Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 19:56, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына Жолдауында 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық –инновациялық стратегияны жүргізу тапсырмасында ауылшаруашылық өнімінің сапасын арттыруға баса назар аударды. Елдің тұрақты экономикалық өсуіне отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық, техникалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнімнің сапасын тиімді басқару жұмыстарын іске асыратын және өндіріске кеткен шығындарды қатаң бақылап отыратын кәсіпорындар бәсекеге мейлінше қабілетті екендігіне ,өндірістік процестерге көп көңіл аударылды
Күріш шаруашылығына машиналардың жаңа кешенін енгізу одан арғы техникалық механизацияның деңгейін көтеру үшін кең мүмкіндіктер ашады. Күрішті өсірудің және жинаудың технологиясын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Ауыл шаруашылығын механизациялау және электрлендіру ғылыми-өндірістік бірлестігінің есебі бойынша жел эрозиясына ұшыраған топырақта дәнді дақылдарды өсіру үшін машиналар кешенін қолдану облыс бойынша 10 млн теңгеден астам сомаға экономикалық нәтиже береді. Дизелдік және фрезерлік құралдардың кешенін күріш өсіру үшін қолдану 1,7 млн теңгедей жылдық экономикалық нәтиже береді.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өндірістің қажетті құралдарымен жарақтандыру мәселесінің ауыл шаруашылығын дамыту үшін маңызы үлкен. Алайда, шаруашылықтарды негізгі капиталмен оңтайлы деңгейде жарақтандырған кезде ғана олардың ауыл шаруашылық өндірісінде дұрыс жұмыс істемеуі үшін және шығынның әрбір бөлігіне өнімнің өсімін көбейту үшін жақсы жағдай жасалынады. Егер техника және негізгі құралдардың басқа да түрлері төмен өнімділікпен пайдаланылатын болса, техникалық жарақтануының салыстырмалы жоғары деңгейіне шаруашылықтар қажетті нәтижені ала алмауы мүмкін.
Материалдық құралдарды, ең алдымен, ауыл шаруашылық техникасын тиімді пайдаланумен рентабельділік факторларының екінші тобы тікелей байланысты. Оған негізгі капиталды интенсивті пайдалану, шаруашылықтың білікті мамандармен қамтамасыз етілуі, оларды дер кезінде даярлау және біліктілігін көтеру, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру жатады [20]. Негізгі капитал, әдетте тракторлардың, комбайндардың, автокөліктердің, двигателдердің қуатын толық пайдалану, жұмыс машиналарының және агрегаттардың жұмыс жылдамдығын, алым енін арттыру есебінен интенсивті пайдаланылады.
Күріш шаруашылығы бағытындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қуатты және күрделі ауыл шаруашылық техникасы бар. Алайда, техника қандай қуатты болса да, егер еңбек дағдысының, қажетті білімінің және өндірістік тәжірибесінің деңгейі бойынша осы техниканы басқаруға қабілетті білікті кадрлар болмаса өндірістің даму қарқыны айтарлықтай баяулайды. Ал тиімділігі кемиді.
Күріш
шаруашылығы бағытындағы ауыл шаруашылық
кәсіпорындары механизатор
Жөндеу сапасын көтеру үшін үлгілі және әдеттегі жөндеу шеберханаларының жұмысын жақсарту керек. Ауыл шеберханаларын техникалық қызмет көрсетуге күрделі емес ауыл шаруашылық машиналарын, тетіктерін, мал формаларының жабдықтарын және басқа өндірістік объектілерді жөндеуге бейімдеу қажет.
Күріш шаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз етудің қажеттілігі ғылыми–техникалық ілгерішілдіктің барлық бағыттарын пайдалануды талап етеді. Бұл мәселені қарастыратын әдістемелік амал осы күнге дейін жоқ.
Өндірісті рентабельді жүргізу, сапалы өнім алып, күрішті өңдеу көбінесе шаруашылықтың негізгі және айнымалы капиталмен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың жұмыс жүргізу жағдайында негізгі капиталдың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мен пайдалану жаңа проблемаларды туындатады. Оларды анықтау және кәсіпкерлік білімінің жаңа деңгейін, негізгі капиталды пайдаланудың экономикалық аспектілерін шешуге жаңа көзқарастарды талап етеді. Негізгі капитал – ол тауар өндірушілер өз жұмысынан пайда табу мақсатында жүзеге асыру үшін пайдаланылатын техникалар мен машиналар, ғимараттар мен агрегаттар және тағы басқалары.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көрсетілген мәселелер бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауға және дәлелдеуге мүмкіндік береді:
Нарықтық қатынас жүйесінде
Қорыта келгенде, әлемдік экономикада сапаның рөлін жан–жақты, яғни экономикалық, әлеуметтік жағынан қарастыра отырып, «сапа» деген ұғымға терең, ашық талдау жүргізіп, іс–тәжірибелерді қарастыра отырып, оның анықтамасын бере отырып, әлемдік экономикада сапаның рөлін кеңінен ашып қарастырдық.
Өнім сапасын арттырудың қағидаларын қарастырғанда сапа жүйесі кәсіпорынға тиімді қызмет етуде халықаралық стандарт негізінде сапаны басқару әдістері мен прогрессивті түрлерінен құрылған.
Өндірісте өнім сапасын басқару категориялары - өнімнің объектісі, субъектісі, мақсаты, факторы, әдістері, функциялары, құралдары, қағидалары және түрлерімен жүйеленген, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өніміне өзіндік құнның тұрақсыздығымен және төлем қабілетінің төмен деңгейімен анықталған. Нарық сұранымына, соның ішінде күрішке деген сұранымды қанағаттандыруға сәйкес өнім сапасын жақсарту мүмкіндіктері жаһандану жағдайында экономиканың бәсекеге жарамдылығын құру моделі арқылы сипатталды.
Өндірісте күріш шаруашылығын жүргізуді
ұйымдастыру барысында толық экономикалық,
технологиялық, техникалық, әлеуметтік–экономикалық
факторларының әсерімен егістіктегі дақылдарды
өндірудің рентабельділігін көтеру жөніндегі
мәселелер қарастырылды. Зерттеудің
қорытындысында өнім сапасын жақсарту
және басқару мақсатында рентабельділік
категориясының келесі анықтамалары ұсынылып,
дәлелденді: шаруашылық жүргізуші субъектілердің
шаруашылық–қаржылық қызметінің рентабельділігі
– ол талдау жүйесіне кіретін, белгілі
бір экономикалық және басқа да факторлардың
әсерімен шаруашылық жүргізудің нарықтық
түрлері кезінде тауар–ақша қатынастары
негізінде өндірістік шығындарды қайтару
мен таза пайда алу мақсатында, өнімнің
сапасын жоғарылату жағдайында өнім өндіру
мен сатудың барлық элементтері мен кезеңдерін
қамтитын салыстырмалы күйде жекеленген
жинақтаушы көрсеткіштердің жиынтығы
ретінде сипатталды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың
бейімделу үдерісінің объективті негізі
бар екені, өндіріс тиімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін көтерудің өнім рентабельділігімен
тікелей байланысты екенін айқын дәлелденді.
Ұсыныс
–пікірлер:
1.
Күріш өндірісін дамытуда басым бағыттардың
бірі ресурс үнемдейтін технологияны
енгізу керек.
2.
Қызылорда аймағында күріш өндіруге тиімді
талдау жүргізе отырып, ауыл шаруашылық
кәсіпорындардың бейімделу үдерісінің
объективті негізі бар екенін, өндіріс
тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілікті
көтеру.
3.
Күріштің өнімділігі мен өндіріс рентабельділігін
арттыру, сапасын жақсарту, дақылды өңдеудің
қалдықсыз өндірісін дамыту және өндірілген
өнімді өткізу рыногын кеңейту.
4.
Нарық талаптарына бейімделетін күріштің
жаңа сорттарын шығару мен өндіріске
енгізу жұмыстары жандандыру.
5.Қызылорда
облысында күріш өндірісін тұрақты дамытуға
шаралар қолдана отырып, өндірістік
ресурстарды үнемдейтін технологиясын
енгізу, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін күріш
және оның қалдықтарын өңдеу, егіншіліктің
экологиялық қауіпсіздігін арттыру негізінде
күріш өндірісі мен өткізудің тиімді жүйесін
қалыптастыру, облыстың су мен жер ресурстарын
сақтау және қалпына келтіру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2004. – 1 наурыз.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – Астана, - 2005. – 18 ақпан.
3. Мироненко А.А. Управление эффективностью и качеством работы. – Москва: Экономика, 1986. - 160 с.
4. Михайлов О.В. Основы Мировой конкурентоспособности. – Москва: Издательство Познавателная книга плюс, 1999. - 592 с.
5. Романов В.И. Оптимизационные задачи управления качеством продукции. – Москва: Статистика, 1979. – 70 с.
6.
Қайырбаева А.Е. Күріш өндірісінің рентабельділігін
арттыру жолдары // Халықаралық ғылыми
конференция. – Алматы, 2001. - 65-69 б.б.
7. Технический уровень и качество продукции: Вопросы управления / Под ред. Г.Н. Бобровникова. - Москва: Экономика, 1984. – 224 с.
8. Қ.Р. Ауыл шаруашылық министірлігі. Ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың 2004-2006 ж ж. арналған тұжырымдамасы.-Астана, 2003. -10-11 б.
9. Наурызбаев А.Ж. Экономический механизм хозяйствования в рисоводстве: Автореф. канд. экон. наук: 05.10.98. - Алматы, 1998. – 17 с.
10. Сигарев М.И., Курьяков И.А., Кантуреев М.Т. Совершенствование экономичекого механизма хозяйствования современных сельхозформирований. Проблема агрорынка. – Алматы, 2000. – Т.1. – С.19-25.
11. Сыдықов Қ.С. Экологиялық аймақтағы нарықтық экономи. - Қызылорда, 1996. - 120 б.
12. Сыдыков К.С Мамбетов С.Д. Маркетинг в сельком хозяйстве. - Алматы, 1994. - 18 с.
13. Жапбарханова М.С. Арал өңірі аймағындағы күріш өндірісінің рентабельділігін арттыру проблемалары: автореф. ... экон. ғыл. канд: 07.11.00. - Алматы, 2000. - 21 б.
14. Назарбаев Н.Ә. Ауылға айрықша назар аударылады: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2002. – 20 сәуір.
15. Күріш өсірудің анықтамалығы. - Алматы, 1985. - 280 б.