Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:31, курсовая работа
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
КІРІСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі
1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым-қатынас
1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты
2. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1.Қазақстанның банктік операциялары
2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері
3. БАНКТЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1.Депозиттік операциялар басқармасы
3.2.Депозиттік операциялар есебі
3.3.Депозитті және қор жинау сертификаттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Меншік ті мерзім ді салым дар
| Депо зиттік серти фикат тар | Жинақ серти фикат тар
| Жинақ салым дары
|
3-Сызба
Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер
4 – сызба
Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма – қол формада а, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы ж оғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімі депозиттер бойынша пайыз төленеді ( бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін ); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында алап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді.
Корпорациялардың, фирмалардың және басқа да коммерциялық ұйымдардың депозиттері
Мер зім сіз салы мдар
| Депо зит тік серти фикат тар
| Ағым дық шоттар дағы салым дар
| Конто коррен ттік шот тар дағы салым дар | Депо зит тік серти фикат тар
| Белгі лен ген мерз імге резе рвтел ген салы мдар (тұрғын үй құрылы сы) | Жи нақ са лым дары
| Қара жат тар дың алына тыны тура лы алдын ала ескерті летін салым дар
|
5 – сызба
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп көрсететін формасы – бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін ( мысалы, алдын ала хабарлап ).
Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:
1) депозиттің мерзімі,
2) салымшылардың категориясы.
Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің, шетелдік салымшылардың шоттары
( 4, 5, 6 – сызбалар ).
Жеке тұлғалардың депозиттері
Мерз ім сіз салы мдар | Депо зит тік сер тифи кат тар | Ағы мдық шот тарға салы мдар | Овер драф ты ағым дық шот тар ға салы мдар | Жиро шот тарға салы мдар | Әдет тегі жина қтық шот тарға мерзі мсіз салым дар (жина қтық кітап шалар шот тар) | Мерз імді жина қтық серт ифи кат тар | Мақ сат ты сал ым дар (тұр ғын үй құр ылы сына арна лған | Арна йы салы мдар |
Ағымдық шоттарға автоматты түрде ауда рым жасай тын шоттарға мерзімді салымдар | Қаражатты алу туралы айналысқа түсетін көшірмесі бар «Нау» шоттар | Аудармалы вексельдерді беруге болатын пайдалық шоттар |
Инвести циялық шоттардағы салымдар | Демалыстық салықтық салымдар |
Соңғы уақытта депозиттердің кейбір категорияларының арасындағы анық шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретін «гибридтік» шоттар пайда болуда ( мысалы, қажет уақытында талап ететін және мерзімді салымды біріктіретін шоттар ).
Банкаралық зайымдар – банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несилерді тарту клирингтік орталықтағы корреспондеттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған.
Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып «бір күндік қысқа ақшалар » деп аталатын немесе «овернайт» депозиті олып ( несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі ) табылады. «Бір күндік ақшалар » ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме ( сыйақы ) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмді болдырмайды.
Коммерциялық есиелік ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің жұмысын қауырт көрсетеді. Оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта қаржыландыру мәселелерімен, яғни қор шоттарға уақытында «дем беріп» және байланыстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік ресурстарды іздеумен айналысуға әжбүр етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер себінен дер кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер ертең коммерциялық банктің клирингтік орталығындағы қор шотында тапшылық орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бірсүгінде белгіленген ірі ақшалай түсімдердің өзі және банктің операциясының есеп айырысу тиімділігінің мүмкүндігі қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге терта отырып, мысалы, бірсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде «соңғы инвестициялы кредитор» қызметін орындайды және коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете алады.
Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының М0, М1, М2, М3 – арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер мәмілелерді тек тартылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.