Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 19:56, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына Жолдауында 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық –инновациялық стратегияны жүргізу тапсырмасында ауылшаруашылық өнімінің сапасын арттыруға баса назар аударды. Елдің тұрақты экономикалық өсуіне отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық, техникалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнімнің сапасын тиімді басқару жұмыстарын іске асыратын және өндіріске кеткен шығындарды қатаң бақылап отыратын кәсіпорындар бәсекеге мейлінше қабілетті екендігіне ,өндірістік процестерге көп көңіл аударылды
Өсу
дәуірінде дән сапасының
Өйткені дән сапасын құрушы негізі қоректік заттар – крахмал мен белок дәннің құрғақ заты құрамының 90 % шамасында және бұл заттар фотосинтез процесінің қолайлы болуы нәтижесінде интенсивті құрылады [14, 15].
Күріш
өнімінің сапалық көрсеткіштеріне
минералды тыңайтқыштардың, әсіресе азоттың
үлкен әсері бар. Атап айтқанда, азот
тыңайтқышын топыраққа жаппай шашқанда
дән құрамындағы белок 0,7 % , крахмал 4,0
% молайып, жарманың технологиялық сапасы
жақсарады: бүтін ядро мөлшері 7 % көбейіп,
қауыздылығы төмендейді, 1000 дән салмағы
артады [16, 17].
2.3.
Күріш өндірісінің тиімді
факторларын қалыптастыру
Жарманың ең бағалы бөлігі – бүтін ядро. Маржан сортының ерекшелігіне сәйкес өзгешелеу. Атап айтқанда, егістікке тыңайтқыш аз берілгеннің өзінде де оның ақталған дәні құрамында бүтін ядро көп. Ал тыңайтқыштар қолайлы мөлшерде берілгенде егістегі күріш өсімдігінің әр түрлі тығыздығына (100, 300, 500, 700 дана/м2 тұқым себілгенде) ақталған жарма құрамындағы бүтін ядро мөлшері артады (84,7-88,5) (21 кесте). Дәнінің осындай сапалық қасиетіне байланысты Маржан сорты Қызылорда облысындағы күріш егісі көлемінің 65-72 % алып отыр.
Күріш өнімінің сапасы мен жарма құрамындағы бүтін ядро мөлшері крахмал мен белок деңгейіне байланысты. Өйткені, дән құрамындағы құрғақ заттардың 90 % осы аталған заттардан тұрады. Дәндегі крахмал, әсіресе белок мөлшерінің азаюы нәтижесінде жармадағы бүтін ядро деңгейі төмендеп, майдаланған бөлігі көбейеді.
Тыңайтқыш қолайлы мөлшерде берілгенде Кубань 3, Дубовский 129 сорттарының жоғары сапалы дәні жоғары өнімді агроценозда (250-320 дана/м2 өсімдік, яғни 500-700 дана/м2 тұқым себілгенде) алынды. Ал, Маржан сортының сапалы дәні тыңайтқыш аз және қолайлы мөлшерде берілгенде, сондай – ақ. егістегі өсімдік тығыздығы әр түрлі (100, 300 ,500, 700 дана/м2 тұқым себілгенде) болған жағдайда алынды, жармадағы сынбаған ядро мөлшері 81,8 -88,5 % аралығында болды.
Сонымен, күріш өнімі сапасының қалыптасуы оның сорттарының генетикалық мүмкіндігі мен ерекшеліктеріне, егістіктегі өсімдіктер тығыздығына, тыңайтқыштар мөлшеріне, фотосинтез процесінің қалай жүруіне байланысты.
Қызылорда облысының
Тұқым шаруашылығы бұл – күріштің жоғары сапалы тұқымын өсіруге қабілетті мемлекеттік шаралардың қатаң жүйесі болып табылады. Тұқымды өсіру әрбір аудандардағы сорттарына сәйкес келетін ерекше таңдауымен басталады. Бұлар аудандық сорттар болып табылады.
Сорттың сапасын жақсарту, олардың санын қойылған талапта көбейту, тұқымды дайындау және сақтау, тұқымдық және сорттық бақылауда тұқым шаруашылығының жүйесіне кіреді.
Сорттық
егістің артықшылығы, тәртіп бойынша,
қоспалармен ластанбаған және арам–шөп
жерлеріне қызыл дәнді
Күріш пен тұқым шараушылығының жұмысы үздіксіз сұрыптауды жақсартуға негізделген. Өсіру және жоғары өнім алу үшін оптимальды жағдай жасайды, жинауды, сақтауды және тұқымды дайындауды дұрыс ұйымдастыруға негізделеді.
Күріш тұқымының жүйесі келесі тізбектер бойынша құрылады: тәжірибелі ұйым немесе элитті тұқым шаруашылығы, сонымен қатар, ауыл шаруашылық оқу орнының тәжірибелік шаруашылығы элит тұқымын шығарады және де тәуелсіз аудандарға сатады. Мұнымен қоса олар перспективті сорттарының тұқымын көбейтеді, сонымен қатар күріш өндіру шаруашылығы ғылыми- әдістемелік көмек көрсетеді.
Тұқым егісін, тәртіп бойынша таза жерде, сол сортта бұрын егілген күріштің орнына таратылады.
Жергілікті жерге бейімделген негізгі сорттар: «Кубань-3» (1963 жылы аудандастырылған), «Маржан» (1987 жылы аудандастырылған), «Авангард» сорты. Көп жылдық сынақтан кейін, өткен жылы өндіріске жаңа - «Арал 202» сорты енгізілді.
Атқарылған ғылыми жұмыстардың нәтижесінде қазіргі кезде институт селекциясының Арал 202, Ару сорттары сынақтан өтуде. 2005 жылы сорт сынаққа жаңа екі сорт - Арал 4 және Түгіскен 1 сорттары берілді. Ал аудандастырылған Маржан, Кубань 3 сорттарынан өнімділігі де, сапасы да жоғары Арал 202 сорты пайдалануға рұқсат етілген сорттар тізіміне енгізілді.
Қазақстанда күрішті егу технологиясының өзіндік бір ерекшелігі бар. Әрбір шаруашылық өзінің тәсілдерін қолданады. Бірақ, негізгі қағидалары тұрақты болып қалады. Біріншіден, оның сапалы сүдігері, содан кейін оны ылғалды жерде жүргізілген 30 см тереңдікке қайта енгізу. Ауыспалы егістікке тыңайытқыш беру кезінде жер қыртысының нәрлі заттармен қамтамасыз етілуі есепке алынады. Топырақты агрохимиялық зерттеу негізінде тыңайытқыш мөлшері жоспарланады.
Егудің интенсивті технологиясы кезінде күрішке минералды тыңайытқыш салу саны жоғарылайд. Соның ішінде аурулар мен зиянды жәндіктермен күресуде химиялық өлшемдерге зор көңіл аударылады. Күріш егудің интенсивті технологиясы өнімділікті жоғарылататын агротехникалық тәсілдердің қатарын қосады. Олардың қатарына күріш егісінің мерзімін оптималдауға және су режимін жақсы реттеуге мүмкіндік беретін тұқымды тереңінен салу қатысады.
Күрішті
өндіруді ұлғайтудың тиімді бағыты –
оны өсірудің интенсивті технологиясын
енгізу - өндірісте кенінен қолданылады.
Қолда бар материалдық–
Күріштің тауарлық қасиеті химиялық құрамына ғана сәйкес емес, бірақ та эндосперманың құрылымы механикалық және де физикалық жағдаймен де байланысты болатынын көрсетеді. Күріштің сапалық көрсеткішін қалыптасыру, сонымен қатар күріш жармасы дәнінің егілуінен басталады және толық пісуіне дейін жалғасады. Жақсы піскен күріштің сорт үшін шыны тәрізділігі, ядроның ұсақталуының және эндосперманың сарылануының тұрақталуы маңызды рөл атқарады.
Дегенмен, өз уақытысында жинау – күріш дәнінің сапасын реттеудің маңызды қабылдануы болып табылады.
тонна.
4
сурет - 2006-2010 жылдардағы
минералды тыңайтқыштар
пайдалану динамикасы,
мың тн
Минералдық тыңайтқышқа субсидия төлеудің әсерінен, соңғы жылдары оларды пайдалану көлемі артуда. 2006-2010 жылдар минералдық тыңайтқыш пайдалану көлемі жылына 9-11 мың тонна (әсер ету затымен есептегенде) болып отыр.
Барлық аудандардағы және Қызылорда қаласындағы сараптама зертханалары толығымен мемлекеттік стандарт бойынша аттестациядан, аккредитациядан өтіп, тұқымдық материалға және тауарлы астыққа сараптама жасау үшін қажетті құралдармен жабдықталған және де барлық аудандардағы зертханаларда білікті мамандар қызмет атқарып келеді.
Облыстың
күріш өндірісін негізгі
Күрішті суарудың қазіргі кездегі технологиясы бойынша инженерлік жүйе жағдайында осы дақылды өсіру кезінде еңбекті ең көп қажет ететін үдеріс суғарушы адамның жұмысы. Шектерге алғашқы рет су жіберуге, олардағы су деңгейін реттеуге және суды ағызып жіберуге жұмсалатын еңбек шығыны күрішті өсіруге, жинауға кететін барлық тікелей еңбек шығынының 35-45 % құрайды. Сондықтан, бұл үдерісті автоматтандыру сушы еңбегінің өнімділігін елеулі түрде көтеруге және автоматтар сенімді жұмыс істеген жағдайда су режимінің сапасын жақсартуға болар еді. Мұның өзі күріштің түсімділігін арттыруға, өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік тудыратын үдеріс.
Күріш дақылы – бұл су мен капиталды көп қажет ететін сала. Сондықтан күріш өсіретін шаруашылықтардағы негізгі капитал құрамының суармалы емес егіншілік жағдайындағы шаруашылыққа қарағанда елеулі айырмашылығы бар. Мұндағы негізгі капиталдың құрамында жерді суландыруға жұмсалатын капиталдың үлесі үлкен. Күріш өсіру үшін қажет суару нормасы 1 гектарға 12-ден 25 мың текше метр аралығында, биіктігі 10 см су қабатының 1 гектарына 1000 текше метр су кетеді. Күріш алқаптары батпақты және ауыр сазды топырақты жерлерде орналасса суару нормасы 1 гектарға 10-15 мың текше метр мөлшерінде болады, ал жеңіл топырақты жерлерде 25 мың текше метрге дейін өседі.
Қызылорда облысында жұмыс істейтін қазіргі кездегі суармалы күріш жүйесі суды беруге және ағызып жіберу, күріш танабында жайылған судың қабатын және су режимін реттеу үшін жасалған. Әрбір осындай жүйе белгілі бір жалпы көлемді (брутто) және тікелей күріш себетін көлемді (нетто) алып жатады. Арналарға, жолдарға және күріш жүйесі суарылатын карталар мен шектерге бөлінеді. Жүйенің бастапқы элементі – шек болып табылады. Ол жолдармен немесе жол мен канал бөгеттерімен қоршалған учаскесі. Күріш өсімдігін бірқалыпты суға батыру үшін шектердің беті тегіс болуға тиіс. Оны арнайы тегістейді. Жол судың әр шектегі қажетті деңгейін ұстап тұратын құрылыс. Карта, шек және жол – күріш суару жүйесінің айырылмас, басқалармен ауыстыруға болмайтын тұтас элементтері. Олардың мөлшері, нысаны және орналасуына байланысты күріштің суармалы жүйесі келесі типтерге: инженерлік, жартылай инженерлік және инженерлік емес деп бөлінеді. Суармалы жүйенің әр түрлі типінің техникалық–экономикалық көрсеткіштері келесі 5-ші кестеде көрсетілген.
5 кесте
- Күріш суландыру жүйесіндегі әртүрлі
үлгілерінің
Жүйелер | Жерді пайдалану коэффициен-ті, % | Шекті орташа көлемі, га | 100 гектардағы гидроқұрылыс-тардың саны, дана | Орташа суару нормасы, 1 гектарға м2 |
Инженерлік емес | 75-80 | <1,0 | 300-500 | 45-50 |
Жартылай инженерлік | 78-82 | 0,5-0,2 | 150-250 | 30-40 |
Краснодарлық карта | 85-92 | 2,0-5,0 | 80-160 | 16-25 |
Суды жасамай ағызып жіберудің кең ауқымды карта шектері | 90-95 | 10-14 | 12-20 | 12-18 |
Жабық күріш суару жүйесі | 97-98 | 8-10 | 50-60 | 8-10 |
Ескерту - Ғылыми зерттеу институтының мәліметтері. |