Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі------------------5
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі -------------------------------------------------8

ІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі-------------------------------------12
2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы---------------------------------------15
2.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтың орны----------------------19

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------------26

Работа содержит 1 файл

Мемлекет. роли.doc

— 724.00 Кб (Скачать)

        мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   5.   Механикалық көлік құралдары  мен тіркемелерді мемлекеттік  тіркегені 

          үшін алым.

   6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын  көлемді кемелерді мемлекеттік

       тіркегені үшін алым.

   7.    Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік  тіркегені үшін алынатын алым,

   8.  Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік  тіркегені үшін алым.

   9. Автокөлік құралдарының Қазақстан  Республикасының аумағы арқылы

       жүру алымы.

   10. Аукциондардан алынатын алым.

   11. Елтаңбалық алым.

   12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу қүқығы үшін лицензиялық

         алым.

   13. Телевизия және радио хабарларын  тарату ұйымдарына радиожиілік  спектрін пайдалануға рұқсат  беру үшін алым.

      3. Төлемақылар:

   1.  Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

   2.  Жер бетіндегі көздердің су  ресурстарын пайдаланғаны үшін  төлемақы.

   3.  Қоршаған ортаны ластағаны ушін  төлемақы.

   4.  Жануарлар дүниесін пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   5.  Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

   6.  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемакы.

   7.   Радиожиілік: спектрін пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   8.   Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   9.   Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру  үшін төлемакы.

   4.    Мемлекештік баж.

   5.   Кеден төлемдері:

   1.    Кеден бажы.

   2.    Кеден алымдары.

   3.    Төлемақы.

   4.     Алымдар.

    Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міңдетті төлемдердің сомасы "Бюджет жүйесі туралы" Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

        Салықтың қайта бөлу қызметі  – салық механизмі арқылы мемлекеттік  бюджетке жалпы ұлттық өнімнің  едәуір бөлігін жұмылдыруда тұр.  Батыста және біздің елімізде  мемлекеттік бюджет арқылы жалпы  ұлттық өнімнің 30%- тен 50%- ке дейінгісі қайта бөлінеді. Салық түсімі есебінен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, денсаулық сақтауға, ғылымға, басқару аппаратын ұстауға, экологияға, зейнет ақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеуметтік саладағы мезгіл – мезгіл шиеленісіп тұратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесін ескере отырып жеке табыстарды барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.            

      Салық, бюджет, қаржы заңдарын дайындауда  экономикалық принциптермен қатар салық жүйесін құрудың ұйымдық принциптерін таңдау шешуші орын алады. Салық жүйесі қоғамның саяси құрылымы мен түріне, міндеттері мен мақсаттарына, жүргізіліп отырған экономикалық саясат бағытына байланысты қалыптастырылады. Демек, салық формаларын таңдаудан «салық» және «салық салу» категорияларының экономикалық мәні туындайды.

        Қазіргі кезде  Қазақстан Республикасы  салық жүйесінің негізін  заңды  тұлғалардың  табысына  салынатын салық, жеке тұлғалардан түсетін табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы құрайды.

        Салықтар  салық  жүйесі ретінде  қарастырылып  жүзеге асырылады.  Олардың өмірге  келуі  қоғамдық  қажеттіліктерді  өтеуді қамтамсыз  ету мұқтажынан  пайда болған, салықтардың  осы қабілеті фискалды функция  деп танылады. Сонымен бірге, салық  функциялары қатарына  экономикалық, реттеу, қайта бөлу,  бақылау функциялары қосылады.      
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Нарықты экономика мен оның салаларының  дамуын мемлекеттік реттеудің жалпы заңдылықтарын, теориялық-методологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжы-рымдар жасауға мүмкіндік береді.

    І. Әлемге әйгілі экономист-ғалымдардың  адамзат тарихында таза нарықтық экономиканың болмағаны және жоқ екендігі туралы сенімді пікірлерін ресми түрде тану керек сөз әр елдің табиғи-тарихи, геосаяси, этно-демографиялық, экономикалық, техногендік, әлеуметтік, интеллектуалдық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып шаруашылық жүргізудің жоспарлы және нарықты модельдерін жете үйлестіру туралы болуы мүмкін; шаруашылық жүргізу модельдерінің орнын ауыстыру эволюциялық жолмен жүргізілуі керек. Айта кететін бір жайт, бұл ұғымдарды қазіргі кезде алдыңғы қатарда саналатын нарықты экономикасы дамыған елдердің бірнеше ғасырлық тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғұлама ғалым-экономистер қалыптастырған.

    2. Шаруашылық жүргізудің моделін,  әдістері мен экономикалық механизмдерін  таңдау олардың жағымды және  жағымсыз салдарларын алдын ала  болжауды және тыңғылықты ғылыми нақтылауды талап етеді. Осы талаптың орындалмауы, бір мезгілде жоспарлы басқарудан бас тарту және жедел түрде нарықты экономиканы құруға ұмтылу ақырында бұрынғы Одақтың республикаларының экономикасын терең дағдарысқа ұрындырды. Экономиканың, оның салалары мен аймақтарының дамуын жалпы мемлекеттік жоспарлау қажеттігін түсіну, бізге экономикалық және әлеуметтік аспекті бойынша өте қымбатқа түсті.

    3. Мемлекеттің заң шығару және  атқару қызметі мына бағыттарға  бейімделуі тиіс: өндіріс құралдарын  жекешелендіру мен нарықтық қатынастарды дамыту "төменнен жоғары қарай", яғни табиғи-эволюциялық жолмен жүргізілуі керек; жекешелендіру процесі әкімшілік жеделдету элементтерінен арылуы және меншік субъектілерінің өндірістік қызметіне бағытталуы тиіс; шетелдік инвестициялар өндірістік бағытта пайдалануы керек.

    4. Макроэкономикалық және оның  салалық-аймақтық секторларының  дамуын стратегиялық жоспарлауға  деген жалпы мемлекеттік көзқарас  әлі өте төмен деңгейде және  оны әдістемелік қамтамасыз ету  жаңа қолға алынуда. Дегенмен, бұл өте маңызды сфера өзінің ғылыми-теориялық, методологиялық, ұйымдастырушылық базасын құруды талап етеді.

    Экономиканы мемлекеттік реттеу мен оны стратегиялық жоспарлау мәселелері экономика  ғылымының арнайы саласының объектісі  ретінде ресми статусқа ие болуы керек. Ол жас экономист ғалымдарды тарта оты-рып монографиялық және диссертациялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді және де осы мәселелер бойынша фундаменталды оқулықтар мен оқу құралдарын жасауға септігін тигізеді. 

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР-ның  Конституциясы;

2. Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі  Қазынашылық Депортаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 нұсқаулығы

3. Қазақстан  Республикасының Бюджет Кодексі,  Алматы - 2006;

4.ҚР  –ның қаржы министрлігінің бұйрығымен  бекітілген, толықтырулар енгізілген жергілікті бюджеттің қаржылық органдардағы бухгалтерлік есеп бойынша № 288 24.06. 19998 ж. Нұсқаулығы

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264 бұйрығымен бекіткен және нұсқаулыққа Казақстан Республикасы Каржы министрлігінің 1997 жылғы 26 ақпандағы N 49 бұйрығы

7. Республикалық  және жергілікті бюджеттердің  қаражаттары есебінен ұсталатын  ұйымдардағы бухгалтерлік есеп  жөніндегі нұсқаулық, Алматы, «Қаржы  – қаражат»//1998

8. Қазақстан Республикасының  ағымдағы жылға «Республикалық бюджет жайлы есеп» заңы

9. Дүйсенбаев  К.Ш. «Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдау» Алматы –  2001

10. Ілиясов Қ., С. Құлпыбаев // «Қаржы»,  Алматы - 2003

11. Қазақстан  Республикасының  Заңы «2005 жылға  арналған республикалық  бюджет туралы»

12. Кеулімжаев  К.К. «Қаржылық есеп» Алматы  – 2001

13. Мырзабай  Л.У. «Мемлекеттік  қаржы  жүйесіндегі   бюджеттік  процедурасының  орны  мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.

14. Қазақстан  Республикасының бюджетін жақсарту// Қаржы – қаражат, 2004

15. Бюджет заңына біраз өзгеріс енгізілді// Егемен Қазақстан, 2006-сәуір

16. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет//Алматы, 2006

Информация о работе Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі