Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі------------------5
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі -------------------------------------------------8

ІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі-------------------------------------12
2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы---------------------------------------15
2.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтың орны----------------------19

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------------26

Работа содержит 1 файл

Мемлекет. роли.doc

— 724.00 Кб (Скачать)

    Мемлекет  кірістерінің мәні.

    Мемлекет  қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара  тығыз байланысты екі процесс  пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

    Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

    Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нөтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

    Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.

    Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары  да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді  төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.

    Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың  қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен  байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен  бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

    Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.

    Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

    Мемлекет  кірістерінің басым бөлігін түрлі  деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.

    Табыстар  ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.

    Мемлекет  кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.

    Мемлекет  табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.

    Мемлекет  өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.

    Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар  жатады:

    1) мемлекеттік кәсіпорындар мен  ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары түріндегі табысы;

    2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);

    3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінім алымы);

    4) бюджеттік мекемелердің үй-жай  үшін жалгерлік төлемді, қосалқы  шаруашылық табыстарын және басқаларды  қамтитын арнаулы қаражаттары.

    "Мемлекеттің  кірістері" мен "Мемлекеттің  қаржы ресурстары" ұғымдарын ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары — уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.

    "Қаржы  ресурстары" ұғымы мазмұны жағынан "мемлекеттің кірістері" ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы,  мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті, тәркіленген, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып са-налынбайды, өйткені бұлар — қарыз қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкі шаруашылық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады.     

    Мемлекет  кірістерінің көзі ұлттық табыс болып  табылады, ал қаржы ресурстары жалпы  қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

  
 

2.2 Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы 

    Мемлекеттік  бюджет  жүйесі ақша қаражаттарын қайта бөлуді эко-номикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның ғылыми жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек. Еліміз қайта құру кезінен бастап 2000 жылдың басына дейін толық ауқымды төңкерісті анықтайтындай кезеңдерді бастан өткерді.

    Қазір Қазақстан бюджет жүйесін, сондай-ақ еліміздің экономикасын жаңадан  сапалы түрде реформалау арқылы төңкерістің  соңына таяп қалды. Бюджет процесін оң-тайландырудың  ең негізгі мақсатының бірі - мемлекеттің  қаржы ресурстарын қайта бөлу кезіндегі мемлекеттің тиімділігінің жоғарылауы. Бюджет саласын жоғары-ату факторларына әр түрлі көзқарастар бар. Ең негізгісі -қаржыландыру көлемі, екіншісі - бюджет қаржысын бөлу бағыттарын   болжауды   негізге   алу.

    Бюджет  процесін қарастырғанда, мемлекеттік  қаржыландырудың экономикалық нысандарын оңтайлы іріктеу туралы сауалдың алатын орны ерекше. Оның шешімі бюджетті қалыптастырудың процесін өтеп алуға берілген. Осыған сәйкес, бәсекелік, нарықтық экономиканың қозғаушысы сияқты, бюджеттік процесс - бюджеттік қаражатты ұтымды бөлудің тетігі болып табылады.

    Қазақстанның  әлеуметтік  саласы  қаржыландыру  механизмінің ерекшелігіне  тоқталатын болсақ, 2000 жылға  дейін негізгі  қаржыландыру көзі  болып бюджеттен  тыс қорлар, яғни  зейнетақы,  әлеуметтік  сақтандыру,  жұмыспен қамту, міндетті  медициналық  сақтандыру сияқты қорлары  есептелді. Ал бүгінгі  таңда мұның  бәрі  әлеуметтік салықпен ауыстырылған (ставкасы - еңбек ақы төлеу қорынан 21 %) және қаржыландырудың негізгі көзі болып мемлекеттік және жергілікті бюджет көзге түседі. Осы әлеуметтік аяны бюджетпен қаржыландыру қажеттілігі, қоғамдық тауар ретіндегі әлеуметтік қызметтердің қасиеттеріне және олардың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне тікелей байланысты. Қазіргі уақытта бюджеттік қаржыландыруды шектеу, әлеуметтік аядағы мекемелердің атқаратын нарықтық қызметін кеңейтудің тұрақты тенденциясын қалыптастырды.

    Қазақстандағы әлеуметтік саланы қаржыландыру деңгейі  төмен екендігін көреміз. Әлеуметтік шығындардың ішіндегі ең ірісі болып  әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек, одан соң білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ақпаратпен қамтамасыз ету баптары орын алады.

    Мемлекеттік бюджет түсімдері және олардың көздері

    Бюджет  кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.

    Бюджет  кірістерінің басты материалды көзі — ол ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының қәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпымемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.

    Бюджетке  түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

    Бюджет  түсімдерінің негізін салықтар мен  алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен телем телеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалған.

    Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі  капитал сатудың кірістеріне, ресми  трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде  берілген ақшаларға бөлінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.

    Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың  дамуын баяулауға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға нз болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады.

Информация о работе Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі