Аграрлық мәселенің шешімдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Айтарлықтай айрықша болмаған және аз естілетін феодалдық құрылыс іштен қиратушы күштерді бүзып келді. Олар: ең алдымен Англияда пайда болып онан соң Европа континенттеріне жэне барлық жерге кіріп келіп, лезде капиталистік өндірістің қарқындылығы көтерілді, жұмысы жоғары деңгейде бөлінген ірі орталықтандырылған ману фактуралар жоғары машиналы техникаға өтуге істелінген; қолға азырақ жинақталған, саяси жағынан дүрыс емес, бірақ эканомикалық жағынан өте күшті класс үлкен буржуазиялық капиталды.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………….. 3
I бөлім, ¥лы Француз буржуазиясының ревалюциясы …..……….……8
Ревалюцияның негізгі себептері……………………………..…………….8
Алдынғы қатарымыз буржуазия мен халық бұқарасының идеялары....15
II бөлім, Революцняның ахуал…………………………………………..…21
Ревалюцияның басталуы ұлы буржуазия өкімет басында…………..…21
Якобиншілдердің халықпен байланысы ……………………………….. 30
III бөлім. Аграрлық мәселенің шешімдері …………………………... 37
1792-1793 жылдар халық көтерілісінің шиеленісуі ………………….. 37
Якобиншілер диктатурасының ең жоғарғы кезеңі ………………... 43
Якобиншілердің агаралық саясаты …………………………………….46
Қорытынды ………………………………………………………………… 51
Сілтемелер …………………………………………………………………….. 54
Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_066780923.doc

— 283.00 Кб (Скачать)

Конституция бойынша  заң шығару билігі Заң шығарушы жиналысқа  берілді. Заң шығарушы жиналыс өз жүмысын 1791 жылы 1 қазанда бастады. Бұл жиналыста констутцияшыл — фельяндар басым болды.

Заң шығарушы жиналыста  бүларға қарсы Якобии клубымен байланысты оппозиция қалыптасты, екі бағытты  болды. Біріншісі — жирондистер  тобы бұлар сауда — өнеркәсіп жэне бірқатар жер иеленуші буржуазиямен байланысты топ, фельяндардан ерекшелігі буржуазиялық реслубликаны жақтады. Ал нағыз солшылдар — яғни Робеспьерді жақтаушылар саны жағынан көп болған жоқ. Әуелі бүлар жиропдистермен бірге фельяндарға қарсы күресті, бірақ бірте-бірте революция тереңдеген сайын жирондистермен монтаньярлардың («таулық» бүларды залда жоғарыдағы орындықтарда отырғандықтан осылай деп те атады) арасындағы қайшылық күшейе түсті.

Әуелі Құрылтай жиналысының, кейін Заң шығарушы жиналыстың демократияға қайшы зандарына қарсы күрескен саны аз болса да, салиқалы күш М. Робеспьер бастаған солшыл демократиялық топ болды. Робеспьер адвокаттың баласы, кішкентайынан тас жетім, өмірдің тауқыметін тартып өтті. Өте еңбекқор, алған бетінен қайтпайтын болып өсті. Соның арқасыыда юридистикалық білім алды. Адвокатурамен айналысты. Ол өзінің жалынды сөздерінде «Байлар бэрін иемденгісі келеді, бэріне қожайыыдық жасағысы келеді. Халық мүддесі — ортақ мүдде, байлардың мүддесі — жеке бас мүддесі»,— деп жарияға жар салды. Ізденген оқушыға М. Робеспьердің үш томдық таңдамалы шығармаларын (II, III том, 1965 жылы Москвада басылған) оқуға кеңес береміз. Бұл томдарда әр кезде сөйлеген сөздері сол күйінде яғни хаттамалық сипатта берілген, оқуға жеңіл, Робеспьердің қас қақпас батылдығы мен «сатылмайтындығына» нақты көз жеткізуге болады.

Заң шығарушы жиналыс  бірінші күннен-ақ халыққа ұнамады. Елдің экономикалық жағдайы нашарлай түсті. Өнеркәсіп онімі азайды. Жүмыссыздық  пайда болды. Азық-түлік бағасы өсті. Революцияның басты мэселесі шешілмеді. Феодалдық канаудан құтылғанымен шаруа жер ала алмады (Бұл туралы өз алдына сөз болады). Аристократия, дің басылары елде    жасалып    жатқан    өзгерістерге    ашық    түрде    қарсы    шықты.

Контрреволюциялық элементтер Еуропаның феодалдық-абсолютистік державаларымен Франциядағы революцияны тұншықтыру үшін астыртын келіссөздер жасай бастады. «Революциялық мерезден» құтылу үшін 1791 жылы 27 тамызда Австрия мен Пруссия Пильниц декларациясын жариялап, революцияшыл Францияға қарсы коалиция құруға келісті. Әркайсысы 40— 50 мыңнан солдат шығаратын болды.

Бұны XVI Людовик және оның әйелі Мария-Антуанетта қуана қарсы алды, сондай-ақ Лафайет және басқа бірқатар фельяндар да қолдады.

Жирондистер монархиялық  мемлекеттерге қарсы тез арада жеңімпаз соғыс жүргізіп, сауда-өнеркәсіп буржуазиясына қажетті сыртқы рынок жасап, жер алғысы келді. Бүл арандату болар еді. Жирондистердің бұл авантюристік саясатын бірнші болып түсінген М. Робеспьер болды. Жирондистердің революцияны «Экспорттау» әрекетінің қауіптілігін түсіндірді. Робеспьерді Ж. П. Марат қолдады.

Монархиялық мемлекеттердің коалициясына Франция  соғысты бірінші болып жариялады, солай бола түрса да бұл Франция үшін әділетті соғыс болды. Солдаттардың патриотизмінде еш кемістік болмады, тек Ро-беспьер алдын ала болжап айтқандай, армияның қолбасшылары (Лафайет, Люкнер, Рошамбо) контрреволюциялық пиғылда болғандықтан әскердің батыл қимыл жасауын қаламады. Сөйтіп, өз әрекеттерімен қарсылас-тардың табысқа жетуіне қолайлы жағдайлар жасады.

Марат, Робеспьер дәл осындай қауіпті жағдайды халыққа түсіндіріп, соғысты революциялық жолмен жүргізуге қол жеткізе бастады.

Халық бұқарасының  латриотизмі көтерілді. Зан шығарушы жиналыс «Отан қауіпті жағдайда» деп жариялады. Парижге елдің түпкір-түкпірінен еріктілер отрядтары келіп жатты. Марсель еріктілері Парижге «Марсельезаны» айтып кірді. Бүл эн — бүгінгі Франция мемлекетінің ұлтгық әнұраны. Дәл осы күрделі жағдай жасалып отырған кезде 3 тамызда (1792 ж.) интервенттер армиясының қолбасшысы Брауншвейгский Париж халқына манифест жариялап, онда корольдің және король отбасының амандығьша кепілдік беруді талап етті, болмаған жағдайда бүкіл Париж хәлқын қырып жіберемін деп қорқытты. Бұл басыну Париж халкының ашу-ызасын күшейтті, Король мен фельяндардың жүргізіп отырған ұлтка қарсы саясаты жаңа халық көтерілісін тездетті. 1792 жылы 10 тамызда провинциялардан келген еріктілермен бірігіп Париж хәлқы көтеріліске шығып мың жылға жуық өмір сүрген монархияны құлатты.

Француз революциясы  өрлей түсті. Фельяндардың орнына енді саяси басшылық жирондистердің қолына өтті. Олар Заң шығарушы жиналыста көп болды. Осы көтеріліс барысында Заң шығарушы және Атқару Кеңесімеы қатар Париждегі үкімет билігінде өте ықпалды халыққа сүйенген революцияшыл Коммуна күрылды. Коммунадағы саяси басшылық монтаньяр — якобиншілдердің өкілдері Робеспьер, Марат, Шометтердің қолындаболды.

Сауда-өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері ретінде жирондистер бірінші  күннен-ақ революцияның одан әрі тереңдеуін қаламай, оны тоқтатуға тырысты. Қонсервативтік әрекеттерге көше бастады. Таулықтар немесе якобиншілдер орта және ұсақ буржуазия, шаруа, плебейлік топтардың демократиялық одағы болғандықтан, революциядан элі өздеріне сай кслетін әлеуметтік-экономикалық, саяси артықшылықтарын алмағандықтан революцияның жеңістерін қорғап қалуға жэне революцияны одан әрі жүргізуге мүдделі болды.

Жирондистер мен жобиншілдердің арасында қарама-қайшылық осыдан туды. Жироңдистер революцияны тоқтатқысы келді, ал якобиншілдерге оиың терендету керек. Бұл көзқарастағы алшақтық әсіресе, орныыан түсірілген корольдің тағдырын шешу төңірегінде айқында түсті. Жирондистер 1792 жылғы тамыз-қыркүйек айларындағы майдандағы күрделі қиыншылықтар, монархиалық мемлекеттердің әскерінің елдің территориясына ене бастаған кезінде тіпті есеңгіреп, өздерінің бетпердесін аша түсті. Жау әскерінің Парижге енуіне жол ашылды. Жирондистер үкіметі резиденциясын Парижден басқа жерге көшіруді яғни қашуды ұсынды.

Бұл жерде де якобиншілдер батылдық көрсетіп, халықты отан қорғауға жұмылдырды. «Батылдық, тағы да батылдық» деген патриотизмге толы сөзін Дантон сонда а йтты.

Парижде 1792 жылы 20 қыркүйекте Конпент ашылып, монархияның құлағанын  жариялап Францияда республикалық  құрылыстың орнағанын хабарлады (Республиканың бірнші жылы).

Конвентке 750 депутат сайланды. Конвенттегі оңшыдар енді жирондистер болды да, олардың 200-ге жуық орны бояды. Конвенттегі солшылдар — якобиішілдерден жасалды. Саны 100-ге жуық, бірақ бұларға Париж түгел дауыс берді. Парижден Робеспьер, Марат, Дантон, Камилл Демулен, Колло д!Эрбуа, Вилло-Варренилер сайланды.

Конвентте бейтарап «батпақтар» деген болды. Олар алғаш жироңдистерді қолдады, кейін беделі кете бастаған кезде якобиншілдер жағына өтті.

 

2.2. Якобиншілдердің халықпен байланысы.

Якобиншілдер  халықпен баайлнысты күшейтті. Король тағдыры әсіресе 1792 жылдың аяғында үлкен даулы мәселеге айналды. Жирондистер бүл мәселені айналып өткісі келді. Якобиншілдер оның дәлелденген опасыздықтарын бетіне басып, халықтың талабы — жазалауды талап етті. Бұл жерде тек король тағдыры емес, саяси мақсат төңірегіндегі дау деп түсінуіміз керек. Бұған дәлел жоғарыда жеткілікті дәрежеде келтірілді. Робеспьер өзінің 1792 жылы 3 желтоқсанда Конвентте сөйлеген сөзінде «Отан өмір сүруі үшін Людовик өлуге тиіс. Мен сіздерге осы қәзір шешім қабылдауды үсынамын, ал әйелін сотқа беру керек, ұлы бейбіт күн туып, қоғамдық бостандық қамтамасыз етілгенше түрмеде отырсын. Мен кәзірден бастап Людовикті француз үлтының опасызы етіп жариялауда талап етемін»— деді. Мараттың күш салуымен король тағдырына қатысты әркім өз аты-жөнін көрсете дауыс берді. Корольді өлім жазасына кесуге 721 депутаттың 387-сі дауыс берді. 1793 жылы 21 қаңтарда XVI Людовик өлтірілді. Революцияшыл буржуазия монархиялық Еуропага осылай, қазақша айтқанда, «қыр» көрсетті.

Якобиншілдер осындай  күрделі жағдайда 31 мамыр — 2 маусым 1793 жылы Париж Коммунасының басшылығымен жүзеге асырылған халық көтерілісінің нәтижесіде үкімет басына келді. Ұлы француз буржуазиялық революциясынық революцияшыл, буржуазиялық-демократиялық кезеңі басталды. Үкімет басына енді буржуазия мен ұсақ буржуазиялық революционерлердің біршама революцияшыл бөлігі келді. Бұлар халық бұқарасына — шаруаларға жэне қала кедейлеріне сүйенді.

Якобиншілдер үкімет басына келген кезең өте ауыр кезең  еді. Жирондистердің біраз бөлігі департаменттерге қашып барып, онда контрреволюциялық бүліктер ұйымдастыра бастады. Францияның 83 департаментінің 60 департаментінде бүлік болып жатты. Коалиция әскерлерінің де қаупі күшейді. Робеспьер 31 мамыр күні Конвентте сөйлеген сөзінде  бірдей  «азаматтар  бүндай  күнді ұсақ әңгімелер үшін текке жібермейік, бүл күн патриотизмнің тиранияға қарсы күресінің соңғы күні болар, бәлкім. Халықтың бақытын қамтамасыз ету үшін оның сенімді өкілдері топтаса түссін»—деп жалынды ұран тастады. Якобиншілдер мэлімдеме жасаумен шектелмеді, практикалық кимылдар жасауға көшті. Халықты өз жағына тартудың жолдарын қарастырды. Аграрлық мәселені батыл түрде шешуге бағыт үстанды. Шаруаларды феодалдық міндеткерліктен түпкілікті азат етіп, шаруалар өміріне байланысы бар феодалдық қркаттарды өртеп жіберуге қаулы алды, Робеспьер жеке жақтастары Жан Жак Руссо идеясында тәрбиеленген адамдар болғандықтан, оның теңестіру идеясын жүзеге асыруға тырысты. Ол үшін мынадай шараларды жүзеге асырды: байлардан еріксіз қарыз алу, прогрессивті — табыс салығын енгізу, қауымдық жерлерді жан басына бөлу, жерді үсақтау, мүрагерлік қүқықты шектеу, алып-сатарларға қатаң террор қолдану. Сондай-ақ, 1794 жылы 26 ақпан — 3 наурыз аралығында қабылданған вантоз декреттері бойынша күдіктілердің мүліктерін кедейлер арасында бөлуді көздеді. Әрине, бұл декрет жүзеге аспады, солай бола тұра біраз уақыт якобиншілдердің халық бұқарасымен байланысын қамтамасыз етуге көмектесті.

Сондай-ақ 1793 жылы 24 қазанда  жыл санаудың жаңа тәртібін енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім католик шіркеуі мен дінге қарсы күресте жаңа бір саты болды. Жаңа жыл санау 1792 жылғы 22 қыркүйек — республиканың жарияланған күнінен басталды. [3]

Жаңа күнтізбеде мынадай ай аттары енгізілді: күз  айлары, вандемьер (қыркүйек, қазан) — жүзім жинайтын кез; брюмер (қазан-қараша) — түмандар айы; фример (қараша, желтоқсан)— суық ай; қыс айлары: (ни-воз (желтоқсан, қаңтар) — қар айы; плювиоз (қаңтар, ақпан) — жаңбыр айы; вантоз (ақпан, наурыз) — жел айы; көктем айлары: жерминаль (наурыз, сәуір)—көк шыға бастайтын айлар; флореаль (сәуір, мамыр)—гүлдер айы; прериаль (мамыр, маусым) — шабындықтар айы; жаз айлары: мессидор (маусым, шілде) — егін жинайтын ай; термидор (шілде, тамыз) — ыстық ащ.фрюктидор (тамыз, қыркүйек) — тұқым айы (плодов). Буржуазиялық-демократиялық конституция қабылдады. Осының бәрі оларды халықтың қолдауын қамтамасыз етті. В. И. Ленин өзінің «Контрреволюцияның шабуылға көшуі» деген мақаласында «нағыз якобиншілдердің, 1793 жылғы якобиншілдердің, тарихи ұлылығы мынада; олар «халықпен бірге болған якобиншілдер», халықтың революцияшыл көпшілігімен бірге болған, өз заманының алдыңғы қатарлы революцияшыл топтарымен бірге болған якобиншілдер»—деп жазды олар туралы.

Халықты топтастыра түсуде конституцияның қабылдануы маңызды  болды. Бұл конституция 1791 жылғы конституциядан ерекше, Жан Жак Руссоның саяси идеялары — бостандық, теңдік жэне халық тәуелсіздігі принциптеріне негізделген өз заманының алдыңғы қатарлы құжаты болды. Республикалық қүрылыс заңдастырылды. Ең жоғарғы Заң шығарушы билік 21 жасқа толған еркектер сайлайтын Заң шығарушы жиналысқа берілді. Атқару кеңесінің мүшелерінің жартысы жыл сайын жаңарып отыратын болды.

Бірақ бұл конституцияның шектеулігі мынада: ол өзі жариялаған барлық демократиялық бостандықтардың орындалуына кепілдік бермеді. Еңбекші халықтың, қала кедейлерінің мүддесін айналып өтті. Бұл конституция жүзеге асып, өмірге енбеді, Конституция кағидаларын жүзеге асырып, қызығын көруге ішкі және сыртқы жағдай рұқсат бермеді. Кейін якобин диктатурасының өзі де күлап қалды. Дегенмен, конституция өмірге ене алмаса да, өз заманы үшін өте прогресивті, тарихи маңызы зор, кейінгі Еуропа мен Америка континенттерінде болған буржуазиялық-демократиялық революциялар үшін Темірқазық болды.

1793 жылдың жазы бойына  елдің жағдайы ауырлай түсті.  Контрреволюция бас көтерді. Интервенттер әскері қауіп төндірді. Осы жылы 13 шілдеде жирондистердің айдап салуымен кедейленген дворян қызы Шарлотта Кордэ өз үйінде ваннада отырған революция көсемі Ж. Поль Маратты қанжар сұғып өлтіріп кетті. Бұл оқиғаның қалай болғаыын білгісі келген оқушы А. Левандовскийдің «Сердце моего Марата» (М., 1979) деген кітабын оқыса болады. Өте жеңіл деректі мәліметтерді кең түрде пайдалана отырып жазылған кітап.

Париж және басқа қала тұрғндарын азық-түлікпем қамтамасыз ету қиындады. Тұрмыс жағдайы нашарлап, аштық күшейді. 1793 жылы сәуірде құрылған Дантон басқарып отырған Қоғамдық құтқару комитеті осы қиын кезеңде батылдық пен бастама жасай алмады. Дантон және оның серіктері орнынан алынып, Робеспьер, Сен Жюст, Кутон жэне басқалар Комитет басшылығына келгеннен кейін ғана жағдай біршама оңдалды, Республиканы қорғау мен соғыста жеңіске жету міндеті орындалды. Революциялық. террорлық шаралар алды. Мария Антуанетта өлім жазасына кесілді, Шарлотта Кордэ эшафотқа жөнелтілді. Алыпсатарлар үшін өлім жазасы белгіленді. Француз халқының әрбір өкілі әскерге шақырылу жайдайыыда дел жарияланды. Бұны француз халқы үлкен ерлеумен қарсы алды. Революция жылдарында өсіп шыққан талантты қарапайым халық өкілдері әскерде қолбасшылық қызметтерге батыл ұсынылды. Бұрыңғы ат айдаушы Лазар Гош 25 жасында генерал атағы беріліп, дивизия қолбасшысыиа тағайындалды, бұрынғы ұсақ саудагер Журдан 31 жасында Солтүстік әсксрге бас қолбасшы, Коғамдық құтқару комитетінде республиканы қорғау ісін ұйымдастырушылар атақты математик академик Лазар Карыо жэне 26 жасар Сен Жюст болды.

Информация о работе Аграрлық мәселенің шешімдері