Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:31, курсовая работа
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
КІРІСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі
1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым-қатынас
1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты
2. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1.Қазақстанның банктік операциялары
2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері
3. БАНКТЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1.Депозиттік операциялар басқармасы
3.2.Депозиттік операциялар есебі
3.3.Депозитті және қор жинау сертификаттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы – несие институттарда бұл арақатынас 40 – 55 процентті құрайды. Банктердің меншікті қаражаттардың мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты. Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан ( фирмалардан, компаниялардан және мемлекеттік мекемелерден ) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады; екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді; үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті капиталды қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің басталуы алдындағы міндетті сатысы болып абылады. Меншікті капитал – бұл бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге ( ғимараттар, құрылғылар ) жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында: резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін дамыту қоры есепке алынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты: тұрғындардың қолма – қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма – қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай – ақ банк тұлғасында мемлекетті несиеленудін біледі.
Үлестірмеген пайда – бұл банктің қарамағында қалатын пайданың жинақталған бөлігі. Жылдың аяғында банктің барлық нәтижелік шоттарының сомалары пайдалар және зияндар шотына; екінші – төленетін дивиденттер шотына; үшінші – салық төлеуге; келесі бөлігі – резервтік қорларға аударылады. Қалғаны – үлестірілмеген пайда – банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар қорын білдіреді.
3. БАНКТЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
3.1 Депозиттік операциялар басқармасы.
Депозиттік акциялар басқармасы – банктің өз капиталымен тартылған қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданып, негізінен мына қызметтерді атқарады:
банктің депозиттік қаражатын олардың мерзіміне қарай және әрбір депонент ( ақша салушы ) бойынша есептеу;
қаражатты депозитке салу үшін шарт жасау;
тартылған қаражатты, оның құрылымын және банк ресурстары, оның балансының өтімділігіне әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын талдау;
банктің ресурстарын жоспарлау үшін қажетті хабарларды беру;
Қор ( фондовой ) бөлімі банктің өз қаражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді. Олар:
банктің қаржысын, қаражатты есептеу, оларды талдау және даму динамикасын есептеу;
банкке қарайтын бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын, сонымен бірге клиенттердің де тапсырылуымен дәл осындай операцияларды жүргізеді;
Клиенттерге есептеу – кассалық қызмет көрсету мақсатында банкте есептеу – кассалық , басқармасы құрылады. Оның негізгі қызметтері:
шарттарды ашу және есептерді жүргізу;
кассалық операцияларды өткізу;
Банктің ең басты қызметтерінің бірі - өзінің филиалдары мен өкілдіктерін басқару. Банктің филиалы заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттілік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі. Оның банкпен біріңғай балансы, сондай – ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Банк өкілдігі заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі.
Банктің есеп айырысу – касса бөлімі ( жинақ кассасы ) – банктің Ұлттық банк берген келісімі бойынша құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын филиалды не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аймақтық оқшау бөлімшесі.
3.2 Депозиттік операторлар есебі
Бұл жедел банктік салымдардың әр түрлілігі. Депозитті сертификаттың қор жинаудан айырмашылығы, клиентке кітапша емес сертификат ( куәлік ) беріледі, ал сертификат банктің қарыз қолхатының рөлін атқарады.
Демек, депозитті сертификат салушының депозитті алуға құқығын куәландыратын ақша қаражатын депозитке өткізгені туралы кредит мекемесі беретін куәлік. Сертификаттар талап етілгенше депозитті сертификатты көрсету арқылы белгілі бір соманы алуға құқық беріледі және жедел салымдарды қайтарып алу мерзімі және проценттің мөлшері көрсетілген түрінде болады. Депозитті сертиикаттар банкке немесе делдалдарға бағалы қағаздарды, тауарларды және валютаны сату – сатып алу келісімдерінде арада жүруші, проценттердің жоғалтып сатылуы мүмкін немесе бір тұлға екіншіге табыстау жазбасы арқылы беріледі. Депозитті сертификаттардың экономикалық маңызы несие ресурстарының нарықтық құқылы және мультипликаторы ретінде орнында.
Депозиттер бос ақша қаражатының банктегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше депозиттер және шартты депозиттер, шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атынан салынған қаражаттары болып бөлінеді.
Талап ету аманаты бойынша операциялар
Жеке тұлғалардың аманаты мен депозиттерінің есебі банктің балансында қолданылып жүрген шот жоспары бойынша пассивті 771 шотта жүргізіледі. 711 « Азаматтардың аманаттары » . Жаңа шот жоспары бойынша: 2211 « Клиенттердің талап ету депозиттері » шотында жүргізіледі.
Халық банкінде қаржылар келесі аманаттарға тартылады:
талап ету аманаты;
шұғыл аманаттар ( белгілі мерзімге қабылданған )
Клиенттерге депозит немесе аманаттар бойынша шот ашу кезінде клиент ( жеке тұлға ) бастапқы кіріс ордерін толтырады немесе келісім – шарт құрады. Егер аманат операциялары ЭЕМ – да толтырылса, онда дербес шот ашылып, алфавиттік карточка құрылады.
