Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі------------------5
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі -------------------------------------------------8

ІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі-------------------------------------12
2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы---------------------------------------15
2.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтың орны----------------------19

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------------26

Работа содержит 1 файл

Мемлекет. роли.doc

— 724.00 Кб (Скачать)

    МАЗМҰНЫ 
 
 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3 

І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ   МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ

1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі------------------5

1.2 Макроэкономикалық  реттеу тәсілі -------------------------------------------------8 
 

ІІ  ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК  РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

2.1 Экономиканы  қаржылық реттеу ерекшелігі-------------------------------------12

2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы---------------------------------------15

2.3 Экономиканы  мемлекеттік  реттеудегі салықтың  орны----------------------19 
 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------------26 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында  макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

    Өзінің  тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

    Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысаңдар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

    Кірістер  мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысаңдары мен әдістерін пайдаланады.

      Бюджет жүйесі туралы заңға  сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан  тұрады:

    1) түсімдерден: кірістерден; алынған  ресми трансферттерден (гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер  бойынша негізгі борыш-ты өтеуден;

    2) шығыстардан және кредит беруден:  шығыстардан кредит беруден;

    3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);

    4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.

    Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытга санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.

    Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

    Зерттеу жұмысының мақсатына – экономиканың дамуындағы мемлекеттің рөлі мен  негізгі қызметтерін зерттеу  болып табылады.

      Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда қарастырылған зерттеу жұмысының мақсатына байланысты мына міндеттер қойылды:

  • Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлін анықтау;
  • Экономикадағы мемлекеттік реттеу нысандарының түрлерін, нысанын, сипаттамасын зерттеу;
  • Мемлекеттің экономикалық мазмұнын зерттеу т.б.

      Курстық жұмыс құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ   МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ

1.1 Нарықтық экономика  дамуындағы мемлекеттің  негізгі рөлі 

    Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы  мен даму барысы, сондай-ақ, олардың  арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды сіздің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті.

    Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік  беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған   қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізаты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті.

    Мемлекет  тарапынан экономикалық процестерді  реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

    Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

    Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.

    Нарықтық  экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі:

    Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады.

    Екінші  нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.

             Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.

      Нарықтық экономикадағы мемлекеттің  рөлі — бұл макроэко-номикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

      Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың  алғышарттары  болып табылады:

    1.   Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін есепке алу.

    2. Қоғамның барлық  мүшелерінің түпкілікті  мүдделерін білдіретін  қоғам дамуының  гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

    3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

    4.  Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

    Қаржылық  реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен  қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

    Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен  мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

    - материалдық өндіріс сферасында  жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының жалпы деңгейін реттеу;

    - өндірістік сферадағы монополиялық  қызметті экономикалық шектеу;

    - кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы  экономикалық қызметін реттеу, олардың  құқықтық және келісімшарт тәртібін  қамтамасыз ету;

    - кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

    - кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың  ақшалай ресурстарын бөлудің   ішкі өндірістік арақатысын реттеу;

    - ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық  және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

    Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

    а)     экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

    ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;

    б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден басқа қызметтің  бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін  барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер  меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;

    в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық  кооперация мен еңбек бөлінісінің  артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты  дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

    Әдетте  реттеу процесі объективті және субъективті  факторлардың, экономиканың жұмыс істеу  шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан  осы негіздемелер бойынша мемлекеттік  реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Информация о работе Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі