Лекции по "Экономической теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курс лекций

Описание работы

1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ».
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ.
3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР.
4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ.

Работа содержит 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

Басқару

Меншіктену

Тікелей

Жанама

Шеттету

 

І. Практикум.

  1. Неге меншік адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады?
  2. Қоғамдық меншікке негізделген экономикалық жүйе неге капитализммен экономикалық жарыста объективті ұтылысқа ие болады?
  3. Меншіктің әр формаларының кемшіліктері мен артықшылықтарын айыра білу
  4. Меншіктің қай формасында адамзат қоғамының болашағы дамитынын дұрыс дәлелдеу
  5. Меншік формаларының  бір-бірінен табанды айырмашылықтарын білу
  6. ҚР-ғы жекешелендіру мәселелерінанықтау

ІІ. Қайталауға арналған сұрақтар

 

1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?

2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырма-шылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?

3. Адам мен  қоғам өміріндегі меншіктік қатынастардың ролі мен мәнін негіздеңіз?

4. Мына ойды  қалай түсіндіруге болады: «Жеке  меншік - жекеленген, ал қоғамдық - иесіздендірілген»?

5. Сіздер қалай  ойлайсыздар, болашақта ҚР-да  меншіктің қай формасы бекітіледі?

6. К.Маркс түсінігін  негіздеңіз - «Шенеуініктер жеке  меншік сияқты мемлекеттік және  саяси билікті меншіктенеді?

 

 

Ш. Өз білімін бақылауға арналған тестілер

 

1. Меншіктік  қатынас - бұл құқық. Иелену  құқығына ие болу деген не? Өндірістік қатынастарсыз иеленуге  бола ма?

2. Меншік - адамдар арасында тарихи өзгеретін  жүйе:

а) өндіріс процесі  мен қызмет көрсетудегі объективті

    қатынастар;

б) материалдық игіліктерді бөлу және оларды тұтыну;

в) қоғам мүшелерінің  еңбек қызметінің арасындағы

    айырбас;

г) жеке кәсіпкерлер  мен өндіріс қаражаттарын меншіктену;

д) а, б, в жауаптары  дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.

3. Қорлар  мен өндіріс факторларының меншік  иесі болу деген не?

а) қорларды иелену құқығы;

б) қорлармен өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу 

    және меншіктену;

в) шешім қабылдау құқығы - не және кім үшін өндіру;

г) материалдық  игіліктерді кім үшін және қанша  өндіру;

д) а, б жауаптары  дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.

4. Меншіктің  қоғамдық формаларының теориялық  негізін құрды:

а) У.Петти;

б) А.Смит және Д.Рикардо;

в) В.Ленин;

г) К.Маркс;

д) Ф.Энгельс;

е) Дж.Кейнс.

5. Меншіктің  жанама қатынасы   іске асырылады:

а) экономикада  нарықтың реттеу және ынталандыру

    қызметтері  жүзеге асырылмағанда;

б) керісінше  экономикалық категориялар  жүзеге асыры-

    лады - нарықтың реттеуші және ынталандырушы 

    қызметтері;

 

в) тәуекел, ізденушілік, ынта кәсіпорын қызметін

    басқарғанда;

г) керісінше, тәуекел, ізденушілік, ынта болмағанда;

д) а, г жауаптары  дұрыс;

е) б, в жауаптары  дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ТАҚЫРЫП.  ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ

 

Дәрістің  жоспары:

    • адам және оның экономикалық қызметі;
    • экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары;
    • қоғамдық өндіріс құрылымы және нәтижелері;
    • жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс.

 

Тақырыптың мақсаты:

Аталмыш тақырыпты оқып-үйрену арқылы сіз мыналарды білесіз:

  • «адам факторы», «адам капиталы» экономикалық түсінігі дегеніміз не;
  • өндірісті жетілдіру мақсатында ХХ ғасырдың екінші жартысында адамды оған айналдырған  қандай жағдай;
  • экономиканың дамуындағы өндіріс ресурстары мен факторларының орыны;
  • қоғамдық өндіріс құрылымының түсінігі және оның құрылымы;
  • ұдайы өндіріс туралы өндірістің экономикалық категориялары;
  • өндірістің үздіксіз айналымы және айналымы.

 

Экономикалық  теория адамдардың мінез-құлқын зерттеп  үйрене отырып, өзінің еңбегінің арқасында  адам қоғамдық тіршілік иесі деген  анықтама берді. Еңбек саналы түрде  сезінетін және мақсатты бағытталған  қызмет ретінде барлық жануарлар  әлемінен бөлектеп, оған сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адамның бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналатынынан шығарды. Ол тек қана байлықты жасап қоймайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтайды және оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.

«Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, содан бері оның  әлі нақты анықтамасы жоқ. Оның себебі мынада сияқты: ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ. Дегенмен, адам - қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклассиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционалшылдықтар және т.б. келіседі.  Тура осы адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзі және қоғамға қажеттінің барлығын өзі өндіреді. Адам - өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмылдырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты етінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теорияның басты, негізгі категориясы ретінде  қаралады. Сонымен, адам капиталы - экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектісі ретінде адамның тануы және негіздеуі. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды  іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылардың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі тартушысы ретінде көптеген қасиеттермен сапаларға ие, яғни алуан трлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке деген қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - адамның тұтыну күшінің қызметі.

Сондықтанда, еңбекке  деген қабілеті, сол сияқты тұтынуға деген оның қабілеті ретінде адамның  қалыптасуы мен даму әдістерін оқып-үйрену қажет. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономикалық адам», «өндірістегі жеке факторы», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтамалардың тұтастай арсеналын пайдаланады.

Экономикалық  категориялардың ішінен, адам факторы сияқты сан қырлы анықтама мен атауларды соншалықты кездестіру мүмкін емес. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі - экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды сіңіру нарықтық формалары кезінде, біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы, оның миграциясы ешқандай назар аударусыз қалды. Тек соңғы 40-50 жылда әлемдік экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен, адам капиталы проблемалары пайда болды.

Адам капиталына инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын,жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, сондай-ақ кімнің болсын арттыруға ықпал ететін шығындарды еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта бұл шығындар өсіп отыратын кірістермен көп қайтара өтелуі және адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады.

Жұмысшыларды оқыту инвестициясын  жабдықтарды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақтысында екі шешім де бір-біріне өте ұқсас. Университеттегі білім беруге жұмсалған инвестициялардан алынатын экономикалық қайтарымсыз оның кластасы жоғары оқу орнынан түсу мүмкіндігінен айрылған, түлек пен кәсіпкер алатын қосымша табыс ретінде қаралуы қажет. Қосымша білім алуға инвестициялар сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы соған жұмсалатын, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндіріс өсуінің объективті қажеттілігі болып саналады.

Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылда адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің материалдық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растау болып саналады. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын береді.

Тұтастай алғанда  адам капиталына берілетін инвестициялардың төрт түрі болады:

1.  Білім беруге жұмсалатын  шығындар жұмыс күшін құрайды,  олар, неғұрлым білікті және неғұрлым  өнімді бола түседі

2. Денсаулық сақтауға, аурулардың  алдын алуға, медициналық қызмет көрсетуге, диеталық тамақтануға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шығындар - осылардың барлығы өмір сүру мерзімін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.

3. Соның арқасында жұмысшылар  өндірісі шектеулі орындардан неғұрлым өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аудару ұтырлығына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда алуға жағдай туғызады.

4. Адам капиталы  теориясына сәйкес еңбек өнімділігі  мен соған сәйкес еңбек қызметінің (еңбек ақы) нарықтық құны маңызды  дәрежеде, жеке адам немесе оның  отбасы және жалдаушы білім  беруді, денсаулық сақтауды және  жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайтындығымен анықталады.

5. Экономикалық  өмірді ғылыми талдау кезінде,  адамның жеке басының алуандылығын, оның жеке даралығын, алуан  түрлі экономикалық  себептерін  және мінез-құлқын ескере отырып, одан моделі пайдаланылады, ол  жеке адамды, экономикалық белсенділік мотивтерін, оның мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.

Экономикалық ғылым адам моделін жасай отырып, адам болмысының көптеген белгілерімен сапаларын абстракциялайды. Адамның жеке басының осы алуан түрлілігі, экономкалық ғылымға шаруашылық өміріне теориялық талдау жасау кезінде ақтылы адамдар белгілеріне сүйенуге мүмкіндік бермейді, өйткені олардың жеке басының мінездемелері тым күрделі, қарама-қайшылықты және бетімен жіберілген болып саналады.

Экономикалық теория адам моделін зерттеу инструменті ретінде немесе соның негізінде зерттеуші-теоретиктер өзінің сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теорияларын жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарайды.

 

4.2 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

 

Өндіріссіз  экономика жоқ және әлемдік экономикаға  кірмес бұрын, оның негізі болып саналатын  өндіріс туралы түсінікке ие болу керек. Материалдық игіліктерді  өндіру - адам мен табиғаттың өзара  әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдардың бір-бірінің арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс - бұл  олардың шектеусіз қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Бұл адамдардың шектеусіз қажеттілігі шектеулі ресурстарға - материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыруға жататын қажеттіліктерді таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категориясы бұл - өндіру, сату және сатып алу керек, осылар болып саналады. Бұл міндет (таңдау), оның   әлеуметтік-саяси құрылысына қатыссыз түрде кез келген қоғамда шешілуі тиіс.

Нені өндіру керек - бұл шектеулі ресурстардан, дәл қандай байлық, қандай сапада және қандай санда өндірілуі тиістігі туралы шешім қабылдау.

Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдау.

Кімге және қанша  өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы.

Мұндай күрделі  проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері, өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Информация о работе Лекции по "Экономической теории"