Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің негізгі рөлі------------------5
1.2 Макроэкономикалық реттеу тәсілі -------------------------------------------------8

ІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Экономиканы қаржылық реттеу ерекшелігі-------------------------------------12
2.2 . Экономиканы бюджеттік реттеу маңызы---------------------------------------15
2.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтың орны----------------------19

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------------26

Работа содержит 1 файл

Мемлекет. роли.doc

— 724.00 Кб (Скачать)

    Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

    Қаржылық  реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.т.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетке — қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта — тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда — сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары [5].

    Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.

    Нарықтық  экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен  әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеуіштер ақша (қолма-қол және колма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктегі ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.

    Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын берілді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.

    Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

    Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

    Реттеудің ішкі шаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді. 
 

    1.2 Макроэкономикалық  реттеу тәсілі 

           Нарықтық экономиканы реттеу процестерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда (схемаларда) ғана болатынын есте сақтаған жөн.

    Макроэкономикалық тепе-тендіктің жай-күйі мынадай  аса маңызды экономикалық параметрлерді  теңдестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақаты-настардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-теңдікті тудыратыны анық.

    Батыстың  қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске  әсерін түсіндіру үшін "мультипликатор" ұғымы пайдаланылады.

    Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен аныктаудан барып шығады:

    1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті эқономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;

    2)  кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

    Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шыгыстардың мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.

    Бірінші критерий бойынша ЖҮӨ-нің  құны мына формула бойынша қалыптасады:

    ЖҰӨ (GNP) = С+Ig+ G+Хn

    Мұндағы: С — үй шаруашылығының немесе елдің  бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;

    Ig — жалпы жекеше ішкі инвестициялар;

    С — тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік  көтере сатып алу (өндірісті арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);

    Хn — таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.

    Барлық  кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау арқылы жасалады:

    1)  тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);

    2)  бизнеске салынатын жанама салықтар;

    3)  жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;

    4)  ренталық төлемдер;

    5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу);

    6)   меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;

    7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидендтер, бөлінбеген пайда).

    Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.

    Инфляцияны  немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ керсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.

    Мультипликатор  іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге  шекті бейімділік" — МРS және "тұтынуға шекті бейімділік" — МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде — тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады.[7]

      

    Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы  көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның  үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің  шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын  дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.

    Салықтар  тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге  және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын  тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.

    Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың  графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің  еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы  салық мулътипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді [2].

    Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:

    mt= ТхМРС,

    мұндағы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.

    Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы  мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің  шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мультиплика-торының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 млрд. теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

    тbс+ тt= 1

    Мұндағы: тb — теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы;

    тс— шығыстардың мультипликаторы;

    тt - салықтардың мультипликаторы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК  РЕТТЕУДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

2.1 Экономиканы қаржылық  реттеу ерекшелігі 

    Қазіргі уақытта Қазақстанның  қаржы  жүйесі басқа  ТМД   елдерімен  салыстырғанда неғұрлым реформаланған  және дамыған жүйе болып табылады. Жеке  тұлғалардың  депозиттеріне ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі табысты жұмыс істеуде.

    Ипотекалық  кредит беру және  вексельдік  қайта  қаржыландыру жүйесі дамып келеді. Почта – жинақ жүйесін дамыту жөнінде белсенді жұмыс  жүргізілуде, екінші  деңгейдегі  банктердің  қызметтің  халықаралық стандарттарына  көшу бағдарламасын еске  асыру  аяқталуға жақын. Ақша – кредит саясаты  әлемдік  стандарттарға  жзақындатуға, валюта режимін ырықтандыруға бағытталған.

    Қаржы  нарығын  мемлекеттік реттеу  жүйесін  реформалауға зор маңыз бөлуде.

    Банк  секторын  дамыту  саласында  банктерде  тәуекелдерді  басқару  жүйелерін  енгізу және  ағымдағы  қадағалау, оның  ішінде  топтасып қадағалау  әдістерін  жетілдіру жөніндегі  жұмысты  жандандыра  түсу қажет.

    Негізгі қызмет  кредит жағдаяттарын  жүргізу және  кредиттік  есептер  беру  болып  табылатын  кредиттік  бюро құру  мәселесі көкейкесті сипат алып отыр.

    Ұлттық  экономикада орын  алған нарықтық  бағыттағы  бетбұрыстардың қоғамдық  өмірде түбегейлі  өзгерістер тудырғаны  белгілі.

    Бүгінгі  таңда  банк  қызметтерін   жетілдіру,  банк жүйесінің  даму жолдарын  анықтау  еліміздің  экономикалық, саяси әлеуметтік  өмірінің  басты назарында. Қазақстан  экономикасының  нарықтық  қатынастар  жасына  түсуі  оның  жалпы  әлемдік  тенденция спекторында дамуын  анықталды.

    Біздің  елімізде  банк  жүйесіне: а) Ұлттық  банк те енеді. Оның  мекемелері – бөлім, конторларын – барлық  облыстар, аймақ  мен  қалалар да бар. Жалпы  біртекті ақша  өлшемі «теңгеге» негізделіп, олар біркелкі  банк жүйесін құрап, резервтік жүйесі қызметін атқарады; ә) коммерциялық  банктер жеке  және  заңды  тұлғаларға  түрлі  қызмет  жасай отырып,  келісім негізінде  несие  есепті  де жүзеге  асырады.

      Экономикаға 30 млрд. АҚШ долларындай   тікелей шетел  инвестициясы  тарылды. Бұл өте  жоғары  көрсеткіш. Бүгінгі  Қазақстаннның  тұрақты,  тиімді  әрі сенімді әріптес  екені  барша  инвесторларға әлдеқашан аян, ақиқат.

    Қазақстанның  қаржы жүйесі де  топжарғандар  қатарында танылды, ал  мұны жетекші  халықаралық сарапшылардың  өздері мойындап отыр.

    Қазақстан ТМД елдерінің ішінде  бірінші  болып, тұрақты әлеуметтік – экономикалық  дамуды қамтамасыз ету,  сыртқы  қолайсыз факторларға  тәуелді  болмау үшін Ұлттық қорды құрды.

    Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 млрд. доллар жинақталып отыр. . Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің  алтын – валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті.

Информация о работе Нарықтық экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі