Экономика дипломдык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына Жолдауында 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық –инновациялық стратегияны жүргізу тапсырмасында ауылшаруашылық өнімінің сапасын арттыруға баса назар аударды. Елдің тұрақты экономикалық өсуіне отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық, техникалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнімнің сапасын тиімді басқару жұмыстарын іске асыратын және өндіріске кеткен шығындарды қатаң бақылап отыратын кәсіпорындар бәсекеге мейлінше қабілетті екендігіне ,өндірістік процестерге көп көңіл аударылды

Работа содержит 1 файл

Куруш сапасы1.doc

— 345.50 Кб (Скачать)

    Сонымен қатар «Маржан» сортының аспаздық сапасы басқа сорттарға қарағанда өте  жоғары. Олардың арасындағы өндірістік дәрежеге жеткізіліп, егістікке себуге былтырдан  бастап  рұқсат алған «Арал-202» деген сорт әлемнің үздік сорттарымен деңгейлес болып саналады.

    Аймақта тұқым саласын дамытуда да ілгерлеушіліктер бар. Күріш сорттарының суперэлита, элита деп аталатын деңгейдегі тұқымдарын даярлаумен «Түгіскен» және «Қарауылтөбе» мемлекеттік кәсіпорындары мен «ІІІ - Интернационал» ЖШС шұғылданады.

    Қызылорда  күріші соңғы жылдары сапасының  жоғарылығы  және бағасының тиімділігі арқылы еліміздің ішкі нарығында өзінің тұрақты орнын алып отыр. Ал, соңғы екі жылдың беделінде сыртқы нарықтағы сұраныстың арта түскені байқалады. Тек былтырғы жылдың өзінде біздегі экспорт 74 мың тоннаны құрады. Қазақстан күрішіне жақын шетелдерден Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан қызығушылық танытып отыр.

    Ғылыми–техникалық жетістіктерді енгізу өндірістік шығындарды басып озуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана әртүрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің өзін-өзі ақтауы және өзін-өзі қаржыландыруы, шаруашылық жүргізудің толықққанды нарықтық механизмінің қызмет етуі ұстанымына қол жеткізілді.

    Аймақтық  күріш өсіретін шаруашылықтарында  қосымша сала 200-300 бас малы бар  қаракөл бағытындағы қой шаруашылығының дамуы байқалуда. Бұл, тек материалдық–ақшалай және еңбек шығындарының нәтижесінде күріш өсіретін шаруашылықтардың өндірістік шығындарының көбеюіне әкеліп соғады. Сондықтан да, қой шаруашылығын оларды бағуға жағдайы бар, мал басы көп, өндірістік құралдары мен жем базасын кооперациялау қағидаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін арнаулы қой шаруашылықтарында өркендету қажет.

    Ауылшаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында мына қорытынды шаралар  болуы қажет:

    - күріш егетін шаруашылықтарда  күріш–жоңышқа, жем мен көкөніс  ауыспалы егістерін тиімді пайдалану және минералды тыңыйтқышты үнемдеу мен топырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатында инженерлік жүйеде дайындалған жерлерге ғылыми негізделген күріш–жоңышқа ауыспалы егісін (37,5 % күріш, 50 % жоңышқа) енгізу;

    - шаруашылық аралық және шаруашылық ішкі суландыру каналдарын тазалау мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді өз уақытында жүзеге асыру;

    - ресурстық материалды тиімді  пайдалану мақсатында егістік  жерлердің тиімді  құрылымын анықтап  енгізу, өсімдікті қорғау құралдары  мен минералдық тыңайытқыштарды қолдану;

    -  пайдаланылып отырған материалдық  ресурстың материалдың тиімділігін  көтеру мақсатында ауыл шаруашылығы  өндірісін ұйымдастырудың кооперацияландырылған  қағидаларын кең қолдану нәтижесінде  шаруашылықтың рентабельділігін  арттыруға болады.

    Бұл  кездегі  негізгі  міндет  бәсекелестікті  дамыту  мақсатында  тиімді  жұмыс  тәсілдерін  қалыптастыру  болып   табылады. Бәрімізге  белгілі, нарық - бұл  айналыс (айырбас) аясы. Яғни  еңбек  пен тауар  өндірісін  бөлу   негізінде оның   дамуына   жағдай  жасайды.  Осының  салдарынан  күріш  шаруашылығын  агро қалыптастырудың   астық  нарығына   шығуы  аймақтық нарықтардың сыйымдылығы  мен  ең  қолайлы  жағдай  шегіндегі   күріштің  мүмкін  болар  үлесі, нарықтың барлық сараланымы тауарлық және фирмалық  құрылымдары,  конъюктурасын дамыту үрдісінің қысқа мерзімді және ұзақ  мерзімді  болжамдары  есебінен нәтижеленуі  тиіс.

    Бірақ, айта  кету  қажет, астық нарығындағы  күріштің бағасы  өндірістік  шығындардың  орнын  жаппайтындықтан  ауыл  шаруашылығы   тауары   өндірушілердің  талап-тілегіне  сай  келмейді.  Импорттық  күрішті  әкелуге  салынатын  Кедендік  баж  салығы  белгілі  бір  деңгейде  бағаның  көтерілуіне  ықпал  етті.

    Осыған  сәйкес, күріштің бағасы өнімді өткізуден  пайда түсіруге  мүмкіндік  бермейді.  Сұраныс пен ұсыныс күріш бағасының деңгейіне тікелей үстемдік  жасайды. 

    Алайда  сұраныспен қатар бағаның деңгейіне  күріштің сапасы да әсер етуі  мүмкін. Өйткені,  ол  кезде де күріш өніміне ең жоғарғы баға деңгейін  белгілеуге  мүмкіндік  болған  емес. Дегенмен де,  көп жағдайда  мол табыс сатып алушылар мен сатушылар, яғни  делдалдардың  қасында болған.

    Сұраныстың  маңызды  сипаты - бұл өнім  бағасының өзгерісіне оның әсері болатынымен анық. Сондай-ақ, экономика заңдарынан белгілі өнім  бағасының  төмендеуіне тең басқа да жағдайлар кезінде сұраныс көбейеді немесе  керісінше,  баға мен сұраныс шамасының  араларында кері (теріс) байланыс жүзеге  асуы  мүмкін.

    Бір жағынан алып қарағанда тұтынылатын  күріштің бағасының өсуі ауыл  шаруашылығы  тауарын  өндірушілердің  табыс  табуына  әсер  етпеді. Өйткені  оларда  көктемде  тіпті тауарлы  күріштің  қорлары да  дән сақтайтын  жерлерде  болмаған.

    Сондай-ақ,  ішкі  астық  нарығындағы бағалар  бір  тонна  сапалы  ақ  күрішке  280 - 400 АҚШ   долларының  шамасында  болуы  тиіс. Тек осындай жағдайда   ғана     ауыл  шаруашылығы  тауарын  өндірушілер  белгілі  бір  деңгейде  астық  нарығының  қажет  етуіне  сай  күріш  егіс  көлемін  көбейту  мақсатында  оны  мол  өндіруге  мүмкіндік  алады. Айта келгенде,  халықаралық астық рыногына шығудың өзі тауарлы күріштің сапасын жоғарылатумен қатар жүруі  тиіс.

    Тауардың  бәсекеге жарамдылығы туралы түсінік  өнім сапасын жоғарылату мәселесімен, тауардың пайдалы тұтынушылық қасиетімен, тауардың  тұтыну құнымен тығыз байланысты.

    Өнімнің сапасы – бұл оның бекітілген міндетіне  сәйкес белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын және жарамдылығын білдіретін қасиеттерінің жиынтығы болып табылады.

    Айналым құралдарының барлық түрлерімен, оның ішінде жанар–жағар май материалдарымен қамтамасыз етілуі күріш егетін агроқұрылымдардағы агротехникалық және зоотехникалық шараларды дер кезінде, әрі сапалы етіп жүргізуге әсер етеді.

    Сонымен бірге, нарықтық қатынастардың осы  кезеңінде өндірістің құлдырауы, ақша құралдарының жетіспеушілігі, құқықтық механизмнің жұмысының нашарлығы және басқа да себептер кезінде өндіріс мәселесі жолға қойылып отыр.

    Экономикалық  механизмнің негізінде аграрлық  өндірістің экономикалық тиімділігін  көтеріп, аймақтың өнеркәсіптік кешенін  дамыту бағдарламасының тапсырмаларын орындауға және шаруашылықтың жаңа жағдайында экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізуге болады.

    Әртүрлі аймақтарда барлық қажетті шарттарды  орындау арқылы егіс көлемінің бір  гектарынан алынатын күріштің өнімділігі бірдей емес, ол өнімнің өзіндік құнында көрініс табады. Бұл өз кезегінде күріш шаруашылықтарындағы селекциялық жұмыстармен, сондай–ақ, тұқым шаруашылығының дұрыс ұйымдастырылуымен де байланысты. Бірақ күріш өнімділігіне, сондай–ақ, күріш сорттарының тиімді параметрлері де әсер етеді. Ол оларды егудің белгілі бір технологиясын сақтауды талап етеді.  

Күріш әлемдегі негізгі және маңызды дақылдардың бірі. Ол өнімдік және тағамдық құндылығы жоғары болғандықтан  кең түрде егіледі. Егілген бидайдың – 60 %,  жүгерінің – 25 %, ал күріштің  - 85 % азық–түлік ретінде пайдаланылады.

    Күріш алқаптарының жүйелі түрде енуі Қазақстанды  ТМД мен Орта Азия елдерінде жетекші  күріш өндіруші ел етті. Республика бойынша ол Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында егіледі. Егіс алқаптары 80 % Сырдария алқаптарында орналасқан.

    Егіліп  алынған күріштің  көп бөлігі концентрат түрінде шығарылады, оған жарманың бүтін ядросын пайдаланады. Сол себепті жарманың қасиеттері, яғни дәннің пішіні, эндоспермнің дәрежесі, оның мықтылығы, өңделген жарманың жалпы шығымы мен бүтін жарма шығымы сорттың сапасы мен өндірістегі экономикалық құндылығын білдіреді.

    Күріш өнімі сапасының қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар: күріш сорттарының генетикалық–биологиялық ерекшеліктері, табиғи және агроэкологиялық факторлар, өсіру технологиясының деңгейі, орып–жинау және өңдеу жағдайлары.

    Күріш өнімі сапасы көптеген көрсеткіштер сипаттамалары бойынша анықталады.

    Мысалы, жарма өндірісі үшін дәннің қауыздылығы, сынғыштығы, мөлдірлігі, біркелкілігі, пішіні мен ірілігі, оңай  ақталатыны өте маңызды көрсеткіштер. Ал, тұтынушылар үшін күріш жармасының дәмділігі, түсі, тез әрі бір мезгілде пісуі, құрамында амин қышқылдары, витаминдер, минералдар т.б. керекті заттардың толық болуының мәні үлкен [8].

    Қазақстанда өсірілетін күріш сорттарының дәні негізінен ұзынша енді және домалақ  түрлерге жатады, дән ұзындығының  еніне қатынасы 1,6-2,0.

    Бірақ әлемдік базарда күріштің ұзын дәнді  жармасына сұраныс көп. Сондықтан да олардың бағасы   домалақ дәнді күріш жармасына  қарағанда жоғарылау.

    Дән ұзындығының еніне қатынасы және консистенциясы бойынша Қазақстанда  өсірілетін күріш сорттарының дәні төмендегідей түрлер мен түр тармақтарына бөлінеді .

    Дән құрамындағы ылғал мөлшері ондағы биохимиялық және микробиологиялық процестердің қарқындылығын анықтайды.

    Ал, мұның дәннің технологиялық және азықтық сапасына әсері бар. Дәндегі ылғалдылық 15%-дан асқан жағдайда дән өздігінен қызады, микробиологиялық процестер күшейіп, химиялық құрамы өзгереді, дән сарғайып, жарма сапасы мен аспаздық қасиеті нашарлайды.

    Дән құрамындағы ылғал көбейіп, орта температурасы жоғарылаған сайын  аталған қолайсыз процестер күшейе түседі [9].

         Дәннің ірілігі және біркелкілігі 1000 дәннің салмағына байланысты және күріш өнімінің технологиялық сапасын, қасиетін анықтайды. Дұрыс толыспаған, майда, семіз дәндерді ақтағанда майдаланып, әр түрлі қоспалар пайда болады. толық піспеген жасыл дәндердің қауыздылығы көбірек болып, жармасының мөлдірлігі нашарлайды. Аталған сипаттар мен қасиеттер өсіру технологиясы деңгейіне байланысты  көп өзгереді.

    Лас қоспалар – минералдық және органикалық текті бөлшектер (топырақ түйіршектері, майда тастар, гүл қауыздары, қоңыз, тағы басқа да жәндіктер қалдықтары), жабайы және басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары, дән қоспалары. Бұл лас қоспалар көп жағдайда ылғалды болады да, күріш дәнін қыздырады, сапасын төмендетеді.

    Жарма және сынбаған ядролы дәндер шығымы –  күріштің технологиялық сапасын  анықтайтын көрсеткіштер көптеген агроэкологиялық  факторлар әсерінен жарма шығымы 60-75 %, оның ішінде сынбаған ядролы дәндер шығымы 60-88 %   аралығында болады. Күріш дақылын өсіру технологиясын қатаң сақтап, орып–жинау және дәнді тазалау процестерін уақытылы әрі сапалы жүргізген жағдайда Арал өңірінде аудандастырылған күріш сорттары 69-72 % жарма, 75-88 % аралығында сынбаған ядролы дән береді. Мысалы, Маржан сорты дәнін ақтап, шлифтелген жағдайда 84-86 % сынбаған ядролы дәні бар жарма алынады [10].

    Күріштің  технологиялық сапасы және азықтық  бағалылығы дәннің химиялық құрамына тікелей байланысты. Дән құрамындағы  әр түрлі компоненттер мөлшері төмендегідей [11]. 

4 кесте -  Дән құрамындағы әртүрлі компоненттер 

Көмірсулар (негізінен крахмал) Ақталған дәнде, % Жармада, %
76,4-77,5 83,7-85,6
Белок 10,5-12,3 9,0-9,6
Май 2,6-3,1 0,4-0,5
Клетчатка 1,2-1,2 0,12-0,14
Күл 1,5-1,6 0,4-0,5
     Ескерту -  Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы ҒЗИ мәліметі.

       

    Сонымен, жоғары сапалы категориядағы күріш  дәні толық піскен, ірілігі біркелкі, жақсы толысқан, шынылығы жоғары, шытынамаған, қауыздылығы аз және ылғалдылығы төмен әрі бірқалыпты болуы керек.

    Осындай талаптарға сәйкес, сонымен бірге  ластануы, дәнді қоспалар, қызыл  дәнді, эндосфермі сарғайған дәндер қоспалары стандарттық базисті  көрсеткіштерден  төмен немесе оған сәйкес күріш дәнін ақтағанда  жоғары әрі сапалы жарма алынады.

Информация о работе Экономика дипломдык жумыс