайдаға белгілі мөлшерде еншілер.
Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.
Қазіргі
кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары
акционерлік қоғамға айналып
жатыр. Өздерінің купонын
Бүгінде Қазақстан үкіметі көптеген кәсіпорындарын дотация арқылы және болымсыз процентпен несие берумен ұстап отыр. Ертең олар жекеменшікке ауысқанда соларға кеткен қаржы әлеуметтік салаларды қамтамасыздандыруға жұмсалмақ. Сондықтан елдің экономикасьш көтеруде құнды қағаздың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша құнды қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.
Құнды қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы кұнды қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады.
Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізеді. Өйткені құнды қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол фактордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.
Құнды қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық құрал -акциялар мен мемлекеттік құнды қағаздар.
Құнды қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, құнды қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.
Екіншіден, құнды қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын кұжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.
Үшіншіден, құнды қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін құжаттар.
Төртіншіден, құнды қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.
Сонымен қатар құнды қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиет-терімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы кағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.
Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға - бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға - бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.
Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілген мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.
Бағалы қағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі - бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төмен жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы. акция - бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.
Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.
Уақыт сипаттамасы:
Кеңістік сипаттамасы:
Нарықтық сипаттамасы: