Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:31, курсовая работа
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
КІРІСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі
1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым-қатынас
1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты
2. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1.Қазақстанның банктік операциялары
2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері
3. БАНКТЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1.Депозиттік операциялар басқармасы
3.2.Депозиттік операциялар есебі
3.3.Депозитті және қор жинау сертификаттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Банк депозиттері өсіміне банктердің салымшылар үшін тиімді шартпен беретін кепілдіктері негізінде тапсырылған салымдар (ақшалай қаражат немесе бағалы қағаздар). Депозит заңды және жеке тұлғалардың уақытша пайдаланылмай тұрған қаражаттарын банкке тарту және банктің резервтік қорын құрау үшін қолданылады. Банк депозитінің мерзімі және талап еткенге дейінгі сақталатын түрлері бар. Мерзімді депозиттер белгілі бір мерзімге салынады да, оған банк келісілген мөлшерде өсім белгілейді. Өсім мөлшері сақтау мерзіміне, т.б. жағдайларға байланысты. Ақша қаражаттарын салушылар келісілген мерзімнен бұрын салымдарды ала алмайы. Жинақтау үшін салынған салымдарды да мерзімді депозиттерге жатқызуға болады.
Талап еткенге дейінгі сақталатын депозиттерге ағымдағы және есеп айырысу есеп шоттарындағы салымдар жатады. Оны салымшылар кез – келген уақытта алуына, жұмсауына болады. Банктер депозитте сақталған қаржыны өтімді қор есебінде ағымдағы міндеттемелерін өтеуге, клиеттермен есеп айырысуға, қысқа мерзімгде несие беруге , өтімді бағалы қағаздар сатып алуға пайдалана алады.
Сонымен қатар депозиттермен жүргізілетін ағымдағы жұмыстың басқа бағыты болып – клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын анықтау мен есеп айырысудың формаларын жетілдіруі жатады.
Банк клиетпен келісуі ойынша несиелік бөлімге қарыз алушының балансы мен басқа да есеп беру формаларын берудің тәртібі мен мерзімін, қаржылық жағдай мен оның несиелік қабілеттілігін талдайды.
Банк несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз ету ретінде кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылдаған формадағы міндеттемелерді қабылдайды.
«Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 36 – бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтару бойынша міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты келесідей шараларды қолдануға құқығы бар:
қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;
осы клиенттердің шоттарында бар кез – келген қаражаттар есебінен қарыз мөлшерін өтеу;
кепілге салынған мүлікті сату;
Қазақстан Республикасының заңдарына сай, мұндай жағдайда олар төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялануы мүмкін.
Банктер өз клиенттері мен корреспондеттердің операциялары, шоттары және салымдары бойынша құпияны сақтауға кепілдеме береді. Банктің барлық қызметкерлері банк клиенттерімен корреспондеттерінің операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға міндетті.
Банктің заңды тұлғалардың шоттары мен салымдары операциялары бойынша анықтамаларда соттарға;арбитражды соттарға, тергеу жүргізу және прокуратура органдарына және салық салу сұрақтары бойынша салық органдарына береді.
Жеке тұлғалардың шоты мен салымдары бойынша анықтамалар өз клиенттері мен оларды басқа соттар мен тергеуші органдарға да беріледі.
Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.
Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген сомаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді. Банктер мен олардың құрылтайшылары, басқадай клиенттері арасындағы барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттың тәртібімен шешіледі.
2. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
2.1. Қазақстанның банктік операциялары.
Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы, коммерйиялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың ақша салымын қабылдауы, банктің өз капиталын құру операциялары жатады. Көп елдерде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі банкнота шығару, яғни нотак 85 % - ға дейінгі пассив операциялары.
Орталық банктің «Банкнота эмиссиясы» деп аталатын пассив операцияларының мөлшері оның, банктерге қарыз бағалы қағаздарды, шетел валютасын және алтынды сатып алу деген актив операцияларына байланысты болады.
Орталық банктің несиесі онда ашылған коммерциялық банктер мен қазынашылықтың шоттарына жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда орталық банктің банкноталық эмиссиясы емес, депозиттік эмиссиясы жүзеге асырылады.
Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі – коммерциялық банктер мен қаржы министрлігінің ақша салымы. Орталық банк коммерциялық банктерге белгілі бір белгіленген проценттік мөлшермен мерзімдік шоттарды да ашуы мүмкін. Ал орталық банктің өз капиталының үлесі пассив операцияларының 4 - % - ын құрайды.
Орталық банктің актив операцияларына негізделген: есеп – несие операциялары, бағалы қағаздарға салымдары, алтын және шетел валютасымен жүргізілетін операциялар жатады.
Есеп – несие операциялары, есептеу операциясы және мемлекет пен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді. Есептеу операциясы ол орталық банктің мемлекет пен банктерден вексельдерді сатып алу.
Орталық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша жұмсауы мүмкін:
Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттерде бюджеттердің кемшілігін жабу мақсатында орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып алуы үкіметті несиелеудің ең басты және жалғыз формасы болып табылады.
Екіншіден, орталық банктер мемлекеттік облигацияларды банк жүйесін, ақша массасын, ақша несие саясатын жүргізу барысында мемлекеттік облигациялардың курсын реттеу мақсатында сатып алады. Коммерциялық банктердің ресурстарын ұлғайту үшін орталық банктер, мысалы, депозитті операцияларды қолданады, яғни банктерден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен қатар оларды белгілі бір мерзімнен кейін алдын – ала бекітілген бағамен сату жөніндегі өзіне міндеттеме алады.
2.2. Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстары халық шаруашылығының уақытша бос ресурстар мен жинақтары ( ақшалай және тауарлай формада ) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізінде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
депозиттер;
банкаралық займдар;
депозиттік емес көздер;
коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.
Несиелік ресурстардың алатын кеткен көздерін ретімен қарастырайық..
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресуртардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ .
Теория ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ғымдық салымдарды ( қажет уақытында талап ететін салымдар ), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте – бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі – экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыттағы, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формасының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Нарық жағдайында коммерциялық банктер қолданылатын әр түрлі критерий бойынша депозиттерді жіктеудің тәртібін келесі 1, 2, 3, 4, сызбалардан көруге болады.
Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алынуы формалары бойынша екі топқа бөлінеді: Қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді: кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды ұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктер мен есеп айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк – корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы. ( 3 – сызба ).
Алыну формалары бойынша депозиттер
Мерзімсіз салымдар (толық сомада алынады) | Депо зиттік серти фикат тар | Ағымдағы шоттар дағы салымдар (толығы мен немесе бөліктеп алынады) |