Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2011 в 19:49, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаты, құнды қағаздар.DOC

— 567.00 Кб (Скачать)

    Бағалы  қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

    Мерзімді - оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:

  • қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
  • ұзақ   мерзімді,   айналымда   бір   жылдан   жоғары   мерзімде жүреді.

    Мерзімсіз - айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы бағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

    Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.

    Инвестициялық (капиталдық) - капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б).

    Инвестициялык емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).

    Эмитенттің  құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:

  • мемлекеттік;
  • муниципалдық;
  • мемлекеттік емес.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.

    Муниципалдық  бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады.

    Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

    Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналымды) және нарықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.

    Нарықтық  бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде  еркін сатып алынуы және сатылуы  мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.

    Нарықтық  емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды, яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай  бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент  бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.

    Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып  алу - сату мәмілесі бойынша шектеулер  жабық акционерлік қоғамының  акцияларына жатады.

    Бағалы  қағаздардың борышқорлық және иемденуші  үлесіне болінуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:

  • әр түрлі активті меншікке алуға;
  • уақытша пайдалануға.

    Егер  бағалы қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдар және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.

    Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді.

    1-сынып  - негізгі;

    2-сынып  - туынды.

    Негізгі бағалы кағаздар - қандай да болса бір актив (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) негізіне мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

    «Қазақстан  Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар - басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар - бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.

    «Қазақстан  Республикасындағы акционерлік  қоғам туралы» Заң негізінде  акционерлік   қоғам   акционерлердің  жалпы   жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасыныц сыртында да туынды бағалы қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.

    Қазақстан Республикасында алғаш рет депозитарийлік қолхат 1996 жылдың басында ресейлік «Альфа-банк» филиалымен қолданылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казкоммерцбанк», 1998 жылы «ШНОС» мұнай компаниясы шығарды. Бұл компаниялардың ADR котировкасы барлық ірі қор биржаларында жүргізіледі.

    Банк  өзінің қызмет етуін жүзеге асыру  үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың  келесі түрлерін шығарады:

  • акциялар;
  • депозиттік сертификаттар;
  • облигациялар;
  • бағалы қағаздардың басқа түрлері.

    Акция - бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін ақционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.

    Акциямен  келесідей құқықтар байланысты:

  • белгілі жағдайда пайдаға қатысу (дивидентке кұқық);
  • акционердің жалпы жиналысына қатысу;
  • акционердің жалпы жиналысында дауыс беру құкығы;
  • капиталдың   көбеюі   кезінде   жаңа   акцияларды   алуға   артықшылық құқығы.

    Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.

    Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған кұжаттар арқылы беріледі.

    Банктердің  акцияларды айналысқа шығару тәртібі  «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында  қарастырылған.

    Банктік сертификаттар - ақша қаражаттарын салу туралы салымшыга онда белгіленген салым мерзімі аяқталганнан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат занды тұлғаларға, ал жинақтық жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық кұрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.

    Депозиттік  сертификат бойынша пайыз түріндегі  алынған табыстар белгіленген тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің ҚР Ұлттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құралы бола алмайды. Ол кепіл заты, сатып алу-сату объектісі бола алады. Сертификаттарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысуларды қолма-қол және қолма-қолсыз түрде заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Депозитті талап ету мерзімі келгенде банк сертификатты иемденушінің алғашқы талабы бойынша сертификатты ұсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге асырылады:

  • жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;
  • салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар;
  • қолма-кол ақша.

Банк  пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады:

  • сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанга дейін жиі;
  • сертификатты өтеу күнінде.

    Банктік  сертификаттық  міндетті  деректемелері   келесілер  болып табылады:

  • «депозиттік сертификат» атауы;
  • депозитті енгізу күні;
  • сертификатты өтеу күні;
  • депозит сомасы;
  • эмитент-банктің   депозит   сомасы   және   ол   бойынша   тиісті пайызды қайтару туралы міндеттемесі;
  • депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме;
  • тиесілі   пайыз   сомасы,   эмитент-банктің   атауы   және   орналасқан жері;
  • депозитордың аты-жөні, орналасқан жері;
  • эмитент-банктің     сертификаты     уақытында     өтеу     туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы;
  • банк мөрімен бекітілген, эмитент-банктің екі уәкілетті тұлғаларының қолдары.

    Сертификат  бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады және банктегі бухгалтерлік есептің шоттар Жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе өртенбейтін шкафтарда сақталады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен өтелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін:

    • жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
    • шығарудың стандартты  шарттары  (эмиссия  және  өтеу  күні, қысқа номинал);
    • номиналды төлеу және пайыздарды есептеу кепілі. 
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигация
    • бұл облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның онда        көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстаушының иемденуге құқын растайтын бағалы қағаз. Облигация оны ұстаушыға облигаңияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді. Облигация келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:
    • бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
    • акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз);
    • пайыздарды төлеу кезінде акция (дивиденд төлеумен салыстырғанда) және басқа да міндеттемелерді қанағаттандыру (қоғамды жою кезінде) алдында жоғары;
    • эмитентті басқаруға құқық бермейді.

    Облигацияларды шығару тәртібі:

  • Эмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға кұқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
  • Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек;
  • Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады (материалдық емес активтер камтамасыз ету қызметін атқармайды);
  • Олигацияны шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;
  • Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
  • Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленғен уақытта төленуі тиіс.

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу