Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:38, курсовая работа
Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.
Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. СҰРАНЫС
1.1 Сұраныстың шамасы, сұраныс заңы................................................................6
1.2 Сұраныс факторлары.........................................................................................7
1.3 Сұраныс икемділігі мен түрлері.......................................................................8
ІІ. ҰСЫНЫС
2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы...............................................................12
2.2 Ұсыныс факторлары........................................................................................13
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі...........................................................13
2.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі..................................................15
ІІІ. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
3.1 Тепе-теңсіздік жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу...........................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
ҚОСЫМША А.......................................................................................................32
ҚОСЫМША В.......................................................................................................33
ҚОСЫМША С.......................................................................................................34
• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
• өндірістің өсуі — өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
• кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
• ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады. Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз ерекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке» деп атауға болады:
• бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;
• тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
• бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
• тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
• бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
• келісім бойынша ездері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалануына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс — бәсекелік қабілетгін, ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді: • жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
• әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
• сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айрылады;
• сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмінің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалып тасу шарты болып табылады. Осының нәтижесіңде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
• қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
• тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
• тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
• өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемішіліктері: ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
• қоршаған ортаны қорғауда неғативтік бағытта болады;
• ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
• фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
• әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», тағы басқа. Осы қатынастар өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныс түрін алады. Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды: - сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа — азырақ алады;
- ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.
Мысал ретінде сұранысты сатуға дайындалған тауарлардың саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай қатаң байланысты көрсетеді:баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысы болады.
Кесте 1. Пачкадағы шайға сұраныс пен ұсыныс
Баға | Сұраныс | Ұсыныс | Баға | Сұраныс | Ұсыныс |
0 | 40 | 0 | 70 | 20 | 30 |
10 | 35 | 10 | 90 | 10 | 35 |
30 | 30 | 20 | 100 | 5 | 45 |
50 | 25 | 25 |
|
|
|
Баға өскенде сұраныс төмендейді, ұсыныс өседі. ДД — сұраныс қисығы: SS — ұсыныс қисығы. Сұраныс қисық сызығымен ұсыныс кисық сызықтарын бір-бірімен беттестіру арқылы нарықтық тепе-теңдікті белгілеуге болады. Ол ДД мен SS қисық сызықтарының түйіскен Е нүктесінде болады. Е нүктесіндегі баға тепе-теңдік баға деп аталалы. Осы нүктеде сұраныс пен ұсыныс арасында нарықтық тепе-теңдік орнайды. Баға 25 болғанда A, В, көлемінде тапшылық пайда болады, баға 70 болғанда АВ көлемінде артықшылық. туады. Осьшақ корытынды: еркін бәсекеде нарықтық механизм, бағаның ауытқуы мен ұсынылған тауарлардың көлемінің өзгерулері арқылы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатады, нарық тепе - теңдікке жетеді.
ІІІ. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
3.1 Тепе-теңсіздік жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу
Осыған дейін көрсеткендей, бәсекелі рыноктагы тепе-теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамыз. Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймыз. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамның қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін, бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылықта болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық ғылымда шекті пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауардың соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып шекті пайдалылықтың азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы кемиді.
Тұтынылған тауардың саны өскен сайын, жалпы (қосындылық) пайда-лылық өседі, бірақ пайдалылықтың есімі (торланған тікбұрыштар) әрбір жаңа бөлік тауарда нөлге жеткенше, қыскарады. Егер игілікті шексіз кіші бөліктерге бөлуге болады деп жорамалдасақ, онда жалпы пайдалылықтың өсуінің бәсеңдеуін баспалдақты диаграмма түрінде емес, үздіксіз дөңес сызық ретінде бейнелеуге болады.
Осы айтқандардан шығатын қорытынды: шекті пайдалылықтың мөлшері тауардың саны мен соған қажеттіліктің дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен бірге адамның әр түрлі қарқындылық дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктердің қарқындылығын бағалау субъективті болғанмен, объективті түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем қажеттіліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшеді, осындай қимылдардың арқасында ен соңында тұтынылған игіліктердің шекті пайдалылығы бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып алғанда, әр түрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына бөлсек, онда елшенген шекті пайдалылық табамыз. Осыны еске ала отырып, әрбір тұтынушы жекелеген тұтыну түрлерін қашан шекті пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша, немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңітеді.
Маржиналистік теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін сандық өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деп нені есептеу керек, яғни қандай алшем бірлігінде игіліктердін шекті пайдалылығы бағалануы және салыстырылуы керек? Осындай көрсеткішті табуға бола ма. Осы сұрақтардың жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа бөлінді: кардиналистер және ординалистер.
Жалпы тепе-теңдік — Бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс араларындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен кызметтердін. ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Жеке тепе-теңдік — жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірлетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының оскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуынын азайуын нанның сатылуының көбейуімен жабуға болады.
Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді:
а) қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, тағы басқа); қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әр түрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.
Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, тағы басқа тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады.
Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 25-тармағының түсінігі бойынша өтініш жөніндегі өндірісті екі сатыға бөлуге болады: өтініште жазылған фактілерді тексеру және егер адам құқығы бұзылған болса, ұсыныстар әзірлеу. Бірақ, көп жағдайларда бұзылған құқықтар сұраныспен жұмыс жасалып жатқан сатыда мемлекеттік органмен қалпына келтіріледі.
Есеп беру кезеңінің ішінде 683 сұраныс пен 6 ұсыныс дайындалып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілді. Сұраныстардың көпшілігі бұрынғыдай ҚР Бас прокуратурасына (сұраныстардың жалпы санының 31 %), Ішкі істер министрлігіне (13%), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді (12%), әкімдіктер (12%), ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілік ету жөніндегі комитетке (11%) жіберілді.
Кері беталысқа белгіленген мерзімді бұзған мемлкеттік органдардың жауаптарының санын көбейтуге жатқызуға болады. 2003 жылы бұл көрсеткіш мемлекеттік органдардан хат алғандардың жалпы санының 6,91%-ды, 2004 жылы – 7,89%-ды, 2005 жылы 9,95%-ды құрады.
Көбіне жіберілген сұраныстардың жалпы санына қатысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінен (3-тен 2-нің мерзімі бұзылған), Мемлекеттік мұрағаттан (7-ден 3) ҚР Сыртқы істер министрлігінен (5-тен 2) мерзімі бұзылған жауаптар алынды.
Құжаттарды қарау мерзімдерін бұзу үлгісі ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілік ету жөніндегі комитетінің кеш әсер етуі болып табылады. Талдықорған қаласы соты шешімінің орындалмауына арыз жасаған К-ның арызы бойынша (24.08.2005 жылғы кіріс № 1407/03) 2005 жылғы 25 тамызда Уәкілге Комитетке өтініште мазмұндалған фактілерді тексеру туралы сұраныс жасалған. 2005 жылғы 17 қазандағы өтінішті қарастыру мерзімін бұзуға жол бермеу туралы ескертуге қарамастан Комитеттен ақпарат тек 2005 жылғы 2 қарашада ғана алынды. Осындай негізде арызды қарау екі ай мерзімге созылды.
Осыған ұқсас бұзушылықтар Т-ның оның Жамбыл облысы ҰҚКД Талас АБ аға уәкілі болып жұмыс істейтін ұлы Ж-ның қызметік міндетін атқару барысында автоапаттан қайтыс болғандығы хабарланған арызын (30.03.2005 жылғы кіріс № 500/03) қарастыру кезінде де орын алған. Арыз иесінің пікірі бойынша оның ұлының қайтыс болу факті бойынша тексерісті Жамбыл облысы ҰҚКД қайтыс болған азаматтың отбасына біржолғы өтемақы төлеуден бас тарту мақсатында объективсіз жүргізді. 2005 жылғы 15 сәуірде осы арыз бойынша адам құқығы жөніндегі Уәкілді мекеме ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сұраныс (шығ. № 500/03-1091) жіберді. Аталған сұранысқа Уәкілді мекеме екі айдан соң тек қана ҚР ҰҚК-не сұранысқа заңнамамен белгіленген мерзімде жауап беру қажеттігі туралы ескерту жасағаннан кейін ғана жауап алынды.
Г-ның арызы (23.06.2005 жылғы кіріс № 008/02) бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі мерзімін бұзып жазбаша ескертуден кейін екі айда жауап жіберді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі И-ның арызы (14.03. 2005 жылғы кіріс № 400/03) бойынша мерзімді бұзып, жазбаша секертуден кейін екі аптада жауап берді. Әкімшілік тәртіптерді ұқсас бұзушылықтар Қостанай облысы әкімі аппаратының жұмысы кезінд К-нің арызы (04.04.2005 жылғы кіріс № 546/03) бойынша, Бас прокуратурада Ж-ның арызы (кіріс №1113/03-591 (2) бойынша орын алды.
Өтініш иелерінің олардың құқықтарының бұзылғандығы туралы айтылған өтініштеріне мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немқұрайлы-лығын мынадай мысалдармен анық білуге болады. И-нің оның ұлы Б-ды соққыға жығу фактісі жөніндегі арызы (08.09.2005 жылғы кіріс № 1452/02) бойынша Уәкіл ҚР Ішкі істер министрлігіне сұраныс жіберілген. Бірақ арызды ҚР ІІМ бір департаментінен екінші департаментіне жіберу барысында құжаттардың жартысы жоғалып кеткен. Уәкілетті мекеме құжаттарды ҚР Ішкі істер министрлігіне қайта жіберді. Материалдардың жоғалуы нәтижесінде арызды қарау мерзімдерді созылып кетті, жауап баяндаманы дайындау сәтінде алынған жоқ.
Сұраныстарды қарастыру кезінде іс-әрекеттері арыз иелерімен шағым арыз беретін мемлекеттік органдарға қайта басқару тәжірибесі сақталуда. Осындай мемлекеттік органдардың жауаптары, тәртіп бойынша объективті емес және мәлімет ретінде қабылдана алмайды. Адам құқығы жөніндегі уәкілге М. өзінің көп балалы отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесі бойынша Ш. аудан әкімінің аппаратына бірнеше рет өтініш жасағандығы айтылған шағым (30.05.2005 жылғы кіріс № 427/03-913 (3) жасады. М. өз шағымында ауылдық округ пен аудан басшылары тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзудың, лауазымды тұлғалардың өзара келісіп алғандарының, М. отбасының жеке өмірлеріне заңсыз араласудың көптеген фактілерін көрсеткен. Шағым иесінің пікірінше Ш. аудан әкімі аппаратының және К. ауылдық округ әкімдігінің лауазымды тұлғалары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына объективті емес ақпарат ұсынған, сол ақпараттың нәтижесінде М. отбасына тұрғын үй жағдайларын жақсартудан бас тартылған.