Лекции по "Экономической теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курс лекций

Описание работы

1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ».
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ.
3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР.
4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ.

Работа содержит 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

 

Фирма жӘне кӘсіпкерлік

 

1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері. Кәсіпкерліктегі тәуекел

2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың  негізгі формалары, олардың жетістіктері  мен кемшіліктері

3. Фирма нарықтық қатынастар  жүйесінде. Фирма теориясы

4. Фирманың жетілген және жетілмеген бәсеке рыногындағы экономикалық тепе-теңдігі

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда, рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

 Кәсіпкерлік тәуекелділігі  потенциалды қауып-қатерлі болуы.  Ресурстарды  жоғалту немесе  ресурстарды  рационалды пайдалану  жолымен белгілегенге қарағанда  табысты кем алу қаупімен сипатталады. Былайша айтқанда, тәуекелділік кәсіпкерлерге белгіленген жоспарға, жобаға қарағанда қосымша шағын жұмсау қаупінің төнуі.

Егер тәуекелділік ресурстарды  жоғалту немесе кірісті азайту қаупімен анықталатын болса, онда абсолютті  түрде анықтағанда, оның материалдық-заттай формасымен немесе ақша формасында да өлшеуге болады.

Сөзсіз, тәуекелділік ықтималды  категория, бұл мағынада алғанда  ғылыми тұрғыдан неғұрлым барынша негізделген  және белгілі деңгейде шығын болуы  ықтимал, сонымен қатар оны өлшеуге де болады.

Тәуелділікті жан-жақты  талдап, бағалағанда абсолют және салыстырмалы түрде мүмкін болатын  шығындар көлемінің әрқайсысының пайда  болуы ықтималдығы жеке-жеке қарастырылған  жөн.

Ықтималды қисық сызықты  сызу -  тәуекелділікке баға берудің алғашқы сатысы. Бірақ та шамамен кәсіпкерлікке мұны келтіру аса күрделі міндет болып табылады.

Тәуекел – айтып өткендей кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.

Енді тәуелділіктің  кейбір негізгі көрсеткіштеріне  тоқталып өтелік. Осы мақсатпен шығын көлеміне байланысты тәуекел жасау аймағын бөлу қажет.

Егер шағын қуат болмайтын  болса, онда оны тәуекел жасалмайтын  аймаққа жатқызуға болады.  Ал, тәуекел жасау аймағына – кәсіпкерлік  қызмет түрінің экономикалық жағынан  пайдалылықтың болуын жатқызуға  болады. Мұнда, әрине, шығын болады, бірақ, оның мөлшері алынатын пайдадан аз.

Келесі неғұрлым  ең қауіпті болатын – қиын-қыстау аймағы.

Мұнда шығын көлемі алынуға  тиісті пайдадан асып кетуі де мүмкін тіптен бұл аймақта кәсіпкерлік  іске жұмсалған барлық шығындардың  орыны толмай қалу жағдайына жетуі  де мүмкін Мұндай жағдайда кәсіпкер өз ісінен зиян шегіп, барлық шығынды өз мойнына алады.

Жоғарыда аталған мүдделерге байланысты шағын кәсіпкерлікке  қатысты мемлекет саясаты екі  бағыттан тұрады: бірінші – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.

Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің  «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік  қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы  жақсы ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай кезек күттірмес мәселелер ауқымы анықталған:

  • Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды құру;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);
  • шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.

Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа  барлық аймақта іс жүзінде шағын  кәсіпкерлікті қолдау жөнінен құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.

«Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар ендіру туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы» Заңдар дайындалды және қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.

Күшіндегі заң бойынша  шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.

Шағын кәсіпорындардың  кейбір салаларындағы қызметтерді  экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда  статесеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар ағынды болып келеді екен.

Кәсіпорындардың  және оларда жұмыс істейтін жұмыскерлер  санының тұрақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәсіпкерлердің өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады. Мәселе, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттың шектеулігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық  және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік  құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің  жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық  жергілікті масштабта, ұлттық экономиканың айрықша секторы түрінде әлдебір бүтін секілді өмір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген.

Шағын кәсіпкерліктің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:

- меншіктік құқықтың  бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей  басқару, бір жағынан, менеджерлерді  бақылаудың  қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі ролі мен мәнін күшейтеді;

- кәсіпорын масштабының  шектеулілігі және қожайын мен  жұмыскердің арасындағы тікелей  байланыс, бір жағынан, басқару  тиімділігін арттырады, екінші  жағынан - өндіріске тұлғалық  қатынас ықпалын күшейтеді;

- кәсіпорын мүмкіндігі  мен ресурстардың шектеулілігі, бір жағынан, оған тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген бағаға  және тауарлы рынок жағдайына  айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін  тудырады, екінші жағынан – қызметтің  түрін тез өзгертуге жағдай жасайды;

- тұтынушылар шеңберінің  шектелінуі және жергілікті рынокқа  бағдарлануы, бір жағынан, сатуды  кеңейтуді шектейді, екінші жағынан  – тұрақты сұранымды қалыптастырады  және қызмет көрсету сапасын  көтеруге ынталандырады;

- қаржылық ресурстарға  жол ашуды шектеу, бір жағынан өндірісті кеңейту мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы рыноктарын (жеке жинақ, таныстар мен туысқандардың қаражаттарын, өсімқорлар капиталын) пайдалануға итермелейді.

Шағын кәсіпкерлік - өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшілік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:

- өте бимәлімділігімен, белгісіздігімен және стихиялығымен  сипатталынатын жергілікті, бір  маңайдың  бір маңайдың аумағынан аспайтын рынокта кәсіп етеді. Бұл – ондай рыноктарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;

- мемлекетпен қатынас  жүйесінде, ірі және орташа  бизнестермен, қаржылы-несиелі институттармен, ұйымдасқан қылмыспен объективті  түрде «әлжуаз» позицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;

- өзінің айтарлықтай  ішкі резерві болмағандықтан  ол сыртқы ортаның әсеріне  өте сезімтал келеді.

Шағын кәсіпкерлікті  қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл ос саласына қайтадан бағдарлап жіберді.

Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлей алатын сұранымды жалпы  қысқарту, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы сферадағы күшейе түскен бәсекелестік шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай дағдарысқа ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «сұрғылт» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.

Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше  секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей шектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің  мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады.  Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.

Экономиканың бұл секторына  мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.

Экономиканың бұл секторына  мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:

- ел экономикасының  құрамдас бөлігі болып, экономиканың  дамуы мен тиімділігі деңгейіне  айтарлықтай ықпал етеді, мұның  өзінде орталықсыздандырылған қаржы  көздерін пайдаланады;

- бюджетке салық  төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;

- орташа және ірі  бизнестер үшін қай жерде кадрлар  мен капитал жинақталса, экономиканың  сол секторы болып шығады;

- қай жерде мемлекет  әрекеті немесе ірі және орташа  бизнес тиімсіз болса, рыноктың  сол секторында тауарға, тауарға,  жұмысқа және қызметке деген сұранымдарды қанағаттандырады;

- қай жерде бәсекелі  орта тұрақты сақталса және  негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады;

- еңбекті қоғамдық  бөлуді тереңдетіп және болымсыз  шығынмен нарықтық инфрақұрылымды  жасауға мүмкіндік тудырады.

Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды:

- болашақтағы саяси  және әлеуметтік тұрақтылықтың  кепілшісі секілді, орташа топты  қалыптастыратын көздердің бірі  болып саналады;

- көрсеткен қолдауынан  бүгін белгілі бір нәтиже алып  және оны болашақта ұлғайтуға  үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.

Шағын кәсіпкерліктің мүддесі  мынаған саяды:

- еңбекке жарамды халықтың  айтарлықтай бөлігін жұмысқа  тартады және оның экономикалық  дағдарыс жағдайында тіршілік  етуіне қол ұшын береді;

- халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасап және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік тудырады.

 

КӘсіпкердің сатып алушы алдындағы  жауапкершілігі

 

Өмірдің басқа салдарының өкілдері секілді Қазақстандағы  іскер адамдардың көпшілігі адал да, еңбекқор және тұтынушылармен әділ қатынас жүргізгісі  келеді. БИзнестің этикасы деп аталатын тұтынушылар туралы қам табыс туралы қаммен қатар жүруі тиіс. Ерте ме, кеш пе, тұтынушы кәсіпорынның өз істеріне жауапкерсіздігін біліп   қалса, онда ол онымен сауда жүргізуден бас тартқан.

Нарықтық экономикалық елдерде тұтынушылар құқығын  қорғау заңнамасы жасалынып, ол ойдағыдай  қолданылып келеді. Оның өмірге келуі  тұтынушыларды өнім өндірушілер  мен сатушылардың заңсыз әрекеттерінен  қорғау қажеттілігінен туған. Тұтынушыларға жеткен тауарлар сапасының нашарлауы жиілеп, оларға берілген сипаттама, көбінесе, жарнамада айтылғандармен сәйкес келмейді. Монополистер мен сатушылар тұтынушыларды көбінесе лажсыз алуға мәжбүр етеді.

Тұтынушылардың  мүдделері  мен құқықтарын қорғау проблемасы  нарықтық экономикалы елдерде өткен ғасырдың 50-70 жылдарында пайда болып, өмірде ұйымдасқан қозғалыстарды  тудырды. Бельгия мен Құрама Корольдікте тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі алғашқы қоғам 1957 жылы, Нидерландияда – 1963 жылы құрылды.

АҚШ-та тұтынушылар  қозғалысы  өткен ғасырдың басында пайда  болды. Ол бағаның көтеріліп, ет өнеркәсібіндегі  жағдай мен медициналық препараттарды  патенттеу жөніндегі шатақтарға байланысты туды. Тұтынушылардың екінші қуатты қозғалысы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың дүлей күші мен дәрілік препараттарға байланысты кезекті дау-дамайдан шықты. Үшінші рет констъюмеризм толқыны 60-шы жылдары көтерілді.

Қазіргі уақытта консъюмеристік қозғалыс әлемнің барлық елдерін  қамтып отыр.

Оның себебі, сол кезеңде  ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар шығару айтарлықтай молайып, синтетикалық жаңа және басқадай жасанды материалдарды  және т.б. қолдану елеулі түрде өрістеген  еді.

Бұл кезеңде дамыған  капиталистік елдерде тұтынушылардың мүдделерін жаппай барлық салаларда емес, тек кейбір салаларда (несие беру, тұрғын үйді жалға өткізу, сауда) қорғаудың жекелеген нормативті актілері бар болатын.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған жекелеген  құқықтар салаларында  да бекітілген еді. Алайда, экономиканы монополизациялау  жағдайында тауарлар мен қызметтердің ерекше әртүрлілігінің пайда болулары, жарнамалаудың қуатты құралдарының өмірге келуі тұтынушылардың бұрыннан бар құқықтық қорғау құралдарының жеткілікті емес екендігін көрсетті. Дамыған нарықтық құқықтарын қорғау тікелей қатысты арнайы нормативті актілердің шығуы осы себептерге байланысты еді.

Оған мыналарды жатқызуға  болады: Францияда – сауда мен  игі қызметтер көрсету кезіндегі  алдау мен жалғандық туралы Заң (1905), «қардан қала тұрғызу» принципіндегі сауда туралы Заң (1953), «алдамшы жарнамаларды болғызбау» туралы  Заң (1935); Данияда – тауарды сатып алу-сату келісімі туралы Заң (1906), тауарды таңбалап және бағасын көрсету туралы Заң (1977), тұтынушылармен жасалған келісімдердің әрқилы түрлері туралы Заң (1978); Ұлыбританияда – тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы Заң (1978), келісімдердің арамдық  жағдайлары туралы Заң (1977), шектеуші сауда практикасы туралы Заң (1956) және басқалар. Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасы сауда мен игі қызмет көрсетудің әртүрлі ортасында жүрген тұтынушылар қорғайтын заңдар ондап саналады.

Информация о работе Лекции по "Экономической теории"