Алғашқы немесе қосымша аманаттарды қабылдау кезінде, кіріс ордері бойынша келесі өткізбе құрылады:
Дт – ( 031 ) 1001
Кт – ( 711 ) 2211
Шығыс 9959 ( 7339 ) «басқа да құндылықтар мен құжаттар»
Алғашқы жарна кезінде, яғни аманаттар шот ашу кезінде клиентке аманат кітапшасы беріледі. Есеп бойынша өшірілген аманат кітапшасы шығын бойынша 7339 баланстан тыс шотта бейнеленеді.
Қосымша жарна түскен кезде:
Дт – ( 031 ) 1001
Кт – ( 711 ) 2211
Шығыс ордері бойынша аманатшылардың шотынан нақты ақша мен сома берілген кезде:
Дт – ( 711 ) 2211
Кт – ( 031 ) 1001
Нақты ақшасыз тәртіпте аманат шотына сома қосылған кезде:
Дт – 1351, 1051
Кт – ( 711 ) 2211
Жыл соңында немесе талап ету аманаты бойынша шотты жабу кезінде банк аманат қалдығына сый – ақы сомасын аударады:
Дт – 5211 « Талап ету аманаты бойынша сый – ақылық шығындар»
Кт – ( 711 ) 2211
Егер аманат сомасы сот органдарымен тәркіленген болса, онда соттың белгілеуі бойынша аманат сомасы республика бюджетіне аударылады:
Дт – ( 711 ) 2211
Кт – 1051, 1351
Шұғыл аманат бойынша операциялар есебі
Шұғыл аманат және депозиттер сомасы банк балансында пассивті келесі шоттарда есептелінеді:
2215 « Клиенттердің қысқа мерзімді депозиттері »
2217 « Клиенттердің орта мерзімді депозиттері »
2219 « Клиенттің ұзақ мерзімді депозиттері »
2221 « Клиенттің арнайы депозиттері »
2223 « Депозит – клиент кепілі »
Осы шоттардың кредиті бойынша аманаттарға түскен сомалар, сонымен қатар қосылған сыйақы сомалары көрсетіледі. Дебеті бойынша берілген немесе өшірілген сомалар көрсетіледі.
Шұғыл аманатқа нақты ақша қабылданған кезде:
Дт – ( 031 ) 1001
Кт – 2215, 2217, 2219
Талап ету аманатынан шұғыл аманатқа аудару дебеторлары және кредиторлар соты арқылы жүргізіледі, талап ету аманаты жабылған кезде:
Дт – ( 711 ) 2211
Кт – ( 904 ) 2850
Шұғыл аманатына аударған кезде 904 – ші шот жабылады және 759 – шы шотқа аударылады:
Дт – ( 904 ) 2850
Кт – ( 759 ) 2215, 2217, 2219, 2221, 2223
Шұғыл аманат қосымша жарна қабылданған кезде:
Дт – 2215, 2217
Кт – 1001
Шұғыл аманаттар немесе депозиттер шоттарының жабылуы немесе келісім – шарттың аяқталуы бойынша сыйақы сомасын аудару кезінде:
Дт – 5215 « Клиенттердің қысқа мерзімді депозиттері бойынша » сыйақы ( мүдделік ) төлеумен байланысты шығындар:
5217 « Клиенттердің орта мерзімді депозиттері бойынша сыйақы ( мүдделік ) төлеумен байланысты шығындар »
Кт – 2215, 2217, 2219, 2221, 2223
Аманат операциялары бойынша аналитикалық есеп арнайы карточкада орналастырылған құжаттардың түпнұсқасы бойынша жүргізіледі.
3.3. Депозитті және қор жинау сертификаттары
Бұл жедел банктік салымдардың әр түрлілігі. Депозитті сертификаттың қор жинаудан айырмашылығы, клиентке кітапша емес Сертификат ( куәлік ) беріледі, ал сертификат банктің қарыз қолхатының ролін атқарады.
Бағалы қағаздар өмір циклінің үш деңгейінен өтеді:
дайындық сатысы, бұл жаңа кәсіпорын ашылуымен байланысты;
бағалы қағазды алғаш орналастыру немесе « алғашқы рынок ». Бұл сатыда сатып алушылар : халық, инвестиционды қорлар, тросты компаниялар;
бағалы қағазды екінші рет орналастыру немесе « екінші рынок ». Бұл сатыда алғаш орналастырылған бағалы қағазды сатып, сатып алады. Екінші рынок « далалық, көшелі » рыноктан және биржадан тұрады.
Бағалы қағаз рыногының қызмет жасау принциптері:
рынок жеке келісім – шартпен сипатталуы тиіс, сатып алушы және сатып алушы бағасы арасында кішкентай өткел болуы керек;