Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:38, курсовая работа
Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.
Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. СҰРАНЫС
1.1 Сұраныстың шамасы, сұраныс заңы................................................................6
1.2 Сұраныс факторлары.........................................................................................7
1.3 Сұраныс икемділігі мен түрлері.......................................................................8
ІІ. ҰСЫНЫС
2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы...............................................................12
2.2 Ұсыныс факторлары........................................................................................13
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі...........................................................13
2.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі..................................................15
ІІІ. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
3.1 Тепе-теңсіздік жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу...........................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
ҚОСЫМША А.......................................................................................................32
ҚОСЫМША В.......................................................................................................33
ҚОСЫМША С.......................................................................................................34
Алдымен орта шығындар өте жоғары. Бұл үлкен тұрақты шығындардың болымсыз ендіріс көлеміне байланысты. Өндіріс өскен сайын трақты шығындар тез төмендеп, ең төменгі деңгейі М
2-сурет.
нүктесіне жетеді. Өндіріс өскен сайын орта шығындардың мөлшеріне тұрақты шығындар емес, өзгермелі шығындар әсер етеді. Сондықтан табыстар азаюы заңының әсер етуіне байланысты қисық сызығы жоғары қарай көтеріледі. Көңіл аударатын нәрсе, орта шығындар қисық сызығы орта тұрақты шығындар (АҒС) және орта өзгермелі шығындар (ЛУС) қисық сызықтарына тікелей тәуелді. Орта шығындар қисық сызығы кәсіпкер үшін үлкен маңызы бар, өйткені ол қандай өндіріс көлемінде бір өнімге жұмсалған шығындар ең аз болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Бір салада бірдей емес, әр түрлі фирмалар әр түрлі көлемдерімен, ұйымдасу дәрежесімен және өндірістің техникалық негізімен байланысты шығындардын әр түрлі деңгейімен әрекет етеді. Орта шығындардың деңгейімен теңесуі бұл фирманың рыноктағы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Жетілген бәсеке жағдайында бағаның қандай да болса қалыптасқан деңгейінде өндірушілер сол салаға енетін немесе одан ығыстырып шығаратын "сыртқы шек" деген болады. Бағаның көтерілуі жаңа фирмалардың пайда болуын, ескілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бағаның төмендеуі жоғары деңгейлі шығындары бар кәсіпорындарды зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап - кетуге мәжбүр етеді. 20-суретте фирманың рыноктағы үш жағдайы көрсетілген. Егер Р баға сызығының орта шығындар қисық сызығы ең төменгі М нүктесін жанап қана өтсе, онда шекті фирма дегенмен ісіміз болады да, ол бағаның осы деңгейінде тек өзінің ең төменгі орта шығындарын ғана жабады және оған осы салада қала ма жоқ па бәрі бір М нүктесі бүл жағдайда нөлдік пайда нүктесі боладй. Ерекше ескеретін жағдай, нелдік пайдз туралы әңгіме еткенде біз шекті фирма ешқандай пайда алмайды демейміз.
Өндіріс шығындарына, әдетте, тек қана шикізаттарға, саймандарға, жұмыс күшіне жұмсалған шығындар ғана емес, сонымен бірге фирма өз капиталын басқа салаларға салса, одан алатын процент қосылады. Басқаша айтқанда, "қарапайым пайда" тәуекел деңгейі бірдей барлық салалардағы бәсеке жолымен анықталатын капиталдың карапайымдылық қайтарымдылығы, немесе кәсіпкерлік факторының сыйы ретінде шығындардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Әдетте кәсіпкерлік фак-торы тұрақты фактор ретінде қаралады. Осыған байланысты "қарапайым пайда" тұрақты шығындарға жатқызылады.
Егер орта шығындар бағанадан төмен болса, онда фирма тепе-теңдік жағдайында бола тұра "Қарапайым пайдадан" жоғары пайда алады, яғни үстеме пайда немесе "квазирента" алады.
Егер фирманың орта шығындары өндірістің қандай көлемі болса да рыноктық бағадан жоғары болса, онда бұл фирма зиян шегеді және тарап кетеді, егер қайта құрылмаса немесе рыноктан кетпесе, орта шығындардың өсуі фирманың рыноктағы жағдайын сипаттайды, бірақ өзінен ұсыныс сызығын және өндірістің үйлесімді көлемін анықтамайды.
Шынында егер орта шығындар бағанадан төмен болса, онда осының негізінде р, ден р2 дейін аралығында өндірістің пайдалы аймағы орналасқан, ал өндірістің көлемінде, ең төмен орта шығындар сәйкес келетін, фирма жеке өнімге шаққанда ең жоғарғы пайда алады деп пайымдауымызға болады. Алайда бұл нүктесін — фирма өзінің тепе- теңдігіне жететін өндірістің үйлесімді көлемінің нүктесі АС деуге бола ма? Өндірушіні жеке өнімге шаққандағы пайда С оның ең жоғарғы деңгейдегі жалпы көлемі.
2.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі
Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе – теңдік орнатуға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуға мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе – теңдік. Рыноктағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты барлық уақытта қозғалыста болады. Бұл өзгерістер бір – біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір уақытта жинақтап қарағанда тепе – теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдай рыноктің тепе – теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе – теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе – теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе – теңдік жағдайында шаруашылық жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы - өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе – теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.
Тепе – теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен тұтынушылардың сұранысы өзгеруі мүмкін. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция, өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда осы абстракция рыноктық механизмнің қызмет етуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе – теңдік бағасының құрылу механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің қызмет етуін жалпы тепе – теңдікке жетудің аса маңызды шарт екенін сипаттайды.
Экономикалык әдебиеттерде рыноктық механизмнің мынадай анықтамасы жиі кездеседі: "Рыноктық механизм — шаруашылықты ұйымдастырудың түрі. Онда жеке тұтынушы мен өндірушілер рынок арқылы өзара іс-әрекет жасайды және экономиканың негізгі үш мәселесін шешуді мақсат етеді: "нені ендіру керек?", "қалай өндіру керек ?", "кімдер үшін өндіру керек ?".
Біздің пайымдауымызша, бұл анықтаманы былай айтуға да болады: рыноктык механизм — сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: не өндіру керек ?", "калай өңдіру керек ?" "және кімдерге өндіру керек ?" Бұл жерде басты мақсат — пайда болып табылады.
Рыноктық механизмде тепе-теңдіктің жалпы механизмі идеясы жатыр А.Смиттен бастау алатындығын бұрынғы тақырыптар да айтқанбыз. "Адам өзінің мүддесін көздеп отырып", "іс жүзінде көбінесе қоғам мүддесіне қызмет жасайды, тіпті оны саналы түрде жасағысы келгенге қарағанда"
Жалпы тепе-теңдік теориясы қалайша рыноктық шаруашылықтың практика жүзінде әр адамның және әр кәсіпорынның жеке іс-әрекеті негізінде экономикадағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Олар барынша өнімін пайдалығын көздейді. Нарықтық жүйе тепе-теңдігінің тұтынымға, ресурсқа, өндіріс технологиясы тапсырысы туралы болып отыр. Бұл өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарының барлық тауарларына сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деген сөз.
Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең манызды элементтері. Рынок - өндіруші мен тұтынушылардың арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бұл баланстыдық сыртқы кұбылыста сұраным мен ұсыным арасының сәйкес болуы ретінде байкалады. Себебі, ұсыным мен сұраным арнайы - өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың - рыноктық түрі болып келеді және сұраным мен ұсыным өндіріс пен ұсыныстың ара қатынасы түрінде де кездеседі.
Сұраным мен ұсыным дегеніміз не, олар қалай анықталады жәнс оларға қандай факторліір әсер етеді?
Сұраныс — ақшалай қамтамасыз етілген төлем кабілеттлігігі бар тұтыныс. Құндық тұрғыда сұраныс осы тауарлардың сомасын құрайды. Тауардың рыноктық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынас болып, ол сұраным сызығы (қисығы) деп аталады.
3- сызба солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа төмен қарай
3 – сызбада көрсетілгендей, Р бағасы сұраным мөлшері Q -ге сәйкес болса, баға Р2> Р1 сұраным мөлшері дәл келіп тұр. Тауар бағасы көтеріңкі болса, оған сұраныс аз болады. Сұраным заңы бойынша, әдетте тауарға баға төмендегенде, тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған сұраныс азаяды. Сұраныс қисығы бір орында тұрмайды: әр уақыт сайын қозғалып отырады.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан — рыноктық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — рыноктық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне фрапцуз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек еөдірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.
Алайда нақты рыноктық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады — табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның, бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сәй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады". Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мелшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің, идеалды моделі барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқадай құрылымын қарастырады; "табыстар - сұраным", бірақ "табыстар - жинақтау" емес.
Жинақтау иивестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардық жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным боп аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным - жинақтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.
Жиынтық сұраным тауар мен қызмет керсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Басқаша айтар болсак, тепе-теңдік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді. Практикада мынандай жағдайлар кездеседі: егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық колдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-теңдігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-теңдігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайына бару керек. Кей кезде еңбек ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жарайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістеріннің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады.Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
• өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
• өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
• бәсекеге төзімді өнім өндіру;
• өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
• пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады: