Лекции по "Экономической теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курс лекций

Описание работы

1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ».
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ.
3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР.
4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ.

Работа содержит 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

Өндіріс ресурстары  - бұл тауарлар  мен қызметтер  жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрден тұрады:

  1. «Табиғи» - өндірісте қолдану үшін  әлеуетті, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.
  2. Материалдық» - бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.
  3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.
  4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары.

Кез келген қоғамға  тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға  қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған.

Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты  әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының  нарығы, ресурстарға деген сұраныс  өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі  субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды  бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды тірі (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да біз ресурстарға бағаның өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі, объекті еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал - өндіріс  факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.

Еңбек - тікелей  өндіріс процесімен айналысатын  халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік - «еңбек»  факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.

Нарықтық экономикада  өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы таныстырылған, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және өндіріс факторларының әртүрлі меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас нәтижесіне айналады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

4.3  Қоғамдық өндіріс құрылымы және нәтижелері

 

Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс аясындағы салалардан және материалдық емес  салалардан қалыптасатын экономиканың салалық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылысы, көлік пен байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым өмір сүреді. Нақты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономикалық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шығыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Экономикалық  аудандар өз құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген сала кәсіпорындарының оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және экономикалық-географиялық жағдайларымен  үйлесетін шаруашылық кешендерін немесе аумақтық-өндірістік кешендерін еңгізеді.

Макроэкономикалық мақсаттарды шешетін экономикалық өту негізінде қоғамның бүкіл мүшелерінің өмірлік қызметінің оңайлы жағдайларын қамтамасыз ету ұлттық экономиканың мақсаты болып саналады.

Макроэкономикалық мақсаттар ұзақ мерзімдік немесе қысқа мерзімдік болуы мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі тиіс. Оған елдің бюджеттік, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі - салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы.

Бұрынғы және қазіргі  ұрпақтардың  өткен еңбегімен  жинақталған материалдық игілік ұлттық саясатты бағалаудың басты өлшемі болып саналады. Байлық - бұл адамдар нені бағалайды, соның барлығы, яғни материалдық қана емес, сонымен бірге материалдық емес: табиғи ресурстар, кәсіптік білім, адамның қабілеті, бос уақыты. Қоғамдық байлықты заттай және ақшалай формада көз алдыға елестетуге болады. Қазіргі уақытта  адамдардың байлығын бағалау өзгеруде. Бұл көпшілік жағдайда, нормативтік категория және қандай да бір байлықты бағалау туралы адамның пайымдауынан тыс өзге байлық өмір сүрмейді. Былай деп айтуға болады: байлық - бұл адамның таңдауын кеңейтетіннің барлығы немесе оның баламасы мүмкіндіктері. Төсекте сал болып ауырып, тақалып  жатқан миллионерді бай деп айтуға бола ма, жоқ па?

Халықтың жан  басына шаққанда қоғамның өнімнің өсу  қарқыны макроэкономикалық даму көрсеткіштерін бағалаудың басты өлшемдері  болып саналады. Дәл осы экономикалық өсудің қарқынынан, қоғамдық өнімді көбейту және қарқынын арттырудан ұлттық экономиканың тиімділік деңгейі көрініс табады,демек, аталмыш қоғамның экономикалық дамуының таңдап алынған моделдері, түрлері мен әдістері көрініс табады.

Ұлттық экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелері, белгілі  бір кезеңдердегі материалдық-заттық, интегралдық немесе жалпы нәтижелер, көп жылдық нәтижелер - ұлттық экономиканың жиынтықталуы.

Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтижелері - қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) - белгілі бір кезеңдегі   бүкіл кәсіпорындар өндірген материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім (ҰЖӨ) алады.

Ұлттық жалпы  өнімнің құрамына өндірістің өндірілген бүкіл құралдарының, тұтыну заттары мен қызметтерінің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел субъектілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.

Ұлттық жалпы  өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде  өндірілген өнімдер  құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан кейінгі) - түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) - бұл тікелей тұтынуға арналған.

Тазаұлттық  өнім (ТҰӨ) - амортизациялық аударымдарды шегеріп тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің жиынтығы.

Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейінгі (сатудан салықтар, акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді ҰТ - бұл өндіріс факторының иелері латын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға жұмсалатын шығындар - жиынтық табыс. Ол сондай-ақ  бюджетке түсетін табыс салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар, корпорацияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналар түрінде қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акциялар мен трансфертке дивиденттер мен жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға кетеді.

Оқулық экономикалық әдебиеттерде адам қажеттіліктерін бастапқы (төменгі) және қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Масслау және оның пирамидасы) қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады. Бірінші қажеттіліктерге жататындар - тамақ, сусын, киім, түс және т.б.

Екіншіге - адамның  рухани, жеке қызметімен байланысты қажеттіліктер - өзін-өзі айқындау  қажеттіліктері, білім беру, өнердегі, ойын-сауықтағы қоғамдық құрмет.

Адам, қоғам  қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат өркениетінің эволюциясымен  қоса дамып отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы - материалдық және материалдық емес аларды айқындайды. Шектеулі ресурстардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Сондықтанда экономикада не сатып алынады сол ғана талданылмайды, сонымен бірге кеден бас тартады (өндірілмейді) солар да талдауға жатады.

Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейін ұстап тұру үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға  мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған әрбір мүмкін варианттардан  алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.

Сөйтіп, қандайда бір формадағы әрбір пайда  қоғамның әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі - ел азаматтарының тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етушілік дәрежесін, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүруге қажетті өмір жағдайларымен  қамтамасыз етушілік дәрежесін көрсетеді.

БҰҰ сарапшылары  былай деп санайды, әл-ауқат деңгейі  үш негізгі көрсеткіш:

  1. өмірдің орта параметрі;
  2. сауаттылық деңгейі;
  3. халықтың жан басына шаққандағы кірістерінен тұратын адам дамуының индексімен сипатталады.

Өмір сапасы - материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, білім алу, мәдениетке мүмкіндігі, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесі және қоршаған орта жағдайын енгізе отырып, адамдар өмір сүретін жағдайлардың кешенді сипаттамасы.

Сөйтіп, адам қажеттіліктері  абсолютті және салыстырмалы, бастапқы және қайталама, жоғары және төмен, тікелей және жанама, нағыз және болашақтағы болып бөлінеді.

4. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің үздіксіз айналысы.

Экономикалық  даму - бұл өзіне сандық және сапалық  өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байланысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңындағы экономикадан өзгешеленіп көрінеді, өйткені меншік қатынастарында, ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгерістер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу  саясаты пайда болды және қалыптасты.

Экономикалық  даму  процесін дұрыс түсіну үшін экономиканы оның барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс процесімен байланысты қарау қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылардың жалғастығы болмай қоймайды, уақыт ағыны сияқты.

Өндіріс нақты  заттай өнім жасайды: өндіріс құралдары және тұтыну заттары. Бұл - машиналар, құрал-жабдықтар, нан, ет, маталар, киім, яғни соның өмір сүріп және дамуы солардың барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы:  нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі  және мамандану  негізінде жүзеге асырылады, сондықтанда, бұл біртұтастық бір формадағы өз еңбегінің нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің  мүмкін жолдары. Бұл - «ақша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу - сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну - кез  келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс  пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын  жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасы болмайды.

Тұтынудан соң  оны жаңасымен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс - бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі  ешқашанда үзілмейді.

Осы төрт фазаның барлығы бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі. Ұдайы өндіріс процесі төмендегі 1 схемада көрсетілгендей жүзеге асырылады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық ұдайы  өндірістің жалпы кестесі

1 кесте

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестеде көрініп  тұрғандай, бөлу фазасы мен тауарлар айырбасынан соң олардың барлығы  тұтынылмайды, яғни әдеттегідей тауарлардың  бір бөлігі резерв, босалқы қор  түрінде жинақтағыштарда сақталады  және қажеттіліктің туындауына қарай пайдалануға түседі.

Ұдайы өндіріс  процесінде әлемдік шаруашылықтың  дамуымен, өндіріс құралдары мен  тұтыну заттарының артық бөлігі соған  бағытталатын, экономикалық ресурстар  сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық  сауда) үлкен роль атқарады.

Информация о работе Лекции по "Экономической теории"