Шағын бизнесті дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:24, курсовая работа

Описание работы

Мен Курыстық жұмысымның тақырыбын ,,Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы,, деп алдым. Қазіргі жағдайда капитализімге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып ұсақ және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды .Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы . Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардын болуы дүниежүзінің практикада экономикалық тиімді ісі болып табылады .

Содержание

Кіріспе
І. Шағын бизнестің: мән – мазмұны , ерекшеліктері
1.1 Шағын бизнестің маңызы мен белгілері
1.2 Шағын бизнес ісінің экономикалық сипаттамасы
ІІ. Шағын бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптасу мәселелері , дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің рөлі
2.2 Шағын бизнес проблемаларды және оларды шешу жолдары
2.3Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік динамикалық түрде дамуы
2.4 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірбиесі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

00.К.Р. Шағын бизнесті дамыту.DOC

— 236.00 Кб (Скачать)

      — жұмыссыздық, жұмыспен қамту проблемаларын, нақты аумақтардың әлеуметтік проблемаларын  психологиялық және социологиялық  әдістермен зерттеу, зерттеулер мен  ұсыныстар;

      — кадрларды, әсересе жұмыстан шығын  қалған жастарды оқыту, даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

      Табиғатты ұтымды пайдалану және табиғат қорғау:

      — экологиялық бағдарламаларды әзірлеу  мен жүзеге асыруға қатысу, тәуелсіз экологиялық сараптама жасау;

      — экологиялық таза өндірістік-технологиялық  жабдық, суды тазарту, сүзу және қайталап пайдалану құралдарын әзірлеу мен өндіру;

      — аумақтық экологиялық кәсіпорындар мен экологиялық таза аймақтар жасау;

      — табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, табиғат қорғау аймақтарында жерді қалпына келтіру.

      Сыртқы  экономикалық қызмет:

      — сыртқы экономикалық қызметке, әсіресе  аймақ пен қала проблемаларын  шешуге мүмкіндік беретін бағыттарда, қатысу;

      — қала проблемаларын өзара тиімді негізде шешу үшін шетелдік кәсіпкерлерді, қорларды, қоғамдың ұйымдарды тарту;

      — бөлінген валютаны қала қажетіне пайдалану;

      — жобаларға алдын-ала сараптама  жасау және жаңа өндірістік қуаттар  жасау үшін шетелдік инвестицияларды  тарту жөнінде келісімдер жасасу, бұл жағдайда кәсіпкерлік жобаларға  сараптама жасау функциясын осы  салада тіркелген, қаланы басқару органдары сенетін консалтинг фирмаларына жүктеген жөн.

      Халықтың  тауарлар мен қызмет жөніндегі қажеттерін қанағаттандыру:

      — түпкі тауарлар өндіру, жұмыс істеу, қызмет көрсету;

      — тұтыну тауарлары мен қызмет рыногын  ұлғайту, қала   тұрғындарының  дәстүрлерін, талғам-талаптарын ескере жоғары сапалы тауарлар өндіру;

      — қызмет көрсетудің және халықтың әлеуметтік қажеттерін қанағаттандырудың жаңа түрлерін енгізу.

      Кәсіпкерлерді шикізатпен және тауармен қамтамасыз ету:

      — аумақаралық сауда мен аумақ  ішіндегі сауданы және биржалар арқылы шикізат пен тауар   алмасылуын қамтамасыз ету;

      — қала тапсырыстары бойынша жұмыс  істейтін шағын және орташа   бизнес  кәсіпорындарын  материалмен және техникамен, соның ішінде коммерциялық   негізде, кепілді түрде қамтамасыз ету;

      — тауармен және шикізатпен қамтамасыз ету, ресурспен жабдықтау, шикізатты кешенді, соның ішінде қайталап пайдалану мәселелері бойынша   кәсіпкерлік  құрылымдарды үйлестіру.

      Инновациялық  және ақпараттың қызмет:

      — ақпараттық, коммерциялық, технологиялық  және салааралық байланыстарды, соның ішінде аймақтан тыс жерлерде, әзірлеу мен жүзеге асыру;

      — жоғары технологиялы өнімдер, ноу-хау, патенттер саласындағы деректер мен ақпаратты дамыту;

      — инновациялық қамсыздандыру — несиелер, субсидиялар, бағдарламалар,   үйлестіруші,   консультациялық көмек;

      — ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпараттық-коммерциялық орталықтар ұйымдастыру;

      — өндірісті мамандандырудың, шоғырландырудың  және коперациялаудың прогресті  түрлерін дамыту;

      — жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдарына инновацияларды жоспарлау және оларды материалдық ресурстармен қамтамасыз   ету жөнінде   ұсыныстар жасау.

     Қазақстандық  Шағын  бизнес пен шетелдік тәжірибелер хақындағы пікірімізді "жаңа қазақстандық менталитетке" қатысты "күтпеген", эрі тосын да тың ойлардан бастамақпыз. Оның басты себебі Батыстың немесе Шығыстың дамыған елдерімен салыстырғанда бізде элі күнге дейін шағын және орта бизнестің "философиясы " мен өзіндік "идеясы" жоқ. Қазақ бизнесінің философиясы тақырыбына қалам тартып жүрген А. Ысқақов деген қазақстандық автордың пікірінше: "Қазақ бизнесінің философиясы дегеніміз -шексіз құнығу, сән - салтанат пен тәтті және эдемі өмір сүру, бет - пердесі айқара ашылған индивидуализм немесе жеке бас қамы" Егер біздер бүгінгі қоғамымызға жаппай етек алып отырған "қалың - бұқаралық " шоу - мәдениет пен оның түбірлі тірегі - аса индустриалды американдық нарықтық өркениетті және оған қоса "батыстық рационализм" мен жеке басты күйттейтін "жаңа бағдарламалық модельдер" жиынтығын ойға ала кеткен жөн.

     Келесі  бір көңіл бөлетін мэселе қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі. Баршаға мәлім, бүгінде Қазақстан 60 - астам халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Әлемдік даму және қайта жарақтандыру Банкі (МБРР), Халықаралық Валюта Қоры (МВФ), Европа Даму Банкі сияқты беделді қаржы банкілерінің мүшесі болып отыр. 1988 жылы тұсауы кесілген "Шағын" кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор дүниеге келісімен - ақ шағын және орта бизнеске бағытталған несие беріле бастады. Мәселен, Европа Даму Банкі (ЕБРР) қазақстандық кәсіпкерлерге шағын несие (микрокредит) беру мақсатында аталмыш қорға 77,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Сонысмен қатар қазақстандық "Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор" Азия Даму Банкінің 50 млн. долларға жуық екінші транпын да дәл осы шағын жеке орта бизнеске бағыттауға шешім қабылдады. 1998 жылдың үш айында аталмыш қор шағын және орта бизнесті 136 жобаға 1,3 АҚТТТ доллары көлемінде несие берді. Жоғарыдағы цифрлардан көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің халықаралық қаржы ұйымдарынан несие алуында ешбір мін жоқ. Тіптен ТМД - ның Әзірбайжан, гзбекстан, Ресей сияқты елдерімен салыстырғанда, бізде де елеулі ілгерілеу байқалатындай. Сөйте тұра, қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлер "бэз - баяғысынша" шамадан тыс көп салықтан бастап, кәсіпорындар мен фирмалармен тікелей қарым- қатынас жүйесіндегі сансыз қолбайлаулардан ешбір көз ашар емес. Бұл сала жалпы мемлекеттік бюджеттен де жылдар бойы өзіне тиісті "үлесін" ала алмай келеді. (Мысалы үшін: Европаның Дания, Швецария және Франция тэріздес ""социализмге біртабан жақын" елдерінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекеттіқ бюджеттен

     белгші  бір мөлшерде қаржы бөлінді. Мамандардың  мэлшдеушше 1999 жылдыңқаңтарына дейін  жалпымемлекеттік салықтар мен оны  жинау ең бастысы -бюджеттік республикалық бюджетке басты назар аударылған. Ал бюджеттің екінші тобына кіргізілгендердің ішінде шағын орта бизнесті дамытуға қажетті -іс - шаралар бар. Түйіндеп айтар болсақ, мемлекеттік дәрежеде қамқорлық болмаған соң шағын және орта бизнестің халықаралық сахнаға шығу -шықпасы екіталай.

     Соңғы жылдары қазақстандык шағын бизнесті латынамерикандық тэжірибелерімен  салыстыру сияқты "жаңа үрдіс" пайда болды. Егер біздер, негізінен, тарихи факторларға ғана сүйенсек, мұның өзі заңды да. Әңгіме -импорттың орнын басарлықтай индустриалдық тұрғысында. Шынында да бұл елдердегі индустриалдық даму мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асты. Оның артында элемдік бэсекеге төтеп беру мақсатындағы қамқорлық тұр. Алайда, "латынамерикандық модельді" "қазақстандық модельге" жақындастыруды жақтаушылар бүрыңғы Португалия мен Испания отарларында XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бері негізінен "А" тобына жататын салалардың үстемдік етуіне жол берілгендігін және мұндай біржақты бағыттың соңғы елеулі қиыншылықтарға мұрындық болғандығы ұдайы ескеріле бермейді. Екіншіден, өкінішке орай, бүгін де оларды біздермен "тонның ішкі бауындай " "туыс" етіп тұрғаны тек "әлеуметтік дифференциацияға ғана". Соңғысы тарихи КСРО кезеңінен -ақ өз бастауын алды. Оған төмендегі мына бір кестенщ көмепмен көз жеткізуге болады.

         Келтірілген мәліметтер біздерді жақындастырған институционалды құрылымға тікелей қатысы бар: популистік тэжірибелер, этатизм мен солшыл экстремизм және жекеменшіктен басқа да ерекше факторлардың жеткіліктілігіне, атап айтқанда, бұл елдердегі әлеуметтік құрылымдардың тёк жобалап айтқанда ғана біздермен туыстығына көзімізді жеткізіп отыр. Бір ғажабы, Қазақстан дербес ел ретінде бөлініп шыққанына қарамастан аталмыш коэффициентке қатысты үрдістер сол баяғы қалпында жалғасын табуда. Негізгі қалыптасып отырған ахуал осындай халде болғандықтан курстық жұмысымыздың өзекті негізі - шағын және орта бизнеске қатысты шетелдік тәжірибелер хақында Қазақстанды Латын Америкасы сияқты әлемнің өзіндік бір ерекше аймағымен салыстыру – дәл бүгінде оңай шаруа болмаса керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                 Қорытынды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған істер, қол жеткен табыстармен қатар  әлі де осы саланың дамуына  бөгет жасап отырған,   шешуі  табылмаған мәселелер де көп екені форумға қатысушылар сөзінен   айқын байқалады.  Өзінің сөзінде ел басы  Н.Назарбаевта ондай мәліметтердің көп екенің айтып, олардың негізгі екі себебіне тоқталды.

Бірінші – қызмет бабы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен  байланыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлерн мен ұйымдар тарапынан  тойылмай отырған зорлық – зомбылығы.

Екіншісі  –орталықтан қаржыландырудың және сауда айналымына  ғана емес, ұзағырақ мерзімге несие беру мүмкіндігің  жоқтығы. Сондай –ақ кәсіпкерлер  мүддесін қорғайтын сот ретінде еңгізу керек, кәсіпкерлер мен тексерушілер органдар арасындағы даулы мәселелерді  ашқ процесстерде  қарайтн сот арнайы әкімшілік сот жүйесін құру да қажет және ондай сот әкімшілік жаза қолданатын құқығн болуы шарт.

Қызметкерлердің  саны аз кәсіпорындардың қызмет облысы экономикасын дамытуға әзірше үлес қоса қойған жоқ деп атап көрсетуге болады. Зандық нормативті – құқықтық бозаның, кіші бизнесті дамытудың қаржы – несиелік және инвестициялық механизімдерінің жетілмегендігі, сондай- ақ  экономикада болып жатқан дағдарыстың құбылыстар кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға кері әсерін тигізеді. Соның өзінде де кіші бизнес дамуы үстінде, экономиканың және заңдық механизімдерді жетілдіріп икемді салық саясатын қолданған кезде, нарық экономикасының маңызды болуына тиіс.  Мемлекеттік емес сектордың дамуы жаңа жұмыс орындарын жасау есебінен бәсекелесу қабілеті төмен адамдар ( жастар, зейнеткерлер, балалар, балалы әйелдер)  үшін еңбекке арнаулы мүмкіндігін ала отырып, белгілі бір дәрежеде еңбек нарығында  шиеленісті бәсендетеді.

Қазақстан Республикасындағы    шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы  щеберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуда қамтамасыз ету, экономикада оның үлесің ұлғайту, жаңа жұмыс орның саның арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үсітінде. Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомативтің нақ өзі.    
 

                    
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі 

     1. 1997 жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралың заңы.

     2.     Садуақасов А. Шағын бизнесті  шарықтатудың АҚШ-тық әдісі қандай? // Заң газеті. - 2003 - 19 желтоқсан, № 76-77.

     3.     Сахариев  С.С.,  Сахариев А.С.  Әлем  экономикасы  (оқулық)  І-бөлім.  Алматы: Дэнекер, 2003.

     4.     «Шағын кәсіпкерлік» Нысанбаев  С.Н., Алматы: Қазақ Университеті 2002

     5.     Жатканбаев Е.Б. Малое предпринимательство:  теория, мировой опыт и Казахстан.  А: Қазақ университеті, 2001

     6.     Кенжегузин М.Б. Экономика Казахстана  на пути преобразований. А.: ИЭ  МОНРК,2001

     7.     Назарбаев Н.А.  Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,   қауіпсіздігі  және   эл-ауқатының   артуы.   Ел  Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. А.: Білім, 1997

     8. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. Астана: Елорда, 2001

     9. Сакенов М. Семейный бизнес итальянцев. Промышленность Казахстана, 02.2003

     10.  Туржанов   С.   Малый   бизнес   должен   развиваться   не   вопреки,   a благодаря... Промышленность Казахстана, 02.2003

     11. Кәсіпкерлік     ерекше     экономикалық     құбылыс.     Группа     авторов преподавателей КазГУ. Алматы - 1999 г.

     12.   Қаржы-қаражат. 5/2001

     13. Қазақстан Республикасының Заңы „Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы"    Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы // Егемен Қазақстан.- 2002. -10'шілде:'

     14. Статистический ежегодник, Алматы, 2004//Статистическое Агентство.

     15.   Жолдасбаева Г.Ө. „Кәсіпорын экономикасы,,: Алматы, Экономика, 200316.  Қазақстан   Республикасы   Президенті   мен   Қазақстан   Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы. 2003- № 49

     17.  Предпринимательство в Республике Казахстан / КазГАУ; Окав К.О. и др. - Алматы : Экономика, 2000

     18.   Предпринимательство в Республике  Казахстан : По сост.на 1 июля 2003 года. - Алматы: Юрист 2003

     19. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктің пайдаланатын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі. //Егемен Қазақстан.-2003.-17 сэуір.

Информация о работе Шағын бизнесті дамыту