Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курс лекций
1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ».
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ.
3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР.
4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ.
Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Бірақ біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өндіріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қаражаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның экономикалық қайшылықтары, бара-бара шешілмейтін мәселе бола бастады. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі ликвидтеле бастады. Меншік құқығы тікелей емес басқару аппаратының араласуымен іске асырылады.
Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объективті ұлғаюы болды. Биліктің бұл аппараты тек халықтың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық басқаратын корпоративті күшке айналды.
Тағы бір әлеуметтік және экономикалық тосқауыл нарық қызметтерін реттеп, ынталандыратын маңызды экономикалық категорияның біртіндеп ыдырауы болды. Жай түсінікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынтасы, ізденушілігі, тұтынушыға жұмысы жоғалып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға болмайды. Нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепті өндірушілерді таңдады және таңдайды.
Қоғамдық меншік - нарықты реттеп, ынталандыратын рольдерін жоспармен ауыстыру. Тәуекел, ынта, ізденушілік - орының барлығы жоспарда қарастырылуы керек. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның орындалмаушылығы мен асыра орындалуын болдырмайды. Халық шаруашылығы - балансталған. Өндіріс монополизациясы дамып, бәсекелестік, тәуекел жойылуда.
Өзін өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, социалистік экономика еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салааралық бәсекелестегі нарық осы ЕҚҚШ анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді.
Осылайша, қоғамдық
меншікке негізделген ішкі қайшылықтар
социализмді капитализммен
Осының барлығы социалистік меншіктің ауысуына әкелді.
3.4 Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы
Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды факторларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншіктік қатынастардағы революциялық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдерде де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі жүріп жатыр. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформа жүргізу кезеңінде пайда болған «Отандық өндіріс» термині. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.
Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халық қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті демонтаждау. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншігінің объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде қазір бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құрулардың ұмтылушылығы, әлемде әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.
Жекешелендірудің негізгі себебіне мемлекеттік кәсіпорындар тәртіп бойынша ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.
Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институтционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға ғана емес, яғни сақталуы, көбеюі, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.
Қазақстанның меншік иелеріне, оларды қиын өтпелі экономикада қарау, псевдонарықтық жағдайларға бейімделу және оларға нарыққа психологиялық қатынастар және меншіктің түрлі формаларына психологиялық қатынастар құру маңызды болды. Мемлекет халықты реформаны өткізудің қажеттілігіне сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:
Жаппай жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1991-92 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.
Екінші кезең (1993-96 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1991-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан 1994-96 оларды өткізуге ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.
Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.
Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:
Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру егізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады, сонымен қатар мемлекеттік меншікті (бірлескен кәсіпорындар құру). Қазір әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншікті қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.
Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне ие. Өндірістің меншік иелерімен осы принципті бұзу қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттылық пен мемлекет иелігінен алу жағдайында қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.
Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болып, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмай, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын қызмет етудің нарықтық принципіне бағдарланған меншіктік қатынастардың өзгеруі.
Әлемдік тәжірибе негізіндегі республикадағы жүргізілген реформалардың нәтижелі негізі келесі әдістермен іске асырылған:
Реформа кезінде Қазақстан бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.
ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның мәселелеріне мыналар жатады:
1. Шаруашылық
субъектілеріне шаруашылық
2. Меншікті қатынастар
меншік субъектісі мен
3. Жеке кәсіпкерді
заңдық және қаржылық
4. Қазақстандағы
көшпелі экономикадағы меншік
формалары қатынастарының
Түйін
Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің жақтасы болды, болып отыр және болады. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетіктері мен мемлекеттік институттар тәуелді.
Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүлік құқықтық, экономикалық неғұрлым өспелі масштабтардағы жалпылылық, қайталанушылық ұдайы өндірістік қатынастар.
Қоғамдық-өндірістік қатынастар меншік формаларының түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен анықталады: жеке, қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпоративтік, мемлекеттік т.б.
Меншіктің екі анықтаушы формаларына (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.
Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін экономикалық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстандағы меншікті жекешелендіру маңызды орын алады.
Жаңа терминдер мен түсініктер
Меншік
Меншік субъектісі
Меншік объектісі
Құқық
Билеу