Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:38, курсовая работа
Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.
Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. СҰРАНЫС
1.1 Сұраныстың шамасы, сұраныс заңы................................................................6
1.2 Сұраныс факторлары.........................................................................................7
1.3 Сұраныс икемділігі мен түрлері.......................................................................8
ІІ. ҰСЫНЫС
2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы...............................................................12
2.2 Ұсыныс факторлары........................................................................................13
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі...........................................................13
2.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі..................................................15
ІІІ. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
3.1 Тепе-теңсіздік жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу...........................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
ҚОСЫМША А.......................................................................................................32
ҚОСЫМША В.......................................................................................................33
ҚОСЫМША С.......................................................................................................34
1) тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);
2) ұнайтын және басымдық беретін нәрселерінің өзгеруі;
3) бағаны және тапшылықты күту;
4) жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;
5) субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының өсуі;
6) сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б.
Сұраныс көлемінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық. Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауарлардың санына көбейткенге немесе Р х 0 көбейтіндісіне тең. 1 а -суретте бағаның екі рет құлдырауы, сұраныстың да екі рет екенін, ал жалпы саудадан түсімнің өзгермегендігін сипаттайды. Су-ретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет қана өсуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Басқа жағдай 1 в-суретінде көрсетілген. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен сұраныс көп өсті.
Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.
Сұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті, сұраныстың өзгеруінің осы езгерісті шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді.
1.3 Сұраныс икемділігі мен түрлері
Икемділік коэффициенті тауарға сұраныстың мөлшері тауар бағасы бір процентке өзгергенде қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бағаның кемуі дәлме-дәл сұраныстың өсуімен өтелгенде, ал жалпы саудадан түсірген сома өзгермегенде (1 а-сурет), сұраныстың бірлік икемділігі туралы әңгіме болады. Ал бағаның кемуі сұраныстың аз өсуін шақырса (1 б-сурет), сұраныс икемділігі бағаның кемуі сұраныстың артық өсуін шақырса (1 в-сурет), онда сұраныстың икемділігі туралы айтамыз:
Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстын икемділігі ол рынокқа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Е5) ұсыныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған баға өзгеріске қатынасын көрсетеді.
1-суретте әр түрлі икемділіктегі ұсыныстың үш сызығы көрсетілген. Тауар ұсынысының икемділігі көп факторларға тәуелді: әр түрлі кәсіпорындардағы жекелеген шығындардың жіктелуінен, өндірістік қуаттардың толық істеуінен, еркін жүмыс күшінің болуынан, капиталдың бір саладан екінші салаға тез ауысуынан және т. б.
Сұраныс әңгіме болғанда, әрине, төлем қабілеті бар сұраныс туралы бо-лады. Сондықтан, жоғарыда көрсеткендей сұранысқа әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс та әрқалай өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланысты сұраныстың икемділігі туралы айтамыз. Мысалы бәрімізге жақсы белгілі, сатып алушылардың табыстарының өзгеруі, азық-түлік тауарларын сатып алуға, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс илікпелігі әдетте үлкен болады.
Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады.
Бұл жерде Ед — сұраныс икемділігінің табысқа байланысты коэффициенті, е — сатып алушылардың табысы.
Тауарлардың басым бөлігінде табыстар мен сүраныстың арасындағы тікелей тәуелділік бар, яғни табыс өсуімен сұраныс көбейеді. Алайда, кейбір жағдайларда кері тәуелділік болуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай елдің кедей бөлігі тұтынатын, тұтыну қасиеттері төмен, тауарларға қатысты. Табыстар өскен сайын картоп, нан сияқты тағам өнімдеріне сұраныс азаяды, өйткені тұтынушылар өз рациондарына көп ет, көкөніс және жеміс-жидектер кіргізуге мүмкіндік алады.
Сұраныс икемділігімен тауарлар бағаларының тербелуі басқа тауарлардын бағаларының өзгеруіне әрқалай әсер етеді. Мысалы, икемсіз сұраныс пен тауар бағасы өссе, онда осы тауарды сатып алу шығыны өседі, ал бұл тұрақты табысқа баска тауарларға сұранысты азайтады және олардың бағасын төмендетеді.
Сонымен, бұл бөлімді қорыта келе, сұраныс әңгіме болғанда, әрине, төлем қабілеті бар сұраныс туралы айтамыз. Сондықтан, жоғарыда көрсеткендей сұранысқа әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс та әрқалай өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланысты сұраныстың икемділігі туралы айтамыз. Мысалы бәрімізге жақсы белгілі, сатып алушылардың табыстарының өзгеруі, азық-түлік тауарларын сатып алуға, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс илікпелігі әдетте үлкен болады.
Икемділік сұраныс пен бағаның, ұсыныс пен бағаның, бағалар мен жалақының ара тәуелділігін көрсетеді. Ол бағаның өзгеруіне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың өзгеру деңгейінің шапшаңдығын сипаттайды. Сұраныстың проценттік өзгерісінің, бағаның проценттік өзгерісіне еселік қатынасы, бағаға байланысты сұраныстың икемділігі, немесе, икемділіктің
коэффициенті болып табылады. , немесе Құрылымын талдатуы сәтсіз бітті (белгісіз жете\nablaQ): E_d=\frac {%\nablaQ Q} {%\nablaP P}
бұнда Ed — бағаға байланысты сұраныстың икемділік коэффициенті; Q — тауарға сұраныстың көлемі; Р — тауардың бағасы. Икемділіктің бірнеше типтері болады.
• бірлік икемділік-бағаның әрбір 1%-ке өзгеруіне сұраныстың көлеміде сонкес 1%-ке өзгереді (Ed=l).
;
• сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі бағаның проценттік өзгерісінен тез жүріп отырса сұраныс икемді болады (Ed>l).
;
• икемді емес сұраныс — сұраныстың көлемінің проценттік өзгерістері бағаның процентгік өзгерістерінен төмен болады. (Ed<l).
;
• өте икемді емес сұраныс - Бұл бағаға қандай өзгеріс жүрсе де, сұраныстың көлемі өзгермегені (Ed=0).
;
• шексіз икемді сұраныс — Бұл баға өте аз өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз коп өзгеруі (Е_d=∞).
Құрылымын талдатуы сәтсіз бітті (сөз кенінің қатесі): E_d= \frac{% \nabla Q}{% \nabla P} = \frac{4%}{0}=∞
Графиктер және келтірілген формулалар мынаны көрсетеді:
• сұраныс көлемінің өсуіне сәйкес бағада пропорционалды түрде төмендеп отырады;
• сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе жылдам жүреді;
• сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе баяу жүреді;
• бағаның өзгерісі сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етпейді: тамақ өнімдері (нан, картоп, жарма);
• жалақы көбейгенде, әл-ауқат жоғарылағанда, сұраныс өсуі мүмкін.
Осыдан мынадай қортынды жасауға болады: Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға сұраныс өссе, бірақ тауар өндірушінің жалпы табысы өзгермесе, онда осындай сұраныстың икемділігі бірге тең болады; егер бағаның төмендеуінің нәтижесінде тауарға сұраныс өсуімен қатар тауар өндірушінің жалпы табысы да өссе, онда бағаға байланысты сұраныс икемді болады: егер бағаның төмендеуі тауарға сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің жалпы табысы төмендесе, онда тауарға осындай сұраныс икемді емес болғаны.
Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардын бағасы төмендеп ал, алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады.
ІІ. ҰСЫНЫС
2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы
Ұсыныс дегеніміз - сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді.
Ұсыныс заңы -ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық сызығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен жағдайда), сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады.
Ұсыныс – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі.
Жалпы түрі:
Оs=f(Р)
Ондағы: Оs - ұсыныс шамасы (suррlу);
Р - баға.
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады (2-сызбада көрсетілген) Қосымша 2.
Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұраққты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауарды бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады.
Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа фактордлар әсер еткендегі толық өзгеруі немес жылжуы [9].
Ұсыныс қисығы {sиpplу сиrvе) - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тәуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тәуелдіні (ұсынысты) - көлденең оське орнату қабылданылған.
Бейнеленген S қисығы (ағылшынның suрplу сөзінен) белгілі бір уақыт ішінде сатылған Х игілігінің сатылу көлемі (мысалы, 2002 ж. 1 қаңтары) мен баға деңгейін сипаттайды. Оның еңкеюі оң, бұл өндірушінің жоғарырақ бағамен игіліктердің көбірек көлемін сату жөніндегі ниетін білдіреді. Бағадан басқа ұсынысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді.
2.2 Ұсыныс факторлары
Ұсыныс қызметі (Sиррlу Fипсtіоп) ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді. Шынында игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді:
1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;
2) технология;
3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;
4) салықтар мен субсидиялар көлемі;
5) сатушылар көлемі.
Ұсыныс барлық осы факторлардың қызметі болып табылады:
Qs = f (P, Pr K, T, N, B)
Ондағы: Р - игіліктің өзінің бағасы;
Р - ресурстар бағасы;
К - қолданылатын технология сипаттары;
Т - салықтар мен субсидиялар;
N - сатушылар саны;
В - тағы басқа факторлар.
Егер сатып алушыны тауарды алғанда бәрінен бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы болса, онда сатушы (өндіруші) үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруші рынок бағасының деңгейіне іс жүзінде әсер ете алмайтын болғандықтан, нақ осы өңдіріс шығындарының деңгейі пайда мөлшеріне де, өндірісті ұлғайту мөлшеріне де, анықтаушылық әсерін тигізеді. Сонымен, жиынтық ұсыныс жекелеген фирмалардың рыноктағы ұсыныстарының жиынтығы ретінде ақыр соңында өндіріс шығындарының деңгейіне тәуелді болады, ал ұсыныс қисық сызығы, шығындардың өсуімен тікелей байланысты. Ұсыныс пен өндіріс шығындарының өзара байланысының негізгі принциптерін кеңінен қарайық.
Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар басқару және әкімшілік қызметкерлерінің акысы кіреді. Егер абцисс өсіне өнім көлемін ал ординат өсіне шығындарын салсақ, онда тұрақты шығындар ҒС абцисс параллель тік сызық болып көрінеді.
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші мен шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланыстың өзгермелі шығындар тұрақты шығындарға қосылған, сон-дықтан тұрақты шығындардың сызығының үстінде бейнеленген. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен өте тез өседі, сосын өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ары қарай өнімділіктің азаю заңының әрекеті бас-талғанда, өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады. Жалпы барлық шығындар (ТС) өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығын көрсетеді. Шығындардың біркелкі емес өзгеруі мынаған әкеледі: өндіріс көлемі ескен сайын өнімге жүмсалған шығындар, немесе орта шығындар оседі. Орта шығындар жалпы шығындардың өндірілген тауарлар санының қатынасына тең болады. (АС = AVC). Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барынша азайтуға тырысады. Орта шығындар қисық сызығы әдетте, V бейнелі формада болады.