Экономика дипломдык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына Жолдауында 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық –инновациялық стратегияны жүргізу тапсырмасында ауылшаруашылық өнімінің сапасын арттыруға баса назар аударды. Елдің тұрақты экономикалық өсуіне отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық, техникалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнімнің сапасын тиімді басқару жұмыстарын іске асыратын және өндіріске кеткен шығындарды қатаң бақылап отыратын кәсіпорындар бәсекеге мейлінше қабілетті екендігіне ,өндірістік процестерге көп көңіл аударылды

Работа содержит 1 файл

Куруш сапасы1.doc

— 345.50 Кб (Скачать)
 

КІРІСПЕ 

    Бұл зерттеу жұмысында ауылшаруашылық өнімінің  (күріш өндірісінің) сапасын арттырудың технологиялық және экономикалық жолдарының теориясы қарастырылған.

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына Жолдауында 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық –инновациялық стратегияны жүргізу тапсырмасында ауылшаруашылық өнімінің сапасын арттыруға баса назар аударды. Елдің тұрақты экономикалық өсуіне отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық, техникалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнімнің сапасын тиімді басқару жұмыстарын іске асыратын және өндіріске кеткен шығындарды қатаң бақылап отыратын кәсіпорындар бәсекеге мейлінше қабілетті екендігіне ,өндірістік процестерге көп көңіл аударылды [1].

    Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына шығару стратегиясының негізіне – ауылшаруашылық өнімдерімен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Елбасы айтқандай: «...Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарсы мол салаларды  дамытуға, сол арқылы қазақстандық ұлттық инновация, кластерлік жүйесінің дамуына жол аштық». Алдағы уақытта ғылыми–техникалық дәуірлердің көшіне ілесу, тіпті, оның алдыңғы  сапында болу осы жүйенің пәрменін талап ететіні де даусыз екендігін аңғартады. Мұны әлемдік ауқымда дамыған елдердің бай тәжірибелері айқын көрсетеді [2].

    Нарықтық экономиканың даму жағдайларында өнім сапасы түрлі аспектілерге байланысты. Экономика саласындағы зерттеулерде өнім сапасы экономикалық тұрғыдан жан–жақты қамтылып, қарастырылды.

    Бүгінгі таңда күріш өндіру объектілерінде негізі техникалық қордың төменгі жағдайы, нарықтық  жағдайда басқару тәжірибесі, қажетті қаржы құралдарының    жетіспеуі және сапа менеджменті саласындағы өнім сапасын басқаруда жаңа жүйелердің енгізілмеуі, отандық өнімнің бәсекеге қабілетсіздігін айқындап, кәсіпорын жұмысының  тиімділігін, тұрақтылығын шешуде жаңа жолдардың шараларын қарастырудың мүмкіндігі туындайды.

    Зерттеу жұмысының мақсаты  мен міндеттері. Сапалы жұмыс қана өнім сапасын, яғни оның бәсекеге  жарамдылығын қамтамасыз  ете алады. Нәтижесінде, оның бәсекелік тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан ғылыми-зерттеуіміздің мақсаты: Қызылорда облысы аумағындағы күріш және күріш ауыспалы егістігінде өндірілетін өнімдердің сапасын жақсарту жөнінде ғылыми тәжірибелік ұсыныстар және әдістемелік әзірлемелер жасау.

    Аталған мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:

    -  өндіріс сапасының түсінігі мен мағынасын анықтау;

    -  Қызылорда облысы бойынша күріш   өсіретін шаруашылықтың өндіріс сапасын көтеру жөніндегі шаралар жүйесін жасау;

    Ғылыми-зерттеу жұмысымызда ақпараттық база ретінде Қызылорда облысының ауылшаруашылығы Департаментінің материалдары, Қызылорда облыстық статистика агенттігінің материалдары пайдаланылды.

    Зерттеу  жұмысының ғылыми жаңалығы.    Зерттеу жұмысы барысында оның ғылыми жаңалығын анықтайтын және қорғауға ұсынылған төмендегідей нәтижелер алынды:

    1  ауыл шаруашылық күріш компанияларының өндіріс тиімділігін бағалау және сапасын арттыру жолдарына талдау жүргізілді;

    2 ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік ресурстарды толық пайдалану және күріш өндірісінің өнімділігін көтеру мақсатында    әр түрлі шараларды іске асыру көзделді;

    3  күріш өндіру саласында күріш кластерін құру негізінде корпорация құрып, оны болашақта практика жүзінде өндірістерге енгізу жолдары қарастырылды.

    Зерттеу жұмысының теориялық  және іс-тәжірибелік  маңыздылығы.  Қызылорда облысы аумағында күріш егістігіндегі дақылдарды өндірудің сапасын арттыру және басқару, оларды өндіріске енгізуге мүмкіндік тудыратын  теориялық қағидалар мен  іс-тәжірибелердің қорытындылары мен нақты ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.

    Жұмыстың  құрылымы мен көлемі. Ғылыми-зерттеу жұмысы  кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    Кіріспеде тақырыптың  жалпы сипаттамасы, оның зерттелу дәрежесі көрсетіліп, мақсат пен міндеттер тұжырымдалған, зерттеудің объектілері мен әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы берілген, мақұлдануы мен зерттеу нәтижесінің жүзеге асырылуы жайлы мәліметтер келтірілген.

    Бірінші тарауда  жаһандық экономиканың даму барысында ауыл шаруашылық саласында сапаны басқаруда өнім сапасының тұрақтылығы және орнықтылығы қарастырылады.

    Екінші  тарауда ауыл шаруашылық күріш өндірісінің тиімділігін бағалау және сапасын арттыру жолдарына талдау жүргізілді,  күріш өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік ресурстарды толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында  әр түрлі шараларды іске асыру жолдары анықталды.

    Үшінші  тарауда күріш өндіру саласындағы тиімді факторлары қарастырылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 БӘСЕКЕЛІК  ОРТАДА  АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІНІҢ  САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

      

    Қазіргі  уақытта сапаны басқаруда өнім сапасының  тұрақтылығымен орнықтылығы жоғары кепіл болып табылады. Сапа жүйесіне деген сертификат фирманың нарықтағы бәсекелік басымдылығын сақтауға мүмкіндік береді [3].

    «Сапа менеджменті» түсінігі сапаны жоғарылату, қамтамасыз ету, жоспарлау, сапа саласында жауапкершілікті және мақсатты саясатты анықтайтын жетекшілікті құрудың жалпы аспектілерін қамтып көрсетеді. Сапа менеджментін құруды тиімді жүргізу кәсіпорын қызметінің барлық саласын қамтитын сапа жүйесін құруға мүмкіндік береді.

    Бұл жағдайда сапа жүйесі ерекше орын алады. Осы кезге дейін негізгі мақсатқа жету кезінде тиімді де қажетті құралды - өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуді немесе тұтынушының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде қызмет көрсетуді табуға мүмкіндік болмай   отыр [4].

    Өнімнің өзіндік құнын төмендету амортизация мен еңбек мөлшерін төмендету есебінен жүргізіліп, компанияның қосымша табысы пайда болады. Мұны бірінші қосымша табыс деп атаймыз. Мұндағы баға тұрақты кезде қалыптасатынын ерекше атап өту керек. Бірақ осы сапаны арттырудың екінші фазасы – өнім сапасын өсіру есебінен қосымша табыс алу фазасы болып табылады. Мұны екінші қосымша табыс деп атаймыз. Өнім сапасын өсіру жаңа негізде және модернизация жолымен жүзеге асырылады. Сапалы өнімді технологиялық және нарықтық игеру сатысында шаруашылық айналымға келесі бағалық емес факторлар: дизайні, ұзақ мерзімділігі, үнемділігі, жөндеуге жарамдылығы, пайдалылығы және өткізілгеннен кейінгі қызметінің дамуы жатқызылады.

    Тауардың  бағалық тұтынушылық факторларының  ерекшелігі оның фирма табысына баға арқылы ықпал етуі болып табылады. Зерттеу көрсеткендей, сапалы өнімнің тиімділігінің жоғары болуы баға өсімінің шығын өсімінен жоғары болуымен тікелей байланысты. Тұтынатын өнім сапасын арттыруды табыстылық дамудың бірінші сатысына жатқызсақ болады. Себебі, өндіріс интенсификация сатысы болғандықтан өнім сапасына кететін шығынды барынша азайтады.

    Сапа  шығынының сыныптамасы, бағалау, талдау және есепті ұйымдастыруға қойылатын  талаптарды анықтауға байланысты басты  міндеттердің бірі шешім табуы болып табылады [5].

        Сапаның барлық шығындарды қамтамасыз ету өнім сапасына тұтынушының қойған талаптарын қанағаттандыру. Сапаны жақсарту шығындары – тұтынушының ұсынылатын талаптарын қанағаттандыруға бағытталған шығындар. Сапаны басқару шығындарына талаптарға сай емес өнімдерді өндірмеуге алдын-ала шара қолдануды жүзеге асыру шығындары жатады [23,24].

    Ал, ағымдағы шығындарға - өнімді дайындауда сапаны жақсартуға жұмсалған барлық шығындар кіреді.

    Шығын түріне қарай сыныптауға өндірілетін  және өндірілмейтін шығындар жатады. Олар шығындардың нәтижесін көрсетеді. Өндірілетін шығынға - өнімнің сапаны жақсарту, қамтамасыз ету және басқаруға байланысты қызметтерді орындайтын шығындар жатады. Өндірілмейтін шығынға - өнімге шығындарды талдауда шығатын ағымдағы және айнымалы шығындар жатады. Шығындар анықтау әдісі бойынша тура және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар өнімнің нақты түрі бойынша есептелген; жанама – белгілі бір белгі бойынша келесі сыныптамалық топтарға сапаға жұмсалатын шығындар құрамының қалыптасуының әртүрлі қатынасының мүмкіндігін көрсетеді.

    Кез-келген сыныптаманың іс-тәжірибелік маңызы оның негізіне қаланған қағидаларының дұрыстығымен шартталған. 3–суретте шығындарды қамтамасыз етудің сыныптамасы (А. Фейгенбаум бойынша) берілген. Сапаны қамтамасыз етуді қажет ететін шығындар үлкен шығындармен теңестіріледі. 

      

1 сурет - А. Фейгенбаум бойынша сапаны қамтамасыз етудегі шығындарды сыныптау 

        Сапаны жақсартуға жұмсалатын шығындарды шешу жолын «басқару» қатынасы деп айтуға болады. Көрсетілген сыныптамалардан жалпы талдау жасауға болады. Талдау жасаудың үш жолы бар: нақты іс-әрекеттерге бағытталған ұстанымдарды бөлу; тиімділікке бағытталған бөлу; қателіктерді жою шығындарын есептеу.

    Өндіріс дамуының мақсаты –  ресурстарды ұтымды  қолдану қағидасы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында нақты ортаның бар болуы сапа себептеріне көп көңіл бөлуді білдіреді. Соңғы жылдары көптеген кәсіпорынның жетекшілері бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату құралы ретінде сапаны арттыру қажеттілігін түсініп келеді. 

     2.2.Қызылорда облысында күріш өндірісінің сапасын арттырудың

    экономикалық  алғы шарттары

    Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады. Сонымен бірге белгілі  бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында  болуға тиісті шикізат секторы жедел дамуы үшін базис болып қана табылады.  Мұндай дамуға дәстүрлі әртараптандыру жолымен емес, шетелден шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізуге болады [6].

    Нарықтық экономикада өндірілген өнімнің сапасына халықаралық стандарттар деңгейінде талап  қойылып отыр. Қазақстан Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болып енген кезде бұл мәселенің маңызы ара түспек.  Күрішті өсіру мен өңдеудің келешегі нарықтағы тауарлар бәсекелестігіне тікелей байланысты. Тауардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігі екі көрсеткішпен сипатталады: баға деңгейіне және өнім сапасына.

    Күріш жоғары өнімді дәнді дақыл ретінде  Қазақстанда суармалы жерлерде өсіріледі, отандық  ішкі және әлемдік  сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие. Әлемдік статистика күріштің дәнді дақылдар арасында өзінің егістігінің көлемі мен жалпы түсімі бойынша екінші орын алатынын көрсетеді.

    Күріш дақылы – бағалы өнімнің түрі, тұтынылатын  тамақ өнімдерінің басқа түрлерінен өзіндік ерекшеліктерімен айырмашылығы бар. Күріш жармасы бойында пайдалы азықтық заттар бар, олар адам организміне жылдам сіңеді, оңай ериді. Дәнді дақылдар ішінде құрамында жоғары сапалы ең көп крахмал (88 % - 90 %)  бар, ал май тек 0,5 % ғана, яғни басқа жармалардан аз, бірақ оның қорытылуы жоғары (өңделген күріште 98 %).

    Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша  жыл ішінде  адам 13-15 кг жарма тұтынуы  керек, одан 20-30 % күріш жармасы. Біздің республикада халықтың жан басына шаққанда орта есеппен қазіргі кезде 9-11 кг жарма тұтынылады [7].

    Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішіндегі ең ірі тауарлы күріш өндірушілердің бірі болып табылады, оның үлесіне  жалпы өндірістің 20 % - дан астамы  келеді. Республикада күріш Сырдария өзенінің ортаңғы және төменгі ағыстары аймағында, сондай–ақ, Іле, Шарын, Қаратал өзендерінің төменгі бойында өсіріледі. Күріш өсіру үшін бұл аймақтарда қолайлы табиғи жағдайлар бар – суармалы жақын жерлер, мол су, ыстық ұзақ мерзімді жаз жоғары сапалы тауарлы күріш өсіруге қолайлы жағдай тудырады.

    Қазіргі кезде экологиялық, әлеуметтік, өндірістік және тағы басқа проблемалар одан әрі шиеленісуде. Ал, экономикалық дербес, өз шығынын өзі өтейтін және өзін-өзі қаржыландыратын қағидамен жұмыс істейтін агроөнеркәсіптер өз бетімен осы проблемаларды шешуге шамасы жоқ. Сондықтан, осы ауыл шаруашылық өндірістің нарықтық агроқұрылымдарына шаруашылық субъектілерде экономикалық механизмі мемлекеттік қолдау жасауына бірқатар себеп болған.

    Шаруашылықтың жаңа түрлері ұйымдастырушылық–құқықтық құрылымын ғана өзгерпей, сонымен қатар елдерде аграрлық сектор арасында үлкен рөл атқарып келді. Келесі 1–кестеде жалпы өнімнің құрылымы көрсетілген.

Информация о работе Экономика дипломдык жумыс