Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:33, курсовая работа
Айтарлықтай айрықша болмаған және аз естілетін феодалдық құрылыс іштен қиратушы күштерді бүзып келді. Олар: ең алдымен Англияда пайда болып онан соң Европа континенттеріне жэне барлық жерге кіріп келіп, лезде капиталистік өндірістің қарқындылығы көтерілді, жұмысы жоғары деңгейде бөлінген ірі орталықтандырылған ману фактуралар жоғары машиналы техникаға өтуге істелінген; қолға азырақ жинақталған, саяси жағынан дүрыс емес, бірақ эканомикалық жағынан өте күшті класс үлкен буржуазиялық капиталды.
Кіріспе ……………………………………………………………………….. 3
I бөлім, ¥лы Француз буржуазиясының ревалюциясы …..……….……8
Ревалюцияның негізгі себептері……………………………..…………….8
Алдынғы қатарымыз буржуазия мен халық бұқарасының идеялары....15
II бөлім, Революцняның ахуал…………………………………………..…21
Ревалюцияның басталуы ұлы буржуазия өкімет басында…………..…21
Якобиншілдердің халықпен байланысы ……………………………….. 30
III бөлім. Аграрлық мәселенің шешімдері …………………………... 37
1792-1793 жылдар халық көтерілісінің шиеленісуі ………………….. 37
Якобиншілер диктатурасының ең жоғарғы кезеңі ………………... 43
Якобиншілердің агаралық саясаты …………………………………….46
Қорытынды ………………………………………………………………… 51
Сілтемелер …………………………………………………………………….. 54
Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………
Елдің солтүстік-шығысында мата, шілтер, жүн маталар өндіру ұлғая түсті. Лион жібек тоқу өндірісінің маңызды орталығна айналды. Орталықтанған ірі кәсіпорындар аз болды. Бұған корольдың қаружарақ шеберханасы, Брест пен Тулондағы металлургия заводтары жатты.
Елде қолөнер өндіртсі басым болды. Бірақ қолөнершілердің көпшілігі капиталистерге—алыпсатарлар мен шикізат тарйтушылардың кіріптарлығына түсті. Революция қарсаңында өнеркәсіпті ұйымдастырудың кең тараған түрі жүмысты қолөнершілрдің үйлеріне таратып беру болды.
Көтеген өндіріс ережелері бар ортағасырлық цехтардың сақталуы өнеркәсіпке айтарлықтай кедергі келтірді.
Франциядан астықты, шарапты және өнеркәсіп бұйымдарын шетке шығарудың өсуі француз буржуазиясының мықтап баюына әсерін тигізді.
Отарлармен сауда XVIII ғасырда 10 еседен астам ұлғайды. Бірақ шетке шығаруды негізінен корольдан отарларда қандай да болсын товарлармен сауда жасаудың айрықша правосын сатып алған компаниялар ғана жүргізе алды. Буржуазияның қалың бұқарасы бұл артықшылықты жоюды және барлық капитялистер үшін сауда кәсібіне толық бостандық беруді талап етті. Елде астық, шарап, өнеркәсіп товарларымен сауда жасау біртіндеп өсе берді. Алайда сансыз ішкі таможнялық баж салығы, елдің әр бөлігінде салмақ өлшемінің түрліше болуы оған кедергі келтірді.
Сеньорлар мен монастырьлар олардың иеліктері арқылы товар өткізгені үшін алым алды: провинциялардың шекараларында, қала заставаларында көптеген баж салығы алынды. Бір бөшке шараптың немесе бір қап астықтың бағасы алысқа тасымалдағанда бірнеше есе өсті. Ондаған мың солдаттар мен чиновниктер таможняларды күзетумен, баж салығын алумен шүғылданды.
Революцияның негізгі себептері, оның пісіп жетіле бастауы. Сонымен ауыл шаруашылығында да, өнеркәсіпке де, саудада да өндіргіш күштің өсуге кедергі болып келген ескірген феодалдық тәртіптерді жою қажеттігі пісіп жетті. Басқаша сөзбен айтқанда, өндіргіш күштердің өсуі ескірген феодалдық, өндірістік қатынастармен қайшылықта болды. Францияда пісіп жетіле бастаған буржуазиялық революцияның негізгі себебі, міне, осы еді. Жоғарыда айтылғандай, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы кайшылықтар XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының да себебі болған еді.
Қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы мен феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі-барлық буржуазиялық революциялардың негізгі себебі балды.
Король өкіметі феодалдық
тәртіптерді табандылықпен
Сословиелік құрылыс. XVIII ғасырдағы Францияда ауыл ша-руашылығындағы, өнеркәсіп пен саудадағы феодалдық тәртіптер ғана қоғамдық дамуға матау болып қойған жоқ. Оған дворяндар мен дін басыларының артықшылығы, абсолюттік монархия, бүкіл феодалдық-абсолюттік кұрылыс кедергі болды.
Францияда халықтың ортағасырлық сословиеге бөлінуі сақталып келді. Біріншісі — дін басылары, екіншісі - дворяндар еді. Бұл артықшылық жағдайдағы екі сословие халықтың 4%-ке жуығын құрады. Бұлар салық төлемеді. Мемлекеттің жоғарғы қызмет орны дворяндардың қолында болды.
Артықшылық жағдайдағы екі сословие бірігіп зиялылар мен шіркеу феодалдарының тобын қүрады.
Революцияның алдында-ақ. Көптеген дворяндар саудамен және жұмысымен айналысқан, жалдамалы еңбекті қолданған, сөйтіп абсолютизмге шек қоюға мүдделі болған Англиядан өзгеше, Францияда мүндай алдыңғы қатарлы немесе жаңа дворяндар аз болды. Барлық дворяндар дерлік шаруалардың феодалдық міндеткерлігі есебінен өмір сіүрді, сондықтан революцияға өшпенділікпен қарады.
Буржуазия, шаруалар, қолөнершілер, жұмысшылар барлығы жиылып үшінші сословиені қүрады.
Арамтамақ дворяндардың азғындауы жэне әулеттер. XVIII ғасырда дворяндар мен король өкіметінің беделі бірте-бірте кеми берді. Дворяндар азғындай түсті. Олар енді әскери қызметпен де, чиновниктік қызметпен де жанын кинағысы келмеді, король сарайының маңында тұруға тырысты, сөйтіп барған сайын пайдасыз, думанды сословиеге айналды. Феодалдық тэртіптердің озбырлығы нэтижесінде Францияның шаруашылық жағынан Англиядан артта қалуы соғыста жеңіліп қалуына жағдай жасады. Флот қүлдырап, ағылшын флотынан әлдеқайда әлсіз болды. Франция Англиямен Және Пруссиямен жүргізген Жетіжылдық соғыста (1756—1763) ауыр соққыға үшырағаннан кейін Канададан, Ост-Индиядағы барлық отарларынан дерлік айрылды. Бұл сәтсіздіктер буржуазияның наразылығын тудырды, әулетке шабуылды күшейтті. [6]
XVIII ғасырда король сарайы бұрынғыдан да сәнденді, алайда оның сырттай жарқыраған көрінісі тамыры терең кеткен іріп-шіруді және абсолюттік монархияның дағдарысын бүркемеледі. Король XV Людовик уақытының көбін ойын-сауықпен, аңшылықпен өткізді. Өкіметті министрлер мен корольдың сүйікті әйелдері басқарды.
Дворяндар мен
ақсүйектердің көпшілігі ойын-
Әдетте, жоғарғы мансап ақшаға сатылды, сатып алынды немесе сарай маңындағы байланыстар негізінен, көбіне тегіне немесе жеке өзінің өктемдігіне қарай ешбір қабілетсіз адамдарға таратылды, бұл әскери іс пен елді басқарудың күлдырап кетуіне себепші болды.
Үлде мен бүлдеге оранып, байлық қызығына шомылған ақсүйектер, болашаққа немқүрайды қарады. «Өзімізден кейін топан су қаптаса да мейлі» деген сөзді XV Людовик айтты деседі. Абсолюттік монархия мен феодалдық тәртіптерді талқандаған революция сол топаң су болды.
XV Людовик қайтыс болғаннан кейін мінезсіз, дөрекі XVI Людовик таққа отырды. Ой-өрісі тапшы және жалқау король мемлекет ісіне жолағысы келмеді, оны король советінде талқылағанда көңіл бөлмей, советте қалғып отыратын. Оның ең ұнататын кэсібі тамақты тоя жеу, аң аулау, ағаш ұсталығы болды. Ол халық тағдырына немқұрайды қарады.
Король саясатта өзінің
әйелі, Австрия принцессасы Мария-
Буржуазия және халық бүқарасы. Фраңцияның халқының саны жағынан көп, үшінші сословиеге жататын негізгі бұқарасы таптық құрамы жағынан эр текті болды. Онда көпестер, мануфактура қожайындары, банкирлер— буржуазия табы басшы жағдайда болды.
Елде қаланың ұсақ буржуазиясы — қолөнершілер, ұсақ дүкен ұстаушылар өте көп болды. Жұмысшы табы жаңа ғана қалыптаса бастады. Мануфактура жұмысшыларының, цехтың кіші шеберлері мен шәкірттерінің, деревня қолөнершілерінің, күндік еңбекпен айналысатын маусымдық жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні күн шыққаннан қас қарайғанша созылды. Қожайындар жұмысшыларға қысымшылық көрсетті, әрбір кемшілігі үшін айып салды.
Үшінші сословиенің қай тобы болса да дворяндар мен дін басыларының артықшылығын жоюға және король өкіметін тежеуге тырысты.
Сословиелік құрылыс пен абсолютизмді жою да пісуі жеткен буржуазияның революцияның аса маңызды міндеттерінің бірі болды. Алайда дворяндар мен король сарайы өкімет бөлігінен айрылғысы келмеді. Буржуазия революңиялық күреске аттануға дайын халық бұқарасынсыз феодалдык тәртіптерді құлатуды іске асыра алмады. Бірақ халық бұқарасы бытыраңкы болды, онда нақты қимыл программасы болмады. Мұндай жағдайда революцияны тек буржуазия ғана басқара алатын еді.
Францияда буржуазияның халық бұқарасымен бірге абсолютизм мен монархияға царсы күресуі үшін жағдай қалыптасты. Алайда буржуазия мен халықтың төменгі тобының мақсаттары мүлде басқаша еді. Буржуазия ешбір кедергісіз баю бостандығына үмтылды. Халықтың төменгі тобы да буржуазия сияқты, феодалдық тәртіптерді жоюға мүдделі болды, сонымен бірге мол байлыкқа да тежеу салғысы келді.
1.2. Алдынғы қатарымыз буржуазия мен халық бұқарасының
идеялары.
Католик шіркеуі абсолютизмді және феодалдық тәртіп атаулының бәрін қорғады, бұлардың бәрін де құдай жаратты деген соқыр сенімді халық арасында қолдауға тырысты. Алайда алдыңғы қатарлы жазушылар мен ғалымдар революциядан бұрын-ақ абсолюттік монархия мен феодалдық құрылысты сынай бастады. Ол ғылым мен оқуды дінге қарсы қоюды, көтеріліп келе жатқан буржуазия мен халықтың мүдделерін қорғап бас көтерді. Қоғамдық ойдың бұл бағыты Ағарту деп аталып, оның өкілдері тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен енді. Ағылшын және американ буржуазиялық революциялары идеяларының француз ағартушыларына айтарлықөтай ықпал етті.
Ағартушылардың феодалдық тәртіптерге қарсы, жеке кәсіп-керліктің еркіндігі, жеке адамды және қоғамды шіркеү мен абсолютизмнің езгісінен азат ету жолындағы жалынды сөздерінің аса зор маңызы болды — олар адамның ақыл-ойын буржуазиялық революцияға әзірледі. XVIII ғасырдың ағартушылары озық, идеялар ұсынды, яғни бұл идеялар күні өткен тэртіптерді жойып, неғүрлым прогресшіл тэртіптерді енгізуге бағытгалды.
Дворян-чиновниктің баласы, ол аса көрнекті ағартушының бірі болды. Монтескье өзінің шығармаларында абсолюттік монархияның кеселін-король өкіметінің бассыздығын, сарай маңындағылар мен ақсүйектердің жүгенсіздігін, әділетсіз басқыншылық соғыстарды келемеждеді, халықты күйзеліске үшыратқан салықтарды сынады.
Монтескье мемлекет құрылысының ең жақсы түрі Англиянікі сияқты тежеулі конституциялық монархия деп есептеді. Ол әсіресе, жеке меншіктің мызғымастығына және жеке адамның бас бостандығына— «заңның тыйым салатынынан» басқанын бәрімен айналысу мүмкіндігіне ерекше мән берді. Монтескьенің көзқарастары ауқатты самарқау буржуазияның және алдыңғы қатарлы дворяндардың — абсолютизмді тежеуді жаңтаушылардың көңіл құпия көрсетті. Оның идеялары бүкіл Европа мең Америкада кеңінен белгілі болды.
Вольтер (1694-1778). XVIII ғасырда көптеген саяси және тарихи еңбектердің, дастандардың, романдардың, повестер мен пьесалардың авторы Вольтер аса зор ықпалға ие болды. Оның шіркеуді және феодалдық тәртіптерді сынауы, өткір әрі қисынды баяндауы, тамаша әрі мэнерлі бейнелеуі оған өз заманының алдынғы қатарлы адамдарының «ақыл-ой тәңірі» деген даңқ әкелді. Шіркеулік түнекті, діни фанатизмді (бір беткейлікті) әшкерелеумен, дворяндардың және дін басыларының артықшылығын келемеждеумен Вольтердің даңқы шықты. Ол корольдық шіркеуге карсы «сұмырайды таптаңдар» деген ұран көтерді. Вольтер құдайды әрдайым табиғат құбылысы мен адамның әрекетіне араластыру жөніндегі шіркеу ілімін мазақ етті, алайда ол атеист болған жоқ. Ол дінді халық үшін, халықты көнбісті жағдайда ұстау үшін сақтау керек деп есептеді.
Оның мынадай сөадері көпке мэлім: «Егер күдай болмаған күнде, оны ойдан шығару жөн болар еді». Вольтер кедейдерді жиренішпеи «құлқұтан» деп атап, бұларды «дармен және тозқпен» қорқытып ұстау керек деді. Ол деревняға «күдайсыздарды» орналастыратын болсс, сол жалғыз деревняның өзін басқару мүмкін болмаған болар еді деді.
Ірі меншікті тежеу жөніндегі қандай да болсын пиғыл Вольтерге «байларды кедейлердің тонауын» қалайтын «жарлы-жақыбайдың» сәуегейлік ойы сияқтанып көрінді. Ол дворяндардың артықшылығы жөнінде: егер дворяндар «өкшесіндегі шпорын», ал шаруалар «ер-тоқымын» арқалап туатын болса, дворяндардың туа біткен праволарына сенуге болар еді дейтін. Дегенмен, ол феодалдық міндеткерлікті жоюды тегін жүргізбей, сеньорлардан сатып алу арқылы жүргізу қажет деп есептед. Вольтер тәртіптің өзгеруін революциядан емес, тақта отырған «білімді де білікті» патша ағзам-философтан (данадан) күтті.[9]
Вольтердің идеялары абсолюттік монархияның озбырлығын тежеуді, католик шіркеуінің ықпалын әлсіретуді, феодалдық тәртіптерді жоюды қалаған, бірақ халық бүқарасынан үрейленетін ірі буржуазия мен алдыңғы қатарлы дворяндардың көзқарасын көрсетті. Вольтер Монтескье сияқты революцияны қаламаса да, өзінің феодализмді, абсолюттік монархияны және католик шіркеуін сынауымен революцияның пісіп жетілуіне жағдай жасады. Руссо (1712—1778). Швейцариядағы қолөнерші-сағатшының баласы Жан Жак Руссо бала кезінен-ақ қара халыққа үйір болды, қаланың бай шонжарларының оларға қысымшылығын көріп өсті. Кейінірек Руссо Францияға орналасқанда дворяндардың дырдуманмен өмір сүруі оны таң қалдырды. Руссо дворяндардың азғындығы мен ысырапшылдығын айыптап, қарапайымдылыққа, сабырлылыкқа, табиғатқа жақын болуға шақырды. Ағылшын революциясындағы левеллерлер сияқты, ол да адамдар право жағынан тең болып туады, ел билігін өздері белгілеуге жэне тиранды қүлатуға халықтың правосы бар деп есептеді. Оның мұраты бай да, кедейі де жоқ тең праволы ұсақ меншік иелерінің қоғамы еді, мұнда бір-бірінің мүддесіне нұқсан келтірмей бәрі бірдей еңбектенетін болуы тиіс. Руссо ұсақ меншік қана заңды әрі эділетті деп есептеп, феодалдардың меншігін жоюға, бай капиталистердің мүлкі мен сән-салтанатына тежеу қоюға шақырды. Оның пікірі бойынша байларға салық ауыртпалығының мүмкіндігінше көп бөлігін салу үшін оларға үдеме салық салынуы тиіс.
Осының барлығынан Руссоның халықтың қалың бүқарасының— шаруалардың, қолөнершілердің мүдделері мен көңіл күйін білдіретінін көреміз. Оның кемшілігі қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуін болдырмай үсақ жеке меншікті сақтау мүмкіншілігіне сенуінде еді. Руссо жеке меншікке негізделген феодалдық жер иеленушіліксіз және сословиелік артықшылықсыз қоғам құруды тілеп, іс жүзінде ол буржуазиялық қоғамды нығайтуды уағыздады. Оның идеялары революцияшыл ұсақ буржуазияның туына айналды.