Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2011 в 19:49, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаты, құнды қағаздар.DOC

— 567.00 Кб (Скачать)

    Бағалы  қағаздардың әділ құны бір немесе бірнеше жалпы жұрт қабылдаған әдіс көмегімен анықталуы мүмкін. Бағалау  әдісі негізінде әділ құнын есептеу  кезінде нарық қатысушылары пайдаланатын бастапқы деректер жатады. Сонымен  қатар әділ құнын есептеу кезінде әдістер мен бастапқы деректерді ашып қарастыру қажет.

    Бағалы  қағаздардың әділ құны мәміле құнына немесе басқа нарық бағасына байланысты. Егер нарықтық бағаны сенімділіктің  жеткілікті деңгейімен анықтау мүмкін  болмаса,  онда әділдік  құны барлық болашақ төлемдер немесе ақша түсімдері сомасы ретінде есептеледі. Сондай-ақ бағалы қағаздардың әділ құнын бағалаудың басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, оның ішінде ағымдағы әділ құнын анықтаудың негізі оны жүргізу уақытынан бастап есептілік күніне дейін айтарлықтай экономикалық шартта өзгерістер болмаған кездегі ең соңғы мәміле бағасы болады.

    Өтеуге  дейін ұсталатын бағалы қағаздар ең алғаш тану кезінде оларды алуға жұмсалатын нақты шығындар бойынша бағаланады. Мәмілені жасау кезіндегі жұмсалған шығындар оларды алғаш тану кезіндегі бағалы қағаздар құнына енгізіледі. Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың кейінгі бағалануы пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін қолданумен амортизациялық шығын жүзеге асырылады, себебі бұл бағалы қағаздарға әділ құн бойынша бағалау қолданылмайды. Сатуға арналған және сатуға жарамды қағаздарды кейінгі бағалау әділ құн бойынша жүзеге асады. Осы бағалы қағаздардың әділ құнын қайта бағалау нәтижесі келесілерден байқалады:

    1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша - табыстар мен шығыстар шотында;

    2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша - табыстар мен шығыстар шотында немесе осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижелерін ауыстырумен байланысты капитал шотында. Сонымен қатар бұл банктің есеп саясатымен қарастырылуы қажет.

    2. Сатып алу бағасына бағалы қағаздарды сатып алу кезінде 
келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

    Дт    1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»         1 025 100,00

    Кт   1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»  1 025  100,00

    2) сатуға жарамды бағалы кағаздар бойынша:

    Дт    1452 «Сатуға жарамды бағалы кағаздар»   1 025  100,00

    Кт    1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 1 025 100,00

    3. Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн сайын сатып 
алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептеу жүргізіледі. 
Сонымен қатар келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»   5 000,00

Кт 4201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар

бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер»        5 000,00

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1452 «Сатуға  жарамды бағалы қағаздар»   5 000,00

Кт 4452 «Сатуға  арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»          5 000,00

    4. Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн саййын бағалы 
қағаздардың құны нарықта (баға) белгілеуге немесе әділ құнын 
есептеуге сәйкес қайта бағаланады. Сонымен қатар асып түсу сомасына келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

    1) бағалы қағаздардың әділ құнының  олардың баланстық құнынан асып  түсуі кезінде (бағалы қағаздардың  нарықтық құны 2002 жылдың қаңтар  айының соңында 1 032,00 теңгені құрады, есептелген сыйақы есебімен бағалы  қағаздардың баланстық құны 1 030,10 теңгені құрайды (1 025,10 + 5,000));

а) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша: 
Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»   1 900,00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс»       1 900,00

ә) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша: егер   есеп   саясатына  сәйкес  қайта  бағалау   нөтижесі   табыстар мен шығыстар шотына жатса:

Дт 1452 «Сатуға  жарамды бағалы қағаздар»   1 900,00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс»       1 900,00

    Егер  есеп саясатына сәйкес қайта бағалау  нәтижесі осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижесінен  кейін ауыстырумен байланысты капитал  шотына жатқызылса:

    Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»   1 900,00

    Кт 3561 «Сатуға арналған жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»       1 900,00

    2)   бағалы   қағаздың   баланстык   құны   олардың   әділ   кұнынан асып түсу кезінде (бағалы қағаздың нарықтық құны 2002 жылдың қантар   айының   соңында    1    029,00   теңгеиі   құрады,   есептелген сыйақы есебімен бағалы қағаздар балаистық құны   1   030,10  теңгені құрайды (1 025,10+5,00))

    а) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

    Дт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар құнының өзгерісін қайта бағалау шығысы»        1  100,00

    Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»    1  100,00

    ә) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

    егер  есеп  саясатына  сәйкес  қайта  бағалау   нөтижесі  табыстар мен шығыстар шотына жатса:

    Дт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды  бағалы қағаздар құнының өзгерісін қайта бағалау шығысы»          1  100,00

    Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»   1  100,00

    Егер  есеп саясатына сәйкес қайта бағалау  нәтижесі осы бағалы қағаздарды  сату  кезіндегі  табыстар  мен  шығыстар  шотына  қайта бағалау    нәтижесінен    кейін    ауыстырумен    байланысты    капитал шотына жатқызылса:

    Дт 3561 «Сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»          1 100,00

    Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»   1 100,00

    Сонымен қатар қайта бағалау жүргізу  үшін капитал шотында қаражат   болмаған   жағдайда   жетіспеген   сома   шығыстар   шотына жатқызылады:

    Дт 5921 «Банктік кызметтен өзге шығыстар» ХХХХ

    Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар» ХХХХ

    5. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны төлеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүргізіледі (есептелген сыйақы көлемі қаңтар айына 5 000,00 теңгені құрайды):

    1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

    Дт 1050 «Банктердің  корреспонденттік есепшоттары»   5 00,00 
    Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»    5 500,00

    2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

    Дт 1050 «Банктердің  корреспонденттік есепшоттары»   5 500,00 
    Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы кағаздар»    5 500,00

    6. Банк ақпан айында осы бағалы қағаздарды сатуға шешім қабылдады делік.

    Сонымен қатар келесі бухгалтерлік жазба  жүзеге асырылады:

    1) нарықтык   құнға   тең   шешім   бағасы   бір   бағалы   қағазға 1   028,00   теңгені   құрайды,   бағалы   кағаздардың   баланстық   құны 1 027 000,00 теңгені құрайды.

    Атаулы  қүн мен сатып алу бағасы арасындағы айырма сомасын:

    Дт 1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы

    арасындагы  айырма түріндегі айналысқа 

    шығарылған облигациялардың

    болашақ кезеңдердегі шығыстары»     67 500,00

    Кт 2301  «Айналысқа шығарылған облигациялар»         67 500,00

    Банк   қаржылық   есептілік   жасаған   кезде   бағалы    қағаздардың  атаулы     құны     мен     оларды     сатып     алу     бағасы     арасындағы амортизацияланбаған  айырма  сомасын   көрсетпейді,   яғни   1804  және 2802 баланстық шотында есептелетін қалдыктың сальдосын шығару;

    Багалы қағаздарды бір санаттан басқаға ауыстырумен байланысты операция есебі

    Бағалы  қағаздарды бір санаттан басқаға  ауыстыру кезінде олар ауысатын бағалы қағаздар санатының есебіне сәйкес бағалы қағаздардың есеп тәртібі мен қағидалары да өзгереді.

    «Сатуға жарамды бағалы қағаздар» және «өтеуге  дейін ұсталатын бағалы қағаздар»  санатына сауда үшін арналған бағалы қағаздарды аудару кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    1) сатуға жарамды бағалы қағаздар санатына:

    а) баланстық құнға:

    Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»

    Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»;

    ә) оң қайта бағалау сомасына

    Дт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды  бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс»

    Кт 3561 «Сатуға жарамды бағалы қағаздардың  құнын қайта бағалау резервтері»;

    б) теріс қайта бағалау сомасына

    Дт 3561 «Сатуга жарамды багалы қагаздардың  құнын қайта бағалау резервтері»

    Кт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар кұнының өзгерісін қайта бағалау шығысы»;

в) сыйақы алумен байланысты есептелген табыс сомасына

Дт 4201«Саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

Кт 4452 «Сатуға  жарамды бағалы қағаздар бойынша  сыйақы алуға байланысты кірістер;

2) «өтеуге  дейін ұсталатын бағалы қағаздар»  санатына

а) қайта  бағалаудың күшін жоятын сомасына:

Дт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс»

немесе

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»

Кт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар құнының өзгерісін кайта бағалау шығысы»;

ә) есептелген сыйақы сомасына:

Дт 1745 «Басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер»

Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»;

және  бір уақытта:

Дт 4201 «Саудаға арналған бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»

Кт 4451 «Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»;

б) қайта бағалау және сыйақы сомасына азайтылған бағалы 
қағаздардың баланстық құны:

Дт 1451 «Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар»

Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»;

в) атаулы құн мен сатып алу бағасы арасындағы айырма сомасына:

жеңілдікпен алынған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1802 «Бағалы  қағаздардың атаулы құны мен сатып  алу бағасы арасындағы айырма түріндегі өтелгенге дейін ұсталатын амортизациясының сомасы»

Кт 2804 «Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың  атау-лы құны мен олардың сатып  алу бағасы арасындағы айырма»;

21.«Сатуға  жарамды бағалы қағаздар» және  «өтеуге дейін ұсталатын бағалы кағаздар» санатына сатуға арналған бағалы қағаздарды аудару кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

1) «сатуға  арналған бағалы қағаздар» санатына:

а) баланстық  құнына:

Дт 1201  «Саудаға арналған бағалы қағаздар»

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу