Лекции по "Экономической теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курс лекций

Описание работы

1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ».
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ.
3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР.
4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ.

Работа содержит 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

Жекелеген салаларда  өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның  өзі әлемдік экономика бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады.

  • Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 75%-дан астамы шығарылады.

Елде шағын кәсіпкерліктің 348 мың түрлі субъектілері жұмыс  істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындар тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады.

2003 жылғы тамыздың  басында 126 мыңнан астам шағын  бизнес кәсіпорындарды тіркелген,  бұл 2002 жылғы сәйкес датаға  қарағанда 13,5%-ға көп. Республикадағы  шағын бизнес кәсіпорындарында  жұмыс істейтіндердің саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7%-ға ұлғайып, 482 мың адамға жеткен. 2003 жылғы шілдеде өнім өткізуден түскен табыс 48113,3 миллион теңге болды, бұл 2002 жылғы шілдедегі деңгейден 11,9%-ға артық.

 

Түйін

 

Орта және шағын кәсіпкерлікті  дамыту ел экономикасының жоғары қарқынды дамуына жағдай жасауда.

Ел экономикасында шикізаттық бағдардан отандық өнеркәсіп  өндірісін жеделдете дамыту бағытына қарай қадам басуда.

Инфрақұрылым нысандарын дамыту, әсіресе жол құрылымын  дамыту өте жоғары жағдайда іске асырылып дамуда.

 

Өзін-өзі тексеру  мен қайталауға арналған сұрақтар

 

  1.  Кәсіпкер дегеніміз кім?
  2. Кәсіпкердің құқығын қорғаудың әдістері.
  3. ҚР шағын кәсіпкерлік, оның перспективасы.
  4. «Заңды тұлға» мен «Жеке тұлға» ұғымдары бір- бірлерінен қалай ажыратылады?
  5. Кәсіпкерлік фирмалар ҚР-да қалай тіркеледі?

 

Өз білімін  бақылауға арналған тестілер

 

1. Кәсіпкер  тауарлар шығаруды сол кезге  дейін жалғастыра береді, қашан?

а) қоғамда тиісті қажеттілік болып тұрған кезге дейін;

б) ол одан табыс алғанша;

в) шығын мөлшері табыс пен теңесе алғанша;

г) қолындағы ресурс бар оған мүмкіндік бергенше;

д) артық тауарлар табылғаша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Барр Р, Политическая экономия. В2-х т. Т.І.М., 1995, с.16

1 К. Маркс, Ф. Энгельс 12т, 732 бет

2 К. Маркс, Ф. Энгельс 20т, 150 бет   

3 Барр Р№. Политическая экономия. В2-х томах. М.,1995, 16 бет.




Информация о работе Лекции по "Экономической теории"