Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:38, курсовая работа
Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.
Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. СҰРАНЫС
1.1 Сұраныстың шамасы, сұраныс заңы................................................................6
1.2 Сұраныс факторлары.........................................................................................7
1.3 Сұраныс икемділігі мен түрлері.......................................................................8
ІІ. ҰСЫНЫС
2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы...............................................................12
2.2 Ұсыныс факторлары........................................................................................13
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі...........................................................13
2.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі..................................................15
ІІІ. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
3.1 Тепе-теңсіздік жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу...........................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
ҚОСЫМША А.......................................................................................................32
ҚОСЫМША В.......................................................................................................33
ҚОСЫМША С.......................................................................................................34
Аталған шағым бойынша Адам құқығы жөніндегі уәкіл мекемесі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне М-ның шағымында айтылған фактілерді тексеру өтінішімен сұраныс (06.04.2005 жылғы шығ. № 427/03-1052) жасалған. Бірақ Уәкіл осы сұранысқа жауапты Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінен емес Ш. ақын ауданының әкімінен алды. Осындай негізде, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 «Азаматтардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заң күші бар Жарлығының әрекетіне шағым жасалатын лауазымды тұлғаларға арызды жіберуге тыйым салатын 11-бабы бұзылды.
Ш. ақын ауданының әкімі Уәкілдің сұранысына берген жауабында М-ның лауазымды тұлғалардың өзара келісіп алушылық қатынастары, жеке өміріне араласушылық туралы айыптауы дәлелсіз және негізсіз болып табылады. Дегенмен М-ның арызына қосымша тіркелген құжаттарға қарап, Ш. ақын ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері таратып отырған М-ның отбасылық құпиясын құрайтын мәліметтер Солтүстік Қазақстан облысы Ш. ақын ауданы сотында қаралған. Осы шешімнің негізінде «Ш. ақын ауданы әкімі аппараты» ММ-нен М-ның отбасылық құпиясын құрайтын мәліметтерді жариялап, моралдық зардап келтіргеніне өтем ретінде 10 000 теңге өндіріліп алынды.
2005 жылы түскен арыздар бойынша Уәкілге жіберілген ұсыныстар саны ұлғайды. Ұсыныстар жіберілген мемлекеттік органдар мыналар: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Жоғарсы Сотының жанындағы Сот әкімшілік ету комитеті, Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті, әкімдіктер (Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары) дайындалған ұсыныстардың барлығы халықтың жекелеген топтарының: балалар, жүкті әйелдер, үйлері бұзылып алынған тұрғындар, оралмандардың құқықтарына қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығына Өзбекстан Республикасынан келген М. деген оралманға қатысты ұсыныс (13.09.2005 жылғы кіріс № 1472/03) жіберілді. Онда он жыл еңбек өтіліне және милиция майоры атағына, кәсіби біліктілігіне қарамай, екі елдің заңнамаларының айырмашылығына байланысты құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылдаудан бас тартқан. Сондай-ақ көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде арнайы салаларға кәсіби білікті оралмандарды тарту арқылы жұмысқа жаңа серпін енгізудің қолайлылығы атап өтілген. 2005 жылдың 19 қазанында жіберілген ұсыныстың жауабы Уәкілдің жазбаша ескертпесінен соң 12 желтоқсанда ғана қайтарылды. Онда М. ішкі істер органдарындағы қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет атқару туралы ережеге сай Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаларды білуіне тестілеуден өтті, бірақ белгіленген 70 %-дың 30% жауап бергендігі хабарланды. Осыған байланысты ол құқық қорғау органдарына қызметке алынбады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүкті әйелдердің еңбек құқығын қорғау қажеттілігі туралы, соның ішінде мерзімнің өтуіне байланысты жеке еңбек шартын бұзуға заңнамалық тыйымды енгізу туралы ұсыныс дайындалды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ҚР Еңбек кодексінің бастамашылқ жобасында жүкті әйелдердің еңбек құқықтарын қорғауға құқықтық кепілдікті күшейту бойынша министрлік қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алынды.
Келесі жағдайдағы жұмыс барысында өтініш иесінің құқығын бұзуға кінәлі лауазымды тұлғаны жазалау туралы өтінімнен тұратын уәкілдің жаңа қызметі қолданылды. Б-ның (08.06.2005 жылғы кіріс № 987/03) арызы бойынша уәкілетті мекеме жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша сот атқарушысының кінәсінен арыз иесі құқығының бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты Адам құқығы жөніндегі уәкіл ҚР Жоғары Соты жанындағы сот әкімшілік ету жөніндегі комитетке арыз иесі құқығының бұзылуына кінәлі сот атқарушысына тиімті тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жіберілді. Ұсыныс орындалды: Сарқанд аймақтық учаскесінің аға сот атқарушысы И. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әкімдерге жіберілген үш ұсыныс тұрғын үй құқығына қатысты Оңтүстік Қазақстан облысның әкімі Б.А. Жылқышиевқа жіберілген ұсыныс төрт балалы (оның бірі мүгедек) жалғыз басты ана, Н-ның арызына (04.07.2005 жылғы кіріс № 1126/03) байланысты. Уәкілге Н-ның жатақханада тұру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Дегенмен, қала әкімі ешқандай шара қолданбады, әкімнің бірінші орынбасары И. Әбішевтің қолы қойылған жауапта сот шешімі шыққанына байланысты арыз иесі жатақханадан шығарылатындығы туралы хабарланған. Осындай негізде әкімдіктің жауабынан Н-ға басқа тұрған жай бөлу туралы мәселенің қарастырылмағандығын, осыған сәйкес оларды жатақханадан шығарған жағдайда балалардың құқығы бұзылғандығын түсінуге болады.
Балалардың тұрғын үй құқығының бұзылғандығын көрсететін екінші арыз (03.06.2005 кіріс № 959/03) Л-ның оның мүгедек ұлы Т-қа тұрған жай беру туралы арызы. Дегенмен, бұл жағдайда да Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.С. Әшімовке жіберілген мүгедек бала Т-нің құқығын қорғау қажеттілігі, өмірін жеткілікті деңгейге көтеру және оның өзі мен отбасы мүшелерін тұрғын жаймен қамтамасыз ету туралы ұсынысы орындалмады. Ұсынысқа берілген жауап қойылған мәселелерді қамтымаған және жіберілген ұсыныспен мағынасы сәйкес келмейді. Сонымен бірге жауап бір ай кешіктіріліп жіберілген.
Астана қаласының әкімі Ө.Е. Шөкеевке жіберілген тұрғын үйлері алып қойылған азаматтарға қажетті өтемақы төлеу мәселесін шешу туралы ұсыныс та өз деңгейінде орындалмады. Астана қаласы әкімінің орынбасары қол қойған ұсынысқа қайтарылған жауап хатқа сәйкес жер учаскесіне базалық төлем көлемін мемлекет жер учаскелерін жалға беру кезінде бағалаушы мамандар анықтайды. Сол кезде базалық төлем көлемі түзету коэффицентімен қолданылады, онда көлемнің ұлғаюы немесе азаюы мүмкін.
Соның арасында, базалық төлем көлемі (кадастрлық құн) мемлекеттік қажеттілікке алынған учаскелердің құнын анықтау үшін негіз бола алмайды. Өйткені, ҚР Жер кодексінде бұл талап қарастырылмаған. Сондай-ақ, ҚР Жер кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесін сатып алудың бағасын анықтағанда, оған жер учаскесінің және ондағы мүліктің нарықтық құны қосылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 890 қаулысымен бекітілген базалық құн мөлшеріне сәйкес жер учаскесінің шаршы метрінің құны Астана қаласында 1180 теңге, Алматы қаласында 717 теңгеге бағаланған. Дегенмен, бұл бағалар нарық құнына сәйкес келмейді. Бұл мөлшерді қолдану мемлекеттік қажеттілік үшін алынған жер учаскелеріне сай келмейді және тек қана жер учаскелерін төменгі бағаға сатып алуға талпынатын жекелеген компанияларға ғана тиімді.
Сондай-ақ құрылыс фирмаларының мүддесі үшін алынатын жер учаскелеріне әкімдіктің қатынасуы тиіс мәселелер де бар. Нақты нарықтық құны белгіленген даулы жер учаскелерін аукциондарға салу әлде қайда объективті және мақсатқа сай болар еді. Онда жер учаскесінің нақты нарықтық құны анықталар еді.
Жалпы алғанда, үш ұсынысты да орындалмаған деп табамыз. Өйткені ұсыныстар жіберілген уәкілетті әкімдіктер жіберген жауаптар мерзімді бұзып, әкім орынбасарларының қолымен жіберілген, ал Адам құқығы жөніндегі уәкілдер туралы ереженің 5-тармағына сәйкес ұсыныстар жекелеген адамға: тікелей әрекетімен (әрекетсіздігімен) арыз берушінің құқығы мен бостандықтарын бұзған лауазымды тұлғаға жіберіледі. Аталған ереженің 26-тармағында Уәкілдің ұсынысқа жауап беру тәртібін нақты қарастырады: Уәкілдің ұсынысын алған лауазымды тұлға түскен күннен бастап, бір ай ішінде ұсынысты қарастырып және қарастыру нәтижесі туралы хабарламаны жіберуге міндетті. Уәкілдің ұсынысынан ауытқыған жағдайда лауазымды тұлға өзінің шешімін нақты дәлелдеуге міндетті.
Уәкілдің ұсынысына мемлекеттік органдардың жауап қайтаруы уәкілдіктің әкімдіктермен ынтымақтастығы әлде қайда тиімді екендігін куәландырады. Орталық мемлекеттік органдар өз қызметінің кемшіліктері туралы және соның салдарынан болған адам құқығының бұзылуы туралы нұсқаулықтарға жауапты қарайды және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін бар күшін салады. Ал жергілікті атқарушы органдар Уәкіл жіберген сұраныстарға кешіктіріп жауап береді, сондай-ақ Уәкілдің ұсыныстарын салғырттықпен орындайды.
Уәкіл сұраныстарын қарастыру кезінде әкімшілік рәсімдерді бұзу жағдайлары орын алды: мерзімді созу, қойылған мәселеден ауытқушылық, келтірілген дәлелдерді елмеушілік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, курстық зерттеу жұмысын жазу барысында жалпы сұраныс пен ұсыныс жайлы, олардың қызметтері мен тұтынушылар үшін мәнін анықтадым.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін атайды. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемнің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу оймен жасайтын жоспарды белгілейді. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелдеген гипотеза болып табылады.
Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы жағдайларды қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған тауар саны арасында белгілі бір байланыс ба-екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған % сатып алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп, (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар X игілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса – үш бірлікті, 20 теңге болғанда 4 бірлікті және т.б алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге болады.
Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді.
Жинақтау иивестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең. Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді. Өндірістік және капиталдық тауарлардық жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным боп аталады.
Сұраныс әңгіме болғанда, әрине, төлем қабілеті бар сұраныс туралы бо-лады. Сондықтан, жоғарыда көрсеткендей сұранысқа әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс та әрқалай өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланысты сұраныстың икемділігі туралы айтамыз. Мысалы бәрімізге жақсы белгілі, сатып алушылардың табыстарының өзгеруі, азық-түлік тауарларын сатып алуға, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс илікпелігі әдетте үлкен болады.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
Ал, ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтаймыз. Біз жоғарыда анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді. Шынында игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді:
1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;
2) технология;
3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;
4) салықтар мен субсидиялар көлемі;
5) сатушылар көлемі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н. «Қазақстан - 2030» Бағдарламасы//Алматы, 1998
2.
3. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
4. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
5. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
6. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.
7. Жүнісов Б, МәмбетовҰ, Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика
негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
8. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
9. «Қазақстан – 2030», Алматы - 1998
10. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
11. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
12. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,
Алматы - 2003.
11. Экономикалық тория негіздері /Оқулық/ Алматы – 1998ж